МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 165 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

ӘОЖ 37(092) Қолжазба құқығында

Асенова Назымгүл Сабырқызы

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор А. Н. Ильясова

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1. 1 ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында Қазақстандағы саяси,

әлеуметтік жағдайлар 11

  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық

көзқарастарының қалыптасуының рудиментарлық негіздері 19

2 МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ

ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ДАМУЫ

2. 1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық

тұжырымдамасындағы тәрбие теориясы мәселелері 40

2. 2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасындағы дидактикалық

ой-пікірлер 83

2. 3 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының көзқарасындағы

педагогикалық идеяларының бүгінгі педагогика үшін маңызы 98

  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық мұрасын

педагогикалық жоғары оқу орындарында пайдалану жолдары 113

ҚОРЫТЫНДЫ 126

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 130

ҚОСЫМШАЛАР 138

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Елбасы Н. Назарбаев халыққа жолдауларында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. [1] Сонымен қатар қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау - 12-жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсаты да тұр. Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам санасының аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері қойылып отыр. Ондай жолдардың бірі педагогика тарихын ғылыми-педагогикалық білімнің күрделі бөлімдеріне айналдырып, өткен жылдардағы бай теориялық және тәжірибелік мұраны айқындап, мәнін түсініп қолдану болып табылады.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев: « . . . өткенді зерделеп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату - қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, айта беретін тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы тарихты тануға тікелей байланысты: өткенді білмей, болашақты анықтау мүмкін емес», -деген болатын. [2, 224]

Біздің пікірімізше, бүгінгі таңдағы педагогика проблемаларын және оның даму тенденцияларын Қазақстан территориясында болған өркениеттегі жинақталған мұраны, көрнекті педагогтар мен ағартушылардың көзқарастарындағы халықтық, мәдениетке сәйкестілік, табиғатқа сәйкестілік принциптерге негізделген идеяларын зерттемей дұрыс ұғынып түсіндіру мүмкін емес. Айтылған сөздің дәлелдемесі ретінде белгілі педагогика тарихын зерттеуші ғалым-педагог А. Н. Джуринскийдің «Размышления над историей педагогики» деген мақаласын атауға болады. Онда ол былай деп жазады: «Педагогику и школу следует рассматривать не только в контексте социально-экономических формаций, но так же в условиях цивилизаций с их многообразными культурными, этническими, религиозными типами». [3, 72-76]

Бұл айтылған сөзден әр түрлі дәуір мен мәдениет диалогтарын есепке ала отырып ғылымның, педагогикалық құбылыстардың әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани жағынан төмендеп көтерілу эволюциясын қарастырғаны жөн деп түсінуге болады. Ал Қазақстан педагогика ғылымының әлем халықтары педагогикасы қазына қорына қосары аз еместігіне біз ешбір күмән келтірмейміз. Керісінше, Қазақстан педагогика тарихының әлемдік педагогикалық ой-пікірдің дамуында маңызы өте зор. Ол өте бай ғылыми-теориялық қайнар көзі ретінде өзінің дамуында үлкен қиындықтардан өткені мәлім. Олардың ішінде халыққа білім беру жүйесінің трансформациясы, ғылыми-педагогикалық идеялардың дамуы, мұғалім кадрларын даярлау т. б. мәселелер бар. Осының барлығы Қазақстан педагогика ғылымының талай тар жол, тайғақ кешулеріден өткенін дәлелдейді.

Бүгінгі күндегі қоғамның үдемелі дамуы білім беру мен мектеп алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Олардың қатарында тарихи компонентті күшейту де бар. Ол міндеттер «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» айқын көрсетілген. [4] Себебі қоғамдық сананың ерекше формасы болып есептелетін тарихи сананы қалыптастыратын тек тарих қана. Тарихи сананы қалыптастыру міндетін, Қазақстан педагогикасының тарихи жолдарын анықтау міндетін шешу өткен жылдардағы көрнекті қайраткерлердің педагогикалық мұраларын зерттемей, басшылыққа алып оларға сүйенбей мүмкін емес.

Зерттеуге алынған мәселенің ғылыми маңыздылығын айқындау үшін біздер философиялық, тарихи, тарихи-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасауды жөн көрдік. Себебі, біздің пікірімізше, теориялық тұрғыдан дәлелдемесін қамтамасыз ететін зерттеулер бірнеше бағытта жүргізілді.

Бірінші бағыт - халыққа білім беру мәселелерін зерттеуге арналған еңбектерге талдау мен байланысты:

- философтардың (Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, Т. Құсайынұлы, Б. Бисенов т. б. ) [5-8] ;

- тарихшылардың (Е. Бекмаханов, Қ. Бейсембиев, М. Қозыбаев т. б. ) [9-11] .

Екінші бағыт - Қазақстандағы идеологиялық платформа өзгерген кезеңдегі (1917-1920) мектеп, білім беру, педагогикалық ой-пікірдің даму жолдарын айқындайтын тарихи-педагогикалық мәселелерге арналған талдау мен байланысты (Қ. Б. Бержанов, И. Б. Мадин, А. И. Сембаев, К. Құнантаева, Г. А. Уманов. ) [12-16] .

Үшінші бағыт - Қазақстан педагогика ғылымының әр түрлі аспектідегі дамуына арналған еңбектерге жасалған талдау мен байланысты:

жоғары педагогикалық білім берудің дамуы (К. Б. Сейталиев, Е. О. Омар, Р. Б. Мухитова) [17-19] ;

оқушыларға адамгершілік тәрбие беру теориясының дамуы (Э. А. Урунбасарова) [20] ;

педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің дамуы (Б. А. Әлмұхамедов) [21] ;

қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы (Т. М. Әлсатов) [22] ;

педагогика ғылымының және теориясының дамуы (А. Н. Ильясова)

[22] ;

Х-ХІVғ. ғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің дамуы (К. Ж. Ибраева) [24] ;

ХІХғ. ІІ жартысындағы ағартушылардың мұрасындағы рухани-адамгершілік идеялардың дамуы (Н. С. Әлқожаева) [132] ;

революцияға дейінгі Қазақстандағы мектептік білім беру жүйесінің дамуы (Г. М. Храпченков) [25] ;

Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы (Б. С. Байменова) [26] ;

инновациялық бастауыш мектептің дамуы (И. Н. Шевченко) [27] ;

оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (Л. Т. Сайдахметова) [28] ;

Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (Ж. К. Ибраимова) [29] т. б.

Тарихи-педагогикалық еңбектеріндегі авторлардың зерттеген негізгі мәселелері орта білім беретін және жоғары педагогикалық мектептердің, педагогикалық кадрларды даярлау және біліктіліктерін арттыру жүйесінің, педагогикалық ой-пікір, ғылым мен теорияның дамуы болып табылады.

Төртінші бағыт - белгілі тұлғалардың педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған еңбектерге жасалған талдау мен байланысты: М. Әуезовтың (К. Ибраева) [30], М. Ғабдуллиннің (Н. А. Түебақова) [31], М. Қашғаридің (К. Қалиева) [32], А. Байтұрсыновтың (Б. И. Иманбекова, К. Т. Ыбраимжанов) [33, 34], Абай Құнанбаевтың (К. Шәймерденова, И. Р. Халитова) [35, 36], Т. Жүргеновтың (А. Е. Садыкова) [37], М. Жұмабаевтың (Р. Көшенова, А. Жұмабаева) [38, 39], Т. Шонановтың (С. Баймұратова) [40], Т. Тәжібаевтың (М. Ж. Құлжабаева, М. К. Ахметова) [41, 42], Ы. Алтынсариннің (Ә. Ситдықов, К. Р. Калкеева, Г. Е. Рысбекова) [43-45], Р. Г. Лембергтің (Ж. Меерманова) [46], С. Торайғыровтың (Қ. Қ. Шалғымбаева) [47], Ж. Баласағұнның (Ә. Көшербаева, Т. Ә. Ахметов) [48, 49], С. Аспандияровтың (Б. А. Қиясова) [50], Н. Құлжанованың (А. Б. Елькеева) [51] т. б. педагогикалық мұралары, идеялары.

Бесінші бағыт - диссертациялық тақырыпқа тікелей қатысты мәселені Қазақстан педагогикалық ой-пікірдің өкілдерінің бірегейі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеуге арналған еңбектерге талдау жасау мен байланысты. Олардың ішінде:

философиялық аспектідегі (Б. Бисенов, Т. Құсайынұлы) [8, 7] ;

тарихи аспектідегі (Е. Бекмаханов, Ж. Артықбаев, Е. Жүсіпов, Қ. Бейсембиев) [9, 52, 140, 10] ;

филологиялық аспектідегі (С. Дәуітов, Д. Қамзабекұлы, У. Қалижан, Н. Жүсіпов, С. Сүтжан, А. Тұрышев, Е. Жүсіпов, Г. Жүсіпова т. б. ) [55, 56, 57, 59, 60, 63, 53, 61] ;

көркем-әдеби аспектідегі (М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Д. Әбілов, Қ. Мұхаметқанов, Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев) [62, 169, 64, 65, 66, 67] ;

тарихи-педагогикалық аспектідегі (Қ. Жарықбаев, Е. Ө. Жұматаева) [68, 69] зерттеу жұмыстарын атауға болады.

Аталған авторлардың еңбектері зерттеуге алынған мәселенің ауқымын кеңейтуге елеулі үлесін қосып отыр. Бірақ, зерттеушілер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын толығынан жан-жақты талдау мәселесін алдарына міндет ретінде қойған жоқ, тек жалпы ұлттық тәлім-тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің даму контексінде ғана қарастырады.

Талданған еңбектердің ішінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлеріне алғашқылардың бірі болып зерттеп баға беріп, қысқаша ғана пікір айтқан белгілі ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Жарықбаев болды. Ол: «Дін оқуынан мейлінше сусындап, кейіннен белгілі фольклоршы-публицист атанған, шежіреші, ақын М. Ж. Көпейұлының төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ әр түрлі тақырыпта бірнеше кітап шығарған. Оның әлі де баспа бетін көрмеген қолжазбалары қаншама! Бұлар да тәлім-тәрбие, педагогика, психология мәселелеріне қатысты. Онда сезім мүшелері ми мен жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкендердің қарым қатынасы, әйелдерге білім беру т. б. қатысты пікірлер көптеп кездеседі», -деп қана қысқа тұжырымдайды. [68]

Философиялық, тарихи, филологиялық, тарихи-педагогикалық әдебиеттерге, докторлық, кандидаттық диссертацияларға жасалған талдау біздің зерттеуге алған тақырыбымыз бойынша Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын педагогикалық тұрғыдан зерттеп, оның ішіндегі педагогикалық ой-пікірлерін айқындап, сұрыптап жүйеге келтірген арнайы жұмыстың жоқтығын көрсетті. Сонымен бірге бүгінгі күндегі Қазақстан ғалым-педагогтарының жарияланған «Педагогика», «Педагогика тарихы» оқулықтарында, педагогикалық сөздіктер мен энциклопедияларда Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларына өз дәрежесінде көңіл бөлінбеген. Көп жағдайда оның педагогикалық идеяларын баяндайтын материалдардың жоқтығын көрсетті. Ал жүргізілген зерттеу жұмысы біздерге Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасындағы педагогикалық идеялар аз еместігін көрсеті. Айтылғанның барлығы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектерін тәптіштеп зерттеу қажеттігін дәлелдейді. Ағартушының педагогикалық мұрасын зерттеу бүгінгі таңдағы аталмыш ғылымды жаңа біліммен молайтып байытуға кең мағынасындағы тәрбие мәселелерін шешуге ықпалын тигізіп, педагогика ғылымының әрі қарай даму жолдарын болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларын, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне қатысты жасаған тұжырымдарын, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелерін қолдану қажеттілігі мен оның бай мұрасының өз дәрежесінде зерттелмеу деңгейі, уағыздалуы және тәжірибеде пайдалануының арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді.

Аталған қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындайды.

Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде проблеманың өз дәрежесінде зертелмеуі, ағартушының бай мұрасын баяндайтын күрделі жұмыстың жоқтығы зерттеуге алынған мәселенің көкейкестілігін көрсетіп тақырыпты «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеялары» деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу объектісі: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ағартушылық қызметі мен шығармашылық мұрасы.

Зерттеу пәні: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы педагогикалық ой-пікірлері.

Зерттеу мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы негізгі педагогикалық идеяларды айқындау, жүйелеу, олардың маңызын анықтау және тәжірибеде қолдану мүмкіндігін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын зерттеу жағымды бай педагогикалық тәжірибені айқындауға мүмкіндік берсе, онда ол оқыту мен тәрбиелеу процестерінің тиімділігін арттыратын жаңа идеяларды ұсынуға және бүгінгі күн талабына сай келетін отандық педагогика ғылымының әрі қарай дамуын болжауға мүмкіндік туғызады.

Баяндалған ғылыми болжамды дәлелдеу негізіне ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тәжірибені талдау, қорыту, бағалау негізінде және болашаққа мақсатты түрде бағытталған бүгінгі таңдағы педагогикалық зерттеулерді ілгері жылжытуға ықпалын тигізетін қайнар көздердің бірі ретінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы оқыту және тәрбиеге қатысты ой пікірлерін қолданғанда ғана ғылыми педагогика теориясы нәтижелі дамиды деген ойдан тұратын жетекші идея алынды.

Зерттеу проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні және ғылыми болжамы төмендегідей міндеттерді анықтады:

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларының туындауына ықпалын тигізген тарихи, әлеуметтік жағдайларға сипаттама беру;

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі мен іс-әрекетіндегі негізгі кезеңдерін айқындап сипаттама беру;

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығының педагогикалық негізін анықтау;

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының оқыту және тәрбие мәселелеріне қатысты педагогикалық көзқарасын анықтау және оларға сипаттама беру.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларын жүйелеу;

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне материалистік философияның құбылыстардың жалпы және өзара байланысы туралы, философияның, психологияның, педагогиканың жеке тұлғаның қалыптасуы туралы, тарихи сананың қалыптасуы туралы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудегі іс-әрекеттік, жүйелілік, персоналистік келістер және оларды объективтік, тұтастық, шынайылық, нақтылы-тарихи кезең контексінде қарастырудың философиялық идеясы алынды.

Зерттеу көздері :

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі мен іс-әрекетінің түрлі аспектілерін зерттеуге арналған философтардың, тарихшылардың, филологтардың, әдебиетшілердің, психологтардың, педагогтардың еңбектері, ҚР білім беру туралы Заңы, ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы, оқулықтар, оқу құралдары, тарихи-педагогикалық сипаттағы диссертациялық жұмыстар, архив материалдары, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық еңбектері.

Зерттеу әдістері:

зерттеу проблемасы бойынша философиялық, тарихи, филологиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді зерттеп талдау жасау, генетикалық, жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-сәйкестік, тарихи-генетикалық, ретроспективтік, архивтік мәліметтер мен түрлі фактілерге ғылыми-теориялық талдау және синтез, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасау, диалектикалық, құрылымдық-функционалдық, ғылым және қоғам қайраткерлерімен, ағартушының ұрпақтарымен әңгімелесу, ауызша, жазбаша интервью алу.

Зерттеу кезеңдері:

бірінші кезеңде (1999-2000 ж. ж. ) зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып, архивтік материалдар жинақталып талдау жасалды, ғылыми-ұғымдық аппараты анықталды, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық көзқарастарын анықтау мақсатымен оның шығармашылық мұрасы жинақталып талдау жасалды;

екінші кезеңде (2001-2003 ж. ж. ) Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының еңбектері жүйеге келтірілді, оның негізгі педагогикалық идеялары мен жоғары мектеп тәжрибесінде оларды қолдану мүмкіндіктері анықталды және

арнайы курс бағдарламасы жасалды. Зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс нәтижелері баспа бетіне даярланып жарияланды және әр түрлі деңгейдегі мәжілістерде талқыланды;

үшінші кезеңде (2004-2006 ж. ж. ) зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып қорытылды, тұжырымдар жасалды, зерттеу материалдары әдеби және редакциялық тұрғыдан рәсімделіп дисертация мәтіні жазылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- бүгінгі күн позициясынан Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларының туындауына ықпалын тигізген тарихи, әлеуметтік жағдайларға талдау жасалды;

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының жастар мен жасөспірімдердің білімі мен тәрбие сапасын қамтамасыз ететін басты идеялары мен негізгі тұжырымдары жүйелі түрде көрсетілді;

- ағартушының іс-:

а) ұлтты дамыту үшін жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, рухани құндылықтарға бағдарлау қажеттігіне, оларды әлеуметтендіруге, ұлттық сана сезімді көтеруге;

ә) оқыту процесінің құрамды элементтері: заңдылықтарын, мақсатын, мотивін, маз

мұнын, әдістерін анықтауға және білімді ізгілендіруге;

б) ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыруға бағытталғаны дәлелденді;

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы оқыту және тәрбие идеяларының Қазақстан педагогика ғылымының дамуындағы маңызы ашылып көрсетілді;

- Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының басты педагогикалық идеялары анықталды және оларға теориялық тұрғыдан баға берілді.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тұтас тұлғасы, «ақын-жинақтаушы- ағартушы» жүйесіндегі іс-әрекеті және нақтылы-тарихи позициядан оның өмір сүрген кезеңіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлар;
  2. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы - Қазақстан педагогикасының қазына қорын ғылыми идеялармен толықтырып байытқан ағартушы. Оның негізгі педагогикалық идеяларының бүгінгі күнгі қоғам және педагогика ғылымының дамуындағы үлкен маңызының барлығы;
  3. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы оқыту, тәрбие туралы негізгі педагогикалық идеялары;
  4. педагогика ғылымы мен тәжірибенің мұқтажы ретіндегі ағартушы мұрасын зерттеу қажеттілігінің дәлелдемесі;
  5. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасын терең түсінуге және оны танып білу қажеттілігіне көз жеткізетін арнаулы курс және оның бағдарламасының мазмұндары.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

- зертеу материалдары негізінде жасалған жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы педагогикалық идеялар» атты арнайы курс және оның бағдарламасы оқу процесінде қолданылды;

- талданған материалдардың, теориялық тұжырымдар мен ұсыныстардың «Қазақстан педагогика ғылымының қалыптасуы және дамуы», «Әлем халықтарының салыстырмалы педагогикасы», «Педагогика», «Педагогика тарихы» курстары бойынша оқылатын лекциялары мен семинар сабақтарын дайындап өткізу барысында қолданылуы мүмкін;

- зерттеу барысындағы жинақталған материалдардың жоғары педагогикалық оқу орындарының, педагогикалық колледждердің, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процестерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының іс-әрекеттерінде, жаңа буын оқулықтарын, оқу құралдарын жазу барысында қолданылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі басты позицияның әдіснамалық тұрғыдан дәлелденуімен, қойылған міндеттерді шешуге сай келетін кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, ғылыми аппараттың баяндалу логикасымен, алынған нәтижелерді талдауға мүмкіндік берген зерттеу жұмысының жоспарлы түрде жүргізілуімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу базасы:

ҚР ұлттық кітапханасы, ҚР ҰҒА орталық ғылыми кітапханасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы (Алматы қ. ), мемлекеттік облыстық архив, Бұхар жырау атындағы облыстық мұражай, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ұрпақтарының әулеттік мұрағаты (Павлодар қ. ), Жаңа-жол ауылдық Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұражайы (Павлодар обл. ) .

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу .

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы оқулары» атты халықаралық, республикалық (2003, 2004, 2006 ж. ж., Павлодар қ. ), «Казақ қызы: өткені, бүгіні, ертеңі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық (2003ж., Алматы қ. ), «12-жылдық білім беруге көшу жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында (2006 ж., Алматы қ. ) баяндалды, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының, Абай атындағы ҚҰПУ психология және педагогика факультетінің бастауыш мектеп педагогикасы, алғашқы әскери және дене дайындығы кафедрасының мәжілістерінде, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰМУ (2006ж., Астана қ. ), Абай атындағы ҚҰПУ (2004ж., Алматы қ. ), Торайғыров атындағы ПМУ (2006ж., Павлодар қ. ), Павлодар МПИ (2006ж., Павлодар қ. ), «Хабаршы», «Бастауыш мектеп» (№11-12, 2006ж., Алматы қ. ) журналдар беттерінде мақалалар жарияланды және Павлодар МПИ-ның педагогика-психология факультетінің оқу процесіне «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасындағы педагогикалық идеялары» атты арнайы курс бағдарламасы енгізілді.

Диссертация құрылымы:

диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеуге арналған мәселенің көкейкестілігі дәлелденіп, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығы анықталып жұмысты сынақтан өткізу жолдары көрсетіледі.

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педагогикалық идеяларының қалыптасуының тарихи, әлеуметтік алғышарттары» атты бірінші тарауда ағартушының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен факторлар, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және оның өмірі мен іс-әрекетіндегі негізгі кезеңдері анықталып, оларға сипаттама беріледі.

«Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасындағы оқыту және тәрбие теориясы мәселелерінің дамуы» атты екінші тарауда ағартушының еңбектеріндегі тұлғаның рухани-адамгершілік жағынан жетілуі, оларды рухани құндылықтарға бағдарлау мәселелері жайлы ой-пікірлері, оқыту және тәрбиелеу проблемаларына қатысты идеяларының негізгі бағыттары анықталып, жүйеге келтіріліп, сипаттама беріледі. Сонымен қатар отбасындағы әйел-ананың ролі туралы, бала тәрбиесі, оның ішінде қыз бала тәрбиесі мәселелеріне қатысты көзқарастары ашылып көрсетіледі. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының педагогикалық ой-пікірлері бүгінгі таңдағы еліміздің педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі және оларды педагогикалық оқу орындарында пайдалану жолдары қарастырылды.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытылады, негізгі тұжырымдар баяндалады, ұсыныстар беріледі, мәселенің болашақта әрі қарай зерттелу перспективасы белгіленеді.

Қосымшаларда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, сонымен бірге ХХ-ХХІ ғғ. жарық көрген еңбектерінің, Бұхара қаласындағы оқыған Көкілдаш медресесінің фотосуреттері, ақынның ұрпақтары жайлы кесте түрінде мәліметтер, ағартушының география және тіршілік қауіпсіздығының негіздері пәндері бойынша құрастырған еңбектері беріледі.

1 МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТАРИХИ ӘЛЕУМЕТТІК АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педогогикалық мұрасындағы отбасы және әйел тәрбиесі мәселелері
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әлеуметтік көзқарастары
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
Мәшһүр Жүсіп Көпеев поэзиясындағы шығыс тақырыбы
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Мәшһүр Жүсіп Көпевтің болжамдарының сыры
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz