Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы
пәнінен практикалық жұмыстарға арналған
оқу құралы
Павлодар
2010
ӘОЖ 636 3238.(075.8)
КБК 46.6я73
П59
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми
кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Бексеитов Т. К. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнология
факультетінің деканы;
Базарбеков Қ. О. – биология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік
педагогикалық университетінің проректоры;
Акильжанов Р. Р. – ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылық және
ветеринария бөлімінің бастығы.
Теміржанова А. А.
П59 Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін өндіру
технологиясы : пәнінен практикалық жұмыстарға арналған оқу
құралы. – Павлодар : ЭКО, 2010. – 99 б.
ISBN 9965-573-83-2
Әдістемелік нұсқауда Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін
өндіру технологиясы пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға нұсқаулар
берілген, Дене бітімі, жүн, ет өнімі және жұптау,таңдау тақырыптары бойынша
тапсырмалар берілген.
Оқу құралы зоотехния мамандығы бойынша оқитын студенттерге араналған.
ӘОЖ 636 3238.(075.8)
КБК 46.6я73
ISBN 9965-573-83-2
( Теміржанова А. А., 2010
( С. Торайғыров
атындағы ПМУ, 2010
Кіріспе
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы
салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала
болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады,
содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.
Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып,
қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді.
Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің
кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние
жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан
алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды.
Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай
жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз
білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Осыған байланысты бұл кітапта алға
қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің мал шаруашылығына маман
дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне пән бойынша
алған білімдерін тереңдетуге, зертханалық сабақтарды ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен ұштастыруға сонымен бірге сабақтан тыс уақытта өздігінен
дайындалуға да арналған. Бұл оқулықта мынандай негізгі мәселелер
қарастырылып отыр:
- қой малының өсуі мен дамуы, сыртқы түр-сипаты, өнімділігі, қой
өнімдерінің, қой малының сыртқы пішінімен, бітімімен байланысы және оларды
анықтау жолдары;
- қой шаруашылығы өнімдері жүн, ет, елітірі, тоңдық тері, мәйек.Қой
шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі, дайындау стандарттары, қой өнімдеріне
(жүн, ет, елітірі, тері) қойылатын физикалық-техникалық-технологиялық
талаптар жөніндегі нұсқаулардың негізгі ережелері (шикізат ретінде), қой
өнімдерінен алынатын тауар-бұйымдар ерешеліктері;
- қойдың жоспарлық тұқымдарына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді,
жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қой тұқымдары) сипаттама бере келіп
олардың тұқымдық ерекшелігіне тоқталу;
- қой бонитировкасы бойынша жалпы жұмыстары, қой тұқымын өз төлі
есебінен көбейтіп, өсіріп-жетілдіру, сапасын жақсарту, қой қоздату жоспарын
құру.
1 Қойлардың экстерьері. Қойдың жасын тістері бойынша анықтау. Қойлардың
қоңдылығын анықтау
Экстерьер – жануардың сыртқы бейнесі және дене бітімі. Ол сол дене
бітімінің түрінің көлемінде қойдың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік
береді. Сондықтан, қой тұқымын асылдандыру жұмысында қойға сыртқы пішініне
қарап, баға беруге үлкен мән беріледі.
Қойдың сырт пішініне қарап, мына төмендегі:
1) Дене бітімін бағалау;
2) Нәсілдік ұқсастығын анықтау;
3) Өзіндік ерекшеліктері мен өнім бағытын анықтау;
4) Жасын анықтау;
5) Қоңдылығынын анықтау;
6) Денсаулығын тексеру сияқты селекциялық мәселелерді шешеді.
Малдың пішініне дұрыс баға беру үшін, олардың дене мүшелерінің сыртқы
көрінісін, ішкі ағзалары мен, өмір-тіршілігін және нақты өнімділік
қаситтерімен байланысын таразылаған жөн.
Қойдың дене пішініне баға бергенде төмендегі негізгі денелердің сыртқы
көрінісіне яғни бас, мойын, шоқтық, кеуде, арқа, бел, бөксе, аяқ, желін,
жыныс мүшелеріне үйлесімділігіне, келбеттің келісімділігіне жеке-жеке мән
беру қажет.
1-тапсырма. Қойдың экстерьерін бағалау әдісін сипаттау және танысу:
1) сипаттама беру (баллмен) – ;
2) Нүктелік өлшеу әдісі – ;
3) Фотосуретке түсіру әдісі –;
2-тапсырма. Қойдың экстерьерінің негізгі бөліктерін жануардың
контурында және бөліктер өлшемдері алынатын нүктелерді белгілеу (1.1-
сурет).
1.1-сурет
1.1-кесте – Қойдың дене өлшемдерін анықтау нүктелері
Өлшемдер Өлшеу нүктелері Құрал
Шоқтық биіктігі Шоқтығының ең биік Өлшеу
нүктесінен жерге дейін таяғымен
Тұрқының қиғаш Тоқпақ жілік пен жауырын буынның алдыңғыӨлшеу
ұзындығы жағынан шонданай сүйегінің шеткі таяғымен
нүктесіне дейін
Кеуде тереңдігі Шоқтығының ең биік нүктесінен төс Өлшеу
сүйегінің жиегіне дейін таяғымен
Кеуде кеңдігі Жауырынның артқы бұрышына қарай Өлшеу
тігесінен таяғымен
Сербек аралығы Мықын сүйегінің сыртқы шығыңқы шетінен Циркуль
кеңдігі
Жауырын тұсы нан Жауырынның артқы бұрышына қарай тігінен Таспа
кеуде орамы
Сирақ орамы Жіліншіктің астыңғы жағынан Таспа
Өлшемдердің аталуы:
1) Шоқтығының биіктігі ; 2) Шонданай биіктігі 3) Дененің қиғаш ұзындығы;
4) Кеуде тереңдігі; 5) Кеуде кеңдігі; 6) Сербек аралығының кеңдігі; 7) Бас
ұзындығы; 8) Бас орамы; 9) Жауырын тұсынан алған кеуде орамы; 10) Сирақ
орамы;
Дене бітімінің индекстерін есептеуге арналған формула:
1) Ірілік = кеуде орамы * 100
денесінің қиғаш ұзындығы;
2) Ұзын тұрқылық = денесінің қиғаш ұзындығы * 100
шоқтығының биіктігі
3) Мықын-кеуделік = кеуде орамы * 100
кеуде тереңдігі (іші, қуысы)
4) Сүйектілігі = сирақ орамы * 100
шоқтығының биіктігі
5) Сирақтылық = шоқтығының биіктігі – кеуде тереңдігі * 100
шоқтығының биіктігі
3-тапсырма. Қойлардың қоңдылық категориясымен танысу және сипаттама
беру және қойлардың қоңдылығын анықтау нүктелері.
1.2- кесте – Қоңдылыққа сипаттама
Қоңдылық категориясы Қоңдылық сипаттамасы
Жоғары
Орташа
Орташадан төмен
Қойлардың жасын тістері бойынша анықтау. Жануарлардың туу мерзімі
туралы мәліметтер болмаған, өндірістік жағдайларда олардың жасы сүт
тістерінің тұрақтыға ауысуы бойынша, содан кейін күрек тістерінің қажалу
деңгейі бойынша, одан әрі олардың арасында (күрек тістердің) саңылаулардың
пайда болуы және олардың пішіндерінің өзгеруі бойынша анықталады (кесте
1.3).
1.3-кесте – Қойлардың тістерінің сипаттамасы
Жасы Күрек тістері Азу тістеріТістер саны
1 апта Қасқа тістер көрінеді - 2
2 апта Күрек тістер шығып 1-2-3 азу 20
болады алды тістер
3 ай - 1 азу тіс 24
9 ай - 2 азу тіс 28
1-1,5 жыл Қасқа тістер өзгереді 3 азу тіс 32
2 жыл Ішкі орталық өзгереді Азу тіс 32
өзгереді
2,5 жыл Сыртқы орталық - 32
өзгереді
3-3,5 жыл Шеткі тістер өзгереді,- 32
тіс доғасы түзеледі
4-5 жыл Тіс доғасы қабысады, - 32
күрек тістер қажалады
6-7 жыл Күрек тістер қатты - 32
қажалады, тіс аралық
тесіктер, тістер босап
түсе бастайды
Ересек қойдың тіс формуласы:
4-тапсырма.Қойдың жасын тіс аркадесі бойынша, тістердің аталуын
белгілеп анықтау (1.2 - сурет ).
1.2- Сурет
5-тапсырма. Қой фермасында 3 қойға өлшеу жұмыстарын жүргізу және
күйлілік (семізділік), созылғыштық, кеуделік, сүйектілігін анықтау.
1.4-кесте – Қойлардың негізгі өлшемдері
Көрсеткіш Жануардың №, тұқымы,
жасы, қоңдылығы
Шоқтығының биіктігі
Шонданай биіктігі
Денесінің қиғаш ұзындығы
Кеуде тереңдігі
Кеудесінің енділігі
Сербек аралығының кеңдігі
Жауырын тұсынан
алған кеуде орамы
Сирақ орамы
Конституциясын бағалау
Тікбұрыш жүйесі бойынша экстерьерін
сипаттау
Индекстері: Ірілік, ұзын тұрқылық,
мықын-кеуделік, сирақтылық
Жұмыс үшін қажеттілер: 1)түрлі бағыттағы қой тұқымдарының фотосуреттері
және нақпішіндері (муляждар); 2)өлшеуіш таяқшалар, циркульдер, таспалар; 3)
тірі нысандар – қойлар; 4) қойлардың тістерінің ауысуының кесте-
ықшамсызбасы; 5) Қойлардың өлшемдері кесте- ықшамсызбасы; 6) МЕМСТ 5111-
55. Союға арналған қойлар, ешкілер қоңдылығын анықтау; 7) тақырып бойынша
тапсырмалардың түрлі нұсқалары.
2 Жүн шикізатының түрлері. Қой жүнінің негізгі топтары. Қылшық жүнге
ондағы талшықтардың негізгі түрлерінің сандық қатынасына талдау жасау. Жүн
және оның элементері
Қойдың жүнің түрлі талшықтарының қатынасына байланысты біртекті (биязы
және жартылай биязы жүнді) және әртекті (қылшық және жартылай қылшық жүнді)
деп бөледі.
2.3- Сурет Биязы жүн 2.4 - Сурет
Биязылау жүн
2.5- Сурет Жартылай қылшық жүн 2.6 - Сурет Қылшық жүн
Қой жүні сапасы жағынан бірқалыпты болып келмейді. Бұл айырмашылық жүн
талшықтарының ұзындығына мен жіңішкелігіне, иректігі мен серпімділігіне,
гистологиялық құрылысына т.б. мен мал денесінде орналасу ретіне байланысты.
Осындай айырмашылықтарға сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан жүн талшықтарының
көптеген түрлері анықталған. Біз солардың көп тараған негізгі түрлеріне
тоқталып, сипаттап өтейік.
Қой жүнінде негізінен төрт түрлі жүн талшықтары болады:
1) қылқан төріздес қысқа жүн талшықтары;
2) қылшық;
3) аралық қылшық;
4) түбіт.
1-тапсырма. Жүн талшықтарының негізгі түрлерін, олардың сыртқы
ерекшеліктерін сипаттау: бұйралығы, иілгіштілігі, қалыңдығы, ұзындығы,
беріктілігі, жылтырлығы (2.5 – кесте ).
2.5 - кесте – Жүн талшықтарына сипаттама
Талшық түрлері Талшықтарының сипаттамасы
Түбіт
Аралық талшық
Қылшық
Өлі талшық
2-тапсырма. Қойдың табиғи жүнінің топтарына сипаттама беру.
2. 6 - кесте – Жүн топтарының сипаттамалары
№ рс Жүн топтары Жүн топтарының сипаттамалары
1
2
3
4
3-тапсырма. Қылшық жүнді сынамасына оның құрамындағы жүн талшықтарының
негізгі түрлерінің проценттік қатынасына талдау жасау (кесте 2.7).
Бір текті емес жүн үлгісіне жүн талшықтарының негізгі түрлерінің
проценттік қатынасына талдау жасау техникасы. Салмағы 2-3 кг жүн үлгісін
сабын-сода ерітіндісінде (1 литр суға 2 г кальцийленген сода және 3 г 72%
шаруашылық сабыны) 45-50 градус температурада жуу қажет. Осы талдау
жұмысын жүргізу үшін жүнді сабын-сода ерітіндісінде жуу, жүннен оған
жабысып қалған түрлі қоспалардан тазалауды қамтамасыз етеді.
Әрбір үлгінің жүнін жуу үшін, оларды сабын-сода ерітіндісі бар
стақандарға салады, шыны таяқшамен абайлап араластыра, жүн талшықтарының
тығыздалып қалған түйіндерін, кірленген жерлерді ажыратады. Мұның өзіңде
жүн талшықтарының шиеленісіп қалуына жол бермеу қажет. Содан кейін жүнді
таяқшамен көтеріп, кір ерітіндіні стақаннан қақпақшалы банкаға салады.
Сосын таза басқа стақанға таза ерітінді құяды және жүнді қайталап жуады.
Жуылған жүнді орамалға немесе сүзгіш қағаз парақтары арасынан жақсылап
сығады, және кепкенге дейін 5-6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстайды.
Жүннің зерттелетін үлгісінен әрқайсысы 0,3-0,4 гр. орташа сынама
алады. Тұлымша өлшеміне байланысты сынама салмағы да оданда көп болуы
мүмкін. Сынамалардың бірі – негізгі, екіншісі – бақылау, үшіншісі – қосалқы
болады.
Жүннің екі сынамасына ғана талдау жасаса жеткілікті. Әрбір сынаманы
тұрақты құрғақ салмаққа дейін кептіру қажет. Ол үшін сынаманы құрғақ
салмағы алдын-ала анықталған қақпағы бар стақанға салады. Стақан бетін
қақпақпен емін-еркін жабуға болатындай етіп жүнді стақанға салады. Осыдан
кейін жүні бар ашық стақанды қақпағымен бірге кептіргіш шкафқа немесе
термостатқа салады және 105 градус температурада 1 сағат бойы,
температурасын одан әрі жоғарлатпай-ақ кептіреді. Содан кейін стақанды
кептіргіш шкафтан жылдам алып шығады да қақпағын жабады және өлшегенге
дейін салқындату үшін 15-20 минутқа эксикаторға орналастырады. Стақанды
ыстық күйінде өлшеуге болмайды. Жүн салынған стақан суығаннан кейін, оны
өлшейді және сол температурада кептіргіш шкафқа салады және берілген
тәсілмен кептіріп 0,01 г. дәлдіктегі тұрақты құрғақ салмаққа дейін өлшейді.
Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағы жүн салынған стақан салмағынан
қақпағымен стақанның тұрақты құрғақ салмағынан алып тастау арқылы жабады.
Сынаманы өлшеп болған соң, жүнді талшықтарының негізгі түрлері бойынша
көзбен шолып, қолмен (жекелеген талшықтарды алу үшін пинцентті қолданады)
топтарға : қылшық, түбіт, аралас, өлі талшықтар деп бөледі. Талшықтардың
осы аталған әрбір топтарын тұрақты құрғақ салмаққа дейін жеткізеді.
Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағын сонымен қатар жүн талшықтарының
негізгі түрлерінің топтарының тұрақты құрғақ салмағын кестеге жазады,
сонымен бір уақытта осы талшықтардың салмағын жүн сынамасының тұрақты
құрғақ жалпы салмағынан процентпен есептейді.
Аталған барлық операцияларды (жуу, тұрақты құрғақ салмаққа дейін
кептіру, талшықтың негізгі түрлері бойынша бөлу және кестеге жазу) екі
сынама - негізгі және бақылау сынамалары бойынша жүргізеді.
Егер негізгі және бақылау сынамаларында түбіт пен қылшық салмағының
құрамы, жалпы алынған жүннің 3 абсолюттік проецентінен аспайтын проценттік
көрсеткіші көрсетілгенде, талдау қорытындысы дұрыс деп есептелінеді.
Мысалы қылшықтың мөлшері негізгі сынақта 53%, ал бақылау сынамасында
56 % аспағанда, бірақ 50% кем болмаған жағдайда. Мұндай жағдайда талдаудың
соңғы нәтижесін бекіту үшін, екі сынама бойынша, әр топ талшықтарының
көрсеткіштерінен орташа арифметикалық көрсеткішті алады.
Әр топ талшықтар сынамаларының арасында көрсеткіштердің 3 абсолютті
процент айырмашылығы болса, жүннің үшінші (қосалқы) сынамасы бойынша талдау
жасау қажет болады.
Ашық түсті жүн сынамаларды талшықтар бойынша қара қағазда, ал қара
түсті жүндерді ақ қағазда жіктеу қажет.
Егер жүнді талдау кезінде өсімдік қоспасы, қайызғақ, жүн үзінділері
және т.б. түрінде қоқыс қалған жағдайда, оны мұқият жинап, өлшеп, алынған
жүн сынамасы массасынан проценттік мөлшерін көрсету қажет. Қоқыс массасы
жүнді дұрыс жуғанда және түрлі талшықтарын типтерін топтар бойынша мұқият
жіктегенде, барлық сынама массасының 2 % аспауы керек.
Ескертпе. Жүн сынамаларын талдауға қажетті уақытты қысқарту мақсатында,
негізгі талшықтар типтеріне бөлмес бұрын өлшеудің алдында және содан кейін
де үздіксіз құрғақ массаға жеткізбейді, ауалық – құрғақ жағдайдағы жүн
сынамалары массаларын алумен шектеледі.
Осы мақсатта жүн сынамаларын басында 30-40 минут аралығында 100 – 1050
температурада кептіретін шкафта кептіреді, ал содан кейін талдау
жүргізілетін бөлмеде 3-4 сағатқа қалдырады, содан кейін өлшейді.
Әдістеме оданда жеңілірек болуы мүмкін, бірақ онда талдау нәтижесінің
нақтылығы төмендейді. Мұндай жағдайда жүн үлгілерін сабынды – содалы
ерітіндіде немесе эфирде бірнеше рет жуады, содан кейін орамалда немесе
фильтрлейтін қағаз беттерінің арасында сығады және жүн талдауы жүргізілетін
бөлмеде немесе ауа ылғалдылығы ұқсас бөлмеде бірнеше сағат кептіреді.
Жуылған және ауалық-құрғақ жағдайға жеткізілген үлгілерді студенттерге
үлгілерді іріктеуге, оларды жүн талшықтарының негізгі топтарына бөліп,
өлшеу үшін таратады.
2. 7-кесте – Жүннің негізгі типтерінің қатынасы
Жүн сынҚұрғақ жүн талшықтарының салмағы Құрғақ жүн
маларын
Сына ың талшық
малар масса тарының
сы салмағы
Түбіт Аралық Қылшық Өлі
талшық талшық
мг
Қой жүні
а) біртекті
б) біртекті емес
Ешкі жүні
а) біртекті
б) біртекті емес ешкі
түбіті
Түйе жүні
Үй қояны түбіті
Жылқы жүні
Сиыр жүні
Зауыт ескі жүні
Жасанды талшықтар
Синтетикалық талшықтар
5–тапсырма. Тоқыма талшықтарына қышқылдар мен негіздердің әсер ету
сипаты мен жану көрінісімен танысу (2.9 - кесте).
2.9 - кесте - Түрлі талшықтарға қышқылдар мен сілтілердің әсері
Үлгі № Талшық тобы Әрекет Жану типі
H2SO4 KOH
1
2
3
Жұмыс үшін қажеттілер: 1) техникалық – аналитикалық таразы; 2) іскек;
3) сабынды – содалы ерітінді; 4) сыйымдылығы 50 см3 қақпақтары бар екі шыны
стақан; 5) шыны таяқша; 6) фильтрлейтін қағаз немесе орамал; 7) жүннің
түсіне байланысты қара немесе ақ бет қағаз; 8)сынамаларды іріктеу үшін
қылшықты немесе жартылай қылшықты – біртекті емес жүн үлгісі; 9) жүн
талшықтары негізгі типтерінің арақатынасына сынамаларды талдау кезінде үлгі
– нұсқа ретінде пайдалану үшін аралық талшық, қылшық және өлі талшық, жүн
талшықтары желімделген төрт планшет; 10) термометрі бар кептіргіш шкаф
немесе терможүнді талшықтар; 11) биязы, жартылай биязы, жартылай қылшықты
және қылшық жүнді үлгілер бар қорап.
Ескерту. Алдын ала жуылған және ауалық – құрғақ жағдайға жеткізілген
жүн үлгілерімен сабақ өткізгенде, 3-6 және 10 пунктерінде көрсетілген құрал
жабдықтың қажеті болмайды.
5 тапсырма бойынша сабақ өткізгенде әр студентерде қосымша келесі
заттар болу қажет: 1) сыйымдылығы 50 см3 екі бюкс; 2) тоқыма талшықтар
үлгілері; 3) H2SO4 немесе НСІ қойылтылған қышқылдың біреуі және NaOH немесе
KOH замыр сілтінің біреуінің 10%; 4) Олардың табиғатын танып білу үшін
қолданылатын жүн талшықтарының негізгі физикалық – химиялық реакциялары
кестесі.
6 – тапсырма. Қой жүнінің құрылысымен танысу.
Жұмыс үшін қажет: қой жүні немесе биязы, жартылай биязы, жартылай
қылшықты жүнді және қылшық жүнді қой.
2.10 - кесте – Қой жүнінің құрылысы және оның элементтері
№ Жүн тобы Қой жүнінің Штапель Штапель немесе
элементтері формасы бұрымша
құрылысына
сипаттама
1
2
3
4
3 Жүннің гистологиялық құрылысы
Жүнді гистологиялық зерттеу кезінде мынандай міндеттер алға қойылады:
алынған үлгідегі биязы, жартылай биязы, қылшық жүннің қабыршақты қабатының
құрылысы ( қабыршақтың пішіні, мөлшері және өзара орыналасуы); өзектің бар
жоғы және салыстырмалы өлшемдері, талшықтың көлденең кесіндісіндегі сипаты.
1 – тапсырма. Микроскоптан биязы, жартылай биязы, қылшық жүннің,
өсімдік, синтетикалық және жасанды талшықтарды көріп микроскопиялық суретін
салу.
Микроскоппен қарағанда жүн талшығының үш қабаттан тұратыны байқалады.
3.7 - Сурет Жүн талшықтарының гистологиялық құрылысы
3.11-кесте – Жүн талшықтарына морфологиялық және микроскопиялық
сипаттама
Түбіт Қылшық
сыртқы пішіні көлденең кесіндісісыртқы пішіні көлденең
кесіндісі
Аралық талшық Өлі талшық

Мақта Қоян түбіті Синтетикалық және жасанды талшық
2 – тапсырма. Қой жүнінің кабаршақты, кабақты, өзек қабаттарының
гистологиялық көрінісін сипаттау ( 3.12 - кесте).
3.12 - кесте – Әртүрлі жүн талшықтарының гистологиялық құрылысы
Талшық типтері Құрылыс ерекшеліктері
Түбіт
Аралық талшық
Қылшық
Өлі талшық
Микроскоппен көруге арналған және зерттелетін препараратты дайындау.
Заттық шыныға 0,5 мм болатын 8-10 дана жүн кесінділерін глицерин тамшысын
тамызамыз да жабын шынысымен жабамыз. Жүн талшықтарын зерттеу алдында
эфирде жуамыз. Препаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырамыз.
3 - тапсырма. Қылшықтың және өлі түк өзектік қабатынан ауаны жою керек
және осы түрлердің талшықтарының өзектік қабатының құрылысының микроскоптық
суретін салу керек (3.13 - кесте).
3.13 - кесте – Қылшықтың және өлі жүннің өзектік қабаты
Қылшық талшық Өлі түк
Препаратты дайындау техникасы. Өзегі жақсы дамыған ақ қылтықтың немесе
өлі түктерді ұзындығы 0,3-0,5 см 10-15 дана талшықтарды кесу. Осы
қималарды дистиллирленген су тамшысы бар заттық шыныға салу және жаппа
шынымен жабу.
Содан кейін жаппа шынының бір жақ шетіне араластырылмаған этил
спиртінің (95-96%) бірнеше тамшысын жағып, ал жаппа шынының қарама-қарсы
жағынан сүзгіш қағаздың жолақтары арқылы суды сорып алу керек. Осындай
сорып алуды спирттің бірнеше өлшемін енгізе отыра 5-6 рет қайталау керек,
осылайша кесілген ұштарының өзектерінің ақшылданғаның көруге болады.
Препаратты микроскоп арқылы көріп қарастырады.
Жұмыс үшін қажеттілер: 1) микроскоп; 2) заттық шынылар; 3)жаппа
шынылар; 4) глицерин; 5)препаттық инелер; 6) қайшылар; 7) эфир; 8) жүнді
шаюға арналған қақпақтары бар банкалар; 9)сүзгі қағаз; 10) ақ түсті қылшық
жүн үлгісі; 11) мақта; 12)жасанды және синтетикалық талшықтар (штапельдік
және т.б.); 13) Жүн талшықтарының негізгі түрлерінің гистологиялық
құрылысы суреті; 14) тамызғыштағы дистиллирленген су; 15) өзегі жақсы
дамыған ақ қылтық немесе өлі түк.
4 Жүннің физика-техникалық негізгі қасиеттері
Жүннің физика-техникалық негізгі қасиеттеріне жататындар: ұзындығы,
қалыңдығы, бұйралылығы, беріктілігі, созылғыштығы, қаттылығы, икемділігі,
түсі және жылтырылығы. Техникалық қасиеттерінен ылғалдылығын және таза
(жуылған) жүн шығымын, шайырының болуы және сапасын есепке алады.
Сабақтың мақсаты: өндірістік және зертханалық жағдайда жүннің
үзындығын, беріктігін, бұйралығын анықтауды үйрену. Сараптамалық жолмен
жүннің қалыңдығын анықтауды үйрену.
1-тапсырма. Оқулықты және практикумды қолдана отыра, жүннің техникалық
негізгі қасиеттерімен танысу және жұмыс дәптерлеріне оларды анықтау
әдістерін қысқаша жазу.
2-тапсырма. Біртектес жүн үлгілерінің бір тектес емес жүн үлгілеріне
табиғи және шынайы ұзындықтарын өлшеу.
4. 14 - кесте – Жүннің табиғи және шынайы ұзындығы (см)
Жүн үлгілері 0,5см-ге дейінгі 0,1см-ге дейінгі
табиғи ұзындығы шынайы ұзындығы
Биязы
Жартылай биязы
Жартылай қылшық
Қылшық
4.15 - кесте – Бір тектес жүннің нақты ұзындығы (см)
Көрсеткіш Класстық (топтық) аралық
6,0-6,4 6,5-6,9 7,0-7,4 7,5-7,9
1
2
3
4
5 - Тапсырма. Жүннің жіңішкелігін өндірістік жіктеудің үлгісін қолдана
отыра, сараптамалық жолмен жүннің қалыңдығын анықтау.
4.17 - кесте – Жүн әр түрлі топтарындағы бұйралық түрлері
Үлгінің Жүннің 1 см ұзын Жүн Жүн Ескерту
№ бұйралығы ныңдықтағы жіңішкелігі нің
түрі бұйра саны тобы
сапасы мкм
1
2
3
4.18 - кесте – Бір текті жүнді жіңішкелігі бойынша жіктеу
Сапасы Жүн жіңішкелігі, мкмСапасы Жүн жіңішкелігі, мкм
(жіңішкелік (жіңішкелік
классы) классы)
басы соңы басы соңы
80 14,5 18,0 48 31,1 34,0
70 18,1 20,5 46 34,1 37,0
64 20,6 23,0 44 37,1 40,0
60 23,1 25,0 40 40,1 43,0
58 25,1 27,0 36 43,1 55,0
56 27,1 29,0 32 55,1 67,0
50 29,1 31,0
Жүннің беріктілігін буда бойынша анықтау
Жүннің беріктілігін талшықтарын буда қылып органолептикалық құралмен
анықтайды.
Органолептикалық әдістің мәні қолмен күш салып отыра, жүн талшықтарының
буда үзіп сынауда.
Жүннен немесе жалпы сынамадан алынған жүннің әрбір будадан сараптап
алысымен сынайды. Қалыңдығы 5-6 см шоғын екі қолдың сұқ саусақтарының
арасына қысады, содан кейін тартылған шоққа серіппей –ақ оң жақ қолдың орта
саусағымен ұрады. Егер осы соққыдан кейін будасы үзілмесе жүн берік, мықты
деп есептелінеді. Жүн будасының бірдей жерден үзілуі қандайда бір ақаудың
бар екендігін білдіреді.
6 - тапсырма. Жүннің беріктігін сараптамалық жолмен анықтау (4.19-
кесте).
4.19 - кесте – Жүннің беріктілігі
Үлгі Сапасы Үзуге Дыбысқа беріктігі Ескерту (шоғының
№ бойынша беріктігі (тоғы жоғары, белгілі бір
жіңішкелік (өте орташа, төмен) аумағын да жүннің
берік, беріктігі нің
орташа, әлсіздігі бай
әлсіз) қалады ма екен)
Жүннің беріктігін зертханалық әдіспен өлшеуге талшық будасының үзілу
жүктемелегін динамометрлерде анықтау енеді.
Жүннің беріктілігіне сипаттама беру үшін, сонымен бірге шақырыммен
берілетін оның үзілу ұзындығы да анықталады. Үзілу ұзындығы деп бір ұшынан
ұстап тұрған кезде асылып тұрған қалыпында талшықтың өз салмағын көтере
алмай үзіліп кетуін атайды.
Сынаманы таңдау. Жүннің нақты бір учаскесіндегі, сонымен қатар жуылған
немесе жуылмаған жүн сұрыпының талшық будасының беріктігін анықтау үшін,
жуылмаған жүннің жалпы сынамасын таңдап алады – ол 200 г аз болмауы қажет,
ал жуылған жүннен 100 г аз болмауы қажет. Жалпы сынаманы әрбірінің салмағы
10-15 г сынама құрайды, оны жүн түбітінің учаскесінен трафарет – торкөз
принципі бойынша таңдап алады.
Сынаманы жуады және кептіреді. Содан кейін оны жекелеген
штапелькаларға немесе өрімдерге бөледі.
Беріктігін ДШ-ЗМ және ДШ-ЗМ-1 динамометрлерінде сынау үшін, әрбір
штапелекті немесе өрімді талшықтарын параллельді орналастыру үшін темір
тырмамен тарайды. Таралған штапелкаларды немесе өрімдерді кескіш немесе
шаблонға (үлгі, қалып) салады және ұзындығы 25 мм шоғырларға кеседі.
Барлығы 30 шоғыр дайындайды, олардың 5 қосалқы болып есептелінеді.
Әрбір шоғырдың салмағы 3-4 мг болуы қажет.
Үзгіш жүктемелікті талшықтардың 25 шоғырын нөлдік қысу қашықтығында үзу
арқылы анықтайды. Буданың бір үшін (оның ұзындығының жартысына дейін)
құралдан алынған үстіңгі қысқышқа бекітеді. Содан кейін қысқышты орнына
орнатады. Буданың екіншісі үшін, қысылған шоғырдағы барлық талшықтар бірдей
болып түзелгендей етіп төменгі қысқышқа бекітеді.
Талшықтардың шоғырын бекіткеннен кейін сабын бұрап жетекші механизмді
іске қосады.
Үзік жүктемелегінің көлемін құралдың шкаласы бойынша анықтайды.
Талшықтың барлық 25 шоғыры үзілгеннен кейін, олардың барлығын пинцетпен
бюкске жинайды және қателігі ± 0,1 мг аналитикалық таразыда өлшейді.
Нәтижелерді өңдеу. Киллограммен - күшпен берілетін Р1 үзу жүктемелігін
мына формула бойынша есептейді:
Р1 = ΣР
n
мұнда ΣР – шоғырлардың үзілу жүктемелігін көрсету шкаласының сомасы,
кгс; n – шоғырлар саны.
Километрмен берілген Lp үзілу ұзындығын мына формула бойынша есептейді:
Lp = Р1 * l * n
М
мұнда l – 25мм-ге тең талшық шоғыраларының ұзындығы; М – үзілген
шоғырлардың салмағы, мг
7-тапсырма. Динамометрде жүннің үзілу ұзындығын (беріктігін) анықтау
(4.20- кесте).
4.20 - кесте – Жүннің беріктігін анықтау
№ Буданың Жүн буданың үзілгеннен Үзілу жүктемелігі, кгс
рс ұзындығы, кейінгі салмағы, мг
мм
Нұсқалар
1 2 3 1 2 3
1 25
2 25
3 25
4 25
5 25
6 25
7 25
8 25
9 25
10 25
11 25
12 25
13 25
14 25
15 25
16 25
17 25
18 25
19 25
20 25
21 25
22 25
23 25
24 25
25 25
Барлық буданың жалпы Жүктемелік сомасы, кг
салмағы, мг
5 Жүннің жіңішкелігін өлшеудің микроскопиялық әдісі.
Сандық көрсеткіштерді өңдеу
Жүннің жіңішкелігі екі тәсілмен анықталады: зертханалық (микроскоп,
данаметрдің көмегімен) және сараптамалық (көз мөлшерімен).
Зертханалық әдістің мәні, жүннің құрамына енетін жекелеген талшықтардың
диаметрін өлшеуде және микрометрлерде жүннің жіңішкелігінің орташа
көрсеткіштерін есептеуде.
Окулярлы микрометрдің ауыспалы коэффициентін анықтау. Зертханалық
әдіспен жүннің жіңішкелігін өлшеу кезіңде, микроскопты дөңгелек шыны сияқты
болып келетін, оған бөлінген шкала жасалынған окулярлы микрометрмен
жабдықтайды. Объективтің нөміріне, окулярдың нөміріне және микроскоптың
тубусының биіктігіне байланысты, окулярлы микрометрдің шкаласындағы бір
бөлімнің құны өзгереді. Сондықтанда жұмысты бастамас бұрын, бөлімнің
құның, немесе ауыспалы коэффициент деп аталатын бөлігін алдын-ала анықтау
қажет.
Окулярлы микрометрдің бөлімдерінің құның (ауыспалы коэффиентін)
бекіту үшін, микроскоптың ортасында бөлімдері металл сопақша тәріздес
заттық үстеліне объективті микрометрді салады. Объективті микрометрдің бір
бөлімінің құны 0,01 мм яғни 10 мкм-ды құрайды.
Микроскоппен шағындап үлкейте отыра, объективті микрометрдің шкаласын
табады, содан кейін микрометрді жүннің қалыңдығын өлшейтін өлшемге
келтіреді. Осыдан кейін микроскоптың окулярына окулярлы микрометрді қояды.
Микроскоптан көлемі бойынша айырмашылықтары бар екі шкаланы табады
(объективті және окулярлы микрометрлерді).
Окулярды аудару және объективті микрометрдің орынын ауыстыру жолымен
окулярлы шкала көзге түсетіндей етіп шкалаларын орналастырады . Әр түрлі
екі учаскеден екі шкаланың да бөлім сызықтарының қатаң сәйкестігін табады,
екі шкаладағы сәйкес келген шкалалар арасындағы бөлімдер санын және
окулярлы микрометрдің (Х) құнын санайды мына формула бойынша анықтайды:
Х = Объективті микрометрдің бөлімдерінің саны
Окулярлы микрометрдің бөлімдерінің саны * 10мкм
Мысалға микроскоппен қатты үлкейткен жағдайда окулярлы 41 бөлім 10
объективті бөліммен сәйкес келеді.
Х = 10*10 = 2,44мкм
41
Демек осындай ұлғайту кезіңдегі окулярлы микрометрдің бір бөлімі
2,44мкм тең.
Окулярлы шкаланың бір бөлімінің нақты өлшемін анықтау үшін берілген
тәсілмен окулярлы және объективті шкалалардың сәйкес келетін учаскелерінің
екі анықтамасын жүргізу керек және орташа арифметикалығын табу қажет.
Алынған өлшемдер осы объективте, окулярда және тубус ұзындығында берілген
микроскоп үшін тұрақты болып енеді.
1 - тапсырма. Қатты ұлғайту кезіңде осы микроскоп үшін, ауыспалы
коэффициентін (окулярлы микрометрдің бөлімдерінің құнын) табу керек (5.21-
5.22 кесте ).
5.21 - кесте – Ауыспалы коэффициентті анықтау
МикросОбъектОкулярМикроскоптың Орташа
коптыңивтің дің бір-біріне сәйкес есеппен
№ № келетін бөлімдерініңекі
№ саны анықтама
бойынша Ауыспалы
коэффициент,
мкм
1-ші 2-ші
анықтама анықтама
объективті окулярлы
S1 S2 S3
3,1 – 4,0
4,1 – 5,0
5,1 – 6,0
6,1 – 7,0
7,1 – 8,0
8,1 – 9,0
9,1 – 10,0
10,1 – 11,0
11,1 – 12,0
12,1 – 13,0
13,1 – 14,0
14,1 – 15,0
15,1 – 16,0
16,1 – 17,0
17,1 – 18,0
18,1 – 19,0
19,1 – 20,0
20,1 – 21,0 Σ= Σ= Σ=
m – орташа арифметикалық қате
m=±δ ;
√n
С – варияция коэффициенті
Сv= δ . 100 ,
М
Мұндағы А – айтарлықтай жіңішке талшықтарының окуляр – микрометр
бөліктеріндегі класстар шекараларының жартылай жиынтығы минус, окуляр –
микрометр бөліктеріндегі класстық аралық;
S1 – барлық класстардың өлшенген талшықтарының жиынтығы;
S2, S3 – қосалқы шама жиынтығы;
К – баға окуляр – микрометр бөліктері (аударма коэффициент), мкм;
n - өлшенген кескінднр саны.
Жұмыс үшін қажет заттар: 1) микроскоп; 2) окулярлы - микрометр; 3)
объективті микрометр; 4) заттық шынылар; 5) жабын шынылар; 6) препаратты
инелер; 7) қайшы; 8) глицерин; 9) жуылған жүн үлгілері.
3 – тапсырма. Алынған мәліметтерге негізделе отырып жүннің варияциялық
қисық қалыңдығын құру (5.23 - кесте).
5.23 - кесте – Жүндердің жіңішкелігі бойынша бөліну қисықтығы, мкм
Талшықтар саны, %
2. Жіктеу (міндет, жабдық, жуылған талшықтың
шығымын анықтау үшін және үлгісін таңдау
әдістемесі).
3. Сұрыптау (міндет, жабдық, сұрыптау
жылдамдығына және сапасына әсер ететін
факторлар).
4. Жуу (жабдық, ерітінді құрамы, жуу тәртібі,
жүн майын жинау техникасы).
5. Кептіру (жабдық, температура, ұзақтылығы).
6.Тазалу (кептіру машиналарының жұмысының
принциптері, карбонизациялау тәртібі).
7. Бояу (бояғыш заттар, бояу технологиясы).
8. Араластыру (міндеті, компоненттері, қоспаны
дайындау техникасы).
9. Тарау және тегістеу процесстері (міндеті,
ауысу саны және оның ерекшеліктері, шикізат
шығымы және оған әсер ететін факторлар).
10. Иіру: а) тарақтық; б) жабдықпен
(принциптері, шикізатқа қойылатын талаптар,
ерекшеліктері және тағайындалуы).
11. Тоқыма өндірісі (принциптері, негізін
дайындау)
12. Ескерту
7 Таза (жуылған) жүн шығымы. Жүннің кондициялық салмағы
Таза талшық шығымы деп, ол алынған жуылмаған жүннің салмағына қалдық
компоненттерді есепке ала отыра кондициялық ылғалдықтағы таза талшықтың
салмағына проценттік қатынасты айтады.
Таза талшық деп, жүннің барлық түрлері үшін кондициондық ылғалдылығы
17%, жүн негіздемесі 97% және өсімдік қоқысы, минералдық қоспалар және жүн
майы (әр қайсысы 1%) - 3% тұратын жуылған жүнді айтады.
Жуылған жүн шығымын зертханалық анықтау үшін үлгілерді таңдау, зерттеу
мақсатына байланысты (жекелеген сортименттері бойынша шығымды анықтау, асыл
тұқымды малдарға сипаттама беру үшін және т.б.) әр түрлі жүргізіледі.
Жекелеген сұрыптары бойынша жуылған жүн шығымын анықтау кезіңде
(тапсырылатын жүн үшін есеп жүргізу үшін) үлгілерді жүннің түрін, тобын,
жағдайын және басқадай сипаттамаларын есепке ала отыра әрбір отарды қырқу
кезіңде алады.
Кездейсоқ таңдау әдісімен жүнді жіктеу кезіңде бастапқы үлгіні таңдау
үшін, әрбір сұрыптың он бесінші немесе жиырмасыншы жүні бөлініп алынады.
Егер жүн мөлшері аз болса, онда мөлшерлестік басқа болады, тексерілетін жүн
салмағының 1% шамасындағы мөлшері бастапқы үлгі салмағы болуы керек, бірақ
ол 10кг-нан артық емес және 2 кг-нан кем болмауы қажет.
Таңдап алынған жүнді бір тегіс қабатпен үстелге қырқылған бетін төмен
қаратып, штапелдерін бір-біріне түйісетіндей етіп төсейді. Жүнді сілкілейді
және дайындау стандарттарында қарастырылғандай ең төменгі сұрыптардан
алады.
Жүннің шағын (салмағы 10-20 г) тұлымдарын бір тегіс алу үшін төселген
жүннің бетіне фанерадан, темірден немесе қолайлы басқа материалдан
жасалынған трафарет – тор көзді (көлемі 1,5-1,2м) салады. Онда екінші жағы
бар немесе диаметрі 15 см төрт бұрышты немесе дөңгелек саңылауларды
(тесіктер) жасайды, осы саңылаулардың орталығы 20 см қашықтықта болуы
қажет. Трафаретті сыммен тартылған 20х20см төртбұрышты қалыптастыратын ағаш
сырық ретінде де жасауға болады.
Жүннің кішірек тұлымдарын әр тесіктің ортасынан іріктейді. Штапелдердің
минералды және өсімдік қоспаларын жоғалтып алудын алдын – алу үшін абайлап
шығарады. Бұл үшін он қолдың үш саусағымен штапельді іліп алады және сол
қолмен жүннің негізгі массасын ұстап тұру арқылы оны алып шығады.
Бір рунадағы үлгі массасы шамамен 100 г-ды құрау қажет.
Іктелген штапельдерді полиэтилен пленкадан немесе тығыз матадан
жасалынған қапшықтарға сәйкес сұрыптау бойынша салады. Егер бір сұрыптау
бойынша жүн массасы 1 т көп болса, онда екі бастапқы үлгіні іріктейді.
Бастапқы үлгі қолмен араластыру немесе тұлмалаушы машинанын көмегімен
орташаландырылады. Содан кейін оның барлық массасын тең қабаттап столдың
үстіне жазады, трафарет – торшаны жабады және массасы 200 г орташа төрт
үлгіні іріктейді: негізгі, параллельді және бақылаушы.
Негізгі және параллельді жууға жіберіледі, ал бақылаушы буып –
түйіледі, паспортталып сақтауға тапсырылады. Бақылаушы үлгілер 2 ай
аралығында сақталады. Олардың біреуін әдістемеге сәйкес қажет болу шамасына
байланысты, ал екіншісін – мемлекеттік инспектор шешімімен жууға
пайдаланады.
Жеке қандай да бір жануарлардың таза талшық шығуын анықтау үшін,
үлгілер трафарет – торшаны пайдалану арқылы тек рунаны өлшегеннен кейін
ғана іріктеледі.
Әрбір рунадан әрқайсысының салмағы 200 г болатын үш үлгі (негізгі,
параллельді және бақылаушы) алынады. Үлгілерді нақ 0,1 г болатындай етіп
өлшейді. Үлгі бар қапшыққа шаруашылық, жануар саны, тегі, жынысы, руно
жүнді және төмен сұрыптағы массасы, іріктеу күні, үлгіні іріктеген тұлғаның
қолы көрсетілген паспортты салады.
Іріктелген бір руноның үш үлгісінен зертхана жуғышына екеуі (негізгі
және параллельді) түседі, үшіншісін егер алғашқы екі үлгіде таза талшық
шығаруда 1 % айырмашылық болған жағдайда жуады.
Жүннің негізгі және параллельді үлгілері жууға бір уақытта түседі. Суға
жібіту үшін салар алдында әр үлгіге шартты нөмірі бар жетон салады, оны
журналда белгілейді және үлгімен бірге оның өндеу процессіндегі уақытта
ұстайды.
Жүн үлгілерін жақсылап және тез жуу үшін, сонымен қатар жуғыш
ерітіндіні аз ластау үшін, жуғышқа түскен жүннің барлық үлгілерін алдын –
ала 2-3 сағаттай легендер мен шелектерде сулап жібітіп алады. Сулап жібіту
үшін температурасы 25-300 С таза суды немесе қолданыста болған 2 және 3-ші
бактағы сабынды – содалы ерітіндіні пайдаланады. Су немесе ерітіндінің
мөлшері жүн үлгісі суға толығымен бататындай жеткілікті болу керек. Жүн
қатты ластанғанда сулап жібіту аралығында ерітіндіні 2-3 рет ауыстыру
қажет.
Үлгілерді кезектеп сыйымдылығы 30 л сабынды – содалы бес бөшкеден
жуады. Бөшкеден бөшкеге оларды торшаларының диаметрі 3 – 4 мм болатын торлы
себетпен ауыстырады. Себетті ерітіндіден алып шыққанда, үлгіні жақсылап
сығады және содан кейін себетпен қоса келесі бөшкеге салады.
Жуғыш реагент концентрациясын қажеттілігіне байланысты жоғарлатуға
(сабынды және соданы 0,4 % - ға) немесе төмендетуге (0,2 % - ға) рұқсат
етіледі.
Сабынды – сулы ерітіндіні дайындауға кететін уақытты үнемдеу үшін, оны
алдын – ала айтарлықтай қою қылып жасайды, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz