Өзін-өзі бағалау


Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Өзін-өзі бағалау»
Тексерген: Сапиева Б. К.
Орындаған: Дагарова А. Е.
Орал - 2013 жыл
Жоспары:
Кіріспе.
1. Өзін-өзі бағалау
2. Өзін -өзі бағалау құндылықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпаќ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттыќ жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті.
Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснакова т. б. ) .
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (Коссов Б. Б, Сафин З. В, Спичак С. Ф. т. б. ) .
Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р. Ш. Сабырова, С. Ж. Өмірбекова және Л. С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Қазіргі қоғамда жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауын психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауына арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Ќ. К. Жампеисова, Жарықбаев, Р. Т. Мендалеева, А. К. Рыспекова, А. Е. Берікханова, Б. Г. Ананьев, Ю. К. Бабанский, П. П. Блонский, Дж. Брунер, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, Э. Ф. Голубева, А. Н. Леонтьев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, А. И. Липкина) еңбектерінен көрініс тапты.
- Өзін-өзі бағалау
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. Тұтас педагогикалық процесстегі қатынастар жүйесіне енгеннен бастап бала өзін басқа балалармен салыстырып, зерттеп, мынандай сұрақтарға: «-Неге мен осындаймын?», «Басқалар мені қалай қабылдайды?», «Өмірде мен қандай жетістіктерге жете аламын?»-деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін-өзі нақты бағалау, өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс-әрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша әрекет жасауға болмайды деп сезгенде ғана қолданылады. Бұйырықты түрде өзінен бір іс-әрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне-өзі бұйыру еріктік процесспен тығыз байланысты. Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады. Кейбір өмірлік жағдайларда адам «өткенді ойлап» осындай жағдайдан қалай жол тауып шыққанын еске түсіргені абзал.
Өзін-өзі бақылау - адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процесстер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі. Бұл тәсіл адамға айналадағылармен сабырлы қарым-қатынаста болу іскерліктерін, басқа адамдардың кемшіліктеріне, әлсіздіктеріне, қателіктеріне шыдамды болуды үйретеді. Аталған тәсіл көмегімен адам шиеленіс жағдайларды реттеп, ұстамдылыққа, күрделі жағдайларда байсалдылық, сабырлық сақтауға үйренеді.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.
Адамзат тарихында ұлы адамдарға өмірлік бағдарламасын нақты орындауға көмектескен өзін-өзі түзету мысалдары өте көп кездеседі. Өзін-өзі түзету өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Л. Н. Толстой «Өзін жетілдіруге деген ұмтылыстан басқа еш нәрсе адамның өз игілігі мен басқа адамдардың игілігіне септігін тигізе алмайды»- деп бекер айтпаған.
Тәрбиенің демократиялық жүйесі баланың, басқа адамдар ықпалына бағынышты болмай, керісінше өзінің қабілеттері мен күштерін бағалап, өз дамуын өздігінше анықтауға үйрететін бірден-бір жүйе болып саналады. Тәрбиенің осындай нәтижесі тек қана педагог пен өсіп келе жатқан баланың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана мүмкін болады.
- Өзін -өзі бағалау құндылықтары
Сабақтың тақырыбы: Өзін -өзі бағалау құндылықтары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларға өзін -өзі бағалауда ерік -жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана- сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың өз-өзін бағалауын, ерік- жігерін, күш -қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікірлесу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т. б.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: сыныпты түгендеу; жаңа сабаққа дайындау: топтастыру:
Жаңа сабақ: Төмендегі берілген сөздердің мағынасының өз өмірімізде құнды екенін ескере отырып, төменде жазылған сөздердің мағынасын ашып алайық.
Өзін -өзі тәрбиелеу, бағалау - өмір талабы. Адамдардың өзін -өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін -өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек.
Ой шақыру: - Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің?
- Өзін -өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?
- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз?
- Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?
Топпен жұмыс: Біздің ғасырымызда адамға жоғары адамгершілік керек. Осыған байланысты әр топқа адамгершілікке байланысты сұрақтар қойып пікірлеседі.
1. Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің?
2. Басқаның еңбегін бағалай білесің бе?
3. Жолдасыңды бағалайсың ба?
4. Өзіңнің туған ауылыңды, жақын адамдарыңды жақсы көресің бе?
5. Сен мейрімдісің бе?
6. Ата-ана ұстаз сен ұшін кім?
«Айна» ойыны: Өзім жайлы қалай білуге болады? - Алдарында гүл салынған себетте айналар бар. Сол айнаны алып қараңдар да, мына сұрақтарға жауап беріңдер?
1. Сенің көзіңнің, шашыңның түсі қандай?
2. Сенің бойың қандай? ( өзгелермен салыстырғанда)
3. Саған қандай адам көбірек ұнайды?
4. Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма?
5. Сен өзіңді сұлумын деп санаисың ба?
-Айна тек сендердің сыртқы бейнелеріңді ғана көрсетіп қоймай, адамның ішкі бейнесін, мінез- құлқын, адамгершілігін білдіреді.
-Басқалардан өзгеше болу - кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы- қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы
Өзіңді ғана емес, өзгелерді де таны: «Ұлы адамдар : Абай және Ыбырай»
1- топқа тапсырма: Абай туралы не білесің? «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау.
2- топқа тапсырма: Ыбырай туралы не білесің? « Өнер- білім бар жұртта» өлеңін талдау.
Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары». Қатысушылар шеңбер құрып, бір -біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алды. .
Мен сүйемін . . .
Маған ұнайды . . .
Маған қиын . . .
Менің жанымды жадыратады . . .
Өз достарымның арасында Мен . . .
Мен келешекте . . .
Сонымен, балалар, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз -өзәңді бағалау- кемшіліктеріңді жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым- қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс -әрекеттеріңді білу деген сөз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz