Әулие апостол Андрей Первозванный ордені



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрілігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
XV-XVII ғасырлардағы Орыс мемлекетінің шендері мен наградалары

Орындаған:Мұсаев Ә.Ғ.
Тексерген: Мырзабаева Б.М.

Орал, 2014ж.
Жоспар
Кіріспе
1. Әулие апостол Андрей Первозванный ордені
2. Қасиетті ұлы князь Дмитрий Донской ордені.
3. Қасиетті ұлы князь Дмит-рий Донской ордені.
4. Игі сенімді Әулие князь Даниил Московский бірінші дәрежелі
ордені.
5. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің
құрметті докторы
6. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ге 250 жыл мерекелік омырау белгісі
7. Қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін ордені. (Жұртшылықтың игі-
лігі үшін.)
8. Көрнекті инженері наградасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Орден сөзі Orden, ordo деген латын сөзінің
тамырынан алынған неміс сөзі екен. Орта ғасырда дін басына көмекші
болғандарға, топ мүшелеріне арнаулы белгі соғылған орден беріліпті. Арнаулы
топ ерекше адамдар ретінде танылып, бірін-бірі тану үшін қолданған және
белгі санаулы адамда ғана болған. Еуропада XIX-XX ғасырға дейін қарапайым
адамға орден берілмеген. Мәртебелі ақсүйектер ғана орден алуға құқылы
болған. Тарихта жаңару дәуірінде орден қолдану кең етек алып, өркендеген
елдер орден шығара бастаған. Ордендік белгілер келе-келе марапаттау
құралына айналған. Алғашқы марапаттауға арналған ордендер — Данияның Піл,
Белгияның Леоральд, Францияның Даңқты легион, Ұлыбританияның Король
ордендері. Бұл ордендер қазір де өз күшінде.
Ресей тарихындағы әр түрлі кезеңдердегі уақиғалар, төңкерістер мен
әлеуметтік қақтығыстар, саяси бағыт-тардың ауысуына байланысты наградалары
да маңызы мен түрі жағынан сан алуандығымен ерекшеленеді. Ресейдің
фалеристикасында (награда туралы ғылым) ұлттық награда жүйесін ертеден келе
жатқан 1917 жылға дейінгі және Кеңес Одағы кезінде пайда болған және
қолданылған наградалар деп екіге бөлуге болады. Ордендердің пайда болуы
ерте заманнан басталса да, Ресейде мемлекеттік ма-рапаттау Ұлы Петр
кезінде жүйеге келтірілді.Ресейдің ең алғашқы ордені — Әулие апостол
Андрей Первозванный, оны І Петр 1699 жылы 10 наурызда тағайындаған. Орден
иесін таңдау әулие Андрейдің орыс жерлерінде оқыған бірінші Христиан
уағыздары туралы аңызымен байланысты. Первозванный эпитетінің шығуы
осыдан. Марапатталғандарға ерте кезден аспан қорғаушыларының бірі
саналатын Әу лие апостол Андрей Первозванныйдың орденінде жұлдыз,
көгілдір түсті иыққа асатын лента және қол-аяғы керілген қиғаш крест
іспетті белгі берілген. Әулие апостол Андрей Первозванный Ресейдің ең
басты ордені болып есептелді. Онымен монархтар, жоғары дәрежелі әскерилер
және әкімшілік шендердің жоғары қызметкерлері, Ресейдің маңызды шетел
одақтастары марапатталды. Ресей Федерациясы Президентінің 1998 жылғы 1
шілдедегі Жарлығы бойынша Әулие апостол Андрей Первозванный ордені қайта
қалпына келтіріліп, Әулие апостол Андрей Первозванный Ресейдің жаңа
жоғарғы ордені болып құрылды Әулие апостол Андрей Первозванный
орденімен Ресейдің гүлденуіне, айбыны асып, даңқы артуына ықпал еткен аса
үздік еңбегі үшін Ресей Федерациясының көрнекті мемлекет қайраткерлері,
басқа да азаматтары, сондай-ақ
Ресей Федерациясына сіңірген зор еңбегі үшін шет мемлекеттердің
басшылары мен үкімет басшылары да марапатталуы мүмкін.Президент Н.Назарбаев
бұл орденмен Ресей мен Қазақстан халықтарының арасындағы достық пен
ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлкен жеке үлесі үшін марапатталды.
Мақсат-міндеттері. Әулие апостол Андрей Первозванный ордені,
Қасиетті ұлы князь Дмитрий Донской, Қасиетті ұлы князь Дмит-рий
Донской, игі сенімді Әулие князь Даниил Московский бірінші дәрежелі
ордені, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті
докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ге 250 жыл мерекелік омырау
белгісі, қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін ордені. (Жұртшылықтың игі-
лігі үшін.), көрнекті инженері наградалары сипаттама беру.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Әулие апостол Андрей Первозванный ордені

Орденнің белгісі, жұлдызы, орден алқасы мен орден лентасы бар. Орден-
нің белгісі алтын жалатылған күмістен жасалып, көк эмальмен боялған ұзын-ша
қиғаш крест іспетті, оған қол-аяғы керілген Әулие апостол Андрей
Первозванныйдың денесі бейнеленген. Крестің ұштарында S, A, P, R
(Sanctus Andreas Pautronus Russiae — Святой Андрей, Покровитель Рос-сии,
яғни Әулие Андрей, Ресейдің Қамқоршысы) әріптері бар. Крест төбелеріне үш
тәж кигізілген, тырнақтарымен крестің төменгі шеттерін шеңгелдеп тұрған
алтындатылған екі басты қыран құс бедерінің үстіне жапсырылған. Белгінің
артқы бетіндегі, қыранның омырауындағы жұқа ақ жолақшаға орденнің За веру
и вер-ность деген ұраны қара эмальмен жазылған. Крест көк эмаль арқылы
артқы бетінде лентаға арналған құлақшасы бар ортадағы тәжге ілінген.
Белгінің биік-тігі — 86 мм, ені — 60 мм. Орден лентасының ені — 100 мм
көгілдір түсті, қатқыл жібектен әзірленген.Күміспен күптелген жұлдыз сегіз
бұрышты. Жұлдыздың ортасындағы қызыл эмальмен боялған дөңгелек медальонда —
үш тәж кигізілген қыранның алтындатылған бедерлі бейнесі, ал қыранның
кеудесінде Андреев кресінің (көк эмальмен боялған) бейнесі бар. Шеңбердің
жоғарғы жағын бойлай алтынмен жиектеліп, көк эмальмен боялған тұсқа
орденнің За веру и вер-ность деген ұраны алтын жалатылып, қоршап
жазылған, төменде — жа-сыл эмальмен боялып, алтындатылған лентамен
байланған, айқастырылған екі лавр бұталарының бейнесі көрініс тапқан.
Жұлдыздың қарама-қарсы ұштарының ара қашықтығы — 82 мм. Жұлдыз киімге
түйреуішпен бекітіледі. Орден алқасының үш түрі кезектесіп алмасып тұратын
17 буыннан тұрады, олар: омырауында түрлі түсті етіп салынған салт атты
бейнеленген дөңгелек нысанды қалқаны бар, алтындатылған екі басты қыран
кейпіндегі Ресей Федерациясының Мемлекеттік елтаңбасы; тәж кигізіліп, көк
эмальмен боя-лып, әскери арматурамен көмкерілген картуш, оның ортасына І
Петрдің аты-жөні мен тегінің бас әріптері алтын жалатылған өрнекті жазумен
жапсырма түрінде орнатылған; қызыл эмальмен боялып, алтын жолақтармен
шұғыла тәрізді етіп бөлінген розетка. Әшекейдің ортасы арқылы Андреев кресі
өтеді, оның шеттерінің арасында S, A, P, R әріптері бар. Алқаның
буындары шығыршақтармен жалғастырылған. Алқа алтындатылған күміспен және
ыстық эмальмен орындалған.Орденнің белгісі орденнің алқасы немесе иыққа
асатын лентаға ілінеді. Белгіні орденнің алқасына іліп тағуға ерекше
салтанатты жағдайларда жол беріледі. Орденнің белгісі иыққа ілетін лента
тағылғанда оң иық арқылы өтеді. Орденнің жұлдызы омыраудың сол жағына,
ордендердің сол жағына, орден тағаншаларынан төмен орналастырылады.
Орденнің лентасын планкаға тағып жүргенде — ол басқа орден ленталарынан
жоғары орналастырылады. Сондай-ақ формалы киімде — планкалар, азаматтық
киімде розеткалар тағып жүру ескерілген.
2. Қасиетті ұлы князь Дмитрий Донской ордені.
Орден Қасиетті Синод пен Қасиетті Патриарх Алек-сий ІІ белгілеуімен
тағайындалды. Қасиетті ұлы князь Дмитрий Донскойды Орыс Шіркеуі ақылды
билеуші, бейбітшілік орнатушы және орыс жерін құрап біріктіруші санайды.
1. Қасиетті ұлы князь Дмитрий Донской орденімен дін қызметкерлері, әс-
кер басылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Отан қорғауға қатысып
ерлік көрсеткендер, әскер мен Орыс Православиелік Шіркеуі арасында өзара
ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып, әскерилерге рухани-тәрбиелік көмек
көрсеткен тұлғалар марапатталады.
2. Орденнің үш деңгейі бар, марапаттау барысында орден белгісі және
грамота беріледі.
3. Орден кеуденің сол жағына тағылады және тағу барысында Орыс
Православиелік Шіркеуінің өзге ордендері болған жағдайда, бүкіл Русь пен
Мәскеу митрополиті қасиетті Макарий орденінен кейін орналасады.

3. Қасиетті ұлы князь Дмит-рий Донской ордені.

Сипаттамасы. Крестің ортасындағы ор-ден белгісі І дәрежелі
алтындатылған мыс-тан жасалған, тік бұрышты ұшына қарай кеңейтіліп
дөңгелектенген крест іспетті. Крест тармақтары ақ эмальмен боялған. Крестің
шетіндегі жалпақ дөңес сызыққа страза жүргізілген. Крестің ортасында дөң-
гелек медальонда князь киіміндегі қа сиетті ұлы князь Дмитрий Донскойдың
бейнесі көр сетілген. Князьдің жартылай бейнесі көк түске орнатылған.
Бейнені айналдыра төменгі жағы лентамен буылған бүдірлі алтындатылған
лавр бұтағымен қоршалған.Крест қызыл эмаль жағылған дөңгелек қалқанға
орнатылған. Қалқанның шетіндегі жалпақ сызық стразамен безендірілген.
Қалқанның диаметрі 45 мм. Алтындатылған мыс страза, суық эмаль, Ростов
финифті. Орденнің өлшемі: 53х53х7мм.
4. Игі сенімді Әулие князь Даниил Московский бірінші дәрежелі
ордені.

Орыс Православие Шіркеуінің жоғары наградасы.Тарихи әділеттілікті
қалпына келтіріп, Орыс Православие Шіркеуінің киелерін қайтарып беру
жөніндегі пайдалы қызметтері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.
Назарбаевқа орденді Алматы және Семей Архиепископы Алексий 1996 жылы 13
қарашада Алматыда табыс етті. Орденнің үш дәрежесі бар. Мәскеу мен бүкіл
Русьтің Әулие Патриархының шешімі бойынша бұл орденмен Шіркеуге сіңірген
айрықша еңбегі үшін діни адамдар да, зайырлы адамдар да
марапатталады.Орденді Әулие Синод 1988 жылы Русьті шоқындырудың мың
жылдығына байланысты тағайындады. Ол Александр Невскийдің баласы — әулие
Даниилға арналған. Мәскеу князьдары Рюриковичтер — осы Даниилдан тараған
үрім- бұтақтары. Ол революция барысында қиратылып, 1983—1988 жылдары қайта
жөнделген монастырьдың негізін қалады.Сипаттамасы. Орден ортасына қарай
жіңішкертілген және аздап ішке қарай иілген крест іспетті. Крестің
ортасындағы дөңгелектегі ақ эмальға әулиенің бейнесі жартылай бедерлі,
ұқыпты салынған. Дөңгелектегі бейне екі жағынан пальма бұтағымен қоршалған.
Пальма бұтақтарының төменгі жағы жалпақ лента-мен буылған: оған орденнің
дәрежесі көрсетілген.Кресті бойлай төрт тәж орнатылған, оның әрқайсысының
төрт бағалы тасы бар.Орден ортасында жалпақ қызыл түсті жолағы бар және
шетінде жіңішке ақ және жасыл түсті лентаға ілінеді. Түйреуіш арқылы
ілінеді.Барлық дәрежеде түс пен әулие бейнесінің пластикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медаль соғу өнері
Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы
Н.Ә.Назарбаевтың ішкі саяси тұрақтылықты және қазақстандық қоғамды нығайту бойынша бастамалары
Прагматонимдер
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Христиан діні
ІV Иван реформалары
Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
Пәндер