Психологиялық факторлар
Батыс Қазақстан медицина колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Тэйлордің радикалды триминология теориясы, сәйкессіз мінез-құлық түрлері
және оларды үйлестіру
Орындаған: Еділбай А.А.
Тексерген: Танкиманов А.А.
Орал, 2011ж.
Жоспар
І. Мінез құлық ерекшеліктері
ІІ. Сәйкессіз мінез құлық түрлеріне сипаттама және оны анықтау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Мінез-құлық ерекшеліктері
Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және
нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта,
дәрігерлік қызметтің нашарлығы, т.б. балалардың денсаулығына, мінез-
құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуге қатысты
қиын мәселелерді тудырып отыр.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы
қиын оқушылардың арасында жасау тенденциясы байқалады, олардың қатарын
енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.
Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде
құралып келген бірінші категория-қалыпты балалар категориясы, яғни
баланың дамуы өз жасына сәйкес және аномалды балалар –дене және
психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы
ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар
екенін дәлелдеді. Осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-
құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе қауіп-қатер
балалары деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында
көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік
жағдайлар салдарынан бұл балалардың мектеп жасына жеткен кезде мектепте
жақсы оқуы үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының
әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы
жағынан артта қалуы, қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене
алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Ғалымдардың
ой-пікірлеріне жүгінетін болсақ, девианттық мінез-құлықты балаларға ортаның
келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани
көзқарасының дұрысқалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-
құлық дағдысының жоқтығы айқын, әрі үнемі байқалып тұруы жатады. Мінез-
құлқы қиын балалар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы
бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын
көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта
әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына,
мінез-құлық бұзылуының амникалық және криминологиялық белгілерінің пайда
болуына әкеліп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан
Л.С.Выготский (1928) талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен
де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан
зерттеушілер қатары да біршама.
Бастауыш мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін
аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған
күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік
жағдайы түп-тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын оқу әрекеті
қалыптасады.
Баланың жеке қасиеттерінің, психологиясының дұрыс дамып кетуі үшін
педагогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы
жәнепринциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ,
нәтижелі жұмыс қажет.Мысалы, бұл тұрғыдан әл-Фарабидің айтқан пікірі бар.
Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жанында да өсіп-
өну қуаты пайда болады. Бұл оның өмірінде маңызды рөл атқарады. Ана
құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың
түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір
барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше
әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды.Адамның адамгершілік,
имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесіне, үлкендердің жақсы
өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті
болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Сәйкессіз мінез құлық түрлеріне сипаттама және оны анықтау жолдары
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған
француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру
үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен
аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның
мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының
арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Сәйкессіз мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да
қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге
әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік
саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Мінез құлықтың сәйкессіздігін – девиация деп атайды. Девиация бірнеше
типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Сәйкессіз мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін
мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір
әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Сәйкессіз мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң
бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс
береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар,
қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда
болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа
ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz