Бала санасы мен психикасының дамуындағы тәрбиенің орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Ми және психика
Пәні: Психология
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті
3б КДО топ студенті
Г.ГТ.Габдушева
Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Сарсенгалиева А.Б.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім

Сананың мән-мағынасы

1. Сананың пайда болуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Бала санасы мен психикасының дамуындағы тәрбиенің
орны ... ... ... ... ... ...6
3. Баланың санысының және психикасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... .9
4. Мектепке дейінгі балалардың мінез құлық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе

Баланың сансының қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін,
стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-
қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек
және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу
кезеңіне жетеді.
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен
жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар
дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан
ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан
да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты
механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі.
Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады.
Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық –
тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады.
Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары
дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік
етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан.
Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.
Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни
оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта
болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір
мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты
бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген.
Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін
дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде
мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды.
Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат
тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді.
Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір
тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып
қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің
ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті.
Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған
және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың
психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.

Негізгі бөлім

Сананың мән-мағынасы

1. Сананың пайда болуы және дамуы

Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы
қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну,
өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.
Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның
өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын
қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың
бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі
жағдайын өзгертуі.
Сана дегеніміз де — шағылу, бейнелену. Айналадағы дүниенің мида
шағылып көрінуі. Бірақ кез-келген шағылуды, бейнеленуді біз сана дей
алмаймыз. Егер шағылудың табиғаттағы барлық түрлерін күрделі мән алуына
қарай бірінен соң бірін тізбектеп қоятын болсақ, онда біз өзінше бір саты
жасаймыз оның төменгі баспалдағы өлі табиғатпен ұштасады да, ал ең жоғары
баспалдағы дүниенің адам санасында бейнеленуін көрсетеді.
Шындықты бейнелеудің айрықша сипаты бар ерекше түрі ретінде сана
қандайда бір аралық сатыларда пайда болады. Бұл сатыны іздегенде ғалымдар
болмыстың психикалық шағылу, бейнелену түріне айрықша назар аударады, ал
психика тек жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне ғана тән.
Ол адамға да тән нәрсе. Олай болса, психика бізді түйсікті
жануарлармен біріктіреді ғой. Алайда біз олардың психикасын сана дей
аламыз ба? Істің басты түйіні осы мәселеде, оның дұрыс шешімін айту үшін
біз санаға не жататынын анықтап алуымыз керек.
Алдымен мынаны дәл ұғынғанымыз жөн: психика ұғымының ауқымы сана
ұғымынан кеңірек. Психикаға енетіннің бәрі бірдей санаға ене бермейді.
Кейбір психикалық құбылыстардың санадан тысқары қалатыны мәлім.

Сонымен, біздің санамызға не енеді? Айталық, бұған алдымен ой (ойлау)
кіретіні өзінен-өзі түсінікті. Одан кейін санаға ырық — мақсат көздеу,
талап-тілек, сол сияқты сезім — әсер алу, ренжу, қайғыру енеді. Ақырында,
өзіңнің дүниедегі орныңды түсіну, өзіңнің және өзгенің іс-әрекетін бағалай
білу, яғни, кысқасын айтқанда, сезім сананың міндетті элементтері болып
табылады.

2. Бала санасы мен психикасының дамуындағы
тәрбиенің орны
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие
балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық
іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін
тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа
бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік
қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп
сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан
таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың
қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза
тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский
тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен
ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі
дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы
адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген
жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика
таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның
жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол —
баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті
белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды
атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара
қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды
атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің
(қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың
даму барысында таным белсенділігі артады.
Мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін
олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының
барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету -
мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық
ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге
жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық
тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін
қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға
болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б.
Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі
жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Мектеп
жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып,
барлығын тапсырмалармен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала психологиясы туралы
Мектеп алды даярлық топтағы балалардың даму тарихы
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде
Жеке тұлғаның дамуы
Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс
Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Тұлға - іс-әрекет субъектісі ретінде
Жеке тұлға тәрбиесі
Пәндер