Ежелгі Месопотамия мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Ежелгі Месопотамия мәдениеті

Тексерген:
Орындаған:

Орал - 2013 жыл
Жоспар

Кіріспе

1. Ежелгі месопотамия мәдениеті
2. Месопотамия — архивтер отаны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім
1. Ежелгі месопотамия мәдениеті

Месопотамия өркениеті (б.з.б. 3000 – 331) – әлемдегі ең көне
өркениеттердің бірі. Тигр мен Евфрат өз-нің аралығындағы (Қосөзен)
халықтардың мемлекет құру, мәдениет және әлеум. қатынастар жүйесінде қол
жеткізген, өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен ықпалдастық
барысында пісіп жетілген рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы. Оңт.
Қосөзен бойын алғаш шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ
Қосөзеннің оңт. жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең
ежелгі мәдени орт-тарының бірін негіздеді. Шумерліктер мен аккадтықтардың
жерлері Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жатқан. Мұның бәрі Қосөзеннің
басқа қалаларына қарағанда Вавилонға біршама артықшылықтар беріп,
ерекшелендіріп тұрды. Хаммурапи (б.з.б. 1792 – 1750) тұсында бүкіл шумер-
аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ол елде бірыңғай тәртіп
пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырып, оны қара тас
бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 ж. тауып, зерттеген. Елдегі
тәртіп пен тыныштық заң бойынша қадағаланды, адамдардың міндеттері
белгіленді. Заңның іске асып отыруын патшаның өзі тікелей бақылауына алды.
Аймақ, қала әкімдерінен заңның дұрыс орындалуын талап етіп отырды. Б.з.б.
604 – 562 ж. билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде Вавилон ең әсем
қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Атақты “Аспалы бақ”, Иштар құдайдың
құрметіне арналған алып қақпа, Мардук құдайдың ғибадатханасы осы кезеңдерде
дүниеге келді. ұибадатхананың мұнарасына байланысты “Вавилон аласапыраны”
деген аңыз (миф) тараған. Аспалы бақ ежелгі дүниедегі әлемнің жеті
кереметінің бірі. Вавилондықтар ақыл-ойының тамаша жетістігі болып саналған
бұл бақ қаланың сәулеті мен даңқын асқақтата түсті. Адамзаттың ең ежелгі
мәдени орталықтарының бірі де осы – Қосөзен аралығы. Көптеген елдердегі
сияқты Қосөзенде алғашқы әдеби жанрдағы шығармалар діни сипатта дүниеге
келді. Солардың бірі әйгілі “Гильгамеш туралы дастан”. Дастан бейнелі де
көркем сөздермен жырланған. Сол себепті, ол бүгінгі таңға дейін әлем
әдебиетінің тамаша туындыларының бірі ретінде оқылып келеді. Дүниедегі ең
ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтірген шумерліктер.
Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық
салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты.
Бұл жазу жүйесі сына жазуы деп аталды. Сына жазу мен аккад тілі бүкіл Таяу
Шығыста халықар. қарым-қатынас құралы дәрежесіне жеткен. Археологтар сына
жазу жүйесін зерттей отырып, ежелгі әдеби шығармаларды, заңдарды,
жылнамаларды оқыды. Шумерліктер жазуын кейіннен бүкіл қосөзендіктер
үйреніп, Урарту, Сирия, Финикия елдерінде осы шумерліктер негіздеген жазуды
пайдаланды. Оларды кейіннен гректер де үйренді. Шумерлік жазу әр түрлі
өзгерістерге түсе отырып, бүгінге дейін жеткен. Жазушы О.Сүлейменов “Аз и
Я” атты еңбегінде шумер жазуына кеңінен тоқталған. Вавилондық астрономдар
египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды
және қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеуде үлкен табысқа ие болды;
олар Күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп
шығарды. Олардың барлық ғыл. білімдері мен ізденістері бақсылық,
балгерлікпен байланысты болды. Оқымысты абыздар математикамен де айналысты.
60 санын олар киелі деп есептеді. Олардың ізімен біз күні бүгінге дейін
сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлеміз. Ашшурбанипал кітапханасы
мен Ашшурбанипал сарайынан табылған “Өліп бара жатқан ұрғашы арыстан” –
дүниежүз. маңызы бар өнер туындысы. Кітапхананы Ассирияның білімді
патшаларының бірі – Ашшурбанипал жасатқан. Ол Вавилонның, басқа да ежелгі
шығыс елдерінің кітаптарын жинатқызды. Олардың ішінде әдеби шығармалармен
бірге жұлдызнамалық, мед. кітаптар болған. Ассириялық ақындардың өлеңдері
мен жырлары, патшалардың жылнамалары күні бүгінге дейін сақталған. Бай да
салтанатты сарайлар патшаны дәріптеу мен ассириялықтардың әскери күшін
көрсету үшін салынды. Б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда Қосөзен аралығы Ахемен әулетіне
қарады. Мемлекетті шаһиншаһтар басқарып, М. ө. онан әрі дамыды. Б.з.б. 330
ж. А.Македонский шапқыншылығы салдарынан М. ө. жетекші рөлінен айрылып,
грек-македон өркениетінің ықпалына түсе бастады. Дегенмен адамзат
тарихындағы алғаш жетілген әлеум. қоғамдар мен мемлекеттер Қосөзен бойында
қалыптасып, жалпыадамзаттық өркениеттің тамаша ошағына айналды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің
бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі
ескі қалалардың орны ашылып, әлемге Шумер өркениеті деген жаңа мәдениет
белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени
мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына
айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының
фәлсафалық мәйегі, ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің
мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте
жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып,
бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер,
Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих
сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-
саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тарихы
Шет елдік Азия археологиясы
Ежелгі Ассирияда мемлекеттердің қалыптасуы мен отаршылдық саясаты және мәдениеті
Алдыңғы Азия тарихы
Ежелгі христиан мәдениеті
Ежелгі Месопотамия және Иран мәдениеті
Ежелгі вавилон патшалығының өрлеуі. Хаммурапи заңдары бойынша Ежелгі Вавилонның экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Ирак
Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі. Экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы
Пәндер