Рождество мерекесі


Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
«Тарих» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Халықтың дәстүрлі күнтізбелік мейрамдары»
Орындаған: Забесова А. Қ.
Тексерген: Ерназаров Ж. Т.
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Жаңа Жылдың тарихы (1, 2 қаңтар)
2. Рождество мерекесі (7 қаңтар)
3. Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
4. Наурыз мейрамы (22 наурыз)
5. Ынтымақ күні мерекесі (1 мамыр)
6. Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
7. Жеңіс күні (9 мамыр)
8. Конституция (30 тамыз)
9. Тұңғыш Президент күні (1 желтоқсан)
10. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
11. Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні (17 желтоқсан)
Қорытынды
Кіріспе
Ұлттық мереке - Республика күні - 25 қазан, мереке күндерi: Жаңа жыл - 1-2 қаңтар, Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз, Наурыз мейрамы - 22 наурыз, Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi - 1 мамыр, Жеңiс күнi - 9 мамыр, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi - 30 тамыз, Тәуелсiздiк күнi - 16 желтоқсан.
Кәсiби мерекелер мен атаулы күндер. Отан қорғаушылар күнi - 7 мамыр, Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi - 31 мамыр, Баспасөз күнi - 28 маусым, Спорт күнi - 13 тамыз, Бiлiм күнi - 1 қыркүйек, Қазақстан Республикасы халықтарының тiлдерi күнi - 22 қыркүйек, Ұлттық валюта - теңге күнi - 15 қараша.
Атаулы және мерейтой күндері Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес белгiленген.
Қоғамда сол сияқты бейресми мерекелер де аталып жүр (дiни, аймақтық, ұлттық мәдени және т. б. ) .
Олардың iшiнен өзiнiң ауқымдылығы да, мазмұны да бойынша неғұрлым елеулiлерi ұлттық мерекелер мен мерекелiк күндер болып табылады. Алайда, практика көрсетiп отырғандай, олардың басым көпшiлiгi нақты мазмұнға ие болмай, қоғамдық санада өзiнiң тиiстi орнын алмаған. Әсiресе, бұл республиканың егемендi даму жылдары пайда болған мерекелерге тән. Адамдар кейде олардың нақты күнiн де, немен байланысты екенiн де және бiр-бiрiнен қандай айырмашылығы бар екенiн де бiлмейдi. Халық мерекелердi тек қосымша демалыс күнiмен ғана байланыстырады. Мұның үстiне, олардың атүстiлiгi мен даңғазалығы қоғамда орынды наразылық тудырады, ал оның бiр ұшығы билiк институттарына және тұтастай алғанда мемлекетке келiп тиедi. Ерекшелiк ретiнде Жаңа жыл мен Халықаралық әйелдер күнiн ғана атауға болады, мұның өзi олардың бейсаясаттылығымен, бүкiл халықтың жаппай қатысуымен, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын тұрақты дәстүрлермен байланысты екенi белгiлi.
Қалыптасқан ахуалдың себебi мерекелердiң идеологиялық мазмұны мен өткiзу нысанының көбiне бүгiнгi күннiң болмысына сай келмейтiндiгiнде. Айқын идеологияның жоқтығы мерекелердi ұйымдастырудың қазiргi заманғы нысандарының жетiспеушiлiгiне және олардың ақпараттық-идеологиялық қамтылуының әлсiздiгiне әкеп соғады. Сонымен бiрге қоғам өзiнiң азаматтық тұтастығын, жалпыұлттық бiрлiк пен ынтымақтастық сезiмiн нығайтуға өте мұқтаж.
Мерекелер халықтың рухани-мәдени топтасуын, өскелең ұрпақтың қоғамдануын, рухани және адамгершiлiк-имандылық құндылықтарды өрiстету мен ұластыруды қамтамасыз ететiн ұлттың идеялық топтасуының қуатты факторы екенін, қазiргi болмысты және мемлекеттiң стратегиялық даму басымдықтарын ескере отырып, жалпымемлекеттiк мерекелерге дайындық пен оларды өткiзудiң күллi жүйесiн тұжырымдамалық деңгейде қайта қараған жөн.
- Жаңа Жылдың тарихы (1, 2 қаңтар)
Жаңа жыл . . . Осы бір жеті әріптен құралған шағын ғана сөзде қаншама қуаныш пен шаттық жатыр десеңізші? Аталған мереке баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, өзімізді тап бір ертегі қаһармандарындай сезінуімізге мүмкіндік береді. Ал сыйлықтар туралы айтпаса да түсінікті шығар . . . Көз алдымызға бала шақтың балдай тәтті елестері келіп, Аяз Ата мен Ақшақарға шын жүректен сеніп, тілек тілегіміз, тіпті хат жазғымыз да келеді. Кейбіріңіз бұл сөзіммен келіспеулеріңіз мүмкін, алайда, мұның бәрі де әрбіріңізге таныс, жүректер түбінде жатқан сезімдер екендігіне күмәнім жоқ. Бәріне де кінәлі - Жаңа Жыл.
Көзіңізді ашқалы жоғарыдағы сезімдермен дос болып, жыл сайын отбасыңызбен түнгі он екіні қарсы алып, мерекені тойлап келесіз. Ал сіз бір сәт болсын «Бұл қандай мереке?», «Неге мереке дәл осы күні тойланады?», «Мереке қашан және қалай пайда болды?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдіңіз бе? Іздедіңіз, бірақ таппадыңыз ба? Ендеше мереке қарсаңында сұрақтарыңызға жауапты біз беретін боламыз.
Жаңа жыл мерекесінің тарихы осыдан 25 ғасыр уақыт бұрын басталған екен. Бәрін басынан бастағанымыз жөн болар.
Есте жоқ ерте заманда адамзат баласы жаңа жылдың басталу уақытын табиғаттың жаңарып, жандана бастайтын көктем мезгілімен байланыстырған. Табиғат-Ана жасыл көрпесін жамылып, тіршілік атаулыға жан бітіп, қысқы ұйқыдан ояна бастағанда күллі жұрт жаңа жыл басталды деп, мәз-мейрам болып, мерекелейтін болған деседі.
Бұл дәстүрдің қаймағының бұзылуына себепкер болған Юлий патша. Б. з. б. 46 жылы римдік Юлий Цезарь жаңа күнтізбе жасап шығарады. Біз оны қазір "Юлиан күнтізбесі" деп атап жүрміз. Күнтізбе 1 қаңтардан басталатын болғандықтан, жаңа жылды қарсы алу дәстүрі дәл осы күнге ауыстырылады.
1700 жылы орыс патшасы Петр І көктем мезгілінде тойланып келе жатқан Жаңа жыл мерекесі еуропалық салт бойынша 1 қаңтарда атап өтілсін деген бұйрық шығарады. Ол бүкіл халыққа үйлерін қарағай, шырша жапырақтарымен безендіруге ұсыныс жасайды. 1700 жылы сағат 12-де патша Қызыл алаңға қолына факел ұстап шығып, аспанға алғашқы отты шашады да, мереке басталып кетеді. Яғни атағы жер жарған Петр І патша соғысу өнерін жақсы меңгеріп қана қоймай, жақсы да көңіл көтере білгені ғой . . .
- Рождество мерекесі (7 қаңтар)
Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Әсем безендірілген шырша әр үйдің төрінде орын алса, сыйлықтар мен халықтық серуендер, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен карнавалдар мереке сәні. Рождество мейрамын барлық христиандар атап өтеді, католиктер оны 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.
Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Назареттен келген Иисустың алдына бүкіл әлемді өзгерту міндеті тұрды. Барлық адамзат баласын құтқарушысының қай жерде, қашан өмірге келетіндігі алдын ала белгілі болды. Ол дүниеге келер түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәрестелер Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ періштелердің қолдауымен Иисус жарық дүние есігін ашты. Болашақ құтқарушы туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.
Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Сиқырға толы бұл түні барша христиандықтар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды.
Қаламыздың көрнекі жерінен бой көтерген Әулие Николь соборы да ашылғалы бері Рождествоны атап өтіп жүр. Біз собордың старостасы Андрей Козлитинмен хабарласқан едік. Ол:
- Рождество қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні тойланады. Осы түнде құдайға құлшылық ету сағат кешкі 22. 00-де басталады, бұл түнгі сағат 3. 00-ге дейін созылады деп күтіледі. Жылдағы дәстүр бойынша облыс пен қала басшылары келіп, қала тұрғындарын құттықтайды деп күтеміз. Сондай-ақ қалада біздің собордан басқа, екі храм бар. Олар да Рождествоны атап өтпек. Рождество түнінде шамдар жарқыратып жағылады, шырша безендіріліп, колядки, яғни рождестволық халық әндері айтылады, - деді.
Қазір елімізде 7 қаңтар - мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған Рождество мерекесі. Бұл күні Қазақстан халқы демалады. Біз секілді бір күн демалатын елдер мыналар: Армения - 6 қаңтар, Грузия - 7 қаңтар, Қырғызстан - 7 қаңтар, Португалия - 25 желтоқсан, Ресей - 7 қаңтар, Сербия - 7 қаңтар, АҚШ - 25 желтоқсан, Украина - 7 қаңтар.
Белоруссия 25 желтоқсан мен 7 қаңтар күні екі күн демалады. Сол секілді Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Финляндия, Хорватия, Швеция елдері 25-26 желтоқсан күндері екі күн демалады. Тіпті, үш күн демалыс жариялайтын елдер де баршылық.
3. Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көк-темнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Бірақ көпшілік бұл мейрамның қашан және қайдан келгенін біле бермейді.
Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркта тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне өте аз жалақы алатын еді. Сөйтіп, 1857 жылы 8 наурыз күнінен бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де кіре бастады. Бұл күні бірнеше қалаларда да әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге шығады. 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды. Бұл әлемнің төрт бұрышындағы әйелдерге өз құқықтары үшін күресу үндеуі еді. Сонымен қатар әйелдерді кедейшілікке қар-сы, еңбекті бағалау, ар-ожданды қадірлеу, бейбітшілік үшін күресуге шақырады. Бұл мейрам 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия, Швейцария елдерінде аталып өтті. Ресейде бұл мейрамның бастауы 1913 жылы Петербургте қала басшы-лығына «әйелдер мәселесі» атты өтініштен басталады. Биліктегілер бұл өтінішті қабылдап, Полтава көшесінде орналасқан Калашникова нан биржасында 1, 5 мың адам жиналған жиналыста әйелдердің сайлау құқығы, аналық құқықты мемлекет тарапынан қорғау сияқты мәселелерді көтерді. Кеңес Үкіметі кезінде 8 наурыз мемлекеттік мейрам дәрежесіне көтеріледі. Уақыт өте бұл мейрам саяси көрінісін жоғалта бастайды. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін де 8 наурыз мейрамы ТМД елдері арасында әлі де тойланып келеді. Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Белоруссия елдерінде әйелдер күні ретінде аталып өтсе, Армения мен Өзбекстанда аналар күні болып саналады.
- Наурыз мейрамы (22 наурыз)
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап) . Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.
5. Ынтымақ күні мерекесі (1 мамыр)
1886 жыл, 1 мамыр. Американың Чикаго қаласында сегіз сағаттық жұмыс күнін талап еткен жұмысшылар ереуілге шықты. Содан бері бұл күні еңбекшілердің ынтымақ мерекесі. Қазіргі таңда бұл мейрам әлемнің 142 мемлекетінде 1 мамыр күні немесе мамырдың бірінші дүйсенбісінде тойланады.
Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, АҚШ сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, бүгінге дейін 1 мамыр мерекесі әртүрлі мазмұнда атап өтіледі.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
- Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)
Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.
Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.
Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н. Ә. Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі.
- Жеңіс күні (9 мамыр)
Жеңіс күні - Қазақстанда мамырдың 9 Жеңіс күні мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941-1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1, 5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды . . .
- Конституция (30 тамыз)
«Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.
Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz