Мемлекеттік елтаңба
Жоспар
Кіріспе
1. Мемлекеттік елтаңба
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң
4. Қазақстанның Елтаңбасының жаңа стандарты жасалды
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған
мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. Герб (елтаңба) термині неміс
сөзінен аударғанда Мұра немесе енші мағынасын береді және мемлекетті
айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген
ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын Тамға атанған
тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік
қағанаты кезінде қолданыла бастаған.
Махмұд Қашқаридың атақты Түрік тілінің сөздігі еңбегінде бұл термин
әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі.
ХІІІ-ХІV ғ. Орта Азия данышпаны Рашид ад Динның атақты қолжазбаларында
түрік елдерінің басшысы Огузханның Ираннан Алтайға дейінгі жерлерді
ұлдарына бөліп бергендігі туралы жазылған. Және ол хандық тамғаны дербес
билік нышаны ретінде тапсырған.
Рулар мен тайпалар тамғаларын қазақтар да қолданған, сонымен қатар
үлкен Еуразия құрлығында тұратын түркітілді этностар да қолданылады.
Тақырыптың мақсат-міндеттері: Елтаңбаның шығу тарихы мен жасалу жолына
тоқталу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру мен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңын талдау.
Құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен қосымшалардан тұрады.
1. Мемлекеттік елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс
аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны
аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында
"Қазақстан" деген жазу бар.
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, этетикалық әсері жөнінен елтаңба
мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге
көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса,
елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты
сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пішімғе (формаға) қатысты
ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды
нышаны. Герб (елтаңба) термині неміс сөзінен аударғанда Мұра немесе
енші мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады.
Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін
ерекше айрықшаландыратын Тамға атанған тотем белгісінің болғандығын тарих
та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.

Әртүрлі геометриялық пішіндерден тұратын тамғалар елтаңба, мөр, таңба
ретінде қолданылған. Олардың кескіндемесінде суреттер, ежелгі жазу мен
бейнелеу ескертікштері жиі кездесіп отырады. Тамға тайпаның, рудың,
отбасының және тағы басқа да меншіктікті білдіретін белгінің қызметін
атқарған. Онымен жануарларды да таңбалаған. Бұл дәстүр ауылдық жерлерде
тұратын қазақтарда әлі күнге дейін сақталған.
1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформа нәтижесінде
Қазақстанда қалалар мен облыстырдың елтаңбалары пайда болды. Ресей
ипмпериясының құрамына кіретін еліміздегі барлық облыстар мен қалаларда
біртұтас елтаңба үлгісін қолданды. Ресей империясы заңдарының толық
жинағында Қазақстанның бірқатар облыстары мен қалаларының (16 уездік және
округтік қалаларының) елтаңбаларының үлгісі келтіріледі. Қазақстанда ең
бірінші болып 1842 жылы 7 қыркүйекте Петропавловск қаласының елтаңбасы
арнайы бекітілді.
Кеңес үкіметі кезінде елтаңбаларды бір жүйеге түсірушілік болды. Қазақ
КСРО-сінің жалпы елтаңбасының кескіндемесінде қызыл түсті сәуледе орақ пен
балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тілдерінде Барлық елдердің
пролетариаттары бірігіңдер! делінген жазудан тұрды. Елтаңбаның жоғарғы
бөлігінде бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында - КССР және ҚССР жазуы
болған.
Егеменді, дербес Қазақстанның елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Оның
авторлары атақты сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов
болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді және
көгілдір түсте күн сәулесі шашырап тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті
бейнеленген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі). Шаңырақтың оң және сол жағында
мифтік қанатты пырақ бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде үлкен бес бұрышты
жұлдыз бейнеленген, ал төменгі жағында алтын түспен жазылған Қазақстан
сөзі бар.
Көркемдік тұрғысы жан-жақты көзқарастың дәлме-дәл бірегей үндестігін
тапқан. Шаңырақ - киіз үйдің негізгі бөлігі болып табылады, тіршіліктің
бастау алар көзі, адамзат өмірінің маңызды бөлігі.
Шаңырақ сөзі чакра сөзінен шыққан, санскритте дөңгелек мағынасын
береді. Ал философиялық мағынасы - Күн дөңгелегі. Сол үшін шаңырақтың күн
көзін бейнелеуімен қатар шаңырақтан түскен күн сәулесімен дала уақытын
біліп отыруы да кездейсоқтық емес.
Тотемдік маңызы бар нышан ретінде шаңырақты ежелгі бабаларымыз
құрметтеген. Республикамыздың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі -
Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан біздің ортақ
үйіміз деген мағынаны береді. Оның бақыты шаңырақтың мықтылығы уықтардан
тұратыны сияқты әр адамнан тұрады. Мемлекеттің болашағы бірлік пен
татулықтан тұрады.
Мифтік қанатты тұлпарлардың бейнесі - Мемлекеттік елтаңбадағы тұлпар
маңызды геральдикалық бөлшегі болып табылады және белгілі бір идеялардың
ролін орындайды. Тұлпардың бейнесі ежелгі дәуірден бері күштілік пен
қайсарлықтың ұғымын берген. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты
әрі жан-жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесі ретінде берілген.
Әлемдік өркениетке жетуді, жарқын болашаққа талпынушылық пен арман-
мақсатты, сондай-ақ даму мен үлкен мақсаттарға жетудің мәнін береді. Сол
үшін Мемлекеттік елтаңбадағы қанаттардың символикалық маңызын
мемлекеттілікті дамытудың жоғары деңгейлік ойлары мен қарапайым азаматтық
талпыныс деп түсіну қажет.
Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы да бір бөлігі бар, ол - бес
бұрышты жұлдыз. Жұлдыз - өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну
мен мәңгіліктің, биліктің нышаны ретінде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдің
ғана мемлекеттік геральдикасына тән нышан болып табылмайды, оны Ресейдің
революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгізді және ол Ресейдің
мемлекеттік елтаңбасында бірден пайда болған жоқ. Бұл бейнені аударылған
және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат
әлемдегі - Таң жұлдызын бейнелейді. Мемлекеттік елтаңбадағы жұлдыз
бейнесі барлық қазақстандықтардың қазіргі жаңа жоғары өркениеттілік және
дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бірігудің ардақты арманын, сонымен
бірге барлық ғаламшардағы құрлықтардың барша халқына ашық екендігін
бейнелейді.
Мемлекет атауының өзі де оның лингвистикалық, этномәдени, символикалық
белгісі болып табылады. Ол өзінің саяси мағынасы және елдің конституциясы
екенін анықтайды. Біздің елдің атауы - Қазақстан - мемлекеттің атауы
сияқты, ХV-ХVІ ғасырлардан бастау алған қазақ ұлтымен байланысты тарихи
түпнұсқалардан жиі кездеседі.
Мемлекеттік елтаңба бейнесіндегі қолданылған басты түс - алтын түсті
болып табылады, ол байлықтың, әділеттіліктің және қайырымдылықтың символы
екенін көрсетеді.
Мемлекеттік елтаңбада, сонымен қатар, байрақтың түсі - аспан түстес
көгілдір болып келеді, ол алтын түспен сәтті үйлескен.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары Жандарбек
Мәлібекұлы Мәлібеков және Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.
Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков - Өзбекстанның еңбек сіңірген
сәулетшісі. 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
Екпінді ауылында туған. Ташкент политехникалық инстутының сәулет
факультетін бітірген. Жобалардың Бас сәулетшісі, Өзбек өнеркәсіптік ғылыми-
зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі.
Әндіжан қаласындағы әуевокзалдың, Ферғана қаласындағы облыстық
поштаның, Самарқанд қаласындағы драма театр мен орталық кітапхана, Анғара,
Ферғана және Самарқанд қалалары шағын аудандарындағы тұрғын үй
құрылыстарының жобаларына қатысқан.
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
елтаңбасының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері. 1932 жылы 26 сәуірде
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында туған. Қазақ
қала құрылысын жобалау институтында қызмет етті, Алматы қаласы бас
сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау республикалық қоғамының
төрағасы. Алматы қаласындағы Т. Бокин, Ә. Жангелдин, Ш. Уәлиханов
ескерткіштерінің - басты салушыларының бірі, Динамо стадионын жобалау
бойынша шығармашылық топқа қатысушы. Алматы қаласындағы Тәуелсіздік
монументі авторлар шығармашылық тобының жетекшісі.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің,
Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің,
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери
құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы
органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда
өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі
мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы
Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік
хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау
комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі
уәкілінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың,
олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті
өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің
бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті
палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары
өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залдарында, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі
залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан

мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын
залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау
залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы
орналастырылады.
2. Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде,
бөлімшелерінде, мекемелерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру тәртібі жалпы
әскери жарғылармен анықталады.
3. Ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өзінің көлеміне
қарамастан, мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қоғамдық
бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі
ретінде пайдалануға болмайды.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (диаметрі 500
миллиметр) кабинеттерде лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы
қабырғаға, осы Ереженің 15-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген
залдарда төрағалық етуші отыратын орынның арт жағында орналастырылады. ҚР
Үкіметінің 2009.27.01 № 63 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред .қара)
21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және көп қабатты
ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру негізінде сәулеттік
ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер қолданылады:
1) бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 миллиметр)
ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс
маңдайшада орналастырылады;
2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе
фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс
маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;
3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан

фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада
(диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;
4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттік
Елтаңба соңғы қабаттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz