Балалардың сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдау ерекшелігі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды қарапайым математиканы оқытудағы ерекшеліктер»
Орындаған:
Жетекші:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Балаларда алғашқы математикалық ұғымды қалыптастыру және математикалық білімдерін дамыту
2. Ортаңғы топ балаларының жиындарды және сандарды салыстыру әдістері
3. Математикалық түсініктерді қалыптастыру және санай білуге
үйретудің әдіс-тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан - жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім - тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік кешендер жазылды, демек, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, балаларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім - тәрбие беретін, балалардың ой - өрісін, қабілетін жан - жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Ерте жастан бастап балада бірыңғай заттардан тұратын жиынтық туралы түсініктер жинала бастайды: «Көп қуыршақ», «Үш кубик», «Қолда бес саусақ бар». Бұл алғашқы түсініктер алдымен баланың пассив сөзінде бейнелене отырып, жинақтала бастайды. Нәрселер мен құбылыстар жиынның әр түрлілігін бала әр қилы - есту, көру, кинестетикалық және басқа анализаторлармен қабылдайды.
1. Балаларда алғашқы математикалық ұғымды қалыптастыру және математикалық білімдерін дамыту
Жиын ұғымына математикада мынадай анықтама беріледі: «Жиын - бұл біртұтас алып қарастырылатын объектілердің жиынтығы». Жиындар шектеулі де, шектеусіз түрде де қарастырылады.
Балалардың сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдау ерекшелігі. Арифметиканы оқыту әдістемесінде санның қалыптасуындағы сандық фигуралардың рөлі туралы мәселе баяғыда пайда болды.
Сандық фигураларды қорғаушылар әдетте балалардың жиынды симультандық жолмен қабылдауын жақтаушылар болды. Олар, егер дөңгелектер қатарластыра емес, қандай да бір формаға келтіріліп қойылса, топты бүтіндей қабылдау оңай болады деп дәлелдеді.
Кішкене балада қатарласа немесе сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдау ерекшеліктері қандай және олардың айырмашылықтары неде?
Бұл мәселені зерттеу сандық фигурадағы кеңістіктік тұйық жиын жиынның сызық бойымен орналасқанына қарағанда құрылымдық - бүтін бірлік түрінде қабылдауға шынында да үлкен жағдай жасайтынын көрсетіп берді. Тіпті өте кішкене балалардың өзі карточкада үш, төрт, бес түйменің суреті салынып, сандық фигура түрінде орналасқанын көре отырып, әдетте бір қолымен қораптан бір уыс түймені алып, оны карточканың үстіне төгеді. Үлкенірек балалар түймелерді олардың бейнелерінің үстіне қойып шығуға тырысады, алайда көп жағдайда сол санды толық қойып шыға алмайды, олар жеке суреттердің аралығын да толтырады. Баланың қолы мен көзінің қозғалысы бір түзудің бойына орналасқан жиынды қабылдау кезіндегі өзгеше болатынын атап өту керек. Әдетте, балалар осы жағдайда, түймелерді суреттердің үстіне қоя отырып, бір қолымен әрекет етеді. Егер бала түймелерді оң қолымен қоятын болса, ол әдетте оң жақтағы төменгі суреттен бастайды және оның қозғалысының бағыты дөңгелек сағат тіліне қарсы жүреді. Егер түймелерді қойып шығу сол қолмен жүргізілсе, ол да әдетте сол жақ төмен түймеден басталады және қозғалыс бағыты сағат тілі бойынша жүреді.
Қозғалыстың бұл ерекшеліктері сандық фигура түрінде бейнеленген жиынды шын мәнінде балалар тұтас тұйық бүтін түрінде қабылдайды деп есептеуге мүмкіндік береді. Алайда жиынның бір сызық бойына орналасуы кезінде және сандық фигура түрінде элементтер санының еске түсуін салыстырмалы салғастыру бір сызық бойына орналасудың артықшылықтарын дәлелдейді. Балалар неғұрлым аз болған сайын, санды қабылдау үшін жиынның бір сызық бойына орналасуы соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Түймені суреттің үстіне қойып шығу тәсілін пайдалана отырып, балалар 1 жыл 6 ай - 2 жас арасында бір түзудің бойына орналасқан жиынды дәлірек қабылдайды, яғни, 75%, ал сандық фигура түрінде орналасқан кезде 50% қабылдайды. Үш жасқа қарай бұл көрсеткіштер теңеледі, себебі балалар беттестіру әдісін меңгеріп алады.
Сонымен, элементтердің квадрат немесе үшбұрыш түрінде орналасуы тұтас кеңістіктік тұйық бүтін ретінде жиынды симультандық жолмен қабылдауға жағдай жасайды, алайда бұл орналасудың аса күрделі формасы, жеке элементтерді бөліп көрсетуге қиындық келтіреді. Есептеу операциясын оқыту үшін ең маңыздысы жиынның барлық элементтерін айқын көрсету болып табылады.
Осыдан мынадай педагогикалық қорытынды шығады: есептеу операциясын оқытудың алғашқы сатыларында жиын элементтерінің аралығында өзара - бірмәнді сәйкестік орнату жолымен қандай да бір нәрселердің жиынтығын бір түзудің бойына орналастырған дұрыс.
Сандық фигура түрінде орналасқан жиынды қабылдаудағы элементтер түсінің рөлі. Бала өз дамуының ерте кезеңінде элементтердің түсі қандай екенін байқамайды: ол кез келген түстегі түймелерді алады да оларды ортадан екі жаққа қарай қоя бастайды. Ал жиынды қашан оның шекарасынан бастап қабылдайтын болғанда, элементтер құрамының біркелкі болуын талап ете бастайды. Бұл сондай - ақ, оның қабылдау сипатында болып жатқан өзгерістерді дәлелдейді. Бала байқамай басқа түсті түймені қолына ұстап қалған жағдайда, ол бүтін ретінде жиынға қарап, өз қатесін түзетеді. Ол өзінің қалауымен, жиынындағының бәрі бірдей түсте болуы үшін, кейбір түймелерді ауыстырады. Жиынның біртектілігіне қойылатын бұл талап элементтердің кез келген орналасуында байқалады, оның үстіне балалар жиын элементтерінің түсін біртекті етуге талпынуы сызықты орналастырғанға қарағанда, элементтерінің саны нашар дифференциалданса да, сандық фигура түрінде орналастырғанда ертерек байқалады.
Бірыңғай сапалы элементтерден тұратын жиынды жасау бағыты жастың өсуімен бірге өсіп отырады және ол орналасу формасына тәуелді болмай қалады. Мысалы, бес жастағы және одан да ересек балалар үшін жиын әрқашан шектелген және элементтері сапасы жағынан әрқашан бірдей болады. Сондықтан жиын бір түзудің бойына орналасқан жағдайда, бірінші үш элемент қызыл түс, келесі үш элемент көк түс болса, балалар мұны әр түрлі жиын ретінде қабылдайды. Белгілі бір даму кезеңінде шектелген жиынның біртектілік белгісі, яғни элементтер сапасының белгісі ең алдымен түс болып табылады. Алайда жиын элементтерінің біртектілігі әр түрлі сапалық белгілерімен ғана (түс, мөлшер, форма) емес, түрлік, тектік белгілерімен де білінуі мүмкін.
2. Ортаңғы топ балаларының жиындарды және сандарды
салыстыру әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың жиынды қабылдауына кеңістік факторлардың әсері. Мысалы, шешесі үлкен баласына үш кәмпит, ал кішісіне тек екеу - ақ берді. Бөбек ағасының кәмпитіне жіті қарап, оған қол созып, өзінің наразылығын білдіреді. Ол ағасындағы кәмпиттің көп екендігін қалай білді, ол жиынды салыстырғанда нені басшылыққа алды? Үш кәмпит екі кәмпитке қарағанда көп жерді алып тұрады, егер олар бірдей шамада болса, бұл бір белгі. Бөбек кәмпитті әрбір элемент бойынша салыстырып, лның бір кәмпиті жетпейтінін табуы да мүмкін - бұл салыстырудың басқа тәсілі. Алайда екі кәмпитті үлкен кеңістікке, ал үшеуін кішкене кеңістікке орналастырып көріңіз, бала енді өз позициясынан шатасады, өз талабы дұрыс емес деп ойлауға бейім тұрады.
Н. А. Менчинская, А. М. Леушина және басқалар жүргізген зерттеулер жиындары қабылдауда әр түрлі сапалық - кеңістіктік факторлар әсер ететініне көз жеткізеді.
Жиын элементтерін анық талдай білу дер кезінде дамымаған кезде балаларда жиын «шамасын» бағалау дағдысы оның элементтерін құрайтын саны бойынша емес, әр түрлі кеңістіктік - сапалық белгілері бойынша, мысалы, оның элементтерін құрайтын өлшем бойынша жасалады. Бұл тенденция кейбір балаларда тіпті төменгі сынып жасында сақталады. Алайда жастың өсуіне қарай жиын шамасын кеңістік - сапалық белгісіне қарай анықтауға талпыну азая береді, бірақ ол едәуір ұзаққа созылады, өйткені сандық жағы, егер оған көңіл бөлмеген жағдайда, әлі біразға дейін нашар дифференциаланған күйде қалады.
Осыдан мынадай қорытынды шығады: құрылымдық - бүтін бірлік түріндегі жиынды ғана қабылдаумен шектеліп қалмай, балаларда жиын элементтерін дифференциялай білуді өз кезінде дамытудың маңызы зор және санға дейінгі кезеңде - ақ балаларға жиын элементтерінің арасына практикалық жолмен сәйкестік орнату арқылы ондағы сандарды салыстыра білуді үйрету керек.
Жиындарды элементтері бойынша салыстыруға және жиынның барлық элементтерін көре білуге үйрету әдістері туралы. Бір сызық бойында орналасқан жиынды қабылдау кезінде балалар түймелерді оның ақырғы элементтерінің арасындағы кеңістікті толтыра отырып қойып шығатыны жоғарыда көрсетілді. Балаларды карточкада бейнеленген жиынды дұрыс қабылдауға үйрету үшін, олар жиынтықтың әрбір элементін көріп әрі беттестіру әдісін пайдалана отырып, берілген жиынды қабылдауы қажет. Зерттеулер мен көптеген тәжірибелер тіпті екі - үш жастағы балаларға бір жиынтықтың нәрселерін екінші бір жиынтық нәрселерінің суреттеріне беттестіру әдісін үйретуге болатынын көз жеткізе көрсетіп берді.
Балаларға үш - бес түйменің суреті ұатарластыра салынған карточка ұсынылып, қозғалу жолы солдан оңға қарай оң қолмен көрсетіледі. Балалар, берілген бағытты тексерген сияқты осы қозғалысты өз карточкасында қайталайды. Сонан соң оларға түймелермен, біреуін де қалдырмай, барлық суреттерді жауып шығу керек екені көрсетіледі. Бұл тәсіл үш жасқа, тіпті кей жағдайда екіге қараған (1 жыл 6 ай) балалардың да қолынан келетін болып шықты. Мұндайда қол қозғалысының бірізділігі және онымен суреттерді бақылап тұратын баланың көздері негізгі рөл атқарады. Бұлардың қайсысы да жиын элементтерін көруге жағдай жасайды. Осыған ұқсас жаттығулардың нәтижесінде барлық бала үш жасқа қарай беттестіру тәсілін еркін игереді және жиынды оған берліген үлгіге сәйкес қабылдайды.
Жиын элементтерінің сандық жағын қабылдай білуді дамытуға арналған келесі мәнді тәсіл тұтастандыру тәсілі болып табылады. Алайда балалардың мүмкіндігін алдын ала зерттеп - байқау бұл тәсілді меңгеруде оның бірқатар ерекшеліктерін ашты.
3. Математикалық түсініктерді қалыптастыру және санай білуге үйретудің әдіс-тәсілдері
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады.
Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетнде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден - педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады. Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер балаларға пайдалы, қызықты болады.
Математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетнде дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т. б. Өзімнің математика бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын, логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл - ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады. Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, әр тәрбиешінің негізгі мақсаты - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің сапасын көтеру, балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz