Дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Пәні: Дене шынықтыру

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар

Орындаған: 4аКДО тобының студенті

Тапсырылған
күні ... ... ... ... ... ... .
Тексерген:
Оқытушы: Калмурзина Ы.С.
Бағасы: ... ... ... ... (қолы)
Күні ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Орал, 2014ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
2. Балабақшадағы шынықтыру шаралары
3. Дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар
4. Шынықтыру шаралары және оның тәрбиелік мәні

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тəрбиенің кез-келген түрі жалпы қоғамдық мəденеттің құрамына кіреді.
Дене шынықтыру дене тəрбиесінің арнайы құралдарын жасау мен пайдалану
ісінде қоғамдық жетістіктер жиынтығын көрсет отырып, жалпы мəдениеттің бір
бөлігі болып табылады.
Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі
мақсаттары: елімізде дене шынықтыруды жəнеспортты одан əрі дамыту; халықтың
дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау,
олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін жəне халық
ойындарын дамыту; саланы басқарудың оңтайлы жолдарын жəне қазіргі
тəсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру жəне спорт саласындағы заңдарды
жетілдіру; бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт
резерві мен халықаралық дəрежедегі спортшыларды дайындаудың ғылыми-
əдістемелік, медициналық-биологиялық жəне психологиялық қамтамасыз етілуі
жөнінде зерттеулер жүргізу; спорт резервін жəне халықаралық дəрежедегі
спортшыларды даярлау болып келеді. Дені сау баланың ақыл - ойы айқын, өз-
өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала
денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі
мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
Дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз адам денсаулығын сақтау мен нығайту
және дененің дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.
Дене шынықтыру тәрбиесінін максаты — салауатты өмір сүру негіздерін
білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану
дағдыларын қалыптастыру.
– денсаулықты нығайтуға және дене шынықтыруды дұрыс дамытуға ықпал
жасау;
– табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамытып жетілдіру;
– дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьшық пен
қажеттілікті тәрбиелеу;
– табиғат күштерімен балалар денесін шынықтыру (күн, су, ауа)
– ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру;
– гитиеналық дағдыларды қалыптастыру.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру
мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің
оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық
заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және,
енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын
негіздеу.
1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің маңызы мен
міндеттері
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы,
коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді
қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілетін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене
қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті,
туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін
тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына,
денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану,
жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды
қолдану.
Дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың
жұмысының мазмұны:
• балаларға оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, балалардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш
сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепке дейінгі мекемелерде спорттық базаларда іске
асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• балалардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• балалның денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға балалардың тұрақты қызығуын және қабілетін
дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің
жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін
жасауды қажет етеді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары,
гимнастика, ойын, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын
және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және
емдік гимнастика.
Ойын балаларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Спорт – балаладрың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс
дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің
құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар:
күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде
пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар
мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне
және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және
ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға
ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
2. Балабақшадағы шынықтыру шаралары

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша
сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері,
серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын
– сауықтар) өткіземіз.
Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі
қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі.
Оқу іс - әрекет мынадай құрылымда өтіледі.
Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру
орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3- 4 минут.
Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі
қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады.оның 2 –уі
бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1 – жаттығулар жауадан жоспарланады.
Жаңа сабақтың тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16 –
18 минут. Күнтізбелік жоспарда әр аптада 2 сабақтан алынған, жыл басына 72
сағат өткізілуі тиіс. Дене шынықтыру негізгі оқу іс - әректі болғандықтан
ертеңгілік мезгілде өткізіледі.
Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа – райы жылы кезде аулада, қыс
мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені
сүртіліп, құрал – жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі
қимылдық ойын.
Қорытынды бөлімде де қимыл қозғалысы аздау ойын жоспарланады. Жалпы
жетілдіруші жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек.
Егер өзгерпей көбіне тіке тұрып жасаса, балаларды жалықтырып жіберуді
мүмкін. Сондықтан әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын
жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіруші жаттығулар үшін (жалаушалар,
доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, таяқтар) пайдаланылады. Сонымен
қатар үлкен көлемдегі құрсаулар, арқай гимнастикалық орындықтар
пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрулары керек, Жаттығулардың
жасалу техникасын дұрыс сақтаулары керек, тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап,
барлық бала бірдей қимылдаулары керек.
Балаларға таныс жаттығуларды тәрбиеші көрсетпей-ақ ауызша да айтуға
болады, ал қимылдау жаттығуларды тәрбиеші көрсетеді, сосын балалар
жасайды. Оқу іс -әрекет қызықтырақ өтсін десе жаттығуды жақсы орындайтын
бір баланы алға шығарып, тәрбиеші нұсқау беріп тұрады. Дене шынықтыру оқу
іс-әрекетінде балалардың ақыл-ой тәрбиесі ғана жетілмейді, адамгершілік
қасиеттер де қалыптасады, балалар ойын кезінде рольдерге бөліседі,
ұйымдастырушылық қабілеттері жетіледі, жарыс кезінде өздерін ұстау
қабілеттері дамиды. Допты лақтырып, қағып алу, допты бір – біріне лақтыру,
ұзындыққа секіру , гимнастикалық қабырғаға өрмелеп мініп түсу;
гимнастикалық скамейка үстінде тепе – теңдікті сақтап жүруге үйретеміз.
Дене шынықтырудан үйренген қимыл - әрекеттер серуен кезінде, спорттық
шараларда жетілдіріледі. Дене шынықтыруды өткізген кезде балалардың қулап
жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек. Бала организміндегі мүмкіндіктерін
арттыра түсу үшін таза ауадағы дене шынықтыруға көп көңіл бөлеміз. Таза
ауадағы дене тәрбиесінің құрамы бағдарламалық материалдардан құралады. Таза
ауадағы дене шынықтыру 5 – бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған
әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен
эстафеталардан тұратын қимыл – қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі.
Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген
белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс
демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана
денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға
септігін тигізеді. Бірін – бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке
тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке,
қайратты шымыр болуға баулу қажет.
Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық
жағдайға сай жабдықтануы керек. Біздің балабақшада әртүрлі өрмелеуге
арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған скамейкалар бар. Таза ауадағы
дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті
балабақша медбикесінен аламыз. Егерде операция жасалған немесе бір жері
қатты ауыратын бала болса, ол балалар тәрбиеші көмекшісімен бірге болып,
жеңіл қимылды ойындар ойнайды. Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып,
тексеріп тұрады. Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің
қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға
көмектеседі.
Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің жүріп – тұруына
ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері жеңіл спорттық киіммен
жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар
терлеп, тез салқын тиюі мүмкін. Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене
шынықтыру кезінде өлең айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды,
себебі баланың тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен
демалуына көңіл бөлеміз. әрбір жаңа оқу жылында балаларға бөлек – бөлек
дәптер бастап, балалардың өсіп – жетілуіне, олардың денсаулығы жазып өт-з
шынықтыру шаралары көктемнен бастап ертеңгілік ж.ж.жаттығуларды таза ауада
өткізуден басталады. Киімдерін де бірте – бірте жеңілдетіп, жаз айларында
тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін жеткіземіз. Жалпақ табалдылықты
болдырмау мақсатында ұсақ тастардың, тігілген қақпақшалар, тікенек жаймалар
үстімен жалау аяқ жүргіземіз. Түс мезгілінде топ бөлмесіне кіргенде сумен
шынықтыру жүргізіледі.
Су температурасын бірте – бірте төмендетіп, аяқтарын салқын сумен шаю,
тізеден төмен қарай жуудан соң құрғақ орамалмен сәл қыздырғанға дейін
сүртіндіреміз. Түскі ұйқыдан соң 1-2 апта құрғақ ысқылау таза
фланельматадан аяқ – қол дене мүшелерін қызарғанша ысқылауға көшеміз.
Ылғалды ысқылау 1-2 мин.созылады.
Балалар қолғапты қолдарына киіп, су (350-360) құйылған табақшаны
айнала тұрып, қолғаптарын суға малып, әбден сығып, қол, иық, кеуде, аяқты
ысқылайды (алма-кезек) қолғаптарын шешіп, бір-бірінің арқасын ысқылайды.
Бұдан соң құрғақ оралмалмен сүртінеді. Балалардың қимыл іс-әрекетін
жетілдіру тек дене шынықтыру сабағымен шектелмейді бос уақытта балалардың
қимыл іс әрекетіне көп көңіл аударуымыз керек. Тәрбиеші балалармен түрлі
ойын, жаттығу өткізіледі. Серуен кезінде де түрлі жаттығу, ойындар
ойналады. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, ойынға
үнемі қатыстырып отыруы тиіс.
Топта тәрбиеші жай қимылдайтын, әлжуаз балалармен үнемі жеке жұмыстар
жүргізіп отырады. Менің тобымда Қалиева Аружан деген қыз бала болды, ол
баламен мен 1,5 жастан бастап мек.даяр.тобына дейін 4 жыл жұмыс жүргіздім.
Келген кезде орнынан қозғалмайтын, мінезі өте ауыр баланы жаттығуларды жеке
дара жасату, тақпақ жаттату, биге қосу арқылы қозғалысқа түсіп,
жаттығуларды да жасап, биді де билейтін дәрежеге жетті анасының қуанышында
шек болмады. Ал Ақгүл деген қызымыздың мінезі қыңырлау, мақтағанды, алға
бірінші тұрғанды жақсы көретін. Балаларды кішкетай кезінен бастап қабылдап,
үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың даму
ерекшелігін, мінез – қылықтарының барлығын, не нәрсеге бейімділігін өте
жақсы білуімізге болады.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың
тәрбиесі негізгі роль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу
балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр
баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытым біліп, ата –анамен тығыз
қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанды ғана бала тәрбиесі өз
нәтижесін береді.
3. Дене тәрбиесіне қажетті құрал саймандар
Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе,
метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру
мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу
организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға
иммунобиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделі бұзылысы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзектілігі
Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні
Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Ағаш өңдеу тарауын оқыту
Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Еңбек тәрбиесінің міндеттері
Адам эволюциясынын факторлары
Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру
Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері
Пәндер