Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың теориялық мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

психология пәнінен
Бақылау жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы

Орындаған: Аясинова А.Қ.

Жетекші: Сарсенгалиева А.Б.

Орал – 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың
теориялық мәні
2 Ертегі арқылы мектепке дейінгі балардың қиялын
дамытудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын. Сондықтан
да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру
мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар
жүрері анық. Баланың қиялын дамыту мақсатында ойындарды, ертегілерді
пайдалануға болады. Баланың кез-келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау
қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе
мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету
ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.
Мектеп жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады.
Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы
іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала
қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге
ұмтылады. Тәрбиеші балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта
пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді.
Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы
құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз
күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол кұралдар заттар, схемалар,
макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін.
Әртүрлі оқиғалар, өлендер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі
кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын,
графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне
белгілі оқиғаларды әдейі бір-біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақгары
арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және
қиялдай алу кабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан
пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар
мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық кабілетінен
шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп
бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да
тудыра алады. Ең бастысы — тапсырманы орындаудағы қиындықгы жеңу, дос табу,
жарыкқа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны
өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердін
әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті
шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс-әрекет ретінде көрініс табады. Бала
шынайы өмірдегі қиылдықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды
тығырыкқа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп
қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол
қатты қиналған кезінде өз қиялыңда ең керемет, мейірімді де ер жүректі
әкеге ие бола алады. Киял өз мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз
нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің
нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе
қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын
жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға карағанда баланын өмірінде үлкен рөл
атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек
қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны
тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің
шеңберінен шығып кетуте жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол
шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және
әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке
тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншшігімен тікелей жұмыс істеуте
мәжбүр етеді.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың
теориялық мәні
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял
ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада
суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан
тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген
инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді
ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат,
жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың
қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында,
хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп,
желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті.
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен
тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге,
сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік
ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы
шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде
шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа
шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы,
болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу,
яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді
бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер
қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның
бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке
басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір
салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан
басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің
олғандығында.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны
бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны
шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға
өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс
жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да,
бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе,
қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға
бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды
(тіпті ол ұқсамайтын болса да).
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді.
Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің
қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген
үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы
адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті
жазушысы Дени Дидро: Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам
да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес деп тегін айтпаса
керек.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын -
бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық
талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға
әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша
жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын
көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала
психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын
пәннің мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін,
немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде
мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала
ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай,
құлағымен еститіндей күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын
талдағанда, әңгімелерде, балаларлардың түрлі ойындарында қиял процесі әр
қырынан көрініп отырады. Төменгі топ балаларында алғашқы кезде қиялдың
дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не
оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы
жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ,
біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың
қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра
түскен дүрыс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері сабағы арқылы қиялын дамыту
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Баланың зейінін тәрбиелеуде жеке адам туралы түсінік. Қиял және оның түрлері
Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу қабілетін дамытудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Пәндер