Мектеп жасына дейінгі балалардың үстел ойындарының тәрбиелік-әдістемелік негіздері

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың үстел үсті ойнатылатын ойындары»
Орындаған:
Жетекші:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойынның рөлі
2. Әр жастағы балаларға арналған үстел үсті ойындары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, балалардың білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Баланы жас кезінен бастап жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-бір қасиетті міндеті.
Ойын - сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашылығы байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз, болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады», сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес», - деп айтқан В. А. Сухомлинский.
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұндаа өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойын - сауық мектеп жасына дейінгі балалар қызметінің негізгі түрі, оған хороводтар, сюжеттік-рөлдік әндер, қимыл ойындары енеді.
1. Балаларды тәрбиелеу процесінде ойынның рөлі
Ойын-сауық - тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А. С. Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я. А. Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.
2. Әр жастағы балаларға арналған үстел үсті ойындары
4-5 жастағы балаларға арналған үстел үсті ойындары
Тобы: Ортаңғы
Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс айтқыза отырып, ерекшеліктерін ұғындыру, түсін, пішінін ажырата алу қабілетін дамыта отырып, балалардың зейінін, қимыл шапшаңдығын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген 9 қағаз қиындысы
Шарты: жемістер мен көкөністер суреті бейнеленген қағаз қиындысынан тапсырма орындатуға болады. Ойынға 2 бала қатысады. Алдарындағы жемістер мен көкөністердің суретін тәрбиеші нұсқауы бойынша әр атаған белгіні жауып отырады. Мысалы: құлпынай десе балалар құлпынай суреті бейнеленген қиындының бетін жауып қояды. Атауларын айтумен қатар, сипаттау арқылы жасыруға болады. Мысалы: қара көк түсті әрі дөңгелек, дәмі тәтті жемісті тап! Кім тез әрі дұрыс орындаса сол жеңіске жеткені. Ойын 15- 20 минутқа созылады.
Тобы:II сәбилер
Тақырыбы: Мозаика
Мақсаты:Балалардың зейінін суретке шоғырландырып, бейнелердің орналасу ретін анықтауға дағдыландырып, шапшаңдық қабілетін арттыру
Көрнекілік:Түрлі пішінді ойықтары бар суреттер, пішіндердің бетін жабатын сәйкес бейнелер
Шарты:Түрлі пішінді ойықтары бар суреттердің бетін сәйкес бейнелермен жабу арқылы ойналады. Ойын балалардың қызығушылығына байланысты 10- 15 минутқа созылады.
Тобы:Ересектер
Тақырыбы: Бегемот түскі асқа не жеді?
Мақсаты:Балаларға тағам түрлерін айтқыза отырып, суреттегі бейнелерге зейінін аудартып, тапқырлық қабілетін дамыту. Көрнекілік:Тағам түрлері бейнеленген суреттер
Шарты:2 бөлікте бейнеленген тағам түрлеріне мұқият назар аудартып, тағамдардың атын айтқызып, 1 бөлікте басқа бөлікке қарағанда қандай тағам кем екенін табу керек. Тапқан тағам түрлері бегемоттың түскі асқа жеген тағамы болып саналады. Ойын 20- 25 минутқа созылады.
Тобы:II сәбилер
Тақырыбы: Сиқырлы домино
Мақсаты:Балалардың зейінін суретке шоғырландырып, бейнелердің орналасу ретін анықтауға, бірдей бейнелерді табуға дағдыландырып, шапшаңдық қабілетін арттыру
Көрнекілік:Түрлі және ойынды жалғастыру үшін бірдей суреттері бар текше
Шарты:Берілген суреттері бар текшелерді үзбей бірдей суреттерді қатар беттестіру арқылы жалғастырылады. Ойынға бірнеше бала қатысады. Ойын ұзақтығы 10 минут.
Қорытынды
Ойын элементтерін қолдана отырып балаларды тәрбиелеу, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz