Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдауы
Пәні: Қарапайым математика
Мамандығы: Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің студенті
3ж КДО топ студенті

Тапсырылған күні:______________
Тексерген оқытушы: Маденова Т.У.
Бағасы: _______ қолы: ___________

Орал, 2016

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі
2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру әдістемесі
3. Заттың пішінін анықтау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам
дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай
өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет
болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде
мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен
тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепке
дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты,
бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік кешендер
жазылды, демек, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке
дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның
озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда
өзінің қолданысын тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық
білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, балаларға
тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім –
тәрбие беретін, балалардың ой - өрісін, қабілетін жан – жақты дамытуға
толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін
ескеруге тура келеді.
Балаларды барлық геометриялық пішіндердің өлшемдері әр түрлі болуы
мүмкін екендігімен таныстыру (үлкен – кішкене куб, үлкен – кішкене шар,
үлкен – кішкене цилиндр, үлкен – кішкене дөңгелек, үлкен – кішкене квадрат,
үлкен – кішкене үшбұрыш, үлкен – кішкене тік төртбұрыш).
Айналадағы өмірде кездесетін геометриялық пішіндер түріндегі заттардың
пішіндерін салыстыруға балаларды жаттықтыру: қарындаш – цилиндр тәріздес,
тәрелке – дөңгелек тәріздес, дәптер (кітап) – парағы – тік төртбұрыш
тәріздес, стақан – куб тәріздес, доп – шар тәріздес, бет орамал – квадрат
тәріздес т.с.с.
Дөңгелек, тік төртбұрыш және үшбұрыш пішінді заттарды ажырата білуге
жаттықтыру. Мәселен, бөлмедегі тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек пішінді
заттарды тапқызу (үстелдің беті – тік төртбұрыш, терезе – тік төртбұрыш,
орындықтың беті – квадрат, электр фонары – дөңгелек тәріздес т.с.с.).
Тәрбиеші өз тобының құрамдық ерекшеліктерін ескеріп, жыл басында
ұйымдастырылған оқу іс әрекетін дифференциялды өткізу қажет. Бағдарламада
ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінің мазмұнын бұдан әрі күрделендіру
көзделген, сондықтан бақшаға жаңа ғана келген балалармен алдыңғы топқа
арналған бағдарлама бойынша бірнеше ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өткізген
жөн.

Негізгі бөлім
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі
Естиярлар тобында әдетте алдыңғы топтан – кішкентайлардың екінші
тобынан көшірілген балалар болады, бірақ кейде жаңадан, бұрын мектепке
дейінгі мекемеде болмаған балалар да келіп қосылады.
Естиярлар тобында жиын, өлшем, пішін жөніндегі, кеңістік және уақыт
қатынастары жөніндегі түсініктерін әрі қарай дамыта түсу, сонымен бірге
балаларды санауға үйрету және сан ұғымын алғашқы рет қалыптастыру
көзделген.
Естиярлар тобының бағдарламасында геометриялық пішіндер мен олардың
атауларын әрі қарай анықтай түсу және неғұрлым айқынырақ дифференциялау
көзделген. Төрт жастағы балалар үшін бұл әбден түсінікті, өйткені олардың
қолданылуында өздері іс жүзінде айыра алатын әр түрлі геометриялық пішіндер
бар (құрылыс материалы, геометриялық мозаика т.б.). Бұл топта балаларды осы
пішіндердің кейбір қасиеттерімен де (орнықтылығы және орнықсыздығы), сондай
– ақ олардың әр түрлі өлшемдерімен таныстыруға болады (кіші куб, үлкен куб,
үлкен дөңгелек, кіші дөңгелек т.с.с.).
Бұл топта балаларды айналадағы заттардың пішіндерін таныс геометриялық
пішіндермен (кітап парағы – тік төртбұрыш ретінде, жұмыр қарындаш – цилиндр
ретінде т.с.с.) салыстыруды әрі қарай жалғастыру керек.
Пішін. Балаларды іс жүзінде оларға белгілі геометриялық пішіндермен
таныстыру: шар, куб, цилиндр, тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек, үшбұрыш.
Геометриялық пішіндерді қимыл – қозғалыс түйсігі арқылы қарастыру
әдістеріне және олардың: кубтың бұрыштары көп, шар мен цилиндрде бұрыш жоқ,
шар мен цилиндр домалайды, ал куб орнықты деген сияқты ерекше белгілерін
айқындап ашу әдістеріне жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің бұрыштарын,
төбелерін және қабырғаларын ажырата білуге үйрету. Тік төртбұрыш пен
квадраттың төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар, ал үшбұрыштың үш
бұрышы, үш төбесі және үш қабырғасы бар, дөңгелектің бұрыштары жоқ.
Нәрселердің пішіні жөніндегі түсініктерді дамытудағы жұмыс
әдістемесі. Геометриялық пішіндердің атауларымен балаларды ойында кезінде,
ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде және күнделікті өмірде бірте – бірте
таныстырып отыру керек. Тәрбиешінің өзі бұл пішіндерді қалай атайтынын
балалардың естігені жөн. Айталық балалар бір нәрсе құрастырмақшы болсын,
сонда тәрбиеші оларға цилиндрлерді немесе кубтарды пайдалануды ұсынады.
Мұны кішкентайлардың екінші тобының өзінде – ақ жасау керек, сонда балалар
өздеріне таныс емес ойыншықтардың, құрылыс материалдары бөлшектерінің т. с.
с. атауларын естуге бірте – бірте үйренеді. Ойындар процесінде шар мен
цилиндрдің оңай домалайтынына, ал кубтың домаламайтынына балалардың назарын
аударуға болады. Неліктен? Сұрақ балаларды ойландырады, олар бірден жауап
та бермеуі мүмкін; ол уақа емес. Шар мен цилиндр неге домалайды, ал куб
домаламайды? - деп тәрбиеші өз сұрағын тағы да қайталайды. Ол осы
пішіндерді сипалап олардың пішінін саусағымен айналдыра көрсетіп шығуды
балаларға ұсынады: Куб қырлы, ал шарик теп – тегіс, - дейді балалар.
Неге куб қырлы? - Оның бұрыштары мынадай. – Ал цилиндр мен шардың
бұрыштары бар ма?. Балалар кубтың бұрыштары көп, ал шар мен цилиндрдің
бұрыштары жоқ екенін аңғарады.
Бұдан кейін тәрбиеші шар мен цилиндрді салыстырып, бұл пішіндердің
қайсысы орнықты, ал қайсысы орнықсыз екенін айтқызады. Балалар шар мен
цилиндрді түрліше қойып көреді де цилиндрді тұрғызып қоюға, домалатуға
болатынын, ал шар домалай беретінін байқайды. Неге цилиндр орнығып тұра
алады?. Балалар затты қарап шығып, цилиндрдің едені мен төбесі бар, ал
бүйірлері дөңгеленіп келген, ал шардың барлық жері дөңгеленіп келген, -
дейді. Өздерінің ойыншықтарының ішінде бар геометриялық денелердің өзіндік
қасиеттерін балалар осылайша байқайды.
Математика пәнінде геометриялық пішіндер суреттері бірінде көп,
басқаларында аз салынған түрлі карточкаларды пайдаланып, балалар олардың
атауларымен танысады. Бұл пішіндер, сондай – ақ, санау үшін қажетті
үлестіру материалдары да геометриялық мозаикада берліген, төрт жастағы
балалар әдетте пішіндерді ажырата да, атай да алады.
Бес жасқа қараған балалар тобында негізгі міндет балаларды осы
фигуралардың негізгі қасиеттерімен таныстыру болады.
Сондай ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне мысалдар келтірейік.
Мақсаты: балаларды берілген геометриялық пішіннің шамасы түрліше болуы
мүмкін екендігімен таныстыру. Тәрбиеші әр түрлі пішіндерді көрсетіп,
төртбұрыштар, кыадраттар, үшбұрыштар, дөңгелектер үлкен де, кіші де бола
алатынына балалардың зейінін аударады. Ол ірі және ұсақ пішіндерді
беттестіру әдісін қолданып салыстыруды ұсынады. Балалар пішіндердің мөлшері
бірдей, ал үлкендігі мен түсі жөнінен әр түрлі екендігін анықтайды.
Бұдан кейін өлшемдері әр түрлі үш пішін беріледі, оларды үлкендігіне
немесе кішілігіне қарай орналастыру керек.
Сонан соң балаларға өздерінің жеке конверттерінде жатқан пішіндерді
қарастырып, көлемі бірдей пішіндерді қатарластырып тізгізеді де кімде
қандай пішін қанша екенін айтқызады.
Егер алғашқыда барлық балалар бірдей комплектілерді (әр түсті және тек
үлкендігі екі түрлі дөңгелектер, үшбұрыштар, квадраттар) алса, онда келесі
жолы әр бала сол төрт пішіннен тұратын, бірақ әр пішіннің үлкендігі, түсі
түрліше және саны жөнінен де әр түрлі пішіндердің ерекше комплектісін
алады. Балалар кімде қандай пішін және қанша екенін айта отырып, өз
комплектілерін қуана – қуана бөліп қоя бастайды.
Естиярлар тобында жыл аяғына қарай балаларды квадраттың, тік
төртбұрыштың, дөңгелектің, ал біршама кейінірек үшбұрыштың да кейбір
қасиеттерімен таныстыруға болады.
2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен
таныстыру әдістемесі
Ересек балалар тобына әр түрлі отбасылардан және мектепке дейінгі
мекемелерден келген балаларды, сондай – ақ бір комплектілі балалар
бақшасында тәрбиеленіп жүрген бес жастағы балаларды зерттеу олардың
білімдерінің ала – құла болатындығын көрсетеді. Алайда бұл жастағы
балалардың бәрі математикалық білімге, атап айтқанда, санауға деген
ынтасын, қызығатындығын білдіреді. Олар көзіне көрінгендердің бәрін
(үйлердің қабаттары мен терезелерін, трамвайлар мен машиналарды т.б.)
санайды.
Алдыңғы топтардың бағдарламасын өтпеген балалар сан есім – сөздерді
көп атайды (кейде тіпті 15 көлемінде де), бірақ жиынтық заттарды санағанда
сан есімді дәл өз объектісіне сәйкестемейді немесе сан есімдерді тастап
кетеді, қорытындысы санды атай білмейді, санау процесінен санның жиынын
дифференциялай алмайды. Үлкен жиынтықтан заттардың керекті санын санап ала
алмайды (берілген санды ұмытып қалады, т.б.). бұл – олардың әлі де болса
санау іс - әрекетін саналы түрде меңгере алмағандығын, санның жиын
қуаттылығының көрсеткіші ретіндегі мәнін түсінбегендігінің айғағы, берілген
санды олар тек тоқтату сигналы, яғни санауды немесе санап алуды нұсқауы
ретінде қабылдайды. Жиындардың арасында өзара – бірмәнді сәйкестікті
тағайындау жолымен оларды іс жүзінде салыстыру әдісін балалар меңгере
алмаған, олар үлгідегі жиын элементтерінің арасындағы кеңістік қатынастарды
байқамайды, заттарды бір – біріне тығыздап жақындатып орналастырады,
сондықтан да сонша дегенді әрқашан дұрыс қайталап айта бермейді.
Балалар жиындарды әр түрлі белгілері бойынша реттей білмейді. Егер екі
түсті бес қарындаш жатса, балалар олардың санын түсі бойынша ғана анықтайды
(үш қызыл және екі көк), ал олардың жалпы заттық белгісі бойынша
(қарындаштар деп) жинақтай алмайды. Бұл – балалар жиындарды жинақтау және
жиыннан оның ішкі жиынын ажырату операциясын меңгере алмаған деген сөз.
Кейде балалар сандар қатарындағы сандарды ретімен ауызша дұрыс атайды
және сегіз саны жетіден көп (үлкен) екенін айтады, алайда бұл қатынастарды
сегіз саны алыс, жеті саны жақын, - деп қана түсіндіреді, яғни берілген
санның бірліктерден құралғандығына негізделмей, олардың аталу ретіне
негізделеді.
Балалар заттарды көбінесе тек бір бағытта – оңнан солға қарай оң
қолмен санайды.
Егер жиынтықтардың біреуінің элементтері екіншісінің элементтерінен
ірірек болса немесе егер сан жөнінен тең жиындар ауданы әр түрлі бөліктерді
алып жатса немесе түрліше берілген болса, балалар жиынтықтардың сан жөнінен
тең екендігін көре бермейді. Бұл – жиынның сандық жағы сапалық
ерекшеліктерінен балалар санасында бөліне алмағандығын көрсетеді.
Дыбыстарды санағанда, заттарды сезім түйсігі, қимыл – қозғалыс арқылы
санағанда балалар көп қателеседі.
Сөйтіп, балалардың сан есімдерді ретімен 12 – 15 – ке дейін санай
білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші жайбарақаттыққа салынбауы тиіс: нақтылы
жиындар және олардың жасалу тәсілдері жөнінде түсініктері бар – жоғын,
санамай тұрып – ақ жиындармен операциялар жасай біле ме, заттардың
жиынтықтарын олардың элементтерін бір – біріне сәйкестей отырып саластыра
ала ма, осыларды жақсы біліп, тексеріп алуы қажет.
Ересек балалар тобына отбасынан келген көптеген балалар негізгі
геометриялық пішіндердің атауларын білмейді, әр түрлі ұзындық параметрлерін
айыра білмейді, бір нәрсенің ені мен жуандығын шатастырады, оның ені мен
ұзындығын айыра алмайды.
Ересек балалар тобына арналған бағдарламада балалардың ақыл – ойы мен
математикалық дамуын әрі қарай жетілдіруге көмектесетін білімдер мен
шеберліктерінің көлемі айқындалады.
Пішін. Шар, куб, цилиндр, конус, білеуше (тік бұрышты параллелепипед),
квадрат, тік төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, доғал, трапеция жөніндегі
түсініктерін бекіту және дұрыс атай білу.
Әр түрлі жазық фигуралардың төбелерінің, қабырғаларының, бұрыштарының
санын санай білуге үйрету. Кейбір геометриялық фигуралардың (тік төртбұрыш
пен трапецияның, конус пен пирамиданың) өзгешелігімен таныстыру. Өмірдегі
заттардан геометриялық пішінді көре білуге үйрету, шарға ұқсайтын не (доп,
қарбыз т.б.), цилиндрге ше (стақан, банкі т.б.), конусқа не (воронка,
пирамида т.б.), дөңгелекке ше (тәрелке, табақ т.б.), тік төртбұрышқа не
(үстелдің қақпағы, қабырға, еден, төбе, есік т.б.), квадрат ше (орамал),
үшбұрышқа ше (үш бұрышты орамал), доғалға ше (жұмыртқаның ұзынынан кесілген
жармасы, табақтың жиегі т.б.), трапецияға ше (балалар үстелі, үйлердің
төбесі т.б.).
Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі. Алты жастағы
балалар дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты, тік төртбұрышты тек жақсы айыра
біліп қоймай, оларды атайды да және бұл жазық пішіндердің бәрінің өлшемдері
алуан түрлі және түстері де әр түрлі болуы мүмкін екенін біледі. Олар
көлемді денелерді: шарды, кубты және цилиндрді біледі. Тәрбие
бағдарламасында балаларды доғал пішінді денемен, конуспен және білеушемен
таныстыру міндеті қойылған. Балалардың айналасындағы көптеген заттардың
пішіндері сондай болып келеді, сондықтан оларды дұрыс атай білуге үйреткен
жөн.
Заттарды пішіндері жөнінен салыстыру үшін үлгі ретіндегі балаларға
таныс геометриялық пішіндердің ең қарапайым белгілерімен және
ерекшеліктерімен оларды таныстыру ересек балалар тобы тәрбиешісінің негізгі
міндеті болады. Балаларды жаңа геометриялық пішіндермен таныстыру жөнінен
өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне мысал келтірейік.
Конуспен таныстыру. Тәрбиеші балалардың алдына пирамида деп аталатын
ойыншықты қояды да оны саусақтарымен айналдыра көрсетуді ұсынады, сонан соң
пирамида өздеріне таныс қандай жазық пішінге ұқсас екендігін сұрайды.
Балалар ол үшбұрыш тәріздес екенін айтады. Екі қолдарыңмен осы пішінді
қапсыра ұстаңдар. Мұның үшбұрыштан қандай айырмашылығы бар?. Балалар оның
дөңгелек екенін және жоғарыдан төмен қарай бірте – бірте жуандай беретінін,
оның таяқшаға кигізілген сақиналардан тұратынын айтады. Тәрбиеші мұндай
пішінді конус деп атайтынын айтады. Барған сайын кішірейе беретін
квадраттардан тұратын екінші пішінді көрсетіп, тәрбиеші мұндай ойыншықты
пирамидка деп атауға болатынын түсіндіреді. Пирамидка мен конусты
элементтерге бөлшектеп балалар олардың айырмашылықтарын өздері байқайды:
конус өлшемдері кеми беретін, бұрыштары жоқ, дөңгелек сақиналардан тұрады,
ал пирамидка - өлшемдері кеми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларды нәрсенің өлшемі формасы мен массасы туралы түсініктерін дамыту ерекшелігі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері
Пәндер