Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Облыстық білім беру басқармасы
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Математикалық түсініктерді ойында, тұрмыста қолданудың мазмұны»
Орындаған: 3 КДО топ студенті Маликова Г. М.
Тапсырылған күні
Тексерген: Мухсинова А. Ж.
Оқытушы : Сарсенгалиева А. Б.
Бағасы : ( қолы)
Күні
2014 жыл
Жоспары
Кіріспе
1. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық oйындар
2. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша тәрбиеленушілерінің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы-балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
1. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық
ойындар
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді
1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.
4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т. б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
- Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
- Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
- Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен олардың ұйымдастырушылық т. б. қасиеттері дамиды.
Сабақтың бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.
2. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Кей бала ойынды шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т. б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелей алумен ойында басталады». Мысалы: сюжеттік- рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қиялын, іс- әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайық маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі- оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойында жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі оның сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштауымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгілі емес, шын мәні. Ойынды бала өз бейнеленген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баулап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн- түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылар әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей болуына және дамуына көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz