Көрнекілік құралдар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Педагогика және психология»

кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Математикалық түсініктерді қалыптастырудағы көрнекі материал түрі»

Орындаған: Файзолла А. А.

Жетекші: Маденова Т. Ө.

Орал, 2016ж.
Жоспары

Кіріспе

1. Қарапайым математиканы оқытуда қолданылатын көрнекі материалдар

2. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық oйындар

3. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орны ерекше. Балалардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік принципінің мақсаты оқытылып тақырыпқа сай балалардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын балаларға нақтылы дәлелдеуі үшін қолдану.

Көрнекілік принципінің міндеті, біріншіден заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін түр - түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы балаларға жеткізу.

Бұл принциптің екінші міндеті балалардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданылатын көрнекі құралдары мен оқудың барлық мазмұнын практика мен өмірмен байланысын қамтамасыз етуді көздейді.

«Көрнекілік құралдары » ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады.

«Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.

Себебі біз балалардың білімді қабылдануда сезім мүшелерінің қызметі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Балалар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді.

Осылардың негізінде оларда түйсінуі арқылы ой пайда болады, нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады.

Ұғыну - тікелей сезіну процесінен бастау алса, тікелей сезіну - түйсіну, қабылдау, елестеу арқылы іске асады.

Қабылдаудың ерекше түрі - бақылау. Бақылау - тікелей сезіну процесінің күрделі түрі. Мұғалім сабақтар жүйесінде көрнекілікті пайдалану барысында балаларды бақылай білуге, салыстыра, қатар қоя білуге, қабылдаған ұғымдарын дамытып, оларды жетілдіре беруге дағдыландырады.

Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырса, И. Г. Пестолцци бойынша ол - логикалық ойлаудың дамыту құралы деп қарастырады.

Осы жөнінде К. Д. Ушинский, балалардың бойында бақылағыштық, танымдылық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде балаларда айқын обрыздар тудыратын өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекі құралды көрсетуге кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан балалардың ой - өрісін, ауыз екі тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және баланың деңейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, оқу озаттарын тежемейді. Әрі үлгерімі төмен баланы ескерусіз қалып қоймай олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.

1. Қарапайым математиканы оқытуда қолданылатын көрнекі материалдар

Математикалық білім берудің барлық негізгі принциптері бір - бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым - қатынас т. б. Математикалық білім беруде көрнекілік принципінің рольі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту - оқшылрдың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Математикалық білім беруде көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, балалардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қалыптастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Бала санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады.

Пегдагогика ғылымын дамытушылардың бірқатары табиғаттың техникалық және қоршаған ортаның барлық заттарымен құбылыстары көрнекіліктің құралы ретінде қарастырылуы керек деп есептейді.

Оқыту процессінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік бейнелері қалыптастырудың қажеттігі болып табылатыны белгілі.

Мысалы В. А. Сухомлинский жеке тұлғаныє жан - жақты дамуына әсерін тигізетін көріністерімен қамтамасыз етудің құралы ретінде баланы табиғи ортада тәрбиелеп - оқытуды қарастырады. Ол баланы табиғи ортада оқытудың тұтас жүйесін жасай отырып, “табиғат - бала ойын жетілдірудің қайнар көзі” деп атап көрсетті.

Қоршаған ортаның түрлі заттары мен құбылыстары көрнекілік құралдары ретінде зор маңызға ие. Л. И. Мендельштман, О. Занков, Э. Т. Мингазов, Л. И. Фридман, Л. Я. Зорина, В. И. Евлокимов, И. Н. Нұшманов, К. Жүнісова және т. б. сияқты көптеген педагогтар осы көзқарастарын өз еңбектерінде зерттеп тұжырымдаған.

Таным теориясына сәйкес, сезімдік бейнелер бір адамға көрнекі болғаны мен, екінші адамға көрнекі болмауы әбден ықтимал. Сондықтан, “көрнекілік құралдары” ұғымы Л. И. Мендельштманның пікірінше шарты түрде ғана айтылады.

Ал, В. И. Евдокимовтың пікірінше, “көрнекі құралдар” дегеніміз - оқыту барысында түрлі құбылыстар мен процесстерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын арнайы таңдап алынған заттармен құрастырмалар. Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар :

1. Көрнекі құрал - нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі.

2. Көрнекі құрал - таным құралы. Таным процессінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.

3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез - келген заттық немесе идеялдық модель көрнекі құрал бола алады.

Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі - олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдардың жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық атқаратын қызметтері анықталады. Кейбір деректерде - “ Мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдарды пайдалану әдістерінің жеткіліксіздігіне әкеліп соғады ” делінген.

Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне ( көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т. б. ), құрастырылған заңына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.

Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнелеуі десек, И. В. Евдокимовтың көрнекі құралдары ақиқатты бейнепеу тәсіліне сәйкес топтауы негізді тұжырым деп есептейміз.

Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызба нұсқаны қарастырып көрейік.

Көрнекілік құралдар:

Табиғи көрнекіліктер бейнелеуші символикалық динамикалық

(нышандық)

оқу картиналары сызбанұсқа

диапозитивтер мәтіндік

диафильмдер сандық кестелер

муляждар диаграммалар

макеттер план карта

көркем суреттер таңбалық бейнелер

(формула, таңдау белгілері)

2. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық

ойындар

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуғап қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып балаларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді

1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», «Мен не істер едім, егер . . . » деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.

4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, бала қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Балалардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:

1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.

2. Жаттығу ойындары.

3. Шығармашылық ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5. Әдеби-музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1. Білім беретін ойындар.

2. Тәрбиелейтін ойындар.

3. Дамытатын ойындар.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5. Диагностикалық ойындар.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т. б. Бұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы балалардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

- Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

- Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

- Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде балалардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен олардың ұйымдастырушылық т. б. қасиеттері дамиды.

Сабақтың бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, балалар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.

3. Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Кей бала ойынды шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т. б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелей алумен ойында басталады». Мысалы: сюжеттік- рөлді ойындар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабақтарында көрнекіліктерді пайдалану әдіснамасы
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Көрнекі құралдарды көрсету
География
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолдану
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz