Хорезми танымында Қылыштан аққан қан


Эмотив мәнінің сөз мағынасы семалық құрылымындағы көрінісі жан жақты қарастырылады. Лингвистикалық зерттеулердің адамтану бағытында жүргізілуі эмоциялар мен сезімдерді білдіретін лексикаға назар аударуды қажет етеді.
Эмотив - иесінің эмоционалды күйін немесе эмоционалды қатынасын білдіру үшін жұмсалатын сөз немесе фразалық тіркес.
Өзгеру, даму - тілдің табиғатына тән өзіндік қасиеті. Демек тіл-тілде сөз мағынасының да өркен жайып дамуы заңды. Бұл - тіл ұстанушының когнативтік санасымен тығыз байланысты жүретін процесс. Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды және ол өз кезегінде сөз мағынасының дамуына әсер етеді.
«Мухаббатнамедегі» эмотив лексикаға мынадай мысалдар келтіруге болады: Аздур - аздыру, жолдан тайдыру. Хирадни аздурур ғамзан хумары (Қылығыңа деген құмарлық ақылымды аздырады) .
Орта - өртеу, күйдіріп-жандыру. Жамалиң равнақы аламин орта (Жамалыңның алауы әдемі өртейді) ; Сақақың шуласи аламин ортар (Сағағыңның шұғыласы әлемді өртейді) ; Йүзүң нуры куйашның нурын ортар (Жүзіңнің нұры күннің де нұрын өртейді) .
Күй - күю, күйдіру-жандыру. Күйүрди халқны чехраң цоласы (Нұр жүзінің сәулесі жүрегімді калы үйдірді) .
Ал «Мұхаббатнамеде» ауыспалы мәнде жұмсалған бірқатар тіркестерді қазір тіл ұстаушы етене таныс, жақын деп емес, басқаша, жаңаша сипатта деп қабылдайды:Ат- ату, оқ ату. Вагар оқ атсаңыз бағрым нишана(Егер оқ атсаңыз бауырым (болсын) нысана) . Мұнда, әрине, ғашық жанның өз сүйіктісі үшін қандай болса да құрбандыққа әзір екендігі меңзеліп тұр.
Хоремзи тілдік тұлғасының концептуалдық әлемін айшықтайтын ең белсенді қолданыс «көңіл» эмотиві екені байқалады. Бүгінгі тілдік ұжым мүшесі біреуге немесе бір нәрсеге «көңілін бөледі я болмаса аударады». Ал орта ғасыр ақыны ғашығынан «көңілін алады» және оны басқа біреуге «береді», қажет болса оны «байлады»: Көңүл сиздин алыб. кимга барайин (Көңілімді сізден алып, кімге берейін?. . ) ; Көңүлни бағалағайын өзге йара (Көңілімді байлайын өзге жанға) . Сүйіктісі бар ықылас-пейілін жаулап алғанын ақын мойындайды және оған көндіккен:Сеңа алмақ көңлүни хатм болды(Саған көңілді алу (билеп алу, жүректі жаулап алу ) табиғи қасиет болды) . Ақын өз жүрегін қызғыштай қориды, ғашығына деген адалдығын барынша сақтауға әзір екенін барынша сақтауға әзір екенін былай жеткізеді: Көңүлга өзганин мехрин йавутман (Көңілге өзгенің мейірін жуытпан) .
Сүйгенінің жүрегіне жол таба алмай қиналғанда оны самал желден де қызғанады:Саба тек билмас ахыр өз чағына, Басар хардам ишикиң топрақына. Күйар көңлүм сабаның ол ишидин Нечүн ким күйсе хирманлар йашындин(Таң самалы тоқтар жерін білмесе де, Әрдайымесігінің топырағын басып өтеді. Ішім күйеді самалдың сол ісіне. Жай оғынан өртенген қырмандардай)
Ақын өзінің осы күйден арыларына үлкен күмәнмен қарайды: Вали көңүл ұутулмас дамыңыздин (Бирақ көңілім (жүрек) құрған) тұзағыңыздан құтыла алмайды) . Ғашығына қолы жетпей өтерін сезіп, қатты өкініш білдіреді:Көңүл татмады бағың мевасини (Көіһңілім татпады бағыңның мәуесін) .
Сонымен метафоры-тілімізде ертеден бар құбылыс. Ол-адам баласының ойлау жүйесі дамуымен байланысты туындап, белгілі бір тілдік ұжымның когнитивтік санасында орнығатын ғаламның тілдік бейнесінде айрықша орын алады. Атап айтқанда, жеке тілдік тұлғаға тән ғалам бейнесінде ол ерекше түрленуге бейім болады. Мәселен 14ғ дастанындағы метафорлы қолданыстар Хорезмидің көркемдік әлемін ғана танытып қоймайды, сонымен бірге тіл иесі халықтың дүниетанымы мен менталдық кеңістігі дамуының сол кезеңіне тән күрделі прцестер мен құбылыстарды да көрсетеді. Сондықтан тарихи жазба ескерткіштер тілін, әсіресе көркем мәтіндерді зерттеу этностану ғылымын жаңа сатыға көтеретін іс болмақ.
Зерттеу жұмысымызда едәуір орын берілген бір мәселе когнитивтік және лингвомәдени факторлардың ескерткіш тіліндегі фразеологиялық және фразеоматикалық бірліктердің түзілуі мен қолданысындағы рөлі болып табылады. Бұған қатысты, әсіресе, (МН) мәтініңдегі семантикалық өрістер лексикасын қамтитын идиоматика кеңінен талданды.
Солардың арасында дүние жаратылыссының негізгі төрт бастауының бірі саналатын-су е рекше орын алады. Су-дүние жаратылысындағы негізгі үние жаратылысындағы негізгі 4 түпэлементтің(ауа, топырақ, от, су) бірі. Ол ғаламдағы аса ірі төрт макроқұрылыммен байланысады: аспан, жер, күн, су. Осылардың қай қайсысы да адам баласының өмір сүруі үшін аса маңызды қажеттіліктердің бастау болып табылады. «Бұл түсініктің қазақы танымда нық орныққандығы оның жыраулар поэзиясында айрықша орын алуынан да байқалады Б. И. Нұрдәулетованың айтуынша, бұл түсінік жыраулар дүниииетанымында:
Дүниенің басы әуелі
Меруерт тастан жаралған.
Меруерт тас еріп су болған,
Судан еріп бу болған(Қашаған) деген жыр жолдарымен өрнектеледі. Сондықтан су-қасет көзі, өмірдің төрт негізінің бірі. Сондай-ақ адамзаттан тыс, тылсым әлемнің мекені де-су. Немесе мифопоэтикалық дүние бейнесінде су-космос пен хаосты бөліп жатқан шек, шекара». Зерттеушінің «судың ақындық образға алынуында оның шексіздік, таусылмайтын көптік сипаты жатыр. Адамзат өзінің бітіміне (формасына), танымына (мазмұнына) сыймайтын құбылысты қасиетті, «қасиетті, құдіретті» санап табынады немесе «тылсым, құпия, жат» деп есептеп үрейленеді, қорқады. Адам, әсіресе, шексіздікке бағынады, шексіздіктің символы. Адам үшін су (өзен, бұлақ, дария) шексіздіктің, молшылықтың символы. Суда сондай-ақ екпін бар. Суда сондай ақ екпін бар. Су-тоқтаусыз ағын, тасқынның, яғни мәңгі қозғалыстың көзі. Қозғалыс, қимыл-әрекет-өмірдің өзегі. Олай болса ақындық та өлмейтін, өшпейтін, тіршілікпен бірге тоқтаусыз ағындағы құбылыс» деген пікірі ақындық пен өмірдің астастығын, ақынның бар өмірі ұштасып жатыр. Екіншіден, ақындық - құдайға бет бұру. Біз зерттеген жыршылардың түгелінің өмірбаянында олардың діни сауттылығы ғана емес, жыршылық, Құдайға ол да құлшылық (Сүгір) ». Бұл айтылғандар қазақы әдебиеттің (жыраулар поэзиясы) өзінен бұрынырақта болып өткен қыпшақы әдеби дәстүрден сусындағаны тағы бір нақтылайды. Себебі, жалпы тарихта өзін ақын деп санаған адамдар көп болған. Алайда олардың барлығы бірдей шығармашылығын діни болмыспен ұштастыра алмағандықтан, "ақындық ғұмыры қысқа" болған. Мысалы күні кеше әдебиетімізді жаулап алған "кенесшілдік" сарында жазылган шығармалардың араға ғасыр салмай-ақ ұмыт болғандығын еске түсіріңіз. Бұл мәселенің түп-төркіні діни таныммен байланыста алғанда жақсы ашылады. Ол бойынша "Ақындар - Алланың жердегі өкілдері". "Құран Кәрімнің" 2. 6-сүресі (Шұғара) осы ақындарға арналған.
Ал діни таным сананың төрінен орын алған орта ғасырларда бұл ақиқатқа ешкім шүбә келтірмеген. Хорезми танымында да СУ - дүние жаратылысының басы болумен қатар, адам баласының да алғаш ана жатырында пайда болуына қатысты маңызды түпнегіз. Бұл идея мәтіннің Ару қызға арналғні үшінші макробөлігінде «Бір тамшы судан толғаи айды жаратты» деген жол арқылы берілген.
«МН» мәтініндегі "Су" семантикалық өрісін құрайтын көптеген қолданыстар Судың мегафорралануымеи байланысты туындаған. Ол метафораға Судың табиғи стихиясы негіз болады. Оның заттың үш күйіне де өте алатын (қатты мұз, сұйық су, газ ауа) табиғи әмбебап физикалық қасиеті «су» атауының семантикалық өрісін барынша ауұымды щеңберге дейін өрістетеуге мүмкіндік береді. Мысалы, мәтіндегі - "ұйыған қан", "қайнаған қан" т. б. символдық мәнге ие қолданыстар. Сондай-ақ Су - тазалық пен адалдық символы (Таза мөлдір су - айна сияқты) :
А 389 Туруитур кдада каддиңиз хийали
А 390 Аииц дек кис су үзра тал нихали
А 391 Сениң чахранда, ей фирдавс сарви
А 392 Ецин қан бирла йу (ву) р чимган тазарви
А 393 Йүзүң пуры қуйашныц нурын өртар
А 394 Сақақың ту'ласи 'аламни өртар
Қ 389 Тұлғаң сенің көзімде елестеп тұр
Қ 390 Суға түскен тал шыбықтың сәулесіндей
Қ 391 Ей, жүмақтың сәрв қарағайы, сенің алмас жүзіңнен
Қ392 Көгалдағы қырғауыл аяғын қанмен жуады
Қ 393 Жүзінің нұры күннің де нұрын өртейді
Қ 394 Сағағының шұғыласы әлемді өртейді [2] .
Көңіл. Қазақта «көңіл көңілден су ішеді» деген сөз бар. Мағынасы адамдарды» арасындағы сыйластық, ақпарат алмасу т. б. Осындағы «көңіл» «ақыл-ес, сана» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Су ырыс, береке көзі: Қайу йирга буйурса, су урурлар (Қай жерге бұйырса, сонда жауын жауады) .
А 17 Йир үзра қудрати дарйа йаратты
А 18 Садафтин лү'лү-ү лала йаратгы
А 19 Ары гүлнин арының ашы қылды
А 20 Сабай йлин чаман фаррашы қылды
А 21 Булутлар Йилтек көкраб йүрүрлар
А 22 Қай жерге бұйуыса, су урурлар
Қ 17 Жер бетінде құдіретімен дария жаратты
Қ 18 Қауашақта жарқыратып лала (іпжу) гүлін жаратты
Қ 19 Таза гулді араныц асы қылды
Қ 20 ТаҢ самалын көгалға қызметші қылды
Қ 21 Бұталар пілдей күркіреп жүреді
Қ 22 Қай жерге бұйырса, сонда жауын жауады
Бір тамшы су // бир катра су
А 7 Йсети қат зар-нигар айвани вала
А 8 Йаратты алты күнда хақ-та' ала
А 9 Хава үзра бсрүр шунқарға куны
А 10 Толун айдек қылур бир қатра суны
Қ 7 Жеті қабат алтындалған зәулім сарайды (ғаламды)
Қ 8 Жаратты алты күнде Хақ тағала
Қ 9 Көкте қуды сұңқардың жемі етеді
Қ 10 Толған айдай қылар бір тамшы суды . . .
А 91 Ешиттиң ерса Йүсүфниц жамалин
А 92 Сени хүсв ичра сад чандан йараты
А 93 Карим таңри камалин қылса изхар
А 94 Сен айны бүйла бн нуқсан йараты
Л 95 Зехи Кадыр ким ол бир қатра суиы
А 96 Мұхаббат гавхаринга кан йаратты
А 97Азалда қылды Хоразмының мухтаж
А 98 Тағы манзурыны султан йаратты
Қ 91 Есітіп пе едің Жүсіптің сұлулығын
Қ 92 Сенің сұлулығыңды (одан) жүз есе артық жаратты
Қ 93 Ұлық тәңірі кемеліне келген әдемілікті жарияі қылды
Қ 94 Сен айды осылайша нұқсансыз етіп жаратты
Қ 95 Қандай ғажа! Қадір Алла бір тамшы суды
Қ 96 Махаббат гәуһарына кен (етіп) жаратты
Қ 97 Әзелден Хорезмиді мұқтаж қылып
Қ 98 Есесіне суйіктісін сұлтан жаратты.
Қазақта «Шілде (шілтен) суы», «Неке суы», «Зәмзәм суы», «Мейрам суы», «Әбілхаят суы» деген түсініктер бар.
Шілде (шілтен) суы. Жаңа туылған шақалақты «Ғайып ерен қырық шілтен» қырық күн бойы күзетеді деген түсінік Исламға дейінгі мәдениетімізді танытады. Қазіргі кезде де баланың туылғанына қырық күн толғанда "қырқынан шығару" дәстүрі бар екені аян. Осы сәбиді қырқынан шығарғанда шомылдыратын қырық қасық су «шілде суы» деп аталады. Осы кезеңмен байланысты «шілдесінде шырақ кормеген» деген мәтелдің де мағынасы өте ауыр. Ол "кішкентайынан түкке жарымаған, түк көрмеген" дегенді білдіреді.
Неке суы - ер мен әйелдің некесі қиылғанда берілетін қасиетті су. Оның "тазалык" және "жарына адалдық" сияқты мәндері бар. Ал "неке суын ішу" - ерлі-зайыптылардың бір біріне бертін серті. Ол тіліміздегі "ант-су ішті" деген тіркес мағынасымен астарлас түсінілетін мән.
Мейрам суы - «атау керсе» сияқты, адам бұ дүниеден өтерде ішетін соңғы сусын, адам көз жұмарда аузына тамызылатын су.
Зәмзәм суы - Меккеден әкелінген емдік қасиеті бар су. Діни наным бойынша адамның ауырған-сыздаған жері бірде басып, жанына жағымды әсер ететін шипасы бар су.
Әбілхаят суы бұ дүниеде мәңгі жасауға мүмкіндік беретін қасиетті су-мыс. Аңыз бойынша «оны іздеп мұхит суыи сапырған шайтандарға запыран ұсынылған . . . ».
Тілдік санамызда осындай фразеоматикалық бірліктер түрінде таңбаланған «СУ» «Мұхаббатнамеде» де ерекше орын алады. Мысалы қыпшақ ескерткішінде «Хызыр суып шашу» деген тіркес бар: Хызыр суйын сачалиң жан йүзиға Сұлулығын мәңгі ету үшін Хызыр суын шашалық жанананың жүзін) .
Бұя тіркес өзге дереккөздерде кейді, ягни Хорезмидің төл қолданысы. Алайда мағынасының «Әбілхаят суынының» семантикасымен сабақтастағы Хорезмидің исламға дейінгі мәдениеттен хабардар екенін көрсетеді. Автор пайымызда, «береке көзі » саналатын жаңбыр да тек Жаратушының бұйрығымен жауады: (іҚайу йирга буйурса, су урурлар (Қай жерге бұйырса, сонда жауын жауады) .
Осылайша, «Су» Хорезми шығармасындағы кілт мәнге ие күрделі семиотикалық таңба ретінде танылады. Оган негіз болған бастапқы ұғымдардың мәні қыпшақы дүниетамнымның үлкен бір бөлігін құрайтын діни-мифологиялық білімдер арқылы ашылады. білімдер арқыды ашылады. Автордың араб, парсы, түркі мәдениеттерінен қатар сусындаған білімді де білікті тұлга болуы оның жоғарыда келтірілгендер сияқты көркем қолданыстар түзуіне негіз болған.
Суретте күңгірт түспен берілген төрт шеңбер «жұмақта ағып жататын төрт бұлақпен байланысты: су. сүт, бал, шарап». Ал ашық бояулы шеңберлерде судың ұлттық танымымындағы (қазақы дүниенің тілдік бейнесіндегі - ДТБ) көріністері өрнектелген. Төртбұрыш ішіндегі «Хызыр суы» Хорезмидің төл танымын көрсетстін қолданыс ретінде «МН» мәтінінен алынып отыр.
Су стихиясының бір көрінісі - қан. Адамның тірі жан ретіндегі негізгі белгісі - оның бойында қанның айналып журуі, ағзасында ағып жатуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz