Қиын балалардың психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Баяндама
Тақырыбы:
Қиын бала

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қиын балалардың психологиясы
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық
қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі
қиын оқушылар санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып
табылады. Бұл уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жас өспірімдер
жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы
категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастай
басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие
алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. Қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде
адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш
сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол
жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас
тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.
Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі –
қиын балалар мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек,
оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық
сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты
коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-
зерттеулер жүргізіліп жатсада, қиын бала мәселесі әліде күн тәртібінен
түспей келеді Қиын оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру
бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық
мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның
негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу
жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы қиын
оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. мүмкіндіктерін
жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету.
Негізгі бөлім
1. Қиын балалардың психологиясы
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С.
Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен
де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев,
К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов,
В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын
балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-
педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп
оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік
және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту,
отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру
арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.
Педагог – ғылымдар қиын балалар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл
мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары
А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды. Ол елуінші жылдарға
дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан
кейін қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми
еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда қиын
балардың шығуына бірнеше себептер болады. Отбасы тәрбиесінің дұрыс
ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар
себеп болады. Қиын балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі
жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен.
Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді. І-топқа
күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық
жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушылар жатса, ІІ- ші топқа
осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді
сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы
өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған
жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық
әдебиеттерде қиынбалалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды
тәртібі төмендеген оқушылар, ал ІІ-ші топтағы оқушыларды тәртібі нашар
оқушылар деп атап, 3ші топтағы оқушыларды тәрбиеленуі қиын оқушылар деп
атаған орынды. Біздер осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып
қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде
ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса,
ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын
жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда
зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана тәрбиеленуі қиын оқушылар деп
аталынуы керек деп кеңес береді.
Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің
негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ
және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық
түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ,
құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен
адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып
табылады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам
өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-
қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам
бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни
маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан қиын оқушыларды жас
кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып
қалыптасуына кепілдік береді.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П.
Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын
балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол
қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды
жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен
қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен
мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін
оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.
Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі.
Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп
бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу
болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П.
Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың
ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі
Ұлы адамдардың тәрбие жайлы жазғандары
Арнайы психология туралы
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Қайта тәрбиелеу педагогикасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Балалар психология пәні
Пәндер