Мұғалімдердің рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
1. Қарым – қатынас
2. Қарым-қатынас түрлері
3. Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
4. Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын
педагогикалық функциялар
5. Топты ұйымдастырудың ережелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау
мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі
күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра
зерттеулер мен осы бағыттар жинақталған тәжірибелердің нәтижелері
жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-
қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім
мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі
кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса,
ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен
сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына,
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.
Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және
педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар
арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан
қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын
анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан
тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар,
әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін
педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып
кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.
Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-
Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

1. Қарым – қатынас

Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта
дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас
орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық
тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің
қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты
іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек
ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие
ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа
ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық
ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай
талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа,
ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін
психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше
мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп
қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-
мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық
тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып
көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау.
Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл
қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін
оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен
ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал
жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар
мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді
де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің
адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше
ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді
шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға
немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері
деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-
тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі балаларға оқу материалдарын
жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып,
сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-
қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен
сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты
көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері
жатады.Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-
құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері
туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп
анықтап көрсетейік:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға
деген қатынасы;
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы; 4.
Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет
ерекшеліктері.
Қарым - қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен,
ақпаратпен,тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі,
бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш
жағы және мезо, макро,микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.
Негізгі қызметі:
1)ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-
бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және
біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен
байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке
қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне
білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.
Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,
түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды
болдырмауға әрекет жасайды.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы
көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз
қарым-қатынас жасау;сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес,
өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және
тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен
қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға
сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып
табылады.
2. Қарым-қатынас түрлері

1) Маска контактісі – формальді қарым-қатынас, онда әңгімелесушінің
жеке даралық ерекшеліктері ескерілмейді, яғни бастапқы маска қолданылады
(кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және тағы басқа). Әңгімелесушіге
деген шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей, жестер, мимика қолданылады.
2) Жабайы қарым-қатынас – басқа адамды керекті және бөгет жасайтын
объект ретінде бағалау – егер әңгімелесуші адам керек болса, қарым-
қатынасқа белсенді түрде түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз
қылықтармен жауап береді.
3) Формальді-рольдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың тәсілі мен мазмұны
алдын-ала белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші туралы пікір оның
әлеуметтік орнына қарай анықталады.
4) Іскерлік қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін мінезі, жеке өзіне тән
ерекшеліктері, жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала
береді.
5) Рухани, жеке адам аралық достық қарым-қатынас – мұнда кез-келген
тақырыбта әңгімелесуге болады және тек ғана сөзбен емес, бір-бірін бет
әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер,
қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің көзқарасын, қызығушылығын жақсы білсе
ғана жүзеге асады.
6) Манипулятивті қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы
әңгімелесушіден пайда табуға бағытталған қарым-қатынас турі
Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып
қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат
алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана
компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның
әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
3. Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері

Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда.
Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары
туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы
туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дұрыс па? Менің
ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы
дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол -
отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары.
Бүгінде демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық
қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және
балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала - ұжым мүшесі.
Ұжым-тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға
мүмкіндігі бар.
Ұжым - ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың
ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде
асады.
Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта,
үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала
отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі
болуы мүмкін.
Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар - А.В. Луначарский,
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.
Мысалы, А.В.Луначарский: Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы
ұжым, - десе, Н. К. Крупская: Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда
өтеді деген. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-
қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей
алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де
өз құндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп
мән берген.
Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің
ұйымдары бар. Олар - Балдырған, Жас ұлан, Ұлан. Сондықтан
Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын
жойған жоқ.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын
жасады. Оның Педагогикалық поэмасы (1937 ж.), Мұнараның басындағы ту
(1938 ж.) атты еңбектері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің педагогикалық кеңесі
Биология сабақтарында Lesson planning hour технологиясын қолдануды зерттеу
Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің ролі
Бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындық моделі
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Мектеп – педагогикалық процестерді басқарудың орталығы
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы
Пәндер