Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазіргі психологияны оқытудың формалары мен әдістері

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының 3 курс
студенті Айбулатова А.М.
Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.

Орал, 2014ж

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары
2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы,
оқытудың формалары
3. Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Психологияны оқыту әдістемесі кез – келген педагогикалық пән ретінде
педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту
болғандықтан ғана оқыту психологиясы, психологияны оқыту әдістемесінің
негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі мәннің мазмұнына қатысы
жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының
әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі
маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді
жолдарын қамтамассыз ету болып табылады.Осы себептен ғылыми негізделген
оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын,
нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механиздерін) дайындалып
жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін
игеруінің психологиялық механизмдерінашуды қарастыру қажет.
Психологияны оқыту әдістемесі ықпал ету обьектісінің ерекшеліктерін
яғни студенттің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Психология мен көптеген
студенттер қызығады, олар оны оқи отырып өздерін таниды, кейін олар
психологиялық білімді өзінің болашақ адамдармен жұмыс барысында
қолданатынын түсінеді.
Психология оқытушының алдында тұрған негізгі міндет – оқушының оқу
әрекетін қалыптастыру немесе психологияны оқуға үйрету.Оқу әрекетін
қалыптастыру бұл – психологияны дұрыс оқуға үйрету. Психологиялық тұрғыда
бұл мәселе былай тұжырымдалады: оқушының санасынан тыс белгісіз игеріліп
қалай белгілі болады , обьективтіліктен субьективтілікке қалай айналады?
Осы сұраққа жауап дұрыс оқуға жол көрсетеді.
Осы мәселемен отандық психологияда 50 – жылдары айналысқан
Г.Я.Гальперин және оның ізбасарлары болды.
Адам санасынан тыс нәрселер қалай ішкі ақыл – ойға яғни сананың
жетістігіне , оның ақыл – ой жемісіне айналады? Деген сұраққа жауап іздеу
П.Я.Гальпериннің жоспарлы кезеңмен ақыл – ой әрекетін қалыптастыру
концепсиясына әкелді.
Бұл концепцияның жалпыпсихологиялық мәні өте кең, себебі ол қойылған
сұраққа жауап беріп ғана қоймайды сонымен қатар бұл бағдарлаушы әрекет
ретіндегі психология пәні тұралы ілім, жануарлар психикасы дамуынан
айырмашылығы бар адам психикасы эвалюциясы тұралы білім, психикалық
әрекеттің түрлері мен формалары (қабылдау зейін, ойлау) және олардың
қалыптасу заңдылықтары тұралы ғылым, психикалық әрекеттің негізгі
элементтері, яғни мұраттағы әрекеттер мен образдардың қалыптасу
заңдылықтары, яғни ақыл – ой амалдары мен ұғымдарының (қаалыптасуы тұралы)
педагогика тілінде “білім – іскерлік – дағды ” деп белгіленетін ұғымдарының
қалыптасуы тұралы ғылым.
Осы теорияға сәйкес (ғылым) оқу саналы әрекетті қалыптастыратын іс -
әрекет ретінде құрастырылыды.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл
бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар
қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына
ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі,
нәтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік
мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс
жоспарланған болуы қажет.
ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті
қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу
болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған
білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындық
өмірде қолдануға үйрету. Бірақ, психология – бұл гуманитарлық танымға
жататын ерекше ғылым. М.М. Бахтин гуманитарлық таным – ғылыми танымның
ерекше типі , оның негізінде зат емес, тұлға, субъект - субъект қатынасы
тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап
етпейді , ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің
дамуын “Психология ” пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес,
сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру
процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді
бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін,
өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу
болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне
орай психолог маманы үшін де , педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде
психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсаты
көздейді : өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен
қаруландыру. Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты
студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы
өзараәрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру,
бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді. Біздің
ойымызша, соңғы анықтама психологияны оқытудың мақсатын едәуір нақтырақ
айқындайды, себебі ол өзінің құрамына процесс пен оның соңғы нәтижесін ғана
емес, сонымен қатар басты назарды студенттерде психологиялық ойлай білу
іскерлігін қалыптастыруға аударады. Психологияны оқи отырып студент болашақ
мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап,
талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің
ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы
әлеуметтік-психолоргиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға
үйренуі қажет.
“Психологияның” оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің,
оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу
нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің
теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті -
өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу
әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив
болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру - бұл студенттің оқу әрекеті мен
амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік
дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу
әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен
әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болады.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:
➢ Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында
дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
➢ Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу
яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік,
баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға
талпыну.
➢ Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана
білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу
процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай
білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық
ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі тұралы қорытынды жасауға
үйрету.
Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
➢ Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу.
➢ Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.
➢ Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз
өзіндік жетілдіруіне бағыттау.
➢ Студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын
арттыру.
➢ Студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық психологияның
білімін қолдануға стимул (ұйтқы) жасау.

2. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы,
оқытудың формалары
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден
білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма
ретінде анықталады.
Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру
бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл – білімді
жүйелендіру.
Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасы бойынша сәйкес ғылыми пән
негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәнінің дәстүрлі түсінігі ортағасырлық университеттерден бастау
алады. Оқу пәні пәндік білімнің барлық қасиеттерін сипаттап, жүйелік және
құрылымдық функцияны атқарады. Осы кезде сапалық деңгейлік ерекшеліктер
ескерілмеді.
Жаңа уақытта ғылыми және оқу пәнін ажырату басталды. Оқу пәні көбіне
оқу – танымдық іс-әрекет әртүрлі жүйелері ретінде қарастырылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар
туындайды:
➢ Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс
пе?
➢ Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі
психологиядан айырмашылығы неде?
➢ Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған
психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
➢ Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді
іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі,
ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:
1. білімдер жүйесі;
2. меңгерілуге бағытталған оқу – танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құраушысын өңдеуде де келесі факторлар ескеріледі.
Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым
жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пән оқу пәні болуға мүмкіндігі бар.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу
пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен
түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір
әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы
бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі типі және
мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын
оқу танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әртүрлі болуы тиіс: 3.1.
Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3.2.
Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла
ма; 3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр
ма.
4) Оқушылар мен студенттердің жасерекшелігімен, даму деңгейі,
индивидуалды психологиялық ерекшеліктері шартталған белгілі бір
тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу
пәнін оқушылар мен студенттерде бар білімін негізге ала отырып құруы тиіс.
Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, түсініктерді
меңгеру қабілетіне қарай, түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді меңгеру
процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу
пәнін меңгеру дәріс, семинар, тәжірбиелік, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне
қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материалдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу
дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы,
нақты тапсырмалар, көрнекі материалдар, бақылау сұрақтары болуы мүмкін.
Сабақ беру әдістемесі жеке дидактика, яғни, белгілі бір оқу пәнін
оқыту теориясы ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жеке әдістеменің
объектісі қандай да бір пәнді оқыту процесі болса, пәні ретінде нақты бір
пәнге оқыту процесі мен мұғалімнің дәріс беру арасындағы өзара әрекет,
байланыс қарастырылады.
Кез келген жеке әдістемені өңдеудің негізгі факторы ретінде оқыту
мақсаттары болады. Бұл мақсаттар бағдарламалар мен оқулықтарға шыңдалған
білім беру мазмұнында өздерінің нақты көріністерін табады.
Мемлекеттік білім беру стандарты – бұл қоғамдық идеалды бейнелейтін
және реалды тұлға мүмкіндіктерін ескеретін және осы идеалға жетудің жолы
ретіндегі білімді бейнелейтін білімділік мемлекеттік нормасы ретінде
алынатын негізгі өлшемдер жүйесі.
Жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын өңдеу конкурсты
негізде жүзеге асырылады. Конкурс қарамағында жоғары оқу орны бар федералды
орындау билік органдары, министрліктер, ведомостволармен бірге жоғары білім
беруді орталық мемлекеттік басқару органдарымен өткізіледі.
Қазіргі заманғы білім беру стандартын құрастыруда:
➢ ортаның әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру, қызығу жақтардың
мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін ескеру,
➢ білім берудің тиімді ақырғы нәтижелеріне бағдарлану;
➢ білім беру сатылары бойынша бірізділікті сақтау;
➢ оқушының білімі мен тұлғасын дамытудағы ұлттық-аймақтық
ерекшеліктерін ескеру;
➢ мемлекет қызығушылықтарын, жеке аймақ және оқу мекемесінің
қызығушылықтарын, оқушының тәрбиелеу мен тұлға дамуының талаптарын
ескеру;
➢ оқушылардың оқу салмағын тиімді қылдыру, оларды түрлі типті оқу
мекемелері талаптарымен жүргізу;
➢ стандарт талаптарын инструменталды тексеру мүмкіндіктерін болжау
қажет.
Оқу мекемелерінің диверсификациясы – бір уақытта түрлі типтес жоғары
оқу орындарының дамуы: институттар, академиялар, университеттер
(мемлекеттік және мемлекеттік емес).
3. Мектептегі психологиялық оқытудың ерекшеліктері

Қазіргі заманғы мектепте психологияны оқыту қосымша білім беру арқылы
жүзеге асырылады. Осы пән бойынша оқушылар үшін бір қатар оқулықтар мен оқу
құралдары шығарылды. Алайда, оны мектепте қалай оқыту туралы бір көзқарас
әлі қалыптасқан жоқ. Бүгінгі таңдағы ең шиеленіскен мәселе – ол орта
мектепте психологияның оқыту қай педагогикалық парадигма бойынша – дәстүрлі
ме, әлде гуманистік пе деген сұрақ.
Дәстүрлі концепциямен оқытуда оқытушының негізгі міндеті оқушыларға
білім беру және оларда қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру болып
табылады. Мұғалім оқушыға білімді ауызша түрде береді немесе ақпарат алуға
болатын оқулық мәтінін ұсынады. Оқушы белгілі бір көлемдегі білімді
алғаннан кейін мұғалім оның меңгеру сапасын тексереді. Мұндай бағыттың
негізі – оқушының меңгеруі және бағасына бақылау жасау. Берілген
концептуалды схемадағы психологияның мұғалімі басқа кез-келген пән
мұғалімінен еш айырмасы жоқ.
Бұл жағдайда психологиялық білімдерді құрылымдау танудың
натурфилософиялық логикасымен сәйкестікте жүзеге асырылады, яғни тұтас
құрамдық бөліктерге бөлінеді және жекелей оқытылады. Мысалы, бүгін
түйсіну, оның қасиеттері және функциясы деген тақырыпты талдаймыз.
Ертеңгі сабақта Қабылдау тақырыбы, одан кейінгі – Ойлау және солай
жалғаса береді. Бейнелеп айтқанда, мұндай бағытта адам жалпылай оқытылады
және осы жалпы адамда жалпы түйсінуі болады, Жалпы тұлға, жалпы іс-
әрекет және т.с.с. Мұның барлығы тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Пәндер