ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие беру процесінің зерттелуі . . . 7
1. 2 Қазақ ғалымдарының экологиялық білімдері жөніндегі зерттеулері . . . 17
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 24
2. 1 Бастауыш мектепте экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың қазіргі бағыттары . . . 24
2. 2 Бастауыш мектеп мұғалімдерінің экологиялық жұмыстарды ұйымдастыруы
. . . 30
3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ . . . 44
3. 1 Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдары мен әдістері . . . 44
3. 2 Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастырудағы тәжірибелік әдіс негіздері . . . 49
3. 3 Эксперимент жұмысы және оның нәтижесі . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам - адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Респуб-ликасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы"
(1997), "Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары" (1998), "Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы" (2004) және т. б. құжаттар қабылданды.
1972 жылы Стокгольмде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратагиялық жоспарлары қабылданды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: " . . . елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: «Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн»- деп көрсетті.
Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.
“Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің,
Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас”, - деп классик жазушы Илияс Жансүгіров айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері баланың болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтуге жол ашады.
Баланы туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру - бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттің бірі. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, - демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар - мектеп пен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат - баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген.
Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоццидің еңбектері мен Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.
Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, Е. Н. Водовозова, Е. И. Тихеева, Л. К. Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С. Көбеев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыровтардың еңбегі зор.
XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық кезеңнен тұрақты даму парадигмасына ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы тенденциялар, жаңа концепциялардың мәні де, мақсаты да адамның экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары экологиялық білім, экологиялық тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.
Атап айтқанда: Н. С. Сарыбеков, Ә. С. Бейсенова, М. Н. Сарыбеков, Ж. Б. Шілдебаев т. б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө. Т. Танабаев, С. Әбубәкіров, Қ. Нұрланова, З. Серікқалиұлы, Д. Н. Сарыбеков, К. Ж. Бұзаубақова, Г. К. Құрманбаева, М. А. Лигай, А. Болтаев, Г. М. Сабденалиева, С. Тілеубергенов, Д. І. Жангельдина, В. П. Кәрібжанова, А. Қ. Егенисова, Н. Т. Есеналина, К. И. Исламова т. б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.
Психологтар Л. Выготский, С. Рубинштейн, И. Кон, Е. Кудрявцева, В. Ясвин, Л. Божович, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, т. б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. С. Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі - қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “ . . . басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам” - дейді.
Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе.
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:
- оқушылардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
- табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы;
-табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
- табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;
Осы қарама - қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек. Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық жұмыс тақырыбын "Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие беру " - деп атауға негіз болды.
Тақырыптың зерттеу мақсаты:
- бастауыш мектепте оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын анықтау;
- оқушыларды өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге үйрету;
- бастауыш сынып оқушыларының тілін, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге шығармашылыққа жетелеу.
Зерттеу міндеттері - бастауыш мектеп оқушыларын экологиялық білімнің теориялық негіздерімен таныстыру;
- бастауыш мектепті экологиялық білімді қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;
- дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру мен тәрбие жолдарын зерттеу;
- оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу жолдарын анықтау;
- экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.
Зерттеу болжамы - Егер, бастауыш сыныптағы балаларға берілетін экология жайындағы ұғым олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады
Зерттеу пәні - бастауыш мектептегі экологиялық білімді қалыптастыру және тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу кезеңдері - зерттеу үш кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде - зерттеудің ғылыми аппараты айқындалып, тақырыптың теориялық мәселелері тұжырымдалды. Екінші кезеңде - эксперименттік зерттеулердің мазмұны анықталып, қалыптастырушы эксперимент жүргізілді. Үшінші кезең - зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді, талдау жасалды. Зерттеудің қорытындысы жасалды.
Тәжірибелік маңызы - осы диплом жұмысының қорытындысын ұстаздар мен студенттер болашақта өздерінің күнделікті оқу тәрбие процесінде жүйелі түрде қолдануларына болады деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының құрылымы - диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу базасы - Орал қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 3в сыныбы.
Зерттеу әдісі - педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау, педагогикалық эксперимент, бақылау әдісі.
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде оқушылардың
экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие беру процесінің зерттелуі
“Экологиялық проблемалар - ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашқ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр”, дейді заманымыздың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов[4, 128] .
Қазіргі әледе экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыс жағдайы шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экология - жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін биология, . Физиология, генетика, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызды зор ілім. Соңғы жылдары елімізде ортақ табиғат жайлы, экология зардаптылық жөнінде көптеген мәселелер көтеріліп, баспасөз беттерінде жиі жарияланып та келеді. Оның өзіндік сыры да бар. Алып Арал теңізінің етегі мен Байқоңыр ғарыш айлағының түбіне орналасқан елді мекендердің бірі - Қармақшы топырағына да оның зардабы тимей отырған жоқ. Суы тартылған арал теңізінен көтерілген тозаң мен Байқоңыр ғарыш айлағының ластанған ауасы адам ағзасы ғана емес жануарлармен өсімдіктер дүниесінің де еркін өсіп дамуына мүмкіндік бермей, мыңдаған гектар жердің жлаңаштанып, тұзға айналуына әкеп соқтыруда. Сонымен бірге Байқоңырдың Қазақстан азаматтарының денсаулығына кері әсерін тигізетін көлеңкелі жақтары да аз емес.
Экологиялық проблемаларды шешу үшін табиғт қорғау мен оның жұмысының құқықтық негізін қамтамасыз ету жеткіліксіз. Ол үшін кәсіпкерлерде, өндірісшілерде, мемлекеттік қызметкерлерде, барлық азаматтарда нақты экологиялық мәдениет, қоршаған орта деген ойдың орнығуын қалыптастырмай болмайды. Денсаулықтың қадірін, әдетта адам ауырғанда білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, тұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 пайызы өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен[5, 165] .
Халықтың денсаулығына қоршаған орта әсер ететіндектен санитарлық - эпидемиологиялық бақылау жүйесін одан әрі жақсарту, аз шығын жасай отырып тиімді амбулаториялық, емханалық көмек беретін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын қалыптастыру жұмыстары көзделуде.
Қоғам байлығы - адам. Ал адамның байлығы оның денсаулығында. Денсаулықты жақсарту үшін таза ауа, таза су, құнарлы тамақ қажет [6, 42] .
Бүгінгі күннің нағыз өзекті тақырыбының бірі - табиғатты қорғау мәселесі, ол баршаның төл қызметіне айналды. Бұл мәселенің құндылығын өмірдің өзі алға қойып отыр. Экологиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі - адамзаттың сауатсыздығынынан. Бүкіл дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден бір жолы - жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім тәрбие беру. Мұндағы басты мақсат - экологиялық білімді бойына сіңіру. Жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілікті қалыптастыра отырып, адам - қоғам - табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту[7, 45] .
Кез келген табиғи ортаны бүлдіретін ұсақ - түйек болып келетін жұмыстар үлкен апаттарға апаратынын, табиғат өзіне жасалған қиянатты еш уақытта кешірмейтінін түсінетін уақыт жетті[8, 19] .
Экология - биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың орта шешінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуден, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтеріңн біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде морфологиялық, физиологиялық бейімлелушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 2 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, тағы басқа шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцоа, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формазов, Н. И. Калабухов, тағы басқалар жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфилов, П. Н. Крылов, т. б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе осы кезеңдердегі Г. Ф. Морзовтың “Орман туралы ілімі”, Д. Н. Кашкаровтың “Орта және бірлестіктер”, “Жануарлар экологиясының негіздері”, ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілім”, орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В. И. Вернадскийдің “Биосфера туралы ілім”, тағы басқа ғалымдардың еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әр экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Т. Ноганзян), топырақгағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. БейБиенко, В. В. Яхонтов, Г. А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко) деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, А. П. Пенниковтың "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963) тағы басқа еңбектегі қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
Осы орайда Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич
С. В. Шостик, П. Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев,
Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк тағы басқалар өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу кұралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы (1934), Шелфорд пен Ф. Клементгің "Биологая" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздсрі" (1981), Н. Чернова мен А. Былованың "Экология (1988), А. Радкевичтін "Экологая (1977), Н. Ф. Реймерстің «Экологня» (1944), тағы басқа еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялқ және практикалық зерттеулер жүргізілуде.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының экологиялық педогогика (көпшілікке экологиялық тәрбие және білім беру) адам экологиясы және халыктық экология бағыттары дами түсуде. Бұл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты[9, 45] .
Экология ғылымының негізгі мақсаты шығын сақгау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы дәрежесінің жоғары болуына ыкпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.
1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тблиси қаласында БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары «Экологиялық білім беру» туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық стратегиялық жоспарлар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), тағы басқа конференцияларымен жалғасады[10; 32] .
Экологиялық білім берудің бұрынғы КСРО кезеңіне тоқталсақ, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz