Коммуникативтік әрекеттің тілдік құралдары мен рецептивті дағдыларды (тыңдау және оқу) оқыту талаптары - B2 деңгей


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КОММУНИКАТИВТІК ӘРЕКЕТТІҢ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРЫ РЕЦЕПТИВТІК ТҮРЛЕРІНЕ ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ТЫҢДАП ТҮСІНУ

Тыңдап түсіну қабылдау мақсатында студенттер төмендегі әрекеттерді іске асырады:

- деректі және дерексіз тақырыпқа байланысты тілдік және мағыналық жағынан күрделі сөйлеудің негізгі желісін түсіну;

- айналасында айтылып жатқан сөздің көбін түсіну және талқылауға қатысу;

- оқу-кәсіби ауқымына байланысты тақырыбы және тілі жағынан күрделі лекциялардың, әңгімелердің, баяндамалардың тағы басқа сөз сөйлеудің негізгі бағыттарын түсіну;

- деректі және дерексіз тақырыптарға байланысты әдеттегі жылдамдықпен айтылатын хабарлар мен жаңалықтарды түсіну;

- кедергілері бар таспаға жазылған ақпаратты тыңдау барысында толық түсіну;

- магнитафонға жазылған сөзді, сөйлеушінің көзқарасын, оның бір нәрсеге көңіл бөлуін түсіну және сөйлеу барысындағы ақпаратты айқындау;

- таспаға не радиоға жазылған деректі радиохабарларды және басқа бейне материалдарды түсіну;

- теледидар арқылы берілетін жаңалықтарды және күнделікті оқиғалар туралы бағдарламаларды түсіну;

- деректі фильмдер, сұхбат, ток-шоу тағы сондай басқа деректердің мазмұнын түсіну.

Тыңдап түсіну дағдылар қалыптасуын бағалау өлшемдері:

1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабардардың, сұхбаттың) (жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау) .

2. Тыңдау арқылы мәтіннің түрін және тақырыбын анықтау.

3. Басты ақиқат фактілерді, түйінді сөздерді қайталап тыңдау барысында ерекше айқындау.

4. Тыңдалатын мәтіннің негізгі фактілерін берілген логикалық жүйесінде айтып шығу.

Нормативтері:

Мәтіннің дыбысталу уақыты, тапсырманы орындаумен бірге: 40 мин. Сөйлеу ырғағы: бір қалыпты

Қойылатын талаптар: екі рет тындау

(кедергі бөлулермен тыңдау)

Көлемі: 8 қысқаша монолог сөз (әрқайсысы 1 мин., үзіліспен қосқанда (барлығы10 мин. ), радиохабар үзіндісінен тұратын 5 диалог сөз (4 мин. 30 сек. үзіліспен қосқанда барлығы 12 мин. ), радио арқылы берілетін 5 жарнамалық хабарландыру (әрқайсысы 35 сек. үзіліспен қосқанда барлығы 7 мин. ), 1 сұхбат (4 мин. 30 сек., үзіліспен қосқанда барлығы 11 мин. ) .

ОҚУ

Студенттер оқудың төмендегідей стратегияларын меңгереді:

- таныса оқу

- зерттей оқу

- көз жүгірте оқу

- іздей оқу

Студенттер оқу стратегиясына сәйкес төмендегідей оқу іскерліктерін меңгереді:

- маңызды нақтысын атап көрсетіп, күрделі үлкен мәтінді тез қарап шығу;

- мақаланың мағынасын тез шолу және жаңалықтың мақаланың немесе мәліметтің тақырыптары бойынша өзектілігін анықтап, оларды егжей-тегжей оқуға қажеттісін белгілеу;

- қажетті анықтама материалдарды қолдана отырып мәтіндерді өздік оқу және түсіну (идиомалық сөз тіркестері қиыншылық туғызуы мүмкін) ;

- газеттерде және журналдарда берілетін мақалалардың ең маңызды фактілер мен оқиғаларын белгілеу;

- басты ойды, идеяны белгілеу;

- мәтіннің мазмұнын дәл және барабарлығын түсіну;

- таныс емес сөздер мағынасын контекст және сөз құрылымына қарап анықтау (контекстуалдық және тілдік болжам) ;

- мәтіннің ақиқаттық және ұлттық-мәдени мағыналы компоненті бар сөздерді табу;

- мәдениеттанымдық маңызды ақпаратты іріктеу;

- алынған ақпаратқа сын көзбен қарау, фактілермен оқиғаларды бағалау;

- өтіп жатқан оқиғаларға және кейіпкерлер әрекетіне өз қатынасын, пікірін білдіру:

- қажетті ақпарат іздеу барысында күрделі үлкен мәтінді қарап шығу;

- белгілі бір ақпаратты, соның ішінде анықтамалық сипаттағы ақпаратты табу;

- грамматикалық материалдан ақпарат алу (жарнама, проспектілер, бағдарламалар, нұсқаулар, кітапшалар . . . ) ;

- көңіл аударатын сұрақтар бойынша корреспонденция (газет, журнал хабарларын оқу және қиындыксыз негізгі мағынасын байқап түсіну) ;

Оқу дағдылары калыптасуын бағалау өлшемдері:

1. Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, проспект, каталог т. б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау т. б. ) ;

2. Мәтінді толық түсіну (газеттер мен журналдардағы мақалаларды және т. б. ) ; (кейбір ңақтылықтарға, фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, ең бастыны болмашыдан және т. б. айыра білу) ;

3. Қойылған мақсатқа сәйкес қажетті ақпаратты жылдам табу.

Нормативтері:

Оқу уақыты тапсырмаларды орындаумен бірге - 1 сағ. 15 мин

Мәтіннің жалпы көлемі: - журналдан алынған 1 мақала (700 сөз), іздене оқу

- әдеби кітаптан алынған 1 мәтін (800 сөз), таныса оқу

- газеттен алынған 1 мақала (400 сөз), зерттей оқу

- газет немесе журналдан алынған 1 мақала (800 сөз), іздене оқу

Оқу әдебиеті: мәтіннің көлемі - 1700 сөз (аптасына)

3-ші оқу жылының (В2 деңгейінің) қорытынды бақылауы 2 бөлімнен

тұрады:

(емтихан 8-семестрде)

Емтиханның Жазбаша бөлігі - 4 сағат 40 минут

1. Оқу іскерліктерінің қалыптасқаның тексеретін тестер (В2 нормативін қараңыз) уақыты -1 сағ 15 минут;

2. Жазба сөз іскерліктерінің қапыптасқанын тексеру (В2 нормативін (қараңыз) уақыты - 1 сағ 30 минут;

3. Лексикалық-грамматикалық тест -1 сағ 15 мин. ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытуда ауызша коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру: коммуникативті оқыту технологиясы мен әдістері
Қазақстандағы үш тілде оқыту: CEFR деңгейлік тәсілі мен тілдік дағдыларды бағалау
Орта мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі және АКТ арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту
Тілдік емес мамандық студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін дискуссиялық оқыту арқылы дамыту
Орта мектепте мәтін арқылы тілдік дағдыларды қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш мектепте математика пәнін ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен оқыту: интербелсенді әдістер арқылы геометриялық дағдыларды қалыптастыру
Тілдік қатынас пен коммуникативтік терминдер жүйесі
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы: коммуникативтік іс-әрекеттің теориясы мен тәжірибесі
Аудармашының тілдік тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтік-коммуникативтік сипаттамалары
Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудың әдістемесі мен коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz