Ғылыми эксперимент



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Кешенді педегогикалық эксперимент әдісі

Орындаған: Баймбетова М.Н.

Тексерген: Қадыржанова Ж.Е.

Орал 2014
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Бақылау туралы жалпы түсінік
1.1. Бақылау әдісі және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
IІ. Эксперимент туралы жалпы түсінік
2.1. Ғылыми
эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..8
2.2. Ақыл – ой
эксперименті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .10
Қорытыныды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..12

Кіріспе
Педагогика ғылымы өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту
мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері -
педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді
талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және
эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық
әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру.
Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама,
тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық,
статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау,
рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу
(эксперимент).
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша
жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ,
саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі
оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі
болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты
дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі
зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына
байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды
жаппай және ішінара жүргізуге болады.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін
ғылыми-зерттеу жұмысы.
Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-іздену, іздену
жұмыстары, тәжірибе, тәжірибелі эксперименттік жұмыс, зерттеу
жұмыстары т.б.
Педагогикада эксперимент деп нені атайды ? Эксперимент- болжауды
(гипотеза) тексеру.
Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен
жасалған технология , өлшем жүйесі сондай – ақ білім мекемесіндегі іздену
жұмыстары.
Мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа
технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылауда эксперименттің негізі
болып табылады.
Эксперименттеу, демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді
дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.
І. Бақылау туралы жалпы түсінік
1.1. Бақылау әдісі және оның түрлері
Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік
береді.
Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық -
педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.
Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын
өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.
Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің
қатысуына байланысты.
Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні —
оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне,
қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау
үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар:
тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды
Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың
білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі.
Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу
бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл
Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен
түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші
машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен
сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында
өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау
нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және
практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан
және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі.
Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.
Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде
бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған
мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін
процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас
кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты,
аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы
ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі.
Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек.
Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес.
Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама,
ашық, жабық бақылаулар болады.
Бақылаудық бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері
белгіленеді.
Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау
зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының
ойындарын, жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші
нақты нұсқаулар береді, бақылаудық табыстылығы, зерттеушінің дайындығына
байланысты.
Ұжым болып бақылау кезінде біріншісі - зерттеуші мұғалімнің іс-
әрекетін, екіншісі - оқушылардың, үшіншісі - жекелеген оқушылардың іс-
әрекетін белгілейді.
Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге
мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бастауыш сынып оқушылары
зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй
тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің
дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты.
Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше
болады. Сондықтан бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз.
Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді.
Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық
суретін береді.
Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық
жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз
қаралады.
Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар
бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа ңа-былданған оқушыларды зерттеу.
Объектілері - оқушының мәдениеттілігі, ой-өрісі, мінезі, т.б.
Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген
бақылаудық өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде
жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі баланың денсаулығы, отбасының құрамы, ата-
аналарының мамандығы жөнінде қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін
бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді.
Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сыныптан тыс сабақтың кезінде барлығын
түгел жазып отыруға мұғалімнің уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру
керек болады. Оқушылардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән
ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған жөн.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен
деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде
жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір
оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын
айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек.
Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға
болады. Әңгіме Бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.

IІ. Эксперимент туралы жалпы түсінік
2.1. Ғылыми эксперимент
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс.
Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоотехниялық эксперименттер
Эксперименттік әдістің теориялық негіздері
Жоспарлаудың объективті деңгейі оңтайландыру параметрін таңдау дұрыстығы
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологиялық эксперименттің тазалығы
Мектеп жасына дейінгі балаларда зерттеушілік әрекеттің дамуы жағдайындағы балалардың эксперименті
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Эксперимент теориясы мен әдістемесі
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Пәндер