Ойын шарты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1)Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата.

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлары туралы білімдерін бекіту. Тез
ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.

Көрнекілік: орманның, жануаларының мазмұнды суреттері

Ойынның шарты:орманның, қораның суреттері салынған үлкен картаның
астындағы бос тор көздерге тісті жануарларды жарыса отырып орналастыру.

Ойынның барысы: ойыншылар 2 топқа бөлініп, әртүрлі табиғат көрінісі
салынған бір-бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша
балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы
салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор
көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді. Ойыншылар
үлкен карталарымен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады.

2)Қай жануар қайда мекендейді?

Мақсаты:жануарларды ұқсас белгіліріне қарай табу, оларды мекен-жайын
анықтау.

Ойынның шарты:ойыншыға тасты беріп, жануарларды суреттеу арқылы қай жануар
екенің дұрыс таба білу

Көрнекілік:жануарлардың,үй құстарының мазмұнды суреттері

Ойынның барысы: жүргізуші балаларды ойынның мазмұнымен таныстырады:
-Естеріңде ме, балалар, біз суреттеу арқылы екі заттың ұқсастықтарын тауып
үйренгенбіз. Бүгін біз былай ойнап көрелік. Әркім екі жануарды көз алдына
елестетіп, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын суреттеп береді.
Біз жауабын тауып, қайда мекендейтінің айтамыз. Менің қолымдағы тасты кімге
берсем, сол жұмбақтайды. Тасты алған бала былай жұмбақтауы мүмкін: Екі
жануар да жылдам қимылдайды. Біреуі сұр түсті, екіншісі сары түсті. Біреуі
тауықтарды жақсы көреді, өзі сондай қу, ал екіншісі малға шабады, өзі
қорқақ. Бұлар қандай жануалар және қайда мекендейді? Деп тасты екінші
балаға ұсынады. Ол жауабын айтады. Жауап дұрыс болмаса, айыбы төленеді.
Ойынды осылай жалғастыра беруге болады.

3)Қарап ал да, есіңе сақта!

Мақсаты: Балалар көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете
отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға,үй жануарларын, аңдарды және
құстардың жалпы аттарын айтқызу, оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:Үй жануарларың,аңдардың,құстардың суреттері

Ойын шарты: Балалар бірінші суреттен қой, сиыр, ешкі, түйе-үй жануарларын,
екінші суретте аю, қасқыр, түлкі-жабайы аңдарды атайды. Үшінші суретте-
қарлығаш, көгершін, тотықұс-құстарды атап шығады.

4) Не артық?

Мақсаты:Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен
жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы
болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойынның шарты: Үлгідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенің
табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады.
Неліктен артық екенің түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін
бекітеді.

5) Дала жануары мен үй жануарын ата

Мақсаты: Балаларды үй жануары мен дала жануарларын ажыратуға, олардың
қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп, қорғауға,
қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Үй жануарлары мен дала жануарларының суреттері

Ойынның шарты: Балаларға жануарлардың суреттері беріледі. Олардың қалай
дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады.

Әрбір ата-ана –отбасындағы баланы тәрбиелеудегі басты тұлға. Ата-ана өз
басының бүгінгі заман талабына сай білім алып,инабатты,өнегелі, тәрбиелі
болуына жағдай жасайды.Баланың әкесі мен анасы өз перзентіне үлгілі болуы
керек. Бала өмірдің –гүлі және бала-бақыт демекші, бала өміріміздің гүлі,
және біз тек балаларымызбен ғана бақытты боламыз. Баланы дұрыс тәрбиелеу
үшін баланы өте жақсы білу керек.Ол үшін баланың жаңа қалыптасып келе
жатқан мінез- құлқын, көңіл-күйін бақылап, оқу тәрбие жұмыстарына қатысып
отыруы керек.

Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы
мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүруге тәрбиелеу. Баланың
адамдар мен қарым-қатынас жасауы,қоғамға енуі отбасынан басталады.Бала
тәрбиелеу оңай жұмыс емес,ол үшін шеберік пен шыдамдылықты талап
етеді.Қазақтың ұлы ақыны Абайда отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар
тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып отбасы тәрбиесі
ұйымдастыруға кеңестер береді.Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-
анасынан алады.Жақсы тілекпен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-
ананың өзі.

Балаларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы үлкен рөл атқарады.Аса күрделі
бұл істе ата-аналарға көмектесу педагогтің борышы және міндеті.Отбасының
балалар бақшасының балаға ықпалы бір бағытта болу керек.Бұлардың арасында
байланыстың жоқтығы баланың екі жүзді болуына соқтырады, өйткені ол кейде
біріне-бірі қайшы талаптарға бейімделуге тырысады.

Адамгершілік тәрбие беруде балалар бақшасымен отбасының бірлігін орнатудың
міндетті шарты-ата-аналардың балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиеніің
жобасы мен оны жүзеге асыру әдісін білуі болып табылады.Олардың өз
балаларының моральдық даму дәрежесін дұрыс бағалауының олардың жақсы мен
жаман жағын көре білуінің, теріс мінезі туу себептерін және оны жою
жолдарын түсінуінің маңызы да кем емес.

Әке тәрбиеін көрген баланың өмірге көзқарасы, сана-сезімі өте жоғары
болады.

Бала тәрбиесімен айналысатын барша ата-аналар қауымы бар күш-жігерін баланы
тәрбелеуге жұмсаса, ұлттық тәрбие тағылымының қалыпты жүйесін тайға таңба
басқандай таңбалайды.

Тегінде ел берекелі де парасатты тәжірибе-әрине халық деген тұжырымда,
ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық
дәстүрлер,ұстаздық ойлар болса керек-ті.-дейді қазақтың көрнекті ақыны
М.Әімбаев.Балаға болашағым деп қараған халқымыз ұрпағына аманат еткен. Сол
аманатқа біз салауаты етіп жүрмізбе? Ата-бабаларымы бізді өшпес ізгі
дәстүрдің өнегесімен өсірді.Бүгінгі ата-ананың таңның таудай талабы-білімді
де білікті ұрпақ тәрбиелу.

Сонымен қатар баланың ақыл-ойының дамуына ата-ана үлкен ықпал жасайды.Ата-
ананың сөйлеу тілі мен мәдениеті, сөйлеу мәнері мен тіл байлығы балалардың
еліктеуіне үлгі болады.

Ата-аналар серуендеу кезінде сапарға шыққанда балалардың назарын қоршаған
табиғатқа және т.б. аудара отырып балалардың ой-өрісін кеңейтетін көп
жұмыстар жүргізуіне болады.Адамның моралдық сана негіздері мектепке дейінгі
балалық шақта қалыптасады.Мектепке дейінгі жылдарда бала ата-анасын
жетекшілігімен, құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың тәлім-тәрбие алудың
бастапқы тәжірибесіне ие болады.

Баланың адамгершілік сезімдерін қалыптастырудағы негізгі міндеті-балалардың
адамгершілік сезімдерін,мінез-құлықтың ізгі дағдыларымен адамгершілік
ұғымдары мен мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру.

Отбасындағы балалардың мәдени қарым-қатынас жасау,шын айту,тазалық, тәртіп
сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау,еңбек ету әдеті қалыптасады.

Ата-аналардың балалары алдында олардың деңсаулығының дұрыс жетіліп өсуін
қамтамасыз ету, тәбие беру,білім беру сияқты міндеттереін орындауы, ал
балалары ата-анасын қамқорлыққа алып,сүйініш болу секілді міндеттері
ұштасып жатады.

Тәбиешінің отбасыме жүргізетін жұмысының нәтижесі балаларға кішкентайынан-
ақ адамгершілік тәрбие берудің қажеттілігіне, олардың мінез-құлықындағы
нашар жақтардың алдын-алу және жою,оларға еліміздің лайықты азаматтарын
өсіріп шығару мүмкін екендігін ата-аналардың кәміл сенімінін қалыптасуы
болып табылады.

Отбасы-адам баласының өсіп -өнер алтын ұясы. Әрбір алтын ұяадағы
балаларыныз аман болсын!

Ж.Досмұхамедов атындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі
Дидактикалық ойындар және олардың түрлері
Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Сюжетті - рөлдік ойындар
Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі
Орындарыңа барыңдар
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл қозғалыс ойындарының мазмұны
Жапсырмалау
Пәндер