ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дәуірдегі қазақ әдебиеті - жалпы демократиялық қозғалыстар, қиян-кескі соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс дәуір тарихын көрсететін әдебиет еді.
Негізінен көркем шығарма теориясы, оның ішінде проза поэтикасы жайлы арнайы жазылған жүйелі жұмыстың өзі жоқтың қасы.
Жалпы поэтика мәселесі, оның ішінде проза поэтикасы туралы мәселе тек қазақ әдебиетінде ғана емес, дүние жүзілік әдебиеттану ғылымында да қала берді. Одақ көлемінде де өте аз зерттелген проблемалардың бірі. Бұл туралы орыс әдебиетінде: А.Н. Веселовскийдің, Л.Гроссманның, А.П. Скафтымовтың, М.М. Бахтиннің, кейбір шығармалар поэтикасы жайлы жазған кітаптары мен СССР Ғылым академиясының поэтика мен стилистика мәселесіне арнаған бір-екі жинағынан басқа нақтылы еңбек жоқ десе де болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы поэтика жайлы, оның ішінде проза поэтикасы жайлы зерттеу - тек қазақ әдебиеті жағдайында ғана емес, бүкіл одақтық көлемінде де қазіргі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған зәру проблемалардың бірі.
М.Жұмабаев шығармашылығы әңгіме болғанда, прозалық туындыларының ішінде көбіне Шолпанның күнәсі әңгімесіне ғана назар аударылып отырады. Оның прозадағы көркемдік шеберлігін жете зерттеген жұмыстар- әзірге санаулы әдебиеттанушы-ғалымдардың Шолпанның күнәсі әңгімесі туралы талдаулары ғана.
Шолпанның күнәсі әңгімесі - ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасына жаңа леп әкелген өміршең дүние. Оның қазақ елінің жай-күйіне атсалысқан азаматтық белсенділігі, публицистік шеберлігі, Педагогика еңбегіндегі ұлт тәрбиесіне қосқан қомақты үлесі оның қаламгерлік қызметін әлі де тереңірек зерделеуді қажет етеді.
Түйіндей айтқанда, М. Жұмабаев әңгімелерінің, әдеби-сын еңбектерінің поэтикасы диплом жұмысқа арқау болуы - бұл зерттеудің өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі, Гүлсім әңгімелері, әдеби-сын, аударма еңбектері.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - жазушы прозасының поэтикасын, бүгінгі оқырманға берер эстетикалық тағылымын және қаламгерлік шеберлігінің қыр-сырын одан әрі аша түсу.
Оның шығармашылық даралығын, прозасындағы тақырыптық-идеялық ізденістер мен жанрлық көркемдік, стильдік ерекшеліктерінің сырын ашу, сондай-ақ, қаламгердің ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесін, прозасының қазақ әдебиетінен алатын өзіндік орнын анықтау мақсатында төмендегідей міндеттерді қойдық:
Әдебиеттанудағы соның ішіндегі қазақ әдебиетіндегі поэтикасы мәселесінің мәнін ашу;
М.Жұмабаев прозасындағы поэтика көрінісін саралау;
Мағжан аудармалары мен ғылыми-зерттеу еңбектеріндегі поэтика мәселесінің орын алуын бағамдау.
Диплом жұмысының дереккөздері. М.Жұмабаевтың шығармалар жинағы, Ш. Елеукенов Мағжан, В. Скоблев Поэтика рассказа, М. Жұмабаев Педагогика, М. Атымов Қазақ романдарының поэтикасы, Б. Майтанов М. Жұмабаевтың поэтикасы - еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом М.Жұмабаевтың прозалық туындарының жан-жақты қамтып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырған зерттеу еңбек болып табылады.
Жұмыста Мағжан Жұмабаевтың прозалық шығармаларының жанрыл-көркемдік ерекшеліктері сипатталып, бұған дейін тұтастай сөз болмаған жазушы әңгімелері мен зерттеулері, мақалалары, аудармалары кең ауқымда зерттеу нысанасы болды. Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдағы басқа қаламдастардан осыларымен ерекшеленетін болса, зерттеу жұмысымызда оны нақты дәлелдермен көрсеттік.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелерін оқушылар мен студенттерге білім беру барысында жоғары оқу орындарында және мектеп қабырғаларында әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Зерттеу барысында мынадай тұжырымдар жасалынды:
Поэтика - оқырманға шығармашылық әдісін танытушы бір ғылым саласы;
М.Жұмабаев туындыларында поэтика мәселесі автордың шеберлігін дамытқан дәйегі айқын көрініп отыр;
М. Жұмабаев - әдеби психологизм әдістеріне ұлттық психология тұрғысынан келіп, жаңаша ой қорыта білген суреткер;
Ол - өз заманында әсерлі де бай, бейнелі тілі арқылы оқырманға ой салып, қоғамдағы құбылыстың ара-жігін ажыратып, дәл және нақты ой-пікір білдірген публицист;
Педагогика саласында еңбек жазып, ғылыми ұғымдарды өз тілімізде нақты, мағыналы зерделеп, ғылыми терминдерді айналымға енгізген әдіскер-ұстаз.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында баяндау, сипаттау, жинақтау, салыстыру, талдау тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ

Поэтикалық тіл - поэтикалық, көркемдік, эстетикалық, қызметтегі тіл. Поэтикалық деген ұғым алғашқыда поэзия тілінің айрықша бейнелі қасиетіне байланысты тек поэзия тіліне қатысты айтылғанымен, кейін көркем тіл, көркемдік (эстетикалық) қызметтегі тілә деген мәнде жалпы көркем әдебиет тілінің ерекше сапасын білдіру тұрғысынан жұмсала бастады. Тілдің әсемдік, поэтикалық сапа, қасиеттеріне алғаш көне антикалық дәуірдің ойшылдары (Горгий, Аристотель) көңіл аударған. Тіл ғылымында оның зерттеле бастауы ХІХ ғ. аяғында эстетикалық бағыт өкілдерінің (Б. Кроче, К. Фосслер) және белгілі орыс ғалымы А. А. Потебняның есімдерімен тығыз байланысты. Тілдің қолданыс кезіндегі жанды қызметіне одан әрі көңіл аудару ХХ ғ. басында орыс формалистері мен чех ғалымдары тарапынан жүзеге асты. Алғашқылары өздерінің қызметін поэтикалық тіл мәнін игеруге бағыштап, Поэтикалық тіл үйренушілердің қоғамына (ОПОЯЗ) бірікті (Л.П. Якубинский, Р. Ябобсон, В.Б. Шкловский т.б.). орыс формалистерінің көзқарасын Прага лингвистикалық үйірмесінің мүшелері әрі қарай жалғастырып дамытты (В. Матезиус, Б. Гавренек, Вл. Скачличка).
Поэтикалық тіл мәселесі көрнекті орыс филологтері Г.О. Винокур, В.В. Виноградов, Л.В. Щерба, Б.А. Ларин т.б. еңбектері арқылы жаңа арнаға шығып, филологиялық зерттеулердің жеке саласы ретінде қалыптаса бастады. Ол, бір жағынан, өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, тіл ғылымының лингвистикалық стилистика, лингвистикалық поэтика салаларымен ажырамас бірлікте қаралады. Қазақ филологиясында поэтикалық тіл теориясының негізі М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Балақаев зерттеулерінде қаланса, бүгіндері З. Ахметов, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Е. Жанпейісов, Х. Кәрімов, М. Серғалиев, Б. Шалабай т.б. зерттеулерінде одан әрі дамытылып келеді [1. 319 б].
Поэтика - әдеби шығармалардың, поэтикалық формалардың, поэтикалық өнердің белгілі ғылыми-методологиялық шарттың негізінде айтылатын әдебиет бөлімінің саласы.
Поэтика термині кейде зерттелу объектісінің өзіне ауысады, мысалы, Мағжан поэтикасы, Шекспир поэтикасы және т.б.
Поэтика өзінің тарихи дамуында ғылым ретінде ұзақ жолдан өтті. Өз затының маңызды өлшеміндегі шекара көрінісін және өз затының сипатын айырбастады. Біресе поэтикалық ережелердің жинақ мөлшеріне дейін тарылтып, біресе әдебиет немесе эстетика тарихының шекарасымен түйісетін мөлшерге дейін кеңейеді. Жалпы бүкіл бағыттағы поэтиктардың сипаты олар көркем әдебиетке өзіндік көз қырының түбімен сәйкесін табуы болып табылады. Олар поэтикалық өнердің теориясын біресе эстетикалық нормалардың ғылыми белгіленген жүйеленген тәртіпте, біресе шығармашылық принциптердің догматикалық мәлімдеме ретінде, біресе поэтикалық құрылымның эмпирикалық сараптама түрінде, енді біресе әдеби формалардың тарихи дамуының сап түзеу ретінде беруге ұмтылады.
Қазіргі зерттелінген әдебиетте поэтика термині үш мағынада қолданылады:
1. Поэтика осы сөздің тар мағынасында әдебиеттікті, сөздің поэтикалық шығармаға және қабылдау жүйесіне айналуын зерттейді.
2. Аса кең түсінік көркем мәтіннің тілдік зерттелуін ғана емес, басқа да құрылымдық жағдайларды болжайды.
3. Сонымен бірге поэтикаға жалпы эстетика бөлімі ретінде көзқарас кездеседі, сөйтіп, поэтика әдебиет саласына ғана емес, толығымен барлық өнер саласына да қатысты болады.
Аристотельде жол салушылар болғанымен, поэтика негізін қалаушы Аристотель болып есептеледі. Поэтиканың пайда болуы грек қыртысындағы ең алғашқы уақытқа жатқызу керек. Мифтік образдардағы тоғыз шабыттарда А.Г. Горнфельд айтқандай теориялық ойлардың элементтері болады, олар түрлі поэтикалық жанрлардың құрылым айқындайды. Поэтика аймағымен байланысты елеулі аймақтық тізбектері тікелей Аристотельдің ұстазы, Платонда бар, бірақ ол осы сұрақтардың жалпы философиялық қаулының жоспарында қалып, поэтикалық жүйенің дамуына жол берген жоқ.
Сөйтіп, сыни пікірлердің жанданған тартыс шарттарында ұсынылған теориялық дамыған қыртыста пайда болған, поэтика бойынша жүйелік жайылуын бірінші Аристотель Поэтикасын есептеу керек. Олигархияның жер-құл иеленушілік идеологиясының тасушы болып, Аристотель Грецияның саяси экспанциясы өте тез өткен кезде және барлық аймақтарда мәдени мобилизацияны талап еткен кезде, сөз айтты, сонымен бірге өнер теориясын да жатқызуға болады [2,156 б.].
Аристотель өзінің Поэтика еңбегінде әдебиетті сөзбен өрілген өмір дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл - бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол - драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді [2, 172 б.].
Аристотель өзінің ілімінде поэзиядағы гедонизм сипатын (өнердің мақсаты - ләззат) терең түсінікті мазмұнмен ұсынды және жалпы айтылуы идеалистік философияға эстетикалық мәселесі өрлеуі болса, онда поэтикалық құрылымның сараптама әдісі - поэтика әдісі - жаратынды ғылымның эмпирикалық әдістің негізінде жасалынды. Аристотель поэтикалық өнердің ашылу маңызынан бастап, бүкіл поэтикалық құрылымына, тілге дейін (бізге жеткен бөлімнің - трагедия мен эпостың негізінде) өзінің сараптамасын бірізді өткізеді.
Поэтикалық өнердің қарастырылып жатқан материалдардың барлық мәселелерін қамтиды, соның негізінде Аристотель поэтика мәселесін, оның әдебиетке қатынасын және оның құрылу принципін терең және адалдықпен түсінгендігімен таң қалдырады. Аристотель Поэтикасы - ұсынылған рецепттердің догматикалық жиынтығы емес, сонымен бірге дерексіз теориялық сызба да емес. Әдеби шығармаларға поэтиканың практикалық маңызын және оған тән нормативтікті сезініп, Аристотель практикалық сұрақтарды әдебиеттің белгілі бір фактілерін зерттеп отыру жолымен шешеді және ол поэзияның жалпы философиялық түсініктің негізіне сүйенеді. Аристотель Поэтикасы оның замандастарының поэтикалық шығармашылығымен, оның көркем өнерімен терең байланысты болғаны осыдан және бір беткей маңызы, ауқымды өнегесі де осыдан шығады. Осы тәртіптің дамуына үлкен үлесін қосқан Аристотель Поэтикасы қазіргі поэзияның теориялық ойлары мен белгілі есептерімен көптеген ғасырлар аралығында майталман үлгіде болды. Келісі авторлардың толық тізбегі (XVIII -- XIX ғ.ғ. аралығында) көбінесе Аристотельді қайталады және поэтиканың ғылыми-бір беткей деңгейін төмендетіп, оны догматикалық ережелердің жиынтығына айналдырды [157-158 бб.].
Аристотель Поэтика еңбегінде ақынның міндеті өмірді көшіру емес, жалпы мағынасын ашу деп есептеді. Мұнда Аристотель жалпының жалқыға ұласуын түсіне бермейді. Лениннің сөзімен айтқанда, диалектиканың, жалпы мен жалқының жекелеген заттық мағынасын бұрмалау; 2) Аристотель өнердің танымдық қызметін айқындай келіп, өзінің ұстазы Платномен салыстырғанда, өнер, шындық жайлы білім береді дегенді мойындайды; 3) Аристотель поэтикалық жанрдың сипатын (трагедия, комедияны) ақынның жеке моральдық бейнесімен байланыстырады. Аристотельдің бұл көзқарасы трагедия мен комедия жасаған драматургтер қатарына кірмейді; 4) Ар-льдің тазаруға қатысты көзқарасы қорқынышпен, азаппен келгені туралы ешқандай түсінік бермейді. Бұл Аристотельдің грек демократиясынан бастау алған трагедияларды тәрбиелік әсерін тазару деп түсіндірді. Сол арқылы халықты ұжымдануға және өмірлік кедергілермен күресе білуге шақырады; 5) Аристотель бастапқы кезден трагедиялар мен комедияларды байланыстырады да содан кейін идеализм мен материализм арасындағы өзінің пікір айқындығын көрсетеді; 6) Ол трагедияда шиеленіскен қарым-қатынастарды дұрыс көрсетіп түсіндіре біледі. Эпос композициясы мен трагедия композициясын салыстыра білді. Бірақ, автор трагедия сипатының рөліне дұрыс түсініктеме бермейді. Ол трагедияда мінез болмаса да өзара іс-әрекет міндетті түрде болуы керек деп есептейді. Бұл көзқарас дұрыс емес; 7) Осылайша Аристотель мейірімді немесе ұнамды кейіпкерді оның шығу тегімен салыстырмайды. мысалға, ол құлиеленуші ретінде құлдың өзі трагедияда жағымды кейіпкер болуы мүмкін деп есептеген [2, 203-204 бб.].
Таза практикалық жоспар ретінде поэтика бойынша өзінің жұмысын Гораций берді - De arte poetica (поэтикалық өнер туралы немесе Пизондарға жолдау). Гораций Аристотельдің кейбір сәттерін қайталаса да, оның жалпы концепциясынан алыс. Өзінің талаптарын терең философиялық шарттарымен дәйектемей, Гораций поэтикалық шығармаларды өлең формасында ұсынады,мысалы: жадырату, тию және оқу, жағымды пайдалымен араластыру мақсаты бар эстетикалық сауаттылық.
Қарапайымдылықты талап ету, шама сезімін, бірізділікті, мазмұндама түсінігін сақтау, сонымен қатар тым қатал және дөрекі сахнадан бас тарту - осының бәрі талғампаз мәнері және танылған шығармашылық тәжірибесі адамның байымдау күдігіне тиісті етіп берілген. Гораций стилінің эстетикалық каноны болып, Пизондарға жолдауы келесі ғасырларда елеусіз қалып қойған жоқ. Керісінше, өзінің жалпы мінезімен шығармалардың ерекше түрін анықтады. Мысалы, тарихта еуропалық поэтиканың үлкен орын алған поэтиканың ерекше түрі.
Гораций және Аристотель поэтикалары алдағы поэтиканың дамуына ортағасырлық сызбалық поэтикаға қарағанда өлшемсіз үлкен маңызды ролін ойнады.
Образдар туралы мақаласы поэтикаға қатынасы бар Ресейдің алғашқы жұмысы ретінде бізді қызықтырады. Мұнда ашылған жүйенің ешқандай поэтикасы жоқ және мақала поэтикаға қарағанда риторикаға маңызды қатынасы бар. Осы мақала бойынша ежелгі Ресей оқырмандары поэтикалық сөздің бөлек элементарлық көріністерін алуға мүмкіндігі болды, мысалы, метфора, гипербола және т.б.
Жандану заманы ежелгі авторларды жаңа өмірге әкелді, ал XVII -- XVIII ғ.ғ. классицизмі олардың абыройын танытты. Аристотель Поэтикасы және Горацийдің Пизондарға жолдауы канондар болды.

ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының рухани өміріне сілкіністер мен серпілістер әкелген айрықша кезең болды. Ел қамын ойлаған арыстардың қазіргі ұрпақ танып-біліп келе жатқан бірсыпыра жәдігерлік дүниелері осы жылдары дүниеге келді. Бұл уақыт қазақ әдебиеті, оның ішінде қазақ прозасы үшін ерекше бір жемісті болды. Нақ осы кезеңде қазақ прозасының белді де беделі буынына айналған Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов бастаған бір шоғыр қарымды қаламгерлер қазақ көркемсөзінің биік төріне көтерілді. Олар қазақ прозасына жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сондай-ақ оны интеллектуальдық тұрғыдан да байытты, оның поэтикалық өрісін кеңейтті, сөйтіп қазақ халқына өздері өмір сүріп отырған заманның щындығын ашып берді. 70-жыл жазықсыз жапа шегіп, 1980 жылдар аяғында қайта оралған кейбір қаламгерлермен бірге, олардың жеке тұлғасы мен шығармашылық ізденістері туралы байыпты баға беретін ғылыми зерттеулер мен монографиялар жарық көре бастады.
Қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен әдебиеттегі көркемдік ізденісті толықтай тани түсу үшін, М. Жұмабаевтың да қазақ прозасына қосқан үлесі аңығырақ айқындалуы және оның барлық туындылары жан-жақты қарастырылуы қажет.
Рас, М. Жұмабаев шығармашылығы әңгіме болғанда, прозалық туындыларының ішінде көбіне Шолпанның күнәсі әңгімесіне ғана назар аударылып отырады. Алайда, М. Жұмабаев прозасын бір жүйеге салып, көркемдік ізденіс тұрғысынан қарайтын, яғни оның прозадағы шығармашылық лабораториясын нақтылы ашып көрсететін арнайы зерттеу әлі жасала қоймады. Оның прозадағы көркемдік шеберлігін жете тексерген жұмыстар әзірге санаулы әдебиеттанушы-ғалымдардың Шолпанның күнәсі әңгімесі туралы талдаулары ғана.
Бұл зерттеудің көкейкестілігі де, міне, осында.
Әдебиеттану ғылымында проза (лат. Рroza - қара сөз) - қара сөзбен жазылған шығарма деп түсіндіріледі. Ғылыми, философиялық, публицистикалық шығармалар да прозаға жатады... Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік сөз, т.б. түрінде туады... (31)
Қазақ әдебиетіндегі шын мәніндегі көркем проза 19 ғ. басында пайда болды. (32)
Осы тұрғыдан келгенде М. Жұмабаевтың әңгімелері, әдеби-сын зерттеулері, оқу құралдары, аудармалары прозалық туындылар деп қарастырылып, зерттеудің басты нысаны етіп алынды.
Бұл орайда М. Жұмабаевтың прозалық туындылары оның шығармашылық психологиясымен байланыстырыла қарастырылды.
Жалпы, қазақ әдебиетіндегі М. Жұмабаев шығармаларының алатын орны, идеялық-эстетикалық ізденісі әдебиеттану ғылымының әдіс-тәсілдері арқылы зерттелінді.
М. Жұмабаев шығармаларының кейіпкер мінез-құлықтарын ашудағы шеберлігіне, пейзаж, монолог, психологизм сияқты көркемдік құралдарды қолданудағы ерекшелігіне баса назар аударылды.
М. Жұмабаевтың қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар туып, олар өз кезегінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосты. Бұған ең алдымен қазақстандық, онан кейін алыс, жақын шетел жазушыларының, әдебиетшілерінің айтқан, жазған ой-пікірлері дәлел. Олардың басым көпшілігі баспасөз беттерінде жарияланып, арнаулы кітап болып та жарық көрді. Түрлі зерттеу еңбектер бола тұра, М. Жұмабаевтың әдеби мұрасы түпкілікті зерттеліп бітті, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі толық анықталып болды деп айта алмаймыз. Бұл зерттеудің мақсаты - жазушы шығармаларының шын көркемдік деңгейін, бүгінгі оқырманға берер эстетикалық тағылымын және қаламгерлік шеберлігінің қыр-сырын одан әрі аша түсу, бұл нысанаға соны соқпақ ретінде - М. Жұмабаевтың қарасөзбен жазылған көркем туындылары арқылы бару көзделінді.
Халқымыздың өткен тарихына үңіле қарғанда, қазақ әдебиетінің өзіндік көркемдік дәстүрі, өнерпаздық үлгісі бар екендігінің көз жеткізуге болады.
Сөз еткелі отырған М. Жұмабаевтың прозасы аумалы-төкпелі заманда туғандықтан, жазушының сол қоғамға деген көзқарасы, бағыты, алға ұойған мақсаты біржақты қаралмай, шығармаларының шындығы, көркемдігі жан-жақты саралануы тиіс.
М. Жұмабаев ақын ретінде биік шыңға көтеріле тұра, проза жанрында да қалам тартуы - бұл зерттеудің негізгі нысанасы. (Әбдешев 3-6 б)
М. Жұмабаев шығармаларын екшеп, сұрыптап, жүйелі түрде талдау арқылы, жазушы шеберлігінің поэтикалық қуатын айқындау бүгінгі күн талабы.
М. Жұмабаевтың шығармашылық қызметі әр алуан. Ол көпшілік қауымға ақын, жазушы, публицист, педагог және аудармашы ретінде танымал.
Ұлттық әдебите өз орны бар, өзіне ғана тән стилі, өрнек-бояуы бар көрнекті қаламгер ретінде қалыптасқан М. Жұмабаев әдебиетке классикалық туындылар бергені сөзсіз. Проза, публицистика, тәрбие саласының көркеюіне айтарлықтай үлес қосты. М. Жұмабаев жөнінде соңғы жылдары сын-мақалалар, зерттеулер, монографиялар, академиялық қазақ әдебиетінің тарихына арнаулы тараулар кірді.
Зерттеушілік тұрғыдан айтылған әділ де құнды пікірлер мол. Бірақ, қаламгерлердің прозалық шығармалары зергерлік сыр-сипаты, көркемдігі әлі тұтас күйінде толық ашыла қойған жоқ.
М. Жұмабаев шығармаларында қазақ халқының тарихи бел-белестері, сан ұрпақтың келбеті мен тағдыры жатыр. Ол халық тынысын, асқақ арманы мен іргелі рухани ізденіс тарихын зейінділікпен жіті байқап, қайта көркемдеп оқырман қауымға ұсынады.
М. Жұмабаев - талғампаз талант. Оның қай шығармасын алып қарасақ та, жүрек тебіренісінен туған ойлы да, салмақты дүниелер.
Аяулы азамат, әдебиет, мәдениет қайраткері М. Жұмабаевтың туған халқы алдындағы қыруар еңбектері кеше де, бүгін де зерттелді. Әлі де кең көлемде қарастырылуы заңды құбылыс.



ІІ М. ЖҰМАБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОЭТИКА КӨРІНІСІ

Соңғы жылдар бедерінде әдебиет тарихы қайта оралған қаламгерлердің құнды жауһарларымен толыға түсуде.
Дәуір тынысын, заман сипатын анық көрсететін көркем туындылардың әрқашанда қадірі кемімейтіні анық. Солай бола тұрса да, ел мұңын, халықтың қамын ойлаған арыстардың жәдігерлік мұралары саясат ықпалымен рухани айналымға түспеді.
Халық басына күн туып, трагедия бірінен соң бірі, орын алып жатқан заманда, көркем әдебиетте бәрі жақсы, бәрі тамаша болып көрінуі қалай?
Халық өміріндегі орасан бір трагедиялық кезең - 1932 жыл әдебиетте сол қалпында, жабулы қазан жабулы күйінде қала беруі қалай? 1927-28 жылдардағы кәмпеске елді аздырып, тоздырып, 1930-32 жылдардағы колхоздастыру миллиондаған қазақты аштыққа ұшыратты, жаппай қырды. Бұл трагедиялар көркем әдебиет бармаған, бара алмаған аза күйінде қалды. Сөйте тұра әдебиетте жасасын көбейді, алға, шапшаң, тез, жылдам деген сөздер поэзия бетін берме кетті. Бұған себеп не, осы қарабайыр белсенділіктің түбі не? Ең алдымен әрине, саясатта, идеологияда, ұстанған, алған бетте, бұлтартпайтын бұйрықта, салынған тыйым мен өктемдікте. Қызыл тіл, кісендеулі, қолым емес - деп М. Жұмабаев бұрынырақ айтса да, біліп айтқан. Не жазып, не қою керек екенін партиялық функционерлер болжап айтып отырған соң, не болсын!
Ол замандарды еске алғанда, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, М. Әуезов жайын сөз еткенде немесе жалпы қазақ әдебиетінің сол кездегі жайын ойлағанда, бұл шындықтар жадымызда тұруы қажет.
Қоғамдық жағдай мен әдебиеттегіхал, рухани болмысымыз бен барған деңгейіміз, оянған санамыз немесе дос құбылтып әуре еткен (Абай), құрыққа сырық жалғап күнелткен, талай сабаздардың байбалам дау-шары - онан туған қиянкескі қырсық қаншама жанды опат еткені белгілі - осының бәрі, өкініші сол - әдебиетте орын алды және ол ұмыт болған жоқ (1.10)
Міне, осы бір алмағайып кезеңде М. Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесі, Ж. Аймауытовтың Қартқожа, Ақбілек романдары, М. Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы, Көксерек, Қорғансыздың күні әңгімелері, Қилы заман романы, С. Сейфуллиннің Жер қазғандар повесі, С. Сәдуақасовтың Күлпәш, Күміс-қоңырау повестері, Б. Майлиннің Раушан - коммунист, Күлпәш әңгімелері, С. Мұқановтың Адасқандар романы, М. Дулатовтың Бақытсыз Жамал романы жазылған еді. Бұл шығармалар қазақ әдебиетіндегі проза жанрының әбден қалыптасқандығын көрсетті.
Жазушы идеясы көркем образ арқылы таңылар болса, шығарманың құндылығын анықтайтын белгінің бірі - осы образ болмақ. Ал, нағыз шынайы образ психологиялық тереңдікпен ұштасып жатады.
Әдебиетті адамтану дегенге сүйенсек, әр жазушы өз кейіпкерінің бойына тән ерекшеліктерді жинақтап, типтік образ жасайды. Сондықтан да, ондай көркем тұлға жасау - шеберлік пен талант және талғамның басы қосылғанда ғана тумақ.
Жазушылардың осы орайдағы ізденістерінің іздері Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, М. Дулатов, Б. Майлин, С. Мұқанов, С. Көбеев және басқалардың шығармаларындағы образ бен образдылық, дәуір суреті, адам тағдыры түрлі көркемдік деңгейде көрінді.
М. Жұмабаев әдебиеттің түрлі жанрында қалам тартты.
Жиырмасынша жылдардың бас кезінде Мағжан творчествосында суреткерлік психологиялық стиль түбегейлі орнықты. Бұған 1922, 1923 жылдары ақынның Педагогика атты ғылыми, Батыр Баян, Шолпанның күнәсі атты көркем шығармалары бірінің артынан бірі жөдемелете жарық көруі айтылғанға толық дәлел. Адам жан әлеміне зерделей үңілу - бұл шығармаларға тән ортақ қасиет. Және авторының алдына нақтылы мақсат қойып, психологизм саласында жүйелі ізденіс соңына түскеніне айғақ.
Дүниежүзі әдебиетін, орыс классикасын бес саусағындай білетін Мағжан сөз жоқ Лермонтов, Толстой, Достоевский сияқты жазушы психологтар туындыларының неліктен тартымды, өміршең келетіндігіне әбден қанықты. Мұның айрықша бірі сыры - жаңағы жазушы-психологтар ішінде талай-талай құпия сақталатын жан сандығын ашатын кілт тауып алғандығында еді (34), - деп жазады Ш. Елеукенов.
Әдебиеттанушы-ғалым В. Бадиков ...авторлық сананы суретшінің шығармашылық қиял көрінісінің, оның шығармашылық қалауының (Блок), бостандық құпиясының билік пен мемлекеттіңқосамжарлана жабысқан идеологиялық өктемдігіне қарсы күрес алаңы ретінде алып қарастыруға әбден болады және олай жасау дұрыс та. Басқаша айтқанда, мәтінге автордың текетірес ұстанымын есепке ала отырып талдау жасау ең бастысы Пушкинше айтқанда, шығармашылық адалдықтың арқасында суреткердің үнін партияның емес, халық үнінің, тарихтың әлеуметтік тапсырыс үнінің жаңғырғанына айналдыратын шығармашылық дербестік пен идеялық тәуелсіздік мәселесін алға тартады (41), - деп жазыпты. Саяси идеологияның ығына жығылмайтын сала да, жүйе де жоқ. Ал көркемдік жүректің өкімімен, көңіл көзімен жазылатын бейнелі шындық. Мұны жазушы әу бастан-ақ білді. (Әбдешев 12-14 б)
Автор Шолпанның күнәсі әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын аршып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар. Өйткені, адам жаны - жалпы адам баласының барлығына тән қасиеттердің, ішкі қарама-қарсы күштердің, сезім арпалыстарының, наным-сенімдердің бір арнаға түйісер тұсы. Әңгіме желісі Шолпан яғни, адам жанының ішкі сыры, адам тағдырының бет-пердесі ашылуы арқылы өрбиді.
Қазан төңкерісінен кейін халықты, тіпті әдеби-мәдени өмірді мінбешіл, белсенді, төңкерісшіл идеялар билеп-төстеді. Әпербақан саяси идеологияларды адам рухын басып-жанышты. М. Жұмабаев осындай құйыртқы қызыл империя саясатынан тыс, жеке адамның жүрек түбіндегі ақыл-ойына, сана-сезіміне саналы түрде әлеумет өміріндегі қандайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Пәндер