Адамзат баласына енді көштім



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
1.Жиырмасыншы ғасырдың басын - дағы қазақ ойшылдарының көзқарас - тары терең демократиялық және гума - нистік сипатта болды. Олардың шығар - маларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер -- адам - ның болмысы мен еркіндігі, өмір - дің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы ретін - де қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді. Филосо - фиялық мә - селелерді ізгілік пен қарау - лық аясында қарастырып, дүниета - ным - дық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақын - дарының бірі Мағжан Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын таланты - мен ерекше шұғылаға бөледі. "Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген, -- деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы "Мағ - жан - ның ақындығы туралы" деген мақа - ласында, -- Абай да сөздің ішін мә - нерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жа - сауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әде - биетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ".
Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің сауалдарына қайтарған жауабында "Мағжан -- мәдениеті зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын бо - лады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушы - ларының ішінен ке - лешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп біле - мін" деп жазады.
Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларын - да айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Кері - сінше, уақыт озған сайын ұлттық, ұлыстық, жалпыадамзаттық -әлеу - меттік проблемалар қата - рында алдымыздан қайта шығып отыр.Ал оның жырларындағы терең толғаныстардың философиялық-дү - ние - та - нымдық астары, ақынды сан түрлі сезімге түсірген жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс қалып ке - леді.
Иә, Жүсіпбек Ай - мауы - тов сөзімен айт - сақ, "Мағжан сыршылдығымен, сурет - шілі - гімен, сөзге еркіндігімен, тапқыш - тығымен күшті, маржандай ті - зіл - ген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды за - рымен күшті". Оның өлеңдері "әлде өкіндіреді, әлде мұңай - тады, әлде жылатады, әлде аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер бе - реді".
2. Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдение - тінің, жалпыадамзаттың тағдыры толған - дырады. Ес білгеннен көкжиек - ке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух кеме - рінен асып төгіледі:
"Шынында менің өзім де -- от,
Қысылған қара көзім де -- от.
Мен оттанмын, от -- менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын".
Ақынның "от" деп отырғаны -- халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқы - лы ғана бодандықтан құтылуға, ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді танытуға болады деп есеп - тейді.
"Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен -- Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар".
Жоқ, бұл -- кезінде Еуразия құрлығын ат тұяғымен дүбірлеткен, алыс-жақын ұлыстарға мәдениет пен шаруашы - лықтың жаңа тәсілдерін үйреткен, бірақ кейін тағдырдың жазуы - мен әлемдік өркениет көшінен кенжелеп қалған өлке перзентінің аспандағы айды алам деп секірген тарпаңдығы емес. Бұл -- өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, сол рух қайта бір дүр сілкінсе, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көші - нің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген аза - маттың парасатты да мақсатты әрекеті
Мағжан ақын болса, халықтың тарихи зердесін оятып, ұлттық намысы мен ұлттық рухын сілкіндірудің қажет - тігін, ортақ мүдде жолында топ - тасқан ұлттың ғана азаттық алып, әлемдік өрке - ниеттік қауымдастық қатарына бәсекеге қабілетті болып қосыла алатынын осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын-ақ түйсініп, өршіл жырға айналдырып, айта алған. Және туған халқының сол замандағы қиын халін, кенжелеп қалған тұрмыс-тіршілігін көре отырып, осылай жасаған:
"Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген.
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін --
Сол елімді сүйемін!", -- деп суреттейді ақын сол замандағы ұлтының болмысы мен тұр - мыс-тіршілігі ту - ралы. Ақын әлемде не болып жатқа - нымен шаруасы жоқ, "алдындағы малы - мен", "ескі заңымен" қоңырқай тірші - лік кешіп жатқан халқын сүйіп қана қой - майды, оның ертеңгі болашағының жар - қын болатынына сенеді. Оның сол жарқын болашаққа тезірек жетуі үшін жанын да, қанын да аямайтынын паш етеді.
Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік -- Мағжан Жұма - баев - тың өмірлік мұраты...

3.Жас ұрпаққа арналған "Педаго - гика" оқулы - ғын - да ол: "Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді" әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезін - дегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат -- бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалып - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Жер кіндігі – Байқоңыр!
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) және шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Абайдың исламиятқа қатысы
Мағжан ақынның дүниетаным әлемі
Қоректік заттар және денсаулық
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ТАМАҚТЫ ШИКІЛЕЙ ЖЕУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Микроэлементтер
Ата заңым айбыным
Пәндер