ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
1.1 Құрылымдық экономикалық реформалардың негізі және модельдері
1.2 КСРО ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының ақуалы және
мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі экономиканы реформалау
2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Үкімет бағдарламасын сараптау
2.2 Реформа қарқыны неліктен баяу
2.3 Экономикалық реформаларды жүзеге асыру шарттары
3 ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ
3.1 Орта мерзімді болашаққа арналған бағдарламаны жүзеге асырудың
нақты жоспарына ұсыныстар
3.2 Экономиканы басқару жүйесін жаңарту
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде
түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және
дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш жігер жұмсауды қажет
ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды,
нарықка көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс,
жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс
зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің
тәжірибесі айқын дәлел дейді.
Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездің оң
жетістіктері мен тенденцияларын сақтау топтарының құқықтары мен оның
ерекшеліктерін қамтамасыз ету принциптеріне негізделген түбегейлі
шаралардың біртұтас жүйесін қажет ететіні айқын болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп жатқан экономикалық
реформалар бағыты стратегиялық тұрғыдан, жалпы алғанда дұрыс.
Бірақ Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайына жасалған талдау
және олардың барысы, тактикалық тұрғыдан алғанда, Үкімет пайдаланып отырған
әдістердің, нарықтық қатынастарға көшудің модельдерімен кезеңдерінің
тиімсіз екенін дәлелдейді, Реформаларды жүзеге асыру барысында елеулі
қателіктерге жол берілді.
Шағын және орта бизнес экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы
болып табылады. Осыған байланысты шағын және орта бизнеске мемлекеттік
қолдау көрсету бағдарламасын, кәсіпкерлікті дамытудың отандық және шетелдік
озық тәжірибесін ұсынған.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста экономикалық реформа
қамтыған барлық салаларды кешенді зерттеу объектісі ете отырып, тәуелсіздік
жылдарында жүзеге асырылған Қазақстан Республикасының экономикалық
реформасының эволюциялық даму барысына талдау жасалынады. Экономикалық
реформаны жүзеге асырудағы Конституцияның рөлін айқындай түсу үшін
салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, теориялық және тарихи-құқықтық
аспектілері қарастырылады. Курстық жұмыста Қазақстан Республикасындағы
экономикалық реформа ұғымы, оның белгілері мен түрлері және жүзеге асыру
функциялары мен кезеңдері сияқты экономикалық реформаның аса маңызды
құрамдас бөліктері алғаш рет теориялық тұрғыда ашып көрсетіледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құрылымындағы соңғы он бес жылда болып өткен сапалы өзгерістер оларға
жаңаша ғылыми көзқарас тұрғысында баға беруді қажет етеді. Кез келген
мемлекет үшін Негізгі Заңның маңызы зор. Ал, мемлекеттік тәуелсіздігін
жариялап, дербес, зайырлы жаңа қоғамдық құрылыстың негізін қалай бастаған
жас Қазақстан мемлекеті үшін Негізгі Заңның қай бағытта, қандай мазмұнда
жазылып, іске асырылуы тіпті де аса қажеттілік екені белгілі. Осындай
қажеттіліктерді игеру мақсатында қолданыстағы Негізгі Заңға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу арқылы экономикалық реформаның жүзеге асырылып келе
жатқаны белгілі.
Еліміздің өткенгі және бүгінгі даму барысына көз жіберген адам
Елбасымыздың бұл тұжырымдарының өте байсалды, ғылыми негізі бар екеніне көз
жеткізеді. Өйткені, жаңа мемлекетті құрудың эволюциялық жолын таңдауымыз
керек болды. Неге өзгерістер көп, неге қажетті құқықтық нормаларды бірден
жазып көрсете салмадық, мұндай реформа жасау еліміздің саяси өміріндегі
қандай қажеттіліктерге негізделіп жасалды деген сұрақтардың болуы табиғи
нәрсе. Мұндай сұрақтарға нақтылы жауап табу үшін Қазақстан мемлекетінің
қалыптасу, даму барысында оның ұзақ уақыт патшалық Ресейдің және Кеңестік
тоталитарлық жүйенің ықпалында өз қалауынан тыс зорлап таңылған заңдармен
өмір сүріп келгенін назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал, тәуелсіздік
алғаннан бергі қысқа ғана уақыт ішінде мемлекет құрушы қазақ халқының
өмірлік мүдделері мен ұлттық менталитеті бойынша, әрі Қазақстанның аса
күрделі геосаяси жағдайын ескере отырып, сондай-ақ әлемдік конституциялық
даму жүйесінің ерекшеліктерін өз жағдайымызға қарай тиімді пайдалану
тұрғысынан мемлекеттік басқарудың эволюциялық жолын қалыптастырумызға тура
келді. Тақырыптың өзектілігі ел өміріндегі осы өзгерістер мен жедел дамудың
құқықтық және заңи негіздерін қалыптастырудағы экономикалық реформаның
теориялық және тәжірибелік қажеттіліктері мен заңдылықтарын ашып, ғылыми
айналысқа енгізу сияқты ғылыми-теориялық ізденістерден туындайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Экономикалық реформаны теориялық
зерттеу мәселелеріне отандық заң ғылымы саласында біз бағдар тұтарлық
жүйелі, жетілдірілген ғылыми еңбектер әлі де жазыла қоймағандығы байқалады.
Оның объективтік те, субъективтік де себептері бар екендіктерін де назардан
тыс қалдыруға болмайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміз тәуелсіздігінің он
неше жылында жинақтаған теориялық та, практикалық та тәжірибеміз
жеткіліксіз екендігін мойындауымыз керек. Солай болса да, тынымсыз,
үздіксіз іздену үстінде жүрген аға буын заңгерлер мен олардың ынталы
шәкірттерінің өнімді еңбегінің арқасында біраз жұмыстар тындырылғандығын да
құрметпен атап өтуіміз қажет. Әсіресе, конституциялық және саяси
реформаларды жүргізу жөнінде бастама жасау, қазақ мемлекеттілігінің
келешегі мен бүгінгі күн проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасы
Президенті Н. Назарбаевтың еңбектерінде, жоғары мінберлерден сөйлеген
сөздерінде айтылған қағидаттар мен нұсқаулардың алар орны ерекше болды.
Нақтылап айтқанда, еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан бергі уақытта
Президенттің Парламент Палаталары отырыстарында сөйлеген сөздері, Қазақстан
халқына әр жылдардағы Жолдаулары, саяси, бағдарламалық тұжырымдары оның
жарқын өрнегі болды деп қараймыз. Сондай-ақ, жұмысты жазу барысында Г.
Гегель, Т. Джефферсон, И. Кант, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.-Ж. Руссо сияқты
көрнекті әлем ойшылдарының атақты еңбектері мен отандық құқықтанушылардың
тұжырымдамалары мен қанатты сөздері де пайдаланылады.
Сонымен бірге, зерттеу жұмысымызда тәуелсіз Қазақстанның қазіргі
заманда қалыптасу жолында отандық заң ғылымында өзіндік орындары бар,
еңбектерінде біздің зерттеу тақырыбына қатысты теориялық құқықтық идеялар
қамтылып көрсетілген Т.А. Ағдарбеков, Қ.К. Айтқожин, С.Қ. Амандықова,
А.Т. Ащеулов, Е.М. Әбен, М.Т. Баймаханов, Ж.Н. Бәйішев, М.С. Бейбітов,
Ж.Д. Бұсырманов, Л.Т. Жанұзақова, Қ.Ә. Жиреншин, С.З.
Зиманов, А.С. Ибраева, З.Ж. Кенжәлиев, А.К. Котов, Ө.Қ. Қопабаев, В.А.
Малиновский, М.Х. Матаева, А. Матюхин, Л.Т. Назарқұлова, И.И. Рогов, Ғ.С.
Сапарғалиев, С.С. Сартаев, С.Н. Сабикенов, Қ.Б. Сафинов, М.К. Сүлейменов,
С.Ф. Ударцев, А.А. Черняков, Н.А. Шәйкенов және т.б. қатарлы заңгер-
ғалымдардың еңбектерінде нақтыланған тұжырымдар мен теориялық-практикалық
тәжірибелерді қарастыруға баса назар аударылады.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Зерттеу нысанын бірнеше топқа бөлуге
болады. Бірінші топқа экономикалық реформаның теориялық негіздерін
жатқызсақ, екінші топты реформа кезеңдері құрайды, ал үшінші топ –
мемлекеттік билік аясына топтастырылған. Осындай топтастыру арқылы
Қазақстан Республикасының экономикалық реформасының жүргізілу кезеңдері мен
осы нысан шеңберінде мемлекеттік биліктің құрылымын, олардың құқықтық
мәртебесін және т.б. әртүрлі қырларынан зерттеу тұрғысында қаралмақ.
Зерттеу жұмысының пәні. Экономикалық реформаның өзгерісіне ұшыраған
мемлекет Конституциясының нақты нормалары, экономикалық реформаны жүргізу
барысында өзгеріске ұшырайтын қоғамдық қатынастар мен оларды бекітетін
нормативтік актілер осы жұмыстың зерттеу пәні болып табылады. Мұндай
нормаларды талдау жүзеге асырылған өзгерістердің мәнін ашып көрсетумен
қатар, оларға құқықтық баға беруге және экономикалық реформаның жалпы
заңдылықтары мен нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі
мақсаты – экономикалық реформалардың әлеуметтік және демографиялық
мәселелерін талдау.
Экономикалық реформа сияқты мемлекет өміріндегі аса маңызды құбылыс
туралы әдістемелік жағынан негізделген, қисындық жағынан тұжырымдалған
теориялық ілімді қалыптастыру да осы зерттеу жұмысының бір мақсаты болмақ.
Зерттеу жұмысы алдыға қойған осындай мақсаттарды орындау үшін, курстық
еңбекте мынадай нақты міндеттердің шешімін табу көзделді:
- экономикалық реформаның ұғымын, белгілері мен жіктелуін, оның қоғам
өмірінде алатын орнын зерттеу және мәнін түсіндіру;
- Қазақстандағы экономикалық реформалауды, яғни реформа кезеңдерін
бөліп көрсету арқылы сатыға бөліп қарастыру;
- экономикалық реформаның мемлекет пен құқықты реформалаудағы маңызын
анықтау үшін экономикалық реформадағы жаңа ереже ретінде өлім жазасын
біртіндеп алып тастау бағдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық
мәртебесінің өзгеруі сияқты конституциялық аспектілерін талдап, негіздеу.
Курстық еңбектің теориялық және әдістемелік негіздері. Экономикалық
реформаның күрделілігі мен сан қырлығы зерттеу теориясы мен әдістемесінің
де сан-салалы, әрі аса икемді, өміршең болуын талап ететіндіктен,
мемлекеттанудағы демократиялық және құқықтық мемлекет құру және дамыту,
билік тармақтарының бөлінуі мен азаматтық қоғамды жетілдіру сияқты
іргелі мәселелер бойынша ең алдымен, мемлекет басшысы Н.
Назарбаевтың ой-толғамдары мен баспа бетін көрген еңбектері осы жұмыстың
теориялық негізін құрайды. Курстық жұмыста алға қойылған мәселелерді ғылыми
тұрғыдан ашып көрсету үшін заң ғылымының әлемдік және осы заманғы зерттеу
әдістемесінің ғылыми тәсілдерін керекті жерлерде ұтымды пайдалану
көзделеді. Мәселелерге құқықтық, объективтілік тұрғыдан салыстырмалы
дәлелдеу қағидасын негіз етумен қатар, мемлекеттану ғылымының, мемлекет
және құқық теориясының қағидаларын пайдалану арқылы экономикалық реформаны
қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибелік мәселелеріне талдау
жасалынады.

Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасында дәуірлік мәні бар, бірақ
кереғар оқиғалар болып жатыр. Қазақстан түбегейлі экономикалык реформаларды
жүзеге асыруға кіріскен болатын. Содан бері өткен жылдардың нәтижелеріне
қарағанда, нарықтық экономика республикада тиімді жүріп жатыр деп айта
аламыз.
Нарықка көшу кезінде “қоғамдық жарасылымдықты” қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды методологиямен бірінші кезекте негіздеу керек. Қазіргі
кезеңде бізге ең қажеттісі міне осы. Өйткені бізді қоршаған дүние –
табиғаты әртүрлі элементтердің жиынтығы болып табылатын қарапайым да
күрделі жүйелер шрғыры.
Экономикалық жүйелерде балансқа экономикалық нысандар мен әдістерді
іріктеу, олардың бірін таңдау жолымен қол жететіні мәлім. Осыған орай
оқиғалардың өрбуіне дұрыс бағыт-бағдар беруге қабілетті экономикалық
тұтқаларды мақсатты түрде, келесі және салмақтай отырып ске қрсу жөніндегі
күш-жігерлердің маңызы ерекше зор.
Экономикалық жүйеде салыстырмалы баланска жетуді қиындататын нәрсе -
қоғам үлесіне қашанда болсын ресурстардың шектеулі мөлшері ғана тиеді, бұл
көптеген факторларға, соның ішінде жинақталған білім деңгейіне, технология
мен техниканың даму дәрежесіне, еңбек өнімділігінің артуы деңгейіне
байланысты.
Экономикалық жүйеде салыстырмалы балансқа онның басты субъектілері
тарапынан толассыз, саналы іс-қимылдар жасалуы барысында қол жетеді,
олардың әрқайсысы бұл процесте өз мүдделерин білдіруші болып табылады.
Экономикалық жүйе субъектілерінің өзара іс-қимылы және теңдестіру жолдарын
іздеу қалай болса солай емес, ол қоғам қабылдаған, өнім өндіру, айырбастау,
бөлу және тұтыну кезеңдерінде экономикалық айналымдағы олардың түр
сипатының негізгі принциптерін белгілейтін концепция модельге сәйкес жүзеге
асырылады.
Егер шешімдер қабылданған кезде нарықтық реформаларды жүзеге
асырылудыңдүниежізілік тәжірбиесі ескерілсе, реформалау нәтижелеріне талдау
жасалса және оларды жүзеге асыру тактикасына шұғыл түрде
түзетулеренгізілген болса, біздің нарыққа кошу практикамыз үшін мұның өзі
пайда болған көптеген проблемаларға жол бермеуге болатынын білдіреді.
Алайда экономиканы реформалаудың және оны дүниежүзілік жүйеге енуінің
Қазақстан Республикасы Үкімет айқын мәлімдеген саясаиы әзірше жоқ.
Нарыққа көшу процесін барлық өзгеристер мен нәтижелер туралы нақты
ақпарат, елдің және оның халқының әлеуметтік экономикалық дамуының айқын
белгіленген концепциясы жоқ жағдайда міндеттер мен бағдарлардың жиі
ауыстыра жүзеге асыруға болмайтыны және оның бұлай жүзеге асырылуға тиіс
емес екені мүлдем айқын болып отыр.
Экономиканы реформалаудың келешектегі концепциялық негіздерін
әзірлеумен қатар экономика субъектілерінің өтпелі кезеңде аман қалуының
мәселесі де өткір қойылып отыр, оны жүйеде тепе-теңдіктің жол беруге
болатын ең төменгі деңгейі деуге болады, ол тепе-теңдік бұзылған жағдайда
жүйе жүйе болудан қалады.
Мемлекет тарапынан жаңа экономикалық құрылымдар құру, кәсіпкерлік
қызметтің барлық түрлерін кеңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл қүш-
жігер керек, өйткені, көз жеткізіп отырғанымыздай, жаппай
монополияландырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей
нәтиже бермейді.
Нарыққа апаратын жолдар туралы, оның, егер осылай деуге болатын болса,
методологиясы туралы мәселе – ең қызу айтыстар тақырыбы. Бұл көкейтесті әрі
қиын міндет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық экономикаға осындай көлемде және
осындай мерзімде көшудің дүниежүзілік практикада теңдесі жоқ. Нарыққа өту
жағдайларында үкімет алдында тұрған басты проблема – бүкіл дерлік ұлттық
байлықтың мемлекет меншігінде болып отырғанында.
Экономиканы реформалау нәтижелері көп жағынан алғанда оны басқару
проблемасымен байланысты. Бұл мәселедегі жағдай барған сайын шиеленісіп
келеді.
Республикада нарықтық қатынастар қазіргі кезеңіне барынша тән
ерекшеліктер міне осындай. Оларға жан-жақты баға беріледі деге ойдан аулақ
бола отырып ең алдымен, нарықтық қатынастар механизмін белгілеуде принципті
позициялар ұқсастығын атап өту қажет. Осы салада ғылыми және практикалық
тәжірибе алмасудың республикада өтпелі кезең міндеттерін шешу үшін пайдалы
болатыны күмәнсіз.
90-жылдары Қазақстан Республикасының дамуы 80- жылдардың орта тұсында
туындған терең экономикалық дағдарыстан шығу және мемлекеттілікті
қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылған радикалды реформалармен тікелей
байланысты болды.
Экономикалық реформалар халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудағы жаңа
принциптер жағдайында, өндірісті шоғырландыруға, мамандандыруға және
кооперациялауға негізделген шаруашылықты ұйымдастыру формасын өзгертуге
бағытталынды.
Құрылымдық реформа – елдің шаруашылық құрылымының өзін өзгертумен
байланысты экономикалық реформалардың ерекше түрі екендігі белгілі. Жалпы
алғанда құрылымдық реформаға, біріншіден, экономика мен жекешелендіруді
басқарудағы мемелкеттің ролін өзгерту жекеменшік құрылымын өзгерту
(мемелкеттік және муниципалды кәсіпорындарды мемлекеттік емес заңды тұлғаға
меншікке беру) кіреді. Екіншіден, өлкеаралық және трнасұлттық принцип
негізінде құрылған рыноктық хабарламалықинфрақұрылымды құру немесе дамыту
(коммерциялық банктер және қаржы үйлері – холдингтер, тауарлық, фондтық
және валюталық биржалар, сақтандыру қоғамдары, қызметшілерді оқыту, іріктеу
және бағалау орталықтары, кеңес беру, көтерме базалары және бөлістіру
орталықтары, эксперттік, маркетингтік, сертификаттау және аудиторлық
фирмалар, ғылыми – технологиялық парктер және технологияны беру
орталықтары); үшіншіден, өндірістің салалық құрылымын әскери - өнеркәсіптік
комплексті конверсиялау негізінде өзгерту, шикізаттық салалар үлесін азайту
және ғылымға негізделген, оның ішінде тұтыну және инвестициялық тауарлар
мен қызмет көрсету салаларын экспорттауға бағытталған өндірістер үлесін
ұлғайту; төртіншіден, инвестициялық және салықтық реформаны қаржымен
қамтамасыз ету, (белгілі дәрежеде зияндыларын жабу, рентабельдігі аз алайда
перспективтілер жұмысын жақсарту және барлық салалардың халықаралық
өнідірстер рыногында бәсекеге қабілеттілігін тездетіп дамыту); бесіншіден,
әлемдік экономикаға мейлінше көбірек интеграциялау (өндіріс пен қызмет
көрсету салаларын өлкелік топтастыру шеңберінде трансұлттандыру,
экспорттық, импорттың үлесін арттыру; алтыншыдан, экономиканың негізгі
бөлігі – кәсіпорындарды құрылымдық және экономикалық жағынан қайта құру.
(22,с.62)
Құрылымдық реформаның модельі – оны асыру әдісі, бірінші кезекте, оны
жасау және үйлестіруде мемлекеттің қатысу дәрежесіне сондай – ақ қайта
құрулардың жиілігіне байланысты. ХХ ғ. тарихында әр түрлі көріністе ТМД
елдерінде қолданылған реформаның екі түрлі модельі болды.
Алғашқысы, либералды – монеторлық (Қазақстанда 1895 жылдн бастап
қолданылды), бұл модель А.Смит және Д.Рикардолардың дәстүрлі классикалық
саяси экономикасынан шығады, ал ХХ ғ соңында С.Фридман және басым көпшілігі
Чикаго мектебі мен халықаралық вамон қоры өкілдері басқарған неолибералды
экономистер дамыта түсті. (22,с.64)
Бұл модель бойынша мемлекет реформалардың жалпы бағдарламасын жасайды
және макроэкономикалық қаржылай реттеуді белсенді түрде жүргізеді. Оның
барысында экономиканы тікелей басқаруға араласпайды және мемлекеттік
кәсіпорындарды жекеменшік, оның ішінде шетелдік инвесторларға, белгілі бір
төлем ақымен бере бастайды (оларды қайта ұйымдастырып, мүліктерін толық
бағалап, заңдық жүйеде ұйымдастыру жұмыстарын іске асырғаннан соң). Мұндай
қайта құрулардың басты мақсаты – инфляцияны және ссудалық пайыздарды
бәсеңдету, рыноктық күштердің әрекетін шектейтін заңдарды жою, мемлекеттік
шығындарды қысқарту болып табылады.
Екінші, реформаның институтцианалдық модельінің негізін марксизимнің.
Д.Кейнстің және бүгінгі күндегі неокенйнсшілердің, эволюционистердің және
институтцианалистердің теорияларындағы бірқатар жегілер қалайды.
Бұл концепция бойынша мемлекет стратегиялық инвестор, индустрацияның
базалық салаларының ірі кәсіпорындары мен инфрақұрылымының қожайыны ролінде
болады. Макроэкономикалық реттеумен шектеліп қалмай, ол перспективті
жоспарларды, мақастты бағдарламаларды жасайды. Оларды жүзеге асыруды
ұйымдастырады және қаржымен қамтамасыз етеді. Мұнда реформалар өзінің
біртіндеушілігімен ерекшеленеді. Олардың басты мақсаты – рынокты реттеу
үшін институттарды (ұйымдарды, жүйелерді) құру, өндіріс құрылымын қайта
құру.
Қазақстанның либералды – монеторлық модельді таңдап алуы, 70 –
жылдардың орта тұсында – ақ КСРО – да көріне бастаған экономикалық
дағдарыстың салдарынан өндірістің даму қарқынының және сапасының төмендеу,
дамыған елдерден техникалық және технологиялық артта қалушылықты жоюдан
келіп туындаған қажеттілік болып табылады. Осы жағдайларға байланысты
экономикалық саясат орталығында шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістерін
тездетіп енгізу арқылы қоғамдық өндірістің сапалылығын арттыруға қол
жеткізу мәселесі қойылды. Аталған іс – шара орталықтанған экономикадан
шаруашылықты жүргізудің рыноктық жүйесіне бірқалыпты өтуіне мүмкіндік беруі
тиіс еді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы
экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ 80- ші жылдарының соңында
(1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы
үзіліп қалды.
Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына
жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және
жапы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық қамтамасыз
етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық
байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы
әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік –
құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік –
техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына,
нифляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де,
бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да
эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989
жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды
(ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық
өнімі – 2,8 пайыз (23,с 40) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды,
оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға
кеміді.

Кез келген экономикалық реформалардың мақсаты - азаматтардың әл-
ауқатын жақсарту, дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан
Назарбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беру
барысында.
Жаңа әлеуметтік саясат жеделдетілген экономикалық жаңғырумен бірге
қазақстандықтардың өмір сапасын айтарлықтай артыруға бағытталған, деді ол
Қазақстан халқына жолдауында айтылған жаңа әлеуметтік саясат туралы айта
отырып.
Ол әлеуметтік жаңғырту ісінің түпкі мәні - үдемелі индустриялық-
инновациялық бағдарламаны одан әрі жүзеге асырып, білім мен ғылым деңгейін
арттыру, денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру,
тіл саясатын тиімді жүргізу, ауылға көмек көрсету екенін атап көрсетті.
Президент Қазақстанда білім беруді жаңғыртып, кәсіби және техникалық
білім мазмұнын толығымен жаңарту қажеттігін, сапалы білім Қазақстанның
индустриялық-инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс екен айтты.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының айтуынша, денсаулық сақтауды
дамытуға баса мән берілуі керек. Бұл орайда, сала алдына қойылған
міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір
сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 және одан да әріге
жетуі қажет, - деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы
бағдарламасы туралы да айтып берді. Аталған бағдарламаға сәйкес, құрылыс
саласына мемлекеттік қолдау көрсетудің төмендегідей негізгі шаралары
қарастырылған: 1.жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үй құрылысы үшін
тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесін пайдалана отырып, қосымша қаражат бөлу.
Бағдарламаның жүзеге асыру кезеңі барысында бұл бағыт бойынша шамамен
барлығы 796 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Осы мақсатта Үкімет 127
миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөледі.2. Коммерциялық тұрғын үй
құрылысын қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру. Бұл
бағыт бойынша 70 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген және жыл
сайын жалпы аумағы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.
3.Тұрғын аудандарының инженерлік коммуникациясы құрылысы үшін мемлекеттік
бюджеттен қосымша қаржы бөлу. Бұл бағыт бойынша 134 миллиард теңге бөлінді
және жыл сайын 3 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру
жоспарлануда. Осы тетік аясында серіктес қалалар Астана мен Алматының
инженерлік инфрақұрылымын дамыту қарастырылған. Бұл мемлекеттік және
коммерциялық тұрғын үйлердің уақтылы берілуіне мүмкіндік жасайды. 4.Жалға
берілетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы. Бағдарлама шеңберінде жалға
берілетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бұл мақсат үшін 40
миллиард теңге қарастырылған және 680 мың шаршы метр тұрғын үй салу
көзделген.
Осы шаралардың барлығы тұрғын үй бағасының жосықсыз өсуіне,
алыпсатарлық пен кезекті көпіршіктің пайда болуына жол бермеуге
бағытталған және жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға
беруге мүмкіндік туғызады,- деді мемлекет басшысы.
Республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және оларды
жеделдету мен жақсарту бағдарламаларын жүзеге асыру күткендегідей
әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің бәрін бірдей берген жоқ. Ең алдымен
инфляцияны және өндірістің құлдырауын толық дәрежеде жою мүмкін болмады.
Дағдарысқа қарсы шаралардың орташа мерзімді болашаққа арналған бірінші
бағдарламасында инфляцияны жарамды деңгейге дейін төмендету өндірістің
құлдырауын тоқтатуға және 1995 жылдың аяқ кезінде дейін оның өсуі үшін
жағдайлар жасауға мүмкіндік береді деп болжанған болатын.
Алайда инфляция деңгейі мыңдаған процентке жетті. 1994 жылдың орта
тұсында ауыр жағдай қалыптасты: оның бірінші жартысында 1993 жылғы
деңгейден бір ай (наурыз) ғана төмен болмай, бұл қарқынң үдей түсті
де алдыңғы жылдағы 116,1 процентпен салыстырғанда мамыр айында 133.8
процентке жетті. Инфляциялық процестің үдей түсуі өндірістің күрт
құлдырауына әкеліп соқты. Сөйтіп, экономикалық реформаларды дағдырысқа
қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша одан әрі
жүзеге асыру мүмкін емес екені 1994 жылдың орта тұсында айқын болды.
Сонымен бір мезгілде экономикалық реформаларды жеделдетудің жаңа
бағдарламасы енгізіліп, оны жүзеге асыру белгіленді. Бұл бағдарламаның да
негізгі мақсаты инфляцияны, өндірісті тұрақтандыру мен жандандыру үшін
жағдайлар жасауға мүмкіндік беретіндей деңгейге дейін төмендету болды.
Бағдарламаны басты орындаушылардың бірі 1994 жылғы қазанда былай деп
мәлімдеген еді: Осы жылдың аяғына дейін инфляцияны айына 7 процентке дейін
төмендетпек ойымыз бар. Келесі жылға келетін болсақ (1995 жыл – факторлар
жайында айтылып отыр), макроэкономика авторларының іс-қимылдарын инфляцияны
сәуір айына дейін (1995 жылғы) айына екі немесе тіпті бір процент деңгейге
дейін жеткізетіндей етіп ұйымдастыру көзделіп отыр. Бұл цифрлар сондай-ақ
Мадридте Қазақстан делегациясының қатысуымен болған кездесулерде әзірленген
құжаттарда да жазылған.
1995 жылғы алдын-ала деректер инфляция деңгейінің бағдарламада
көзделгендегіден жоғары болғанын көрсетеді. Осы фактілерге орай бізді
үкіметтің орта мерзімді жаңа бағдарламасында инфляцияның жылдық қарқыны 9-
12 процентке төмендетілуі 1997 жылдың аяғына қалдырылғаны ерекше алаңдатты.
Бірқатар салаларда іскерлік белсенділіктің жандануына біздің
аладанбауымыз керек, дегенмен мұндай нышандарды құптамасққа болмайды.
Қазақстанның бірде-бір саласы әлі де болса дағдарыстан шықкан жоқ және
тұрақты даму дәрежесіне жеткен жоқ, ал халықтың күнделікті қажеттерін
қамтамасыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz