Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының болашақ бағдарын дұрыс танып, оның тағдырын орыс
мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай, Ыбырай секілді ұлы ағартушы-
демократтар қоғамдық ойдың тарихында орны өшпестей із қалдырды. Осы орайда
Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі ерекше деуге тұрарлық. Ол ел –жұртты орыс
халқының өнер-білім, техникасына шақырып қана қоймай, соны тікелей іске
асырушы да болды. Қазақ балаларына арналған орыс мектебінде оқып терең
білім алған Ыбырай қазақ даласында тұңғыш рет пәндік жаңа сипатты мектептер
ашып, орыс таңбасы негізінде оқулықтар жазды, соны алдымен өзі тәжірибеде
батыл қолданып, ескі жүйеге қарама-қарсы тың мазмұнды білім беріп оқытудың
бастаушысы болды. Рас, Ыбырай, ең алдымен, орыстың, қала берді Европа
оқымыстыларының педагогикалық көзқарастарымен оқыту, оқулықтар жасау
әдістерімен қарулана отырып, солардың тәжірибесін қазақ жастарының талап-
тілектеріне қарай бейімдеп құруға айрықша зер салды. Сөйтіп ұлы ағартушы
осы арқылы мәдениеттен кенже қалған халқымызды өнерлі, білімді елдердің
қатарына қосуға батыл адым жасап, тыңнан жол салды.
Ы.Алтынсариннің ерекше ықылас, байыппен қарастырған мәселесі: білімнен
кенжелеп қалған қазақ халқын көрші отырған орыс мәдениетіне тарту, жастарға
орыс тілін үйрету арқылы, білім негізін салатын қазақ мектептерін көптеп
ашу жолымен прогреске бастауға болатынын дәлелдеп түсіндіру еді. Ол өзінің
Қазақтың болыстық мектептері туралы записка атты жазбасында қазақ
халқының орыс тілі мен өнер-білімін игеруге мейлінше ықыласты екенін айта
келіп, бұл іс сол халықтың адамгершілік жағынан азбауына да жағдай жасар
еді деп қорытады. Сондай-ақ автор осында қазақтар үшін техникалық,
ауылшаруашылық және әйелдер мектебін ашуға мүмкіндіктің жоқтығына өкініш
білдіре келіп, жалпы орыс-қазақ мектептерін ашудың қажеттігін былайша
дәлелдейді. Біріншіден, қазақ халқы тек жаңа ғана оқы бастаған халық,
сондықтан оның оқуы ең әуелі әліппеден басталуға тиіс, ал, оның осы
әліппесі бастауыш орыс-қазақ мектептері болуы керек, екіншіден, қазақтың
келешегін дұрыс жолға қою үшін, ал онымен қатар, империяның жеке бөлімдерін
бір-бірімен жақындастыру туралы үкіметтің өзінің міндетін орындау үшін,
біздің ойымызша, ең алдымен, қазақ даласына жалпы, отандық орыс тілін, орыс
жазуын енгізудің қамын істеу керек, бұларды басқаның бәрінен қазақтың өз
ортасынан орнатылған халық орыс-қазақ мектептері ғана дұрыс тарата алады.
Жазушы мұнымен шектеліп қана қоймай, осындай мектептерде оқып білім алған
адамдардың туған жерінде қалатыны, жергілікті тұрғындарға пайдалы ықпал
әсер ететіні, жас ұрпақтың орыс мәдениетіне деген көзқарас, ынтасы
артатыны, дүмше молдалардың әсерінен аулақтап, жоғары және орта дәрежелі
оқу орындарына түсуге даңғыл жол ашылатыны жайында бұлтартпас дәлелдермен
ашыла пайымдайды.

Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері.
1841-1845 жылдар. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20-қазанда Торғай облысы,
Николаев уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затобол
ауданында) дүниеге келді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы алдын көргені
болмаса, басқалай оқу қумаған, момын, үй шаруасымен ғана айналысқан адам.
Ол Ыбырай үш жасқа толғаннан кейін әлде бір себептермен қайтыс болған.
Шешесі Аймен (Арған руынан белгілі Шеген бидің қызы). Бала Ыбырай тәлім-
тәрбиені атасы Балғожа биден алады. Ол ұзақ уақыт Орынбор Шекара Комиссиясы
қол астында қыпшақ руына старшина болады, әскери атағы бар ірі
феодалдардың бірі.

1846 жыл. Осы жылдың 5-наурызында Балғожа би Орынбор қаласына әдейі
барып, өзінің жақсы танысы, сыйласқан әкімі, Шекара Комиссиясының төрағасы,
генерал-майор М.В.Ладыженскийге әдейі жолығып, немересі Ыбырайды Орынборда
ашылмақ қазақ балаларын оқытатын мектепке қабылданатын қазақ балаларының
тізіміне енгізді. Балғожа бидің жазған қолхатының фотокөшірмесі Арқалықтағы
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық музейінде сақтаулы тұр.

1850-1857 жылдар. Ыбырай 1850 жылы 22-тамызда Орынбор Шекара Комиссиясы
жанынан қазақ балалары үшін ашылған мектепке түскен 30 баланың бірі болып
қабылданды.
Мектеп қабырғасында ол көп нәрсеге үйренеді, орыс тілін меңгереді, әр
ғылым саласынан сусындайды. Болашақ ұлы педагогтың ой –дүниесі кеңейіп,
байқампаздық қасиеттері дамиды. Орыс, басқа да ұлттардан шыққан зиялылардың
еңбектерімен танысады. Ыбырай аса зерек болады. 1851 жылдың
қорытындысында ол өте жақсы қабілеті бар атанып, көтеріңкі бағалар алып
оқиды. 1852 жылғы сындардың қорытындысында 6 оқушы тек Өте жақсы деген
баға алған-ды. Солардың қатырында Алтынсарин де бар. 1852 жылы белгілі
Шығыстанушы, профессор В.В.Григорьев Шекара Комиссиясының председателі
болып келгеннен кейін жеке кітапханасынан мектеп қарамағына ақысыз-пұлсыз
көп кітаптарын берді. Олардың ішінде Карамзиннің, Жуковскийдің шығармалары
бар еді. Оқушы Ыбырай осы кітапхана мүмкіндіктерін мол пайдаланды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы жазда аталған мектепті үздік бағалармен
бітіріп шықты, тиісті куәлік және адам дәрігеріне көмекші бола алатыны
туралы ресми анықтаманы да қоса алады.

1857-1859 жылдар. Екі жыл бойы Ыбырай Қыпшақ руы, ұзын бөлімінің
меңгерушісі, войскалық старшина би атасы Балғожа Жаңбыршиннің қарамағында
хат жүргізуші болып жұмыс атқарады. Елмен танысады, оның тұрмыс-тіршілігіне
араласады. 1859 жылы 1-тамызда Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш
болып тағайындалады. В.В.Григорьевтің тікелей басшылығымен жұмыс атқарады.
Осы тұста Ыбырайдың өз бетімен білім алуына Балғожа биді айрықша бағалаған
және соның үшін аса зерек, білімдар Алтынсаринді сүйе білген В.В.Григорьев
(1816-1881), оның білімін одан әрі толықтыра түсуіне көп көмектеседі.

1860 жыл. Осы жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Орынбор бекінісінен
(Торғай қаласы 1845-1868 жылдары солай аталды) қазақ балалары үшін бастауыш
иектеп ашуға ұлықсат алды. Мектепті ашу, оған мұғалім болу ісі Ыбырай
Алтынсаринге үлкен сеніммен тапсырылды. Ол шілде айының орта шенінде
Орынбор бекінісіне, еліне келді, бірден мектеп ашу ісіне кіріседі.
Бекіністегілер жас ағартушыны бірден қолдай қоймайды, әсіресе жергілікті
әкімдер іске немқұрайлы қарайды. Мектеп үйі жоқ, жалға ала қоятын ыңғайлы
тұрғын үй де бола қоймайды. Қалайда мектеп салу, ол үшін ел аралап қаржы
жинау мәселелеріне бел шешіп кіріседі.

1861-1863 жылдар. Алтынсарин мектеп ашу ісіне қызу кіріседі. Торғай өңірі
қазақтарын аралап, ақсақал, қарасақалдармен ақылдасып, мектеп құрылысына
қаржы жинайды. Бұқара халық Алтынсариннің игілікті бастамасын қолдады,
түтін басынан 15 тиыннан 1 сомға дейін қаражат жинауға келісім-шарттар
алынып жатты. Қаражат жинау, дайындалу, мектеп үйін салу жұмысы үш жылға
созылды.
1862 жылы Алтынсариннің үйіне алып оқытып жатқан қазақ балаларының саны
4-ке жетті. Осы жылдары Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинскийдің
Детский мир аталатын тамаша педагогикалық туындысымен танысады, оны
жоғары бағалайды.
1863 жылы жаз айында Ыбырай Қостанай іргесін жайлап отырған семьясын түгел
Орынбор бекінісіне көшіріп алды. Алғашында бекініс сыртындағы дачада тұрды
да, қыс түссе әдейі салынған үйіне біржола көшіп алды. 1863 жылдың аяғына
таман Ы.Алтынсарин өзі жобалаған мектебі құрылысын бітірді де, жүйелі оқуды
бастауға әзірліктің аяқталғанын Орынбор әкімшілігіне ресми хабарлады.

1864 жылы 8-қаңтарда бекіністің барша әкім-қарарлары мен 200-ден астам
сыйлы қазақтардың қатынасуымен Торғайдағы белгілі мектебі салтанатты түрде
ашылды. Үлкен той болды, халықтың әдет-ғұрпына сай ат шабыс, т.б. ұлттық
ойындар ұйымдастырылды.Оқуға бірден 13 бала жазылды. Көбі сұлтандар мен
құрметті билердің ұрпақтары еді. Кейін тағы екі бала қосылды.

1865-1868 жылдар. Ыбырай Алтынсарин 22-мамырда мектептегі оқушыларды
ресми сыннан өткізді. Ол сын 12 балл жүйесімен жүргізілді. 6 балдан
бастап қанағаттанарлық, одан жоғары болса, көтеріңкі бағалар саналатын. Өзі
ашқан мектеп оқушыларына 22-мамырдан бастап жазғы демалыс берді.
Алтынсариннің ұсынысы бойынша Орынбор оқу орны округінен үздік оқушыларға
сыйлық кітаптар келді. Оқу-ағарту саласында және бекініс ісіне жігерлі
атқарған жұмысы үшін Ыбырай Алтынсарин 25-ақпан күні харунжий чинін
(әскери атақ) алды.

1866-1869 жылдар. Ыбырай Алтынсарин мектептегі жұмысын жалғастыра берді.
Ара –тұра уақытша заңгер міндетін атқарды. Я.П.Яковлев жұмыс бабымен ұзақ
жолға шықса, оның орнына бекініс коменданты міндетін де атқарып жүрді.
1868 жылы 21-қазанда Уақытша Ереже бекітіліп, Орал және Торғай облысы
ұйымдастырылды. Торғай облысының уақытша орталығы болып, Орынбор қаласы
бекітіледі де, Торғай уезінің орталығы Торғай қаласы болды. Сол Торғайдағы
қазақ мектебі 1868 жылы бір кластық (4 жыл) орыс-қазақ училищесі болып
қайта құрылды. Әр түрлі ұлттардың балалары оқыса да барша пәндер қазақ
тілінде жүргізілді.
1866 жылы Ыбырай Кіші жүздегі Жаппас руының Достияр бөлімінің құрметті
ақсақалы Шолаққызы Айғанысқа үйленеді. Алтынсарин Орынбор гимназиясында
торғайлықтардың оқып, білім алуына ьарынша ықпал жасады.
1869 жылы Уақытша Ереже күшіне енді. Торғайда уездік басқарма құрылды.
Алтынсарин жер бөлу ісіне араласты және әкімшілік құрылымға ұсыныстар
берді. Уездік басқарманың іс жүргізушілік қызметін қоса атқарды. Ауыл
аралады, болыстар мен старшиналардың сайлау жұмысына қатысты. Уезд
бастығының аға жәрдемшісі болды. Ел арасындағы зорлық-зомбылық, қиянатшылық
пен зұлымдыққа, пара беру сияқты зиянды болмыстарға қарсы күресті.

1870-1874 жылдар. Ресей География қоғамының Орынбор бөлімінің 1870
жылы бірінші жазбаларында Ы.Алтынсариннің Орынбор ведомоствосы
қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі және
Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау
дәстүрлерінің очерктері атты этнографиялық мақалалары жарияланды. Бұл
мақалалар кезінде автордың өз халқын орыс қауымына этнографиялық жағынан
таныстыру тәрізді игі мақсатымен туумен қатар, этнографиялық шығармаларға
қойылатын сол заманғы озық талап-тілектерге де толық жауап бере алады.
Алтынсарин оқытушы ретінде 1871 жылы жазғы екі айда тұңғыш рет тиісті
демалысқа шығады.
1873 жылы жаз айларында Қостанайды, Троицкіде, Ырғызда болады. Осы жылы
Ресейдің халыққа білім беру министрлігі орыс географиясын қазақтың жазу
тіліне пайдалануды түбегейлі жазу үшін әдейі комиссия құрды. Ол
комиссияның мүшелігіне Торғай облысынан Ыбырай Алтынсарин өтті, әр түрлі
себептермен бұл комиссия жұмыс жасаған жоқ. Алтынсарин орыс географиялық
қоғамына қызметкер-мүше ретінде қабылданды.
1874 жылы ол облыстық басқарманың алдына мектептерге жер бөліп беру
туралы мәселе қойды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Бастауьгш мектептін
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Ұлы ғұламаның философиялық, эстетикалық, әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдары
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Пәндер