Экологиялық құқықта жер кадастры құқық нормаларының алатын орны мен атқаратын қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Б. Мухамбетәлі,

«Тұран-Астана» университеті,

Құқықтану мамандығының магистранты



Экологиялық құқықта жер кадастры құқық нормаларының алатын орны мен атқаратын қызметі.

Жер кадастры туралы нормалар орнын анықтау қазіргі құқық жүйесінде маңызды мәні бар, себебі бұл кадастрлық қатынасты реттеудегі олардың ролін айқындау үшін, шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргізу үшін, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау үшін керек. Бірақ бұл орынды анықтаудан бұрын құқық жүйесі дегенннің не екенін айқындап алайық.

Мұхитдинов Н. Б., өзінің «Тау құқығының негіздері» деген іргелі еңбегінде осы мәселені қозғай отырып, Григорьева В. К., Свиредский В. П., Овчинникова Н. Ф., сияқты ғалымдардың еңбектерін талдады, философия мәселелерін қарастырды. (43, с-11-12) .

Жүйе дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысты элементтердің мазмұны жағынан біріктірілген, тұтастық, ол басқа жүйелерге қатысты тұтас бір нәрсе бола алатын тұтастық. Кейде жүйе деп элементтердің жиынтығын да атайды. Ол да белгілі бір қасиеттері мен байланыстарына қарай относительді түрде тұтастық сияқтанады да, қоршаған ортада тіршілік ете алады. (43, с-11-12) .

Ал жүйеде бірнеше (әлде көптеген) элементтер болады. Екі түрлі бөлшектен тұрмаса, ол жүйе болмайды. Оның элементтері іштей тұтаспаған кездейсоқ жиынтық емес. Олар белгілі бір түрде өзара әсерлеседі. Тек барлық әрекеттеуі жүйені тудыра бермейді. Ол үшін екі түрлі сәйкестік қажет: бір жақты әсерлесетін элементтер сәйкестігі, олар міндетті түрде қатысу керек, жеке элементтің қалғандарымен сәйкестігі (43, с-11-12) .

Жүйе сипаттамасында ең бастысы - ондағы элементтер саны емес, жүйенің ұйымдасқандық деңгейінің қалыптасуы. Көптеген элементтері бар бір объект жүйе болмауы мүмкін, ал басқа бір екі-үш элементтен ғана тұратын объект сапалы жүйе бола алады. Бұл элементтер байланысының сипатына тәуелді, бір элементтің өзгерісі басқасының да өзгеруіне әкелетін тығыз байланыс болады. Дәл осындай әр түрлі бөлшектің тығыз әрекеттесуі сыртқы ортаға қатысты алғанда тұтас бір нәрсе ретінде көрінеді. Осыдан келіп жүйе үшін ең негізгісі - оның белгілі бір тіртіппен орналасуы, яғни сапалық жағы. Сондықтан да элементтер бүтінге сай келе ме, ол бүтіннің басқа бөлшектермен тұтаса ала ма, - соны анықтамай, жүйені құру мүмкін емес. Элементтердің өзара әсері мен өзара байланысын танудың әр алуан тәсілдері бар. Сондай тәсілдің бірі - зерттеуші объектінің құрамын ашу, яғни оның ішкі құрылымын анықтау - элементтердің өзара байланысының сипаты мен тәсілін анықтау. (43, с - 11, 12) .

Біздің зерттеуіміз бойынша, құқық жүйесін танып-білу үшін бізге оның құрылымын анықтау қажет - оның салаларға бөлінуін, ал салалардың институттарға бөлінуін білу керек.

Жүйе ұғымын дұрыс қолдану, құқық мәселесін тануға жүйелі көзқарас өте қажет, өйткені бұл құқықтың ішкі бірлігін ашуға, оның бөлшектерінің үйлесімді өзара әсерін, органикалық өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен, қазіргі экологиялық құқық жүйесі - іштей өзара байланысты элементтердің объективті тұтастығы: жалпы қабылданған принциптер, экологиялық құқық нормалары, экологиялық мекемелер шешімдері, экология саласындағы басқару органдарының шешімдері, құқық инстиуттарының шешімдері т. б.

Экологиялық құқықты қарастырып көрейік, оның бастапқы негізін құқықтық норма құрайды - бұл жалпы ереже, мұны кімдер, қанша уақытқа құрады, - ешкім білмейді. Реттеліп отыратын қоғамдық қатынастарға қарай экологиялық-құқықтық нормалар институтқа, ал олар өз кезегінде құқық саласына бірігеді. (17, с-36) .

Казьминский И. Ф., Сырых В. М., пікірін қарағанда, құқық институты - өзара байланысты нормалар жүйесі, ол қоғамдық қатынастардың относительді өзіндік жиынтығын реттеп отырады. (88, с-180) .

Құқықтық институттың табиғаты мен ерекшеліктерін «бұл - нормалардың жалпы жиынтығы, ол өзкезегінде келесі сатылық-құқық саласының - элементі» деп түсінгенде ғана дұрыс болады. Осы тұрғыдан келгенде, құқықтық институт құқық саласының негізі, «бастапқы, өзіндік құрылымдық құқық саласы, саланың қалыптасуындағы бастапқы және неғұрлым маңызды баспалдағы, мұнда құқықтық нормалар заңдық мазмұнына қарай топтасады . . . » (89, с-109) .

Алексеев: «Құқықтық институттар қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлшегін регламенттеуге бағытталған», - деп жазды (89, с-119) . Черданцев А. Ф., еңбегіне сілтеме жасап, ол «Қоғамдық қатынастардың бір элементі тұтас бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелген, ол тіпті жеке құқық институты құруы мүмкін», - деп, үзінді келтіреді (89, с-119) . Байсалов С. Б., советтік құқық жүйесіндегі су құқығының орнын анықтай келіп, Керимов Д. А., пікірін талдайды. Ол құқықтық институт дегенді «Құқықтық нормалар жиынтығы, ол қажетті қатынасты егжей-тегжейлі реттйді» деген болатын. Сөйтіп оның «құқықтық институт - өзіндік ерекшелігі бар құқық саласы болумен қатар, құқықтыңжалпы белгілері де бар саласы» деген тұжырымымен келіседі. (37, с-142) .

Құқықтық инстиуттың басты қызметі - әлдебір түр не тек бойынша қоғамдық қатынастардың өз участогы аясында относительді тұтас реттілікті қамтамасыз ету. Бұл - құқықтық институттың нормалардың толық жиынтығына ие болуы керек деген сөз, бұл - соның көмегімен сол участоктағы реттіліктің бар кезеңін қамту дегенді білдіреді (89, с-120) .

Біздің зерттеуімізге қатысты айтсақ, бүгінгі күні табиғи ресурстар кадастрының нормалары экологиялық заңымызда құқықтық институт ретінде тиісті орнын таппай отырғанын өкінішпен айтар едік. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның ІІ бөлімінің 19-бабаында табиғи ресурстардың саны мен сапасын анықтау мақсатында оның қазіргі ахуалы, пайдаланылуы мен қорғалуы туралы мағлұматтардың жиынтығы болып табылатын табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры жүргізіліп жатқаны туралы айтылады. (І, с-19) . Ал ІІІ бөлімнің 8-бабында сирек және жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдік әлемнің мемлекеттік кадастры жүргізіліп, Қызыл кітапқа енгізу құқығы қоршаған ортаны қорғау, саласының орталық атқару органының құзіретіне кіретіні туралы айтылған (1, с-8) . Қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі және келешек ұрпақ мүддесі үшін экологиялық қызметтің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алып, биологиялық әр алуандықтысақтап, табиғатты үнемді пайдалануды қамтамасыз етіп отыратын табиғи ресурстар кадастры туралы Заңда осыншама сараң ескертпелер ғана айтылуы әділдік емес. Табиғи ресурстарының мақсаты мен принциптері, түрлері, ахуалының толық құқықтық реттелуі үшін біз арнайы Заң қабылдануын ұсынамыз. Сонда ғана табиғи ресурстар кадастры құқықтық және ғылыми мәртебеге ие болды, бұл мәселенің маңыздылығына сәйкес келеді. Әрине, жер, орман, су кадастрларының туралы Қаулы, Ереженің болуы кадастрдың жүргізіліп отырғанын көрсетеді, бірақ Заң қабылдануы мұны айнымайтын жүйеге айналдырып, оның І бөлімінде жалпы ережелер: міндеті, принциптері, объектілері, субъектілері, кадастр түрлері т. б. атап айтылған болар еді. Екінші жағынан, көптеген заңгерлер үшін біртұтас табиғи кадастр жүргізу, даулы мәселе болып отыр. Мысалы, Байдельдинов Д. Л., «табиғи объектілердің физикалық қасиетін, шаруашылық қызметін, міндетін ескермей есеп жүогізу дәл қазір мүмкін емес, әрі керегі де жоқ», - деп ойлайды. (52, с-98) . Соған қарамастан 2000 жылдық 25-қыркүйегінде ҚР Үкіметінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Министрлігіне цифрлық және геоақпараттық жүйелер негізінде ҚР табиғи объектілердің мемлекеттік кадастрының Бірыңғай жүйесін құру туралы қаулысы шықты. Бұл қаулыға сәйкес ҚР табиғи объектілерінің мемлекеттік кадастрының барлық түрін біріктіруші бірыңғай кадастрлар жүйесі құрылады және ол салааралық ақпараттық компьютерлік жүйе ретінде жүргізіледі. (21) . ҚР табиғи және экономикалық потенциалы бағалау мен бірыңғай жалпы мемлекеттік кешенді есебін алудан кейінгі қадамы мемлекеттік табиғи кадастралар туралы Заң қабылдау болмақ.

Байсалов С. Б., ҚазССР су құқықтары проблемасына арналған өз еңбегінде советтік құқықтар жүйесіндегі су құқықтарының орнын анықтай келіп, «құқықтық өзіндік саласын құру үшін, оның объективті және субъектвті шарттары болуға тиіс: қоғамдық қатынастардың өзіндік кешені (объективті фактор) және мемлекеттің объективті шартты мүдделігі (субъективті фактор) (37, с-134) . Ол проф. Дембоның еңбегіне сүйенеді». Құқық саласының алғы шарттары : а) қоғамдық қатынастың сай болуы; б) осы қоғамдық қатынас кешенінде белгілі бір бірліктің болуы; в) осы қоғамдық қатынастар кешеніндегі өкімет басында тұрған таптың мүдделі болуы. (37, с-134) . «Мемлекет пен құқық теориясында» «құқық арқылы реттелетін қоғамдық қатынастар ғана құқықтың барлық нормаларын жеке салалар бойынша бөліп отырудың негізі бола алады, сонда ғана қоғамдық қатынастың ғылыми негізделген құқық жүйесін құруға болады», - деп жазылған (37, с-134) .

Дембо сызбасын қолданып, құқықтық институт ретінде табиғи ресурстар кадастрын анықтап көрейік. Сонымен, табиғи ресурстар кадастрында жеке құқықтық институттың алғы шарттары бар ма? Бұл жерде І пункт кадастрлық қатынастар болады, олар мемлекеттік кадастр саласындағы қатынастар және оның деректерін пайдалану саласындағы қатынастар болып бөлінеді. Және бұл қатынастар қоғамдық қатынастың белгілі бір комплексін туғызудағы және оның ішкі бірлігі мен тәуелсіздігі болады.

Алексеевтің С. С., пікірінше, құқықтық институттың құрылымына тән: (89, с-124) :

  1. «тең дәрежелі» нормативті ереженің болуы: Ассоциациялық нормалардан өзгеше (нақтылы ережелері бар басты бір норма) бұл институтқа бірнеше біржақты нормативті ережелер кіреді;
  2. Ереженің заңдық әр алуандығы. Бұлар қоғамдық қатынастың сол аумақтағы жан-жақты әсерін қамтамасыз етеді;
  3. Жалпы ережелерден көрінетін тұрақты байланыстардың барлық нормаларын біріктіру.

Соңғы көрсетілген белгі шешуші болып табылады.

Құқықтық институт құрылымы белгілі бір нормативті материалдың дифференциалдығымен ғана сипатталмайды, интеграцалдығымен де, элементтер байланысының өз заңымен, элементтердің айнымас композициясымен де ерекшеленеді. (89, с-124) .

Табиғи ресурстар кадастрының барлық тиісті элементтері құқықтық институт құрылымында бар. Бірінші пункт бойынша, «тең құқықты» нормативті ережелердің комплексі ҚР Үкіметінің мемлекеттік су кадастрын, мемлекеттік жер кадастрын, мемлекеттік орман кадастрын, мелекеттік пайдалы қазбалар кадастрын, мемлекеттік жануарлар мен өсімдіктер әлемаі кадастрын жүргізу Ережесін бекіту туралы Қаулысын білдіреді. Олар тең құқықты, ҚР табиғи ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мағлұматтарды білдіреді. Сөйтіп, табиғи ресурстар кадастры институтына бірнеше біржақты нормативті ережелер енеді.

Сол сияқыт заңдық ережелердің заңдық әр алуандығы да бақыланады. Мысалы, мемлекеттік жер кадастарындағы (28) міндетті нормалар - есеп жүргізу, кадастр құжаттамасын сақтау, деректерді уақтылы жаңалау т. б. және басқару нормалары - мемлекеттік жер кадастрын жер ресурстары басқарудың аумақтық органдары жүргізуді, ол тыйым салу, жалпы және қорғау ережелерінің бір комплекске жататын себебі - бұлар кадастр қатынасына әр түрлі әсер етуді қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастры туралы
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz