Мағжан бейнесінің жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Өмір мектебі, Тар жол, тайғақ кешу,

Мағжанды өлтіргендер шығармаларындағы

Мағжан бейнесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 6

1.1. Жырымен жұртты
оятқан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 11

2. Көріктеу құралдарының кейіпкер бейнесін берудегі
қызметі ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

Пайдаланылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы. Ұлттық әдебиеттегі Мағжан (Сәбит Мұқанов,
Сәкен Сейфулин және Дүкенбай Досжан шығармалары).

Курстық жұмыстың өзектілігі. Айнала дүниені, қоршаған ортаны, әлемді,
болмыстың түрлі категорияларын танып-білу үшін ең әуелі адамды танып-білу
керек. Бұл сауал ежелгі дәуірден бері адамзат қоғамының алдында тұрды, тұра
бермек. Яғни, адамтану аяқталмаған процесс. Адам болмысының таным көкжиегі
кеңіген сайын бұл аса күрделі мәселенің беймәлім қырларын, жұмбақ сырларын
ашу ұмтылысы күшейіп отырады.

Әдебиеттің пәні адам болғандықтан, оның сыртқы дүниемен байланысы,
рухани-психологиялық табиғаты, адамгершілік сапасы және басқа да
қасиеттерін бейнелеп көрсетудің сан ғасырлық тәжірибесі бар. Әйтсе де,
қоғам алға жылжып, уақыт өзгерген сайын танылуы қиын жаратылыс – адам
турасында жаңа білімдер жинақталады, жаңашыл көзқарастар туады.

Өнердің, өның ішінде әдебиеттің қоғамдық санадағы рөлі өлшеусіз екені
хақ. Сол қоғамды жасақтаушы адам тұлғасын, оның ішкі дүниесін, ой әлемін,
барша жұмбақты болмысын зерделеумен әдебиеттің ізгі ойы айқындалады. Сөз
өнері, сонымен қатар, адам болмысын зерттеп қана қоймай, жеке тұлғаның жан-
жақты қалыптасуына, рухани игіліктерді бойына жинақтауға ықпал
ететіндігімен ерекшеленетіні де рас. Осы міндеттерді шешуде, көркем
шығармаға айналдырудағы жазушының шығармашылық машығы мен суреткерлік
бағытын, дүниетаным өзектерін зерделеу, жалпы адам болмысы турасындағы
көркемдік-философиялық бағытын айқындау маңызы әдебиеттану ғылымының
алдындағы жауапкершілікті іс болып табылады.

Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық әдебиетіміздің өткеніне көз жіберіп,
бүгінгіне терең пайыммен қарау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болып
саналады. Ұлттық әдебиетіміздің қоғамдағы талай өзгерістерді басынан
өткерсе де өз бағытынан ешқашан тайған емес. Жекелеген топтар мен
партиялардың қолшоқпарына айналып кету қаупі талай төнсе де өнер өз
болмысын сақтап қалып отырды. Осындай ұзақ әрі мазмұнды жолды өткерген
қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсетіп, қаламгерлердің қолтаңбасын
танытып, шеберлік бедерін зерттеп-зерделеу бүгінгі буынның еншісіне тиіп
отыр.

Ұлт және оның күретамыры болып саналатын әдебиет егіз қатар өмір
сүріп келе жатқаны баршаға аян. Азаматтық, ұлттық мүддені қорғайтын,
әрқашан көтеріп отыратын қай халықтың болсын өз әдебиеті. Ұрпақ тәрбиесі,
ел болашағы, ұлттың ертеңі мен өткені әдеби шығармалардың өзегіне,
қаламгерлердің басты нысанасына айналып отырғанын бүгінгі әдебиеттің
өзіндік сипаты, бұрынғы әдебиеттің салып кеткен дәстүрі деп айтуға болады.

Әрбір ұлт әдебиетінде ешқашан өшпейтін, ескірмейтін керісінші заман
өткен сайын жаңарып отыратын мәңгілік тақырыптар болады. Сондай-ақ сол
ұлттың өзіндік танымын, салты мен санасын танытатын кейіпкер бейнесі
сомдалады.

Қаламгерлер өз туындыларында Мағжан бейнесін сомдау арқылы ақынның сол
қоғамдағы рөлін, қызметін береді. Бұл мәселе курстық жұмыстың негізгі және
өзекті мәселесі болып келеді.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Өмір мектебі (1976), Тар жол,
тайғақ кешу (1988), Мағжанды өлтіргендер алынды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиетіндегі Мағжан
бейнесінің сомдалуының мақсаты мен мәнін, өзіндік сипаты мен ерекшелігін,
қаламгерлердің шеберлігін қарастыру. Сондай-ақ қоғам мен адам, адам мен
тарих, қоғам мен тарихтың ара қатынасын ашып көрсету курстық жұмыстың
негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай
міндеттер қойдық:

- Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфулин және Дүкенбай Досжан шығармаларындағы
Мағжан бейнесінің жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау;

- Қаһарман болмысындағы ұлттық мінезді таныту;
- Ақынға арналған өлеңдерге талдау жасау;
Курстық жұмыстың дереккөздері. Д. Ысқақұлы Әдебиет алыптары, Ж.
Сүлейменов Мағжан Жұмабаев, Ш. Елеукенов Мағжан Жұмабаев, Т. Кәкішев
Мағжан мен Сәкен.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыста ұлттық әдебиеттегі
Мағжан бейнесінің сомдалуындағы өзіндік ерекшеліктерін адамның жан-
дүниесіне, таным-түйсігіне әсері тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық
әдебиеттегі Мағжанға қатысты эстетикалық жаңаша көзқарастар ғылыми тұрғыдан
зертеледі.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфулин және Дүкенбай Досжан шығармаларындағы
Мағжан бейнесінің жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау;

- Мағжан Жұмабаев – адам жанының небір нәзік сезімдерін сол күйінде
мөлдірлете жыр жолдарына айналдырып, ақ қағазға түсіре алған лирик, ақ
пейілді, ұлағатты ұстаз, білімдар, тарлан ақын екендігі анықталады;

- Ақын бейнесін жасаудағы көріктеуіш құралдардың рөлі қарастырылады.

Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының материалдарын
орта және жоғары оқу орындарында әдебиеттануға кіріспе, қазіргі қазақ
әдебиеті, пәндерін оқып-үйрену барысында және арнаулы курстарға
пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың әдістері. Курстық жұмысты жазу барысында зерттеушілер
еңбектеріндегі ой-пікірлер, тұжырымдар негізге алынды. Жұмыста салыстырмалы-
тарихи, әдеби-теориялық әдістер қолданыла отырып, жүйелі құрылымдық негізде
орындалды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімі
Өмір мектебі, Тар жол, тайғақ кешу, Мағжанды өлтіргендер
шығармаларындағы Мағжан бейнесі, және көріктеу құралдарының кейіпкер
бейнесін берудегі қызметіатты екі тараудан тұрады. Әр тарау соңында ой
қорытындыланып, тұжырымдалған. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі
берілген.

1 ӨМІР МЕКТЕБІ, ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ, МАҒЖАНДЫ ӨЛТІРГЕНДЕР
ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАҒЖАН БЕЙНЕСІ

Әр халықтың да уақыт, заман ағымындағы тарихи көшінде жылдар жылжып,
ғасырлар ауысса да, уақыт сынына бой алдырмайтын, тот баспайтын мәңгілік
рухани құндылықтары болады. Мұндай құндылықтар, әрине, бірінші кезекте
ұлттың өнеріне қатысты. Өнер, оның ішінде сөз өнері – мәңгілік құндылық.
Ұлы далада күрескер ғұмыр кешіп, қуанышын да, қайғы-мұңын да алдымен
өлеңмен өрнектеген, яғни басындағы бар қасіретін де, кейінгі біздер бас
иетін нар қасиетін де поэзия тілімен жеткізіп келген қазақ халқы үшін сөз
өнері ең басты құндылық болып саналуы әбден заңдылық.

Мағжан - өмірден үнемі елім, қазағым деп өткен, бар ғұмырын
халқының бостандығына сарп еткен, оның тәуелсіздігін аңсаған суреткер.
Ұлт бостандығын аңсаған Мағжан аумалы-төкпелі аласапыран уақытта да халқым
деген зиялылардың қатарынан табылып, олардың рухани қолдаушысы болды.
Әсіресе, 1917-1918 жылдары Алаш автономиясы құрылғанда ақын оның мақсат,
намысын бар жан-тәнімен қабылдап, ұранына беріле сенді. Мағжан басына
қайғысының қаншама қара бұлты төнсе де, адам жанын түршіктірер жауыздықтың
тауқыметін көп тартса да, ақын рухани сұлулықтың көркем дүниесін жасаудан,
әуенмен сезімнің әсем алқасын өруден әсте жалықпаған.

Жалпы Мағжан – қазақтың ұлттық тұрмыс-тіршілігін, өткенін жан-тәнімен
сүйген ұлтшыл ақын. Өткен өмірдің жақсы жақтарын өлеңмен өрнектеуге
келгенде ақынның қаламы жүйрік. Романтик ақын қазақтың тарихына барғанда
бауыры жазылып отыруы – ақынның бүкіл поэзиясына тән ерекшелігі. Осындай
қасиеттері үшін де Мағжан Кеңес өкіметі кезінде ескішіл, өткенді аңсайды,
ұлтшыл деп айыпталады. Біздіңше бұл ескішілдік, өткенді аңсаушылық емес,
қайта оны құрметтеу, тарихтың тағылымды жақтарын насихаттау, олардан
үйрене отырып, заманға сай тіршілік жасауға, өзгелермен терезесі тең өмір
сүруге үндейді. Бұлайша жырлау ұлтын шын сүйген, туған халқына адал -
ақындардың ғана қолынан келеді. Осы тұрғыдан келгенде Мағжанның ұлтшыл
екені рас.

Мағжан ұлттық әдебиеттің өзге ел әдебиетімен тең болуын қалады. Қазақ
елінің мәдениеті мешеу атануына намыстана қарады. Әсіресе, Қазан төңкерісі
алдындағы қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық деп есептеген
шовинистік пікірлер намысына тиді. Ол халқымыздың тарихын білмегендіктен
екендігін аңғартады. Бұл ақынды халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп
оқуға жөн сілтеді.

Ақын өз өткенін ұмытып, бодандықта жандары жоси бастаған халқымыздың
өткенін еске оралтып, арғы аталары ғұндар мен сақтар, бергісі түрік
бірлігі, Түркістан мемлекеті туралы жыр толғайды. Түрік мемлекеті жер
жүзін дүркіреткен кездегі елдің қара шаңырағы қазақ жері болғаны, ендеше
дербес мемлекет бола алмаймыз деу далбаса дегенге келеді. Ал, ақынның ел
тарихын жете білуі – ұлттық эгоистік сезімін күшейтеді. Егер философия
ғылымының докторы, ұлтаралық қатынастарға байланысты бірқатар еңбектер
жазған Рамазан Абдулатиповтың пікірімен келісер болсақ, ұлттық эгоизмнің
түбінде ұлттық патриотизм, ұлт ретінде өз құдіретіне сенушілік, ұлты үшін
жан кештілік жатады екен. Әрі ұлттық эгоизм – ар-ождан еркіндігінің
сақшысы, өз ұлтын ғана сүймей, өзге ұлттарға да құрметпен қарайтын
мәдениеттіліктің қалыптасуына көмектеспек. Бұл біздің Мағжанымыздың
ұлтжандылық қасиетін түсінуге көмектеседі.

Біздіңше Мағжан келер ұрпақ көкірегінде ұлтжандылық қасиеттің мықты
болуына қатты көңіл аударған. Мағжан түсінігінде Отанына деген
сүйіспеншілік халық үшін қандай да бір құрбандықтарға апарады. Оның
Қазақстанның өзі дербес мемлекет болатындығына сол кезде-ақ көзі жеткен
болатын. Әсіресе Түркістан өлеңінде мемлекет болатындығымызды айтып батыл
күрескен. Сол кезде-ақ Қазақстанның жер астында жатқан бай кен орындарын
ескеріп, құм үстінде отырған жалаңаш араб құрлы болмадық па?! Деп ұлттық
намысымызға қозғау салған. Мағжан Қазан төңкерісі алдындағы жазылған
өлеңдерінде бақыт пен бостандықты патша қолынан оңайлықпен деу мүмкін
еместігін ескеріп, бодандықтың зардаптарын бүкпесіз ашып көрсеткен. Оған
Қазағым, Қойшы бала мен күшік, т.б. өлеңдері мысал бола алады.

Біз Мағжан ағамыздың ақталғаны туралы анық-қанығын білгелі
келгенімізді айттық. Ол кісі бізге сондай қуанып, төргі бөлмеден
мәшіңкеге басылған Мағжан шығармаларын бізге әкеліп көрсетіп, – ақыңдар
бауырлары, сендер де Мағжанның бауырларысыңдар ғой, қызылжарлық – деп,
бізге бір данадан ұстатты да, – ағаларыңның еңбектерін жинастырып, үш
данадан бастырып қойдым, кітап қылып бастырамын ба деген ойым бар, бірақ
ана жақтан көмек жоқ (жоғары жақ) баспадан шығартамыз дегендер де көп,
бірақ соларға сеніп, бермей жүрмін, біреулері әлі рұқсат етпей тұр –
дегенді айтады. Қайсына сенесің, – деп Зылиха апайдың ауыр күрсінгені әлі
есімде. Сол жолы біз Мағжан шығармаларының түп-нұсқасын көріп, оқып,
қолымызға қуанышпен ұстаған едік. Біз оның өлеңдерін оқып қана қоймай,
Қорқыт, Жүсіп хан, Батыр Баян т.б. поөмаларының барын біліп, таң
қалған да едік [4,12 б.].

Мағжан ұлттық әдебиеттің өзге ел әдебиетімен тең болуын қалады. Қазақ
елінің мәдениеті мешеу атануына намыстана қарады. Әсіресе, Қазан төңкерісі
алдындағы қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық деп есептеген
шовинистік пікірлер намысына тиді. Ол халқымыздың тарихын білмегендіктен
екендігін аңғартады. Бұл ақынды халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп
оқуға жөн сілтеді.

Ақпан төңкерісінен кейін қазақ азаматтары Алашорда атты партия
құрып, соның маңына топтаса бастады. Осы қозғалыстың басы-қасында жүрген Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты алаш азаматтарымен аралас-
құралас жүрген Мағжан да осы топтың ішінен көрінеді. Алашорданың құрылтайы
өткенде оған әр облыстан делегаттар қатысты. Оған Ақмола облысының делегаты
ретінде келген Мағжан оқу комиссиясына мүше болып сайланды. Осы кезден
бастап халық ағарту ісі Мағжанның саналы өмірінің мәнді бір саласына
айналды. Бұл туралы Сәкен Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешуінде айтылады:

Қазақстанда Алаш партиясы деген жасалды. Алаш партиясы атынан
учредительный собраниеге аталған депутаттар Ақмола әм Семей облысынан номер
бесінші списке 1. Әлихан Бөкейханов, 2. Айдархан Темірбайұлы ... 15. Мағжан
Жұмабайұлы. Қаралған мәселелер туралы съезд қаулылар алып, пәлен миллион
ақша, пәлен мың әскер жиюға қаулы қылып, оларды әр облысқа бөліп салып,
Алашорда үкіметін сайлады. Оқу комиссиясына мына адамдар сайланды: Ахмет
Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы сайданды. Сөйтіп Алаш үкіметі жасала
қалды [1,82-83 б.].

Басталып кеткен аласапыран оқиғалар Мағжанның қолға алған істерін
жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Еркіндікті аңсаған ақын үмітін ақтар мен
қызылдар болып билікке таласқан қыртыстар күл-талқанын шығарды. Қылышынан
қан тамған Колчак шығып, елге қырғидай тиді. Омбыда өздерін социалистер
санаған Үш жүз партиясы пайда болды. Чехословак лаңы бұрқ ете қалды. Сондай
қым-қуыт оқиғалар кезінде солардың ортасында жүрген Мағжан да түрмеден бір-
ақ шықты. Үш жүз партиясы ақынды абақтыға апарып қамады. Қаңтардың аяғына
қамалып, мамырдың соңында босанып шыққан ақын біраз уақыт елде болып, сол
жылдың күзінде Омбыға қайта оралды.

Үш жүздің шығарған газеті де дөрекі болды. Сабасына қарай піспегі
деген тәрізді, Алаш көсемдерін жамандағанда, тек дөрекі кілмен сөге
берді. Айқын ережесі болған жоқ.

Расында, Үшжүз партиясы жасаларда, білек қайратын көрсетпек болып,
азғана ереуіл жасап алыпты. Болашақ Үш жүз бір күні қол күш жұмсапты.

Алаш көсемдерінің бұқараға зияны болмаса, пайдасының жоқ екенін
әбден айқын көрген соң, Омбыдағы Алаш партиясының ордасы болып отырған
Ақмоланың облыстық қазақ комитетінің басында отырғандарды қууға қаулы
қылады.

Үкімет Керенский қолында. Үкіметтен жатақтарға, жәмшіктерге, қара
жұмыскерлерге қайыр жоқ. Не де болса өздерінің қол күштерін жұмсамақ
болады. Бастықтары М. Әйтпенұлы, Әлжанұлы, А. Қылышпайұлы – бәрі Омбының
уездік қазақ комитетінің басындағы адамдар. Міне, соларды алдына салып,
жүз шамалы жатақ, жәмшік Ақмоланың облыстық қазақ комитеті мекемесіне
жөнелді...

Облыстық қазақ комитетінің мекемесіне келеді. Комитеттің екігін ашады.
М. Әйтпенұлы, Әлжанұлы, А. Қылышпайұлы, он шақты жатақ адамдарымен мекемеге
кіріп, облыстық қазақ комитетінің мүшелерін отырған орындарында ұстайды.
Тұтқынға алады. Кейбіреулерін үрады. Облыстық қазақ комитетінің төрағасы
адвокат А. Тұрлыбайұлын таба алмайды. Бір тобын іздеп Тұрлыбайұлының
пәтеріне барып, таба алмай келеді.

Сонан соң облыстық ақазақ комитетінің мүшелерін: Сейітұлы мен
Жұмабайұлы айдап, Тұрлыбайұлының пәтеріне келеді. Тұрлыбайұлының пәтерін
қамап алып, бекітулі есігін тепкілейді. Тұрлыбайұлы көрінбей бұғып жатып
алады.

Ол екі арада Керенский үкіметінің атты әскері келіп, милиция отряды келіп,
жатақтар тобының өзін қамап алып, тұтқындағы Сейітұлы мен Жұмабайұлын
босатып, ереуіл жасаушылардың өзін тұтқынға алады... [1, 92 б.].

Мағжан ақталып, шығармасымен таныса басталғанда Қадыр Мырзалиев
Мағжан Жұмабаевтың өмірі де, творчествосы да тұнып тұрған трагедия. Ол
шын мәнінде бақытсыз адам. Талайсыз таланттың ең басты жазығы, оның жалғыз-
ақ кінәсі аса үлкен дарындылығында, замандастарының біразынан жрғарырақ
тұруында. Сол үлкен дарынмен жер басып, тірі жүргенінде! Адам әдетте өзінен
төмен, тіпті қатар тұрған адамды қызғанбайды. Замандастарының көпшілігі
Мағжаннан әлдеқайда төмен тұрған жартылай адам, жартылай пенделер. Дарын
жағынан да, кісілік жағынан да... арқарлар мен таутекелер жамандықты әдетте
жоғарыдан күтпейді дегенді қаншама әдемі айтылса да, ақын-жазушыларды
жоғары-төмен тұрғандығына, аласа биіктігіне қарай бағаламас болар. Жалғыз
Шолпан аспан әлемін өзі ғана әдемілей алмайды, қаншама батыр болса да
жалғыз жауынгер тұтасқан қол бола алмайды дегенді ұмытпайық.

Осындай тамсану, сағыныш сазын айту процесі Классик ақын Мағжан
Жұмабаев творчествосы төңірегінде пікір білдірушілер о бастан-ақ екі
жарылған сияқты. Мағжаншылдар және жанжалшылдар деп тақпақтағандықтан
зерттеулерге тамсану дабы еніп кетіп жүр.

Мағжан абақтыда отырған кезде Алаш пен Үш жүз партиялары құрылтай
құрылтай сайлауы кезінде іс-әрекеттерін өрістете түскен болатын. Әлеуметтік
жай-күйді сезгіш оқушы жастарға олардың әсері күшті болатынын көреміз.

Мағжанның ұсталуы, Үш жүз партиясы мүшелері арасындағы кикілжіңдер,
облыстық қазақ комитетінің қоңырауы, әсіресе оқушы жастар арасындағы жайсыз
іс-әрекеттер Бірлік қауымының ыдырауына апарып соқтырды.

Бірлік қауымының басшылары Көлбай Тоғысов үстінен жинаған қаралағыш
деректерді қазақ-орыс депутаттары кеңесінің төрағасы, Батыс Сібір Кеңестері
атқару комитеттерінің мүшесі Евгений Полюдовқа беріп, мәжіліс үстінде
мәлімдеме жасаттырыпты. Соған байланысты Көлбай 25 сәуірде тұтқындалып,
түрмеге жабылыпты. Ол кезде байыбына бара қоятын кез еместігін
пайдаланғандар арандатудың көзін тауыпты.

Мағжан Жұмабаев 1923-1927 жылдары Мәскеудегі Орталық Шығыс баспасы
мен бұрынғы Кеңес Одағы халықтары Орталық баспасында қызмет істеген Мәскеу
әдеби-көркем институтында оқыған. Шығыс еңбекшілері комунистік
университетінде оқытушы болған. 1927 жылы туған еліне қайтып оралып, 1929
жылға дейін Петропавлдағы қазақ педагогикалық техникумы мен кеңес-партия
мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Сол жылы Алқа атты
жасырын үйым құрды деген жалған айып тағылып, Мәскеудегі Бутырька түрмесіне
жабылады да, жазықсыз он жылға сотталып, жазасын өтеуге Карелияға жет
аударылады.

Төреқұлов Шығыс баспасында директор боп тұрған шағында (1922-
28жылдары) Бөкейханов, Жұмабаев сияқты алашордашыларға орыс тілінен
аударылатын өзге шығармалар түгіл, Лениннің шығармаларын аудартуы,
алашордашылардың ол шығармаларды қасақана бұзып аударуы әлденеше толассыз
фактылармен дәлелденген нәрсе.

Төреқұлов Лениннің 1905жылы деген атпен шыққан мақалалар жинағын,
алашордашыл ақын – Мағжан Жұмабаевқа аудартып басты. Ол аударма да
Бөкейхановқа ұқсас сорақылыққа толып тұр[2,105-106 б.].

1917 жылғы революцияның алғашқы күндерінен-ақ қазақ әдебиетінде қарама-
қарсы екі бағыт басталды: бірі – Октябрь ревояюциясын, пролетариат
диктатурасын, Совет үкіметін, коммунистік бағытты жақтап, жырлауда қазақ
совет әдебиетінің алғашқы жолын тартқан Сәкен Сейфуллин бастаған бағыт,
екіншісі – Октябрь ревояюциясына, Совет үкіметіне, коммунистік партияға
қарсы шыққан, революцияға қарсыларды мақтаған Мағжан Жұмабаев бастаған
бағыт.

Мағжан бастаған топ Алқа атты ұйым құруға тырысты, бірақ бұл ұйымның
мақсаты советтік құрылысқа, яғни – тап тартысы арқылы социолизм ісіне қарсы
болғандықтан, мезгіл – советтік жағдай болғандықтан, Алқаның идеясын жеке
мақалаларда айтқаны болмаса, ұйым ретінде қимыл жасай алмайды [2,447 б.].

Мағжанды өлтіргендер әңгімесінде Жұмабаевтың ақырғы күндері сөз
болады, абақтыда жендет Гайковичтің жауап алуы, ақырында оққа байлауы
сұмдық суық елес. Сізді ату туралы үкім тасқа басылып, әлдеқашан қол
қойылып қойған, – дейді Гайкович. – Өлімнен қорықпаймын, – дейді Мағжан
қоңыр үнмен. – Шын ақындық, адамдық рухым әлдеқашан денемнен бөлініп
сыртта, сыртта, өлеңнің әр жолындаі кітабымның әр бетінде қалған, алдында
отырған құр қауқармын, тұлыппын, сұлба суретпін әшейін. Әңгіме Мағжан
Жұмабаевтың өмірі мен өлімі туралы ойларын кезек алмастыра отырып, арасында
жендеттің естелігін келтіру арқылы қиюластыра өрілген.

... Құданың құдіреті, Мағжан Жұмабаевті, иә.. иә.. сол ақынды өлім
камерасына алып барып, арқасын жарға сүйеп, бетін бері қаратып: Соңғы
сауалың бар ма? деп сұрағанымда тырс етіп үндемеді. Ағаш қуыршақ секілді
сексиіп сілейіп тұра берді. Тапаншаны оқтап, шүріппесін қайырып қолымды
көтеріп, нысанаға алып тұрып: Ал, не дейсің, - дегенімде сәл қыбырлап
басын шайқап бір сөз айтты, тақап барып әрең түсіндім. Әттең-ай, жалғыз-
ақ өкінішім бар, соңғы ұсталар алдында жазушылар одағының табалдырығында
қол жайып, садақа сұрап қайыршы шал отыр еді, шығып бара жатқанымда
қалтамда ештеме болмай, садақа бере алмадым. Өкінішім сол ғана, - депті
[3,423 б.].

Мағжанның өз өмір сүріп отырған қоғамның кемшілігін айтуы, қазіргі
демократиялық көзқараспен қарасақ, үкіметті құлату мақсатында емес,
керісінше идеялық бағыт беру, керек десеңіз ел басқарғыш солақайларға
ақыл-кеңес десек те болғандай. Кейде ақын өзінің уытты сөздерімен
бодандыққа өз еркімен бас иген халықтың намысын шымшыған алаштың
қаралаушысына да айналады. Мұның негізгі себебі – ақынның рухани жалғыз
қалуы, көкірегіндегі айтпақ ойын еліне жеткізе алмауы, оған қолдау таба
алмай, ен даланы басына көтеріп, үйірін іздеген қоңыр қаздай күй кешуі еді.
енді бірде ол ұлтжанды адамның қорланған, намыстанған ішкі жан айғайы болып
та елестейді.

1. ЖЫРЫМЕН ЖҰРТЫН ОЯТҚАН

Мағжан бала күнінен халық фольклорын, ауыз әдебиетін, елдің дарынды
сөзін бойына сіңірумен қатар қаршадайынан арабша орысша хат танып, артынан
арнаулы оқу орындарын аяқтап, сүйгеніне біткен сұңғыла, зерек, қиялшыл
қасиеттеріне орай, Шығыс пен Батыстың поэзиясын терең біліп, көңілге тоқып,
жүрекке ұялатып, бойына сіңіру арқасында таза талғаммен биік парасатқа,
көркемдік нысанаға тіпті ерте жеткен. Ақын таланты шын мөлдір қасиетін
сақтап, табиғат – ұста соққан қалпында қалған. Бала-бозбала, оқушы-шәкірт
қолынан шыққан, әр нәрсенің басын шалған, шөпті де, шөңгені де өлең еткен
әрекеттен ада, европалық үлгідегі мәдениетті ақынның қаламгерлік жолы
басталған. Алғашқы күннен Мағжан қара сөзбен айтуға болатын, мақаламен
көмкеретін жәйттерге өлең арнамайды; үгіт-насихат сарынынан, ғақлия-өсиет
мақамынан, терме-қисса арнасынан бойын мүлде аулақ салады; аз күндік ұранға
ілесе жазылған қошемет, мадақ жыр, біреуді марапаттаған қолпаш өлең атымен
жоқ. Тоқ етерін айтқанда, қазақ поэзиясының аспанына көтерілген жаңа жұлдық
– Мағжан салған жерден ақындықты көз жасы, жүрек қанынан сорғалайтын – асыл
сөз, дарынды сөз, қасиетті өнер, шарапатты өнер деп біліп, бұл сапарды
туған жерге, Отанға, халыққа қызмет етуге киелі жол санайды.

Жетсе егер қорқынышты қара түнім,

Басса дерт, әлім құрып, шықпай үнім.

Көңіл ашып кеудеме жан кіргізер

Өлең менің – шолпаным, айым, күнім –

деп толғауы тегін емес.

Қазақ әдебиетін жоғарғы деңгейге көтерген Мағжан Жұмабаев
шығармаларының қазақ халқы, қала берді бүкіл түркі тілдес халықтар үшін
маңызы зор. Өзіндік стилімен, өзіндік қолтаңбасымен әдебиетке келген
Мағжан сол замандағы ұлы проблемаларды алға тартып, еркін поэзияның тамаша
үлгілерін жасаған. Мағжан ақындығы жайлы айтқанда өнеріне бас иген
академик, ұлы жазушы М.Әуезовтің сөзін тыс қалдырып кете алмаймыз: Қазақ
жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Бұдан соң Мағжанды сүйемін.
Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қордалы
ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы
жарасқан арқа қызын көріп сезінген боламын. Мағжан культурасы зор ақын.
Сыртқы кестесінен келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның
шегінен асқандай. Сезім жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай,
бірақ, түбінде әдебиет таратушылар газетпен қосақталып, күндегі өмірінің
тереңін терген ақын болмайды, заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын
болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ.
Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы
күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәрімізді
күмәнді, өте сенімсіз деп білемін [4,194 б.], - деген көрегенді ой айтады.

Мағжан өз халқының өте бір дағдарыс шағында, аласапыран кезеңде, тоғыз
жолдың торабында тұрған тұста, арпалысы, адасуы, асқын-тасқыны, дағдарысы,
құйындай құбылмалы күндері көп кезде туған адам. Оның ақындық дарыны өткен
күннен, көне өмірден нәр алды. Алды оған күңгірт болды. Революциядан
кейінгі жаңалыққа оның бірден ілесіп кете алмауы да содан еді. Дұрысы сырт
көзге айғайлап, ұрандап, қиқулап үн қоса алмады., революцияға құр айқайшы
болу ақындыққа онша бедел, мерей бола қоймаса керек. Мағжан ел көшкенде
қалың шаңдақ астында адасып қалған жас төлдей жалғызсырап, алдағы тозаңы
көп соқпақты, топырағы тұтқыр сүрлеудің бұрылысы, бұлтаңы көп ирек жолдың
қайсысы түзу, қайсысы бұрыс екенін жете түсіне алмай, бетін қайда бұрарын
анық біле алмай торығып, жалғызсырай берді. Сондықтан да кейде Мені де,
өлім, әлдиле деп қалды.

Түптеп, тереңнен кейіпкерінің жанына батыра айтатыны сондай, Мағжан
сөзі тірі пенде түгілі, тілсіз тасты оятардай уытты келеді:

Азамат, анау қазақ қаным десең,

Ұжмақтың суын апар жаным десең.

Болмаса ібіліс бол да у алып бар,

Тоқтатам, тұншықтырам қанын десең.

Осындай өз халқына жанашырлығыңды көрсетіп, қол ұшын бер, көмектес
дейді. әйтпесе, жаны ашымас у ішкізіп өлтірер ібілістің өзісің, - деп
түйрейді.

Соры шаш етектен әрі зар қасіреттің зардабынан шөккен кәрідей қалыпқа
түскен халыққа бейіштің зәмзамын әкел деуі оқырманды қозғамай қоя ма?

Торлан ақын Мағжан өз тұсындағы көп сауатсыздар шошынып, сөзімнен
безініп, жерініп кетпей ме деп секем алмайды, діндар қауымның құлағынан
түрпідей тиер сөзден де іркілмейді:

Өзім тәңірі, табынамын өзіме,

Сөзім – құран, бағынамын сөзіме,

Бұзушы да, түзуші де өзіммін,

Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе.

Бұл 1911-1922 жылдар аралығында жазылған өлең. Дін десе мүлгіп тұрған
молда, ишан, қазірет, қожалар ақын өлеңіндегі исламға тіл тигізгендей өткір
пікірге өре түрегелерін, қарсы шығарын автор білмеді дейсің бе? Біле тұра
батыл қадамнан тайынбаған!

Себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басында қазақ прозадағы әйел тағдырының көрініс алуы
Қазақтың ханы Абылай
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
МАҒЖАННЫҢ КӨРКЕМ ӘЛЕМІ
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
Сапалық сын есімдер
Мағжан және балалар әдебиеті
Когнитивтік лингвистика және әлемнің тілдік бейнесі
Жұмабаев Мағжанның тілдік тұлғасы
Пәндер