Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ, САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ
КАФЕДРАСЫ

Қаржы мамандығындағы студенттер
(ішкі және сырттай – қашықтықтан оқыту нысанындағы)
үшін курстық жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары және
Салық және салық салу пәнінен
курстық жұмыстарды орындау бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ҚАРАҒАНДЫ – 2009
Әдістемелік нұсқаулар және курстық жұмыстардың тақырыптарының тізімі
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің Қаржы, салық салу
және сақтандыру кафедрасында құрастырылған.

Құрастырушылар: э.ғ.к., доцент Ерманова А.А., э.ғ.к., аға оқытушы Улаков
Н.С.
Аударғандар: магистр Танашева А.Б., Игликова Д.Д., Маташева А.Е.

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қаралды
__________________2009 ж. № ____ Хаттама

ҚСС кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., доцент
С.К.Кудайбергенова

Әдістемелік нұсқаулар 4 бөлімнен тұрады:

I Бөлім. Курстық жұмыстарды орындау бойынша негізгі талаптар
II Бөлім. Салық және салық салу пәні бойынша курстық жұмыстрадың
тақырыптары және тақырыптардың қысқаша сипаттамасы
III Бөлім. Курстық жұмыстарды орындау бойынша талаптар
IV Бөлім. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

I Бөлім. Курстық жұмысты орындау бойынша негізгі талаптар

Қаржы мамандығының оқу жоспарына сай іштей және сырттай – қашықтықтан
оқу нысандарында Салық және салық салу пәнінен екінші және үшінші
курстарда жылдық оқу жоспарларына сай курстық жұмыс жазу қарастырылған.
Курстық жұмыс студенттің қарастырылатын мәселе аумағында білімін
бағалауға мүмкіндік беретін, жеке творчестволық жұмысы болып қарастырылады.
Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаты:
- нақты бір мәселе аумағында студенттердің білімін тереңдету және
ұлғайту;
- теориялық және практикалық мәліметтерді талдауды үйрену және қолдана
білу;
- өзінің ойларын жазбаша түрде логикалық, дұрыс, ашық, бірегей және
қысқаша түрде жаза білу.
Берілген әдістемелік нұсқаулық курстық жұмысты жазу барысында студентті
нақты тақырыпты таңдауға бағыттайды, таңдалған курстық жұмыстың тақырыбының
толық мазмұнын анықтауға, сонымен қатар қажетті әдебиеттерді жинақтаға
көмектеседі.
Әрбір нұсқа бір тақырыптың мазмұнының сипаттамасын қосады.
Іштей және сырттай оқу бөлімдерінің студенттері бір тақырыпты таңдап,
кафедрада алдын ала тіркеуден өткізіп, тақырыбын бекітеді.
Кафедра оқытушысының ұсынысымен барлық тақырыптар қарастырылып, курстық
жұмыстардың барлық талаптарына сай мерзімінде тапсырулары қажет.
Курстық жұмысты жазу барысында студент теориялық сұрақтарды білетінін,
кейбір глобальді сұрақтар бойынша қазіргі экіномистердің көз – қарастарын
жалпылай білу, сонымен қатар мүмкіндігінше сұрақтарға тәжірибелік
мәліметтерді пайдалана білу. Заңдық және нормативтік мәліметтерді қолдана
білу тиіс. Қортындысында жалпылап, мәселені шешу бойынша ұсыныстарды
енгізу.
Тақырыптың толық ашылуы үшін, тәжірибелік мәліметтерді, Қазақстан
Республикасының және басқа да дамыған мемлекеттердің қаржылық статистикалық
берілгендерін қолдану керек. Жұмыстың мазмұнын кестелермен, сызбалармен,
есептеулермен кеңейте түсу қажет.
Курстық жұмысты жазу барысында міндетті түрде әдебиеттермен, заңдық –
нормативтік актілермен танысу қажет.
Алдымен тақырыптың сұрақтарын хрестоматиялық көздерден (оқулықтар, оқу
құралдары және т.б.), себебі оларда материал түсініктірек жазылады, ал
содан кейін ұсынылған және басқа да әдебиеттерді пайдаланып, тақырыптың
терең талдауына көшуге болады
Курстық жұмыстың көлемі 1 интервал арқылы жазылған 20 – 30 бет болуы
тиіс.
Курстық жұмыс әрбір студентке жеке бекітіледі.
Егер курстық жұмыс талаптарға сай жазылмаса, онда оқытушы ескертулерді
көрсетіп, студентке жұмысты қайтарып береді немесе жұмысты бағалап, сәйкес
бағасын қояды.
Курстық жұмыста міндетті түрде пайдаланылған әдебеттер тізімі болуы
тиіс.
Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасы оқу үдерісіне және
студенттердің өздік жұмыстарына бақылау жасайды. Студенттердің курстық
жұмыстарды кафедрадан тағайындалған жетекшілер қарамағында орындаулары оқу
үдерісінің маңызды элементі болып табылады және студенттің білімін
бағалауда, оқытушының салымын анықтауының критерилік көрсеткіштерінің
тізіміне кіреді.
Берілген әдістемелік нұсқаулықтарда Салық және салық салу пәнінен
ұсынылатын курстық жұмыстар тақырыптары келтірілген.

II Бөлім. Салық және салық салу пәні бойынша курстық жұмыстрадың
тақырыптары және тақырыптардың қысқаша сипаттамасы

Салық және салық салу пәні Қаржы мамандығы бойынша Салық және
салық салу мамандандыру бөлімінің студенттеріне арналған негізгі мамандық
пәні болып табылады.
Оқу пәнінің құрылымы студенттерді салық салудың теориялық әрі
практикалық жағынан жүйелі түрде оқытуға құрылған.
Курстың негізгі бөлімдері салықтардың теориясы мен салық заңдарына
сәйкес тұжырымдалған. Бөлімдерді тұжырымдауда негіз болып салықтардың
экономикалық белгілеріне қарай жіктеме алынған. Нарық экономикасы кезіндегі
Салық және салық салу пәнінің рөлін түсіну, кәсіпорынның мүліктерін
сақтауды қамтамсыз ету және олардың ресурстарын пайдаланудың зандылығын
және мақсаттылығын бақылау (қадағалау).
1. Салықтардың қызмет ету мен дамуының теориялық аспектілері
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуының
кезендері;
3. Салық саясатының қалыптасуы және оның экономиканы дамытудағы қомақты
мәселелерді шешуге бағыт – бағдары;
4. Қазақстан Республикасының салық жүйесін де салықтардың негізгі
топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизмінің
ерекшеліктері.
Берілген курс келесі пәндер үшін теориялық негіз болып табылады:
шаруашылық субъектілер салығы, салықтық жоспарлау және салықтық бақылау,
шет мемлекеттер салығы және т.б.
Мысал ретінде студенттердің негізгі курстық жұмыстардың тақырыптары
бойынша қысқаша сипаттамасы және мазмұны келтірілген.

САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары
1. Салық жүйесі және оны құру негіздері.
2. Салықтық қатынастардың қалыптасуы және олардың дамуы.
3. ҚР салық жүйесінің негізгі қалыптасу кезеңдері және дамуы.
4. Алымдардың, баждардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің құрылу ерекшеліктері және экономикалық мазмұны.
5. ҚР салық саясатының қалыптасуы.
6. Қазақстан Республикасында салық службасының дамуы.
7. Салық саясатын жүзеге асыру құралдары.
8. ҚР бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда жанама салықтардың
атқаратын ролі.
9. ҚР салық службасы қызметіндегі ақпараттық технологиялар.
10. ҚР жер салығын салу ерекшеліктері.
11. Көлік құралдарына салынатын салық және оның бюджет кірістерінде
атқаратын ролі.
12. Салық төлеуден бас тарту салық қатынастарында көрніксіз фактор
ретінде.
13. ҚР жеке тұлғаларға салық салу.
14. ҚР заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері.
15. Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі.
16. Сақтандыру ұйымдарына корпоративтік табыс салығын салу тәртібі.
17. Салық салу аясында республикалық және жергілікті билік органдарының
қызметтері.
18. Арнаулы төлемдер және жерді пайдаланушылар салығы.
19. Жергілікті бюджетті қалыптастыруда мүлік салығының атқаратын ролі.
20. ҚР салық службасы.
21. Электронды түрде салықтық есеп беру.
22. Кәсіпкерлік қызметке салық салу.
23. ҚР ҚҚС – ын алуды жетілдіру.
24. ҚР салықтық реттеу.
25. ҚР салық салудың құқықтық аспектілері.
26. ҚР ойын бизнесіне салық салу.
27. ҚР салықтық құқық бұзушылық.
28. ҚР салықтық әкімшілік.
29. ҚР салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны.
30. Салықтық жоспарлау және болжамдау.
31. Салықтық механизм.
32. Импортталатын айналым бойынша ҚҚС есептеу ерекшеліктері.
33. ҚР акциздерді алу және құрылу ерекшеліктері.
34. ҚР жеке табыс салығын алу ерекшеліктері.
35. Корпоративтік табыс салығын әкімшілеу.
36. Жеке кәсіпкерлердің табыстарына салық салу ерекшеліктері.
37. Жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне салық салу ерекшеліктері.
38. Мемлекеттік баждың экономикалық табиғаты, мазмұны және қызметтері.
39. Салықтардың экономикалық мәні.
40. ҚР салық реформалары.
41. Сыртқы экономикалық қызметтегі салықтар.
Тақырыптың қысқаша сипаттамасы

Тақырып 1. Салық жүйесі және оны құру негіздері.

Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша салық жүйесінің, салық сыныптамасының
түсінігін ашу керек. Салық жүйесіне тән ерекшеліктерді, артықщылықтары мен
кемшіліктерін, салық жүүйсіндегі әртүрлі салық түрлерінің үйлесуін
қарастыру. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу және
реформалау кезеңдерін қарастыру. Салық жүйесінің әрбір даму кезеңін
бағалау. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуына
сипаттама беру.

Тақырып 2. Салықтық қатынастардың қалыптасуы және олардың дамуы.

Берілген тақырыпта салықтардың экономикалық мазмұнын, қызметтерін,
элементтерін және салық салудың принциптерін анықтау керек. Салық салуды
дамытудағы мемлекеттің ролін анықтау керек. ҚР әрекет ететін заңдарына
сәйкес салық салудың принциптеріне сипаттама беру керек. Салықтық
қатынастарды іске асыру барысында туындаған мәселелерді анықтап, олардың
шешу жолдарын ұсыну.

Тақырып 3. ҚР салық жүйесінің негізгі қалыптасу кезеңдері және дамуы.

Берілген тақырыпта салық жүйесінің мәнін анықтап, оның құрылу
принциптерін және ҚР салық жүйесінің құрылу мен реформалау кезеңдерін
қарастыру, сонымен қатар салық жүйесінің әрбір реформалау кезеңінің
ерекшеліктерін талдау. ҚР салық жүйесінің жетілдіру жолдарын анықтау.

Тақырып 4. Алымдардың, баждардың және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің құрылу ерекшеліктері және экономикалық мазмұны.

Бұл тақырыпта алымдардың, баждардың және төлемдердің экономикалық мәнін
ашу керек. Әртүрлі төлемдердің арасындағы негізгі айырмашылықтарды зерттеу.
Берілген төлемдердің бюджетке түсуін талдау. Аталған төлемдердің сәйкес
бюджетке түсуінің инамикасының жағымды және жағымсыз аспектілерін
салыстыру. Төлемдерді төлеу процессін анықтау. Төлемдерді аудару мен
есептеудегі негізгі мәселелерді анықтау.

Тақырып 5. ҚР салық саясатының қалыптасуы.

Курстық жұмыстың бұл тақырыбында салық саясатының экономикалық
табиғатын, мәнін және мазмұнын, оның мақсаты мен міндеттерін анықтау.
Салықтық механизмге анықтама беру. Салықтық механизмнің қалыптасу және
қызмет етуінің объективті заңдылықтарын бөліп көрсету, сонымен қатар оның
қалыптасуының базалық принциптерін ашу. Салықтық механизмнің қызметінің
теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу негізінде Қазақстан
Республикасының салық саясатын жүзеге асыруындағы ролін анықтау. Сонымен
қатар экономиканы мемелкеттік қаржылық реттеу тұрғысынан салықтық реттеудің
қажеттілігі.

Тақырып 6. Қазақстан Республикасында салық службасының дамуы.

Курстық жұмыстың берілген тақырыбында ҚР салық службасы органдарының
қызметінің мәнін және ұйымдастырушылық аспектілерін, қызметтері мен
міндеттерін ашу қажет. ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетінің, аймақтық
салық комитеттерінің қызметтері мен міндеттерін, қызметтік міндеттерін
қарастыру. Электронды салық жүйесі ИНИС қалыптасу кезеңдерін қарастыру.
Берілген жүйе ішінің дамуының негізгі критерилерін анықтау.

Тақырып 7. Салық саясатын жүзеге асыру құралдары.

Берілген курстық жұмыс тақырыбында салық саясатының экономикалық
табиғатын, оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар іске асыру механизмі
мен оның негізі құралдарын ашу керек. Салықтық механизмнің қызметінің
теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу негізінде Қазақстан
Республикасының салық саясатын жүзеге асыруындағы ролін анықтау.
Экономиканың даму бағыттарына сай салық саясатымен байланысын анықтау.
Қазақстандағы салық саясатының қалыптасу ерекшеліктерін бөліп көрсетіп,
оның экономиканың дамуының басым міндеттерін шешуге бағытталғанын көрсету.
Салық механизмінің элементі ретіндегі салықтық бақылаудың мәнін ашу.

Тақырып 8. ҚР бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда жанама салықтардың
атқаратын ролі.

Берілген тақырыпта жанама салық салудың теориялық мәнін ашып көрсету
керек. Қосымша құн салығының және акциздердің қалыптасу механизмін зерттеу.
Мемлекет бюджетіне берілген салықтық төлемдердің түсуіне талдау жасау.
Берілген салықтардың қызмет етуінде туындайтын негізгі мәселелерді анықтап
олардың шешу жолдарын ұсыну.

Тақырып 9. ҚР салық службасы қызметіндегі ақпараттық технологиялар.

Берілген курстық жұмыстың тақырыбында салық жүйесінің қызметін
автоматтандыруының қажеттілігін ашу. Ақпараттандыру процессінің қалыптасу
кезеңдерін зерттеп, ИНИС бағдарламасының бөліктернің қызметтері мен
міндеттерін, қосымша ақпараттық жүйелердің ролін анықтау (ИС НДС, ИС Акциз,
ИС Казначейство, СОНО). ҚР ақпараттық жүйелерінің негізгі мәселелерін
анықтап, олардың шешу жолдарын ұсыну керек.

Тақырып 10. ҚР жер салығын салу ерекшеліктері.

Берілген курстық жұмыс тақырыбында жер салығының экономикалық мазмұныны
ашу керек, оның тағайындалуын, есептеу және төлеу тәртібін анықтау. Жерге
салық салудың қазіргі әрекет ететін механизмінде ставкалардың қалыптасу
ерекшеліктерін және жер топтарына сәйкес жерге салық салуды есептеу, жер
салығы бойынша есептеулерді тексеру тәртібін, бюджетке уақытында
төлемегенге байланысты төлеушілердің жауапкершілігін. Берлген салық түрі
бойынша алу механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстарды келтіру.

Тақырып 11. Көлік құралдарына салынатын салық және оның бюджет
кірістерінде атқаратын ролі.

Берілген курстық жұмыс тақырыбында көлік құралдарына салынатын салықтың
экономикалық мәнін, қалыптасу негіздерін, төлеушілерді, салық салу
объектілерін анықтау керек. Ставкалардың қалыптасу ерекшеліктерін, сонымен
қатар әртүрлі көлік құралдарының түрлеріне сәйкес жеке тұлғалардың көлік
құралдары салығын төлеу тәртібі мен мерзімдерін көрсету. Аталған салық
түрінің бюджетке түсуіне талдау жасау. Осы салық бойынша жеңілдіктердің
ролін анықтау. Салықты төлеу бойынша көлік құралдары иелерінің
жауапкершілігін анықтау.

Тақырып 12. Салық төлеуден бас тарту салық қатынастарында көрніксіз
фактор ретінде.

Берілген курстық жұмыс тақырыбында ҚР салық кодексіне сай салықтық
әкімшіліктің мәнін ашу. Салықтық тексерістердің түрлерін зерттеу керек және
шаруашылық субъектілерді салықтық жағынан тексерудің қажеттілігі неде
екендігін анықтау. Салықтық тексерістердің нәтижелерін талдап, салықты
төлеуден жалтарынудың басты себептерін анықтау керек. Салықтық
тексерістердің нәтижелерімен келіспеудің тәртібімен танысу және салық
органдары қызметкерлерінің іс әрекеттерімен танысу. Салықтық
тексерістердегі негізгі мәселелермен кемшіліктерді анықтау.

Тақырып 13. ҚР жеке тұлғаларға салық салу.

Берілген тақырыпта ҚР салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салық салу
ерекшеліктерін анықтау керек. Жеке тұлғалар төлейтін салық түрлерін анықтау
керек. Арнаулы салық салу режиміндегі төлеу ерекшеліктерін анықтау. ҚР жеке
тұлғалар төлейтін салық түрлерінің түсіміне талдау жасау. Анықталған
салықтарды төлеуден жалтарынудың басты себептерін анықтау.

Тақырып 14. ҚР заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері.

Берілген курстық жұмыс тақырыбын жазу барысында ҚР салық салу
жүйесіндегі заңды тұлғалардың салық салу ерекшеліктеріне анықтама беру.
Мемлекеттік бюджетке төлейтін заңды тұлғалардың салық түрлерін анықтау.
Арнаулы салық режимдерінде салық салынуын анықтау. ҚР резиденттер және
резидент емес заңды тұлғаларының салықтық түсімдеріне талдау жасау.
Берілген салықты төлеу барысында кететін негізгі қателіктерді анықтау.

Тақырып 15. Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі.

Берілген курстық жұмыс тақырыбында әлеуметтік салықтың міндеттері мен
әлеуметтік – экономикалық мәнін зерттеу. Берілген салықтың бюджеттің кіріс
бөлігін қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарламалардағы ролін анықтау.
Әлеуметтік салықтың қалыптасу негіздерін, есептеу және төлеу тәртібін,
салықты төлеуде және алудағы бақылау. Құрылымдық бөлімшелер бойынша аталған
салық түрінің төлеу және есептеу ерекшеліктерін көрсету. Мемлекеттік
бюджетке түсуін талдау.

Тақырып 16. Сақтандыру ұйымдарына корпоративтік табыс салығын салу
тәртібі.

Берілген тақырыпты қарастырғанда заңды тұлғаларға корпоративтік табыс
салығын салу жүйесінің дамуын, корпоративтік табыс салығының құрылу
негіздерін, және жылдық жиынтық табыстың қызмет ететін механизмін, ҚР
сақтандыру ұйымдарынан алынатын салықты және бюджетке төленетін салық
салынатын табысты анықтау. ҚР қаржы жүйесінде сақтандыру компанияларының
ролін анықтау. Курстық жұмысты жазу барысында міндетті түрде кейінгі
жылдарда сақтандыру компанияларынан түскен корпоративтік табыс салығының
нақты түсімдеріне талдау жасау керек.

Тақырып 17. Салық салу аясында республикалық және жергілікті билік
органдарының қызметтері.

Берілген тақырыпта ҚР салық жүйесіндегі республикалық және жергілікті
билік органдарының – салық комитеттерінің, әкімшіліктердің, ҚР Үкіметінің
және т.б. ролін анықтау. Салық салу аумағында әрбір деңгейдегі билік
органдарының қызметінің ерекшеліктері мен міндеттерін көрсету. ҚР
республикалық және жергілікті бюджеттеріне салықтарды жинау және басқа да
міндетті төлемдерге талдау жасау. Салық саясатын жүзеге асыруда билік
органдары деңгейлерінің әрекеттесу мәселелерін анықтау.

Тақырып 18. Арнаулы төлемдер және жерді пайдаланушылар салығы.

Берілген тақырыпта арнайы төлемдердің және жерді пайдаланушылардың
салықтарының қолдану аясын және экономикалық мазмұнын ашу қажет. ҚР – да
жерді пайдаланушылардан төлем жүйесінің эволюциясын қарастыру. Үстеме
пайдадан, пайдалы қазбаларды алу салығын, ренталық салықты есептеу және
төлеу механизмін зерттеу. Бюджет табыстарында жерді пайдаланушылардан
алынатын салықты және арнайы төлемдердің ролі мен мәнін анықтау.

Тақырып 19. Жергілікті бюджетті қалыптастыруда мүлік салығының атқаратын
ролі.

Берілген тақырыпта жергілікті бюджеттерге салықтық түсімдердің ролін
анықтау керек. Жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар жеке
кәсіпкерлерден мүлік салығын алу ерекшеліктерін оқу. Бюджеттің кіріс
бөлігін қалыптастыруда бірталай жылдар аясында тәжірибелік мәліметтерді
пайдаланып, мүлік салығының түсімдеріне талдау жасап, салықты есептеудегі
салықтық жеңілдіктердің ролін анықтау керек. Жергілікті бюджетке берілген
салық бойынша жетіспеушіліктердің себептерін анықтау керек.

Тақырып 20. ҚР салық службасы.

Берілген тақырыпта салық службасы органдарының ролі мен қызметінің
мағнасын ашу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы
«мемлекеттің экономиканы қаржылық реттеу жүйесіндегі салықтық реттеу және оның Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайындағы ерекшеліктері»
Пайдаға салынатын салық
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
Салықтар және салық салу
Салықтың экономикалық мәні
Салық жүйесінің мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасуы және даму кезеңдері
Әлеуметтік салықтың теориялық негіздерін зерттеу
Пәндер