ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

1. 1 Меншік пен меншік құқығының түснігі және түрлері

1. 2 Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері

2 ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

2. 1 Заттық құқықтың ұғымы мен белгілері

2. 2 Қорғаудың заттық-құқықтық әдістер

2. 2. 1 Виндикация талап

2. 2. 2 Негаторлық талап

2. 2. 3 Меншік құқығын тану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.

Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 - ші бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

Конституция меншіктің барлық нысандарын қорғауға кепілдік береді. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі мен социалистік қорғау мүмкіндігін бекітетін бұрынғы заңнамаға қарағанда, қазіргі әрекет ететін заңнамада меншікке қарсы қылмыстарды саралау және санкциялау бірлігі қағидасы қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекет ретінде меншік құқығын әртүрлі нысанды тең негізде қорғайды.

Меншік құқығын қорғау презумциясын Қазақстан Республикасы Констиуциясының 26 бабын айта кету қажет. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңды түрде алған мүлікті жеке меншігінде иеленуге құқығы бар. Сонымен қатар, меншік және мұрагерлік құқық заңмен кепілденеді.

Осы бапқа сәйкес ешқандай адам өз мүлкінен айырыла алмайды, тек сот шешімімен. Заңда көзделген ерекше жағдайларды мемлекеттік қажеттілік үшін мүлік мәжбүрлі түрде алынады, бірақ оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4 - ші тармағында бекітілген, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Яғни мұнда азаматтық айналым субъектілерінің азаматтық құқықтары кедергісіз пайдалану туралы белгіленген. Аталған Конституциялық нормамен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8 - ші бабы байланысты: «Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды пайдалануға құқығы бар және қорғауға».

Меншік құқығы Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негізгілерінің бірі болғандықтан қазақстандық құқықтық жүйенің негізгі институты болып табылады.

Жалпы зерттеудің мақсаты меншік құқығының мәселелерін белгілеуден тұрады, сонымен қатар меншікке байланысты сұрақтарды зерттеу және қорғау болып табылады.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімінде жалпы меншік құқығы институтына анықтама берілген және жалпы меншік құқығын қорғаудың ережелері көрсетілген.

Екінші бөлімде заттық құқыққа анықтама беріліп, қорғаудың заттық құқытық әдістері қарастырылған.

Бұл жұмыста келесі авторлардың еңбектері пайдаланылған: Басин Ю. Г., Сулейменов М. К., Агаркова, Төлеуғалиев Ғ., Скрябин В. С. және тағы басқалар.

1 МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

1. 1 Меншік пен меншік құқығының түснігі және түрлері

Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі ХІХ ғасырдығы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенде тіреледі. Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. «Бұл - белгілі бір экономикалық қатынас». 1

Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлуметтік - экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-алғашқы қоғомдық және ғылыми жобалаған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.

Меншік қатынастарының өзгеруі - қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.

Профессор. Ә. Ералидың айтуы бойынша ««Меншік» ұғымының пайда болу жолдарына ерекше мән бердім. Осыдан кейін қазақтың әдеттік құқығындағы «ен», «енші», «еншік», «меншік» ұғымдарының пайда болуы на ден қойдым. Мұндағы қазақтың жайлау, күздеу, қыстау, көктеу деп жыл мезгілдерінің аталған жеріне билік құруға себепші болған төрт түлік малына салынған таңба түріндегі «меншік» ұғымы екендігіне көз жеткіздім»2-дейді.

«Меншік» термині әртүрлі мағанада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуде болады . Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік-экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санат арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен, қатар меншік нысанмен (мысал, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу - сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.

Ресейдің заң әдебиеттерінде «меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі, адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған. Бұл қағида қате. Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды, яғни оны иемдене алмайды. Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.

Енді меншік құқығы ұғымына тоқталсақ, М. К. Сүлейменов пен Ю. Г. Басинның көз-қарасы бойынша «Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. »3-деп түсіндіреді.

Ал, Ресей ғалымдары М. Б. Смоленский мен А. А. Новикованың пікірі бойынша «Меншік- бұл, не зат, мүлік емес. Бұл - құқықпен реттеліп, рәсімделетін және нақты анықталған экономикалық қатынас»4-деп көрсетеді.

Меншіктің экономикалық қатынас.

Біріншіден, белгілі мүлік үшін туындайтын азаматтар арасындағы қатынас. Бұл қатынастың негізі, мүлік нақты тұлғаға беріледі және өз мүддесі үшін қолданыла алады. Ал, басқа тұлғалар бұған кедіргі келтірмеуге тиіс.

Екіншіден, иемденген мүлікке тұлғаның меншік ретіндегі қатынасы деп түсіндіреді.

Сонымен, меншік құқығы туралы нормалар өзінің заттылығын күшейтті және өзінің мәні бойынша және стратегиялық бағыттылығы бойынша дамыған елдердің тиісті заңнамасына жақындады деп айта аламыз. Кеңестік кезеңде иемденген теориялық цивилистикалық багаж жоғалған жоқ, қайта қазіргі заңнамада дамыды, ол қазақстанның меншік құқығын әлемдік құқықтық жүйедегі ең жетілген институтартың бірі деп айтуға мүмкіндік бер

1. 2 Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы барлық салалармен тығыз байланысты.

Жалпы дәстүр бойынша қорғаудың құқығы күші кез келген субъективтік азаматтық құқық құрамына кіреді, ал, егер оны қорғауды осылайша қамтамасыз етпесе, онда құқық өзінің бар болуы шартты түрде айтылады.

Уго Маттей деген шетел ғалымының айтуы бойынша меншік құқығына мен өзге де заттық құқықтарды, азаматтық және жалпы құқық елдерінде бар қорғау құралдарының ерекшеліктерін атай отырып, азаматтық дәстүр сот жүйесінің: әкімшілік соттар және жалпы заңдық соттар деп аталатын дуализміне негізделетінін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі үшін сот жүйесінің бөлінуіне дәлдік қажет. Бүгінгі таңда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот органдарының қылмыстық, азаматтық істер бойынша нысандары Жоғарғы сот пен областық соттардың шаруашылық дауы бойынша алқалары бар бірыңғай жүйесі қызмет жасайды. Әйтсе де, азаматтық іс жүргізуде азаматтық немесе әкімшілік заңға жататындығы айқын ажыратылмаған. Ал, материалдық құқық нормалары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалар) меншік иелері мен өзге де заттық құқық иелеріне өздеріне тиесілі құқықтарын қорғаудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Осында жалпы меншік құқығын қорғаудың азаматтық заңнамада қарастырған әдістеріне ғана тоқталайық.

Жалпы меншік құқығын қорғау ісінде азаматтық құқық нормалары бірдей рөл атқармайды. Себебі, олардың бірі материалдық игілікті қайсыбір құқық субъектісіне белгілейді немесе тиянақтайды деп айтуға болады. Бұған бірінші кезекте меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болады және игілікті тоқтату туралы ережелер жатады. Олар егер шартта немесе заңда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.

Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа, меншік құқығы АК- нің 123- бабына сәйкес алады. Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Егер азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немсе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.

«Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мирасқорларына-заңды тұлғаларына көшеді»5-деп.

Меншік иесінің мүлкін меншік иесінің еркінен тыс басқа тұлғаға беруге АК- те көзделгеннен, басқа реттерде жол берілмейді. АК- те көзделген реттер мен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алу мүмкін.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заң қабылданған ретте ұлт меншігіне алу АК-тің 266-бабында белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындар өтеледі.

Ережелердің енді біреулері меншік иесі өзіне тиесілі құқықты, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттігін иеліктен мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Үшіншілері, меншік құқығын затты барлық үшінші тұлғалардың ықпалынан тікелей қадағалайды және қорғайды. Осыған меншік иелеріне келтірілген материалдық шығындарға жауапкершілікті тағайындайтын нормаларды жатқызуға болады. Оған қоса, азаматтық құқықта меншік құқығын тікелей қорғау туралы арнайы нормалар да бар. Осыған байланысты О. И. Иоффе азаматтық құқықта қалыпты экономикалық қатынастардың дамуын кең мағынада қамтамасыз ететін азаматтық құқықтардың барлық нормаларының жәрдемімен «меншік құқықтарын сақтау» мен құқық қатынасына қарсы құқық бұзуға байланысты пайдаланылатын азаматтық- құқықтық тетіктердің жиынтығы - «меншік құқығын қорғауды» ажыратуды ұсынады.

«Қорғау» мен «сақтау» түсініктерін ажырату қажет. Меншік құқығын сақтау осы құқықтың бұзылу фактісіне дейін жүзеге асып, алдын ала сақтандыру, ескерту сипатында болады. Меншік құқығын қорғау азаматтық-құқықтық қорғаудың нақты әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет болғанда және бір нәрседе меншік құқығының бұзылуы немесе сондай бұзылу айқын төніп тұрғанда қолданылады. Сол себепті меншік құқығын қорғау және сақтау түсініктерін теңбе- тең деуге болмайды.

Профессор Ғ. Төлеуғалиевтің құқықты қорғау түсінігіне тоқталсақ. Ол сөздің кең мағанасында алғандаға «құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жай берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық, қатнастар тәртібін мемлекеттің қолданылуын айтамыз»-6 деген.

Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принцепі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК- тың 2-бабында көрсетілген) .

Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар, тек қана, нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіреді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді.

Бұл тұрғыдан профессор В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады. «Құқықты қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмүнының өзімен белгіленеді». Заң ғылымдарының докторы, профессор М. К. Сүлейменов пен заң ғылымдардың доктары Ю. Г. Басин меншік құқығын қорғауға байланысты пікірлеріне тоқталсақ. Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағанада алсақ ол азаматтық құқықтардың, барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырлады. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтың құқықтарымен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективті азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады деп көрсетеді.

Азаматтық құқықтың тар мағанасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз - азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары дейміз. Жалпы профессор Скрябинің көз-қарасы бойынша қолданыстағы азаматтық заңнама негізінде меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық төрт әдісін бөліп қарастырған. Олар:

1) заттық-құқықтық талап.

2) міндеттемелік-құқықтық талап.

3) меншік құқығын қорғаудың өзге әдістері.

4) меншік құқығын бұзатын мемлекеттік орғандарға талап болып табылады. Меншік құқығын қорғау түсінігі осыған дейін заттық - құқықтық және міндеттемелік- құқықтық әдістерін қамтып келді. Қорғаудың осы әдістерін басқа теорияда меншік құқығын қорғаудың өзге азаматтық-құқытық әдістері де қарастырады. Оған, атап айтқанда, хабар - ошарсыз кетен немесе өлді деп жариялаған адамдардың тірі оралуынан тауындайтын жағдайлар туралы нормалар жатады. Қазақ КСР-сінде меншік туралы «заңның, одан кейін КСР Одағы мен республикалардың 1991 жылғы Азаматтық заңнамалары негізінің қабылдауына байланысты меншік құқығын қорғаудың нақты азаматтық- құқықтық әдістері саласындағы актілерде мемлекеттік органдарға, олардыңменшік құқығын бұзатын шешімдерін даулау үшін талап қою мүмкіндігі қарастырылды. Меншік құқығын қорғаудың жоғарғыда келтірген әдістердің бірде-біреуіне жатпайтын, меншік құқығын қорғаудың жаңа әдісі пайда болды.

Осыны Е. А. Суханов азаматтық-құқықтыңқ қатнастардың тең құқығы қатысушыларына емес, мемлекеттік органдардың биліктік өкілеттігін иемденгенге қарсы бағытталған талап табиғатымен байланыстырады. Қазіргікезде шарттан тыс талаптардың осы категориясы ҚР-ның, сондай-ақ РФ-ның заңнамаларында бар. Мысалы ҚР-ның АК-тің 267-бабы, 9-бабының 1-тармағы; РФ АК-тің 12-бабы айтуға болады.

Жалпы қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: Бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсалюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шартың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады.

1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару

2) бүлінген заттарды жөндеу

3) затты пайдалануға кедіргіні жою

Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсалюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.

Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің құны төленеді немесе бүлінгені өтеледі, яғни келген зиян - шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.

Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтірледі, ал міндеттемелікте - ақшалай өтеледі.

Заттық - құқықтық тәсілдерді қолданудың ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бүлінген мүлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдері қолданылады.

Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады:

1) Мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органның меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтың немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру.

2) Мемлекеттік басқару органның, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтың актіні қолбанбау туралы талап қою.

3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтоғанда оны қорғау.

Жалпы профессор Скрябин меншік құқығын қорғаудың 4 әдісін толық атап өттік. Ғ. Төлеуғалиев «нақты - бұл, азаматтық-құқықтық қорғауды көздейтің мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған мүлкін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады»7- дейді.

Меншікті азаматтық - құқықтық қорғаудың кең көлемі қоғамның экономикалық қатынастарының кедергісіз дамуын және жақсы қамтамасыз етілуіне бағытталған азаматтық құқықтық нормамен көзделген барлық әдіс - тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

Меншікті азаматтық-құқықтық қорғаудың тар көлемі деп бұзылған заңды мүдделерді қорғау және де меншік құқығын тану немесе қалпына келтіруге бағытталған әдіс-тәсілдер мен заңда көрсетілген шаралардың жиынтығын айтамыз.

Бұл мәселе Қазақстанның цивилистік доктринасында мүлдем шешілменен. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық кодексі титулдық иемденуді адамның өз иелінін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар.

Ал, іс жүзінде иемденуді азаматтық кодексттің 240-бабының 2-тармағында, мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүмкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы деп көрсетілген.

Бұнда қорғау туралы еске салғаны болмаса, иемденуді қорғау мәселесін тиянақтайды.

ҚР-нің қазіргі азаматтық құқығы меншік құқығы мен өзге де заттық құқықты қорғау тетіктерінің осындай дуализмін қарастырмайды. ҚР АК 15 тарауының меншік құқығын мен өзге де заттық құқық құқықтарды қорғау туралы ережелері тек затқа титулдық иеленуді қорғауғауға арналған іс жүзінде иеленудің яғни, иемденудің мындай қорғау тетіктеріні жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz