Жанры жағынан Шолпанның күнәсі - психологиялық әңгіме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М. Жұмабаев прозасының поэтикалық ерекшеліктері
Доцент Құлыбекова Ж. С.,
СҚМУ студенті Габдулина А.С.

Поэтикалық тіл – поэтикалық, көркемдік, эстетикалық, қызметтегі тіл.
Поэтикалық деген ұғым алғашқыда поэзия тілінің айрықша бейнелі қасиетіне
байланысты тек поэзия тіліне қатысты айтылғанымен, кейін көркем тіл,
көркемдік (эстетикалық) қызметтегі тілі деген мәнде жалпы көркем әдебиет
тілінің ерекше сапасын білдіру тұрғысынан жұмсала бастаған. Тілдің әсемдік,
поэтикалық сапа, қасиеттеріне алғаш көне антикалық дәуірдің ойшылдары
(Горгий, Аристотель) көңіл аударған. Тіл ғылымында оның зерттеле бастауы
ХІХ ғ. аяғында эстетикалық бағыт өкілдерінің (Б. Кроче, К. Фосслер) және
белгілі орыс ғалымы А. А. Потебняның есімдерімен тығыз байланысты. Тілдің
қолданыс кезіндегі жанды қызметіне одан әрі көңіл аудару ХХ ғ. басында орыс
формалистері мен чех ғалымдары тарапынан жүзеге асты. Алғашқылары өздерінің
қызметін поэтикалық тіл мәнін игеруге бағыштап, Поэтикалық тіл
үйренушілердің қоғамына (ОПОЯЗ) бірікті (Л.П. Якубинский, Р. Ябобсон,
В.Б. Шкловский т.б.). Орыс формалистерінің көзқарасын Прага лингвистикалық
үйірмесінің мүшелері әрі қарай жалғастырып дамытты (В. Матезиус, Б.
Гавренек, Вл. Скаличка).
Поэтикалық тіл мәселесі көрнекті орыс филологтары Г.О. Винокур, В.В.
Виноградов, Л.В. Щерба, Б.А. Ларин т.б. еңбектері арқылы жаңа арнаға шығып,
филологиялық зерттеулердің жеке саласы ретінде қалыптаса бастады. Ол, бір
жағынан, өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен тығыз байланысты болса,
екінші жағынан, тіл ғылымының лингвистикалық стилистика, лингвистикалық
поэтика салаларымен ажырамас бірлікте қаралады. Қазақ филологиясында
поэтикалық тіл теориясының негізі М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Балақаев
зерттеулерінде қаланса, бүгіндері З. Ахметов, Р. Сыздықова, Қ. Өмірәлиев,
Е. Жанпейісов, Х. Кәрімов, М. Серғалиев, Б. Шалабай т.б. зерттеулерінде
одан әрі дамытылып келеді [1, 319 б].
Поэтика – әдеби шығармалардың, поэтикалық формалардың, поэтикалық
өнердің белгілі ғылыми-методологиялық шарттың негізінде айтылатын әдебиет
бөлімінің саласы.
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының рухани өміріне сілкіністер мен
серпілістер әкелген айрықша кезең болды. Ел қамын ойлаған арыстардың
қазіргі ұрпақ танып-біліп келе жатқан бірсыпыра жәдігерлік дүниелері осы
жылдары дүниеге келді. Бұл уақыт қазақ әдебиеті, оның ішінде қазақ прозасы
үшін ерекше бір жемісті болды. Нақ осы кезеңде қазақ прозасының белді де
беделі буынына айналған Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М.
Жұмабаев, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов бастаған бір шоғыр
қарымды қаламгерлер қазақ көркемсөзінің биік төріне көтерілді. Олар қазақ
прозасына жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ,
сондай-ақ оны интеллектуалдық тұрғыдан да байытты, оның поэтикалық өрісін
кеңейтті, сөйтіп қазақ халқына өздері өмір сүріп отырған заманның шындығын
ашып берді. 70-жыл жазықсыз жапа шегіп, 1980 жылдар аяғында қайта оралған
кейбір қаламгерлермен бірге, олардың жеке тұлғасы мен шығармашылық
ізденістері туралы байыпты баға беретін ғылыми зерттеулер мен монографиялар
жарық көре бастады.
Қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен әдебиеттегі көркемдік ізденісті
толықтай тани түсу үшін, М. Жұмабаевтың да қазақ прозасына қосқан үлесі
анығырақ айқындалуы және оның барлық туындылары жан-жақты қарастырылуы
қажет.
Рас, М. Жұмабаев шығармашылығы әңгіме болғанда, прозалық
туындыларының ішінде көбіне Шолпанның күнәсі әңгімесіне ғана назар
аударылып отырады. Алайда, М. Жұмабаев прозасын бір жүйеге салып, көркемдік
ізденіс тұрғысынан қарайтын, яғни оның прозадағы шығармашылық
лабораториясын нақтылы ашып көрсететін арнайы зерттеу әлі жасала қоймады.
Оның прозадағы көркемдік шеберлігін жете тексерген жұмыстар әзірге санаулы
әдебиеттанушы-ғалымдардың Шолпанның күнәсі әңгімесі туралы талдаулары
негізінде сөз болып жүр.
Әдебиеттану ғылымында проза (лат. Рroza – қара сөз) – қара сөзбен
жазылған шығарма деп түсіндіріледі. Ғылыми, философиялық, публицистикалық
шығармалар да прозаға жатады... Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік
сөз, т.б. түрінде туады...
Қазақ әдебиетіндегі шын мәніндегі көркем проза 19 ғ. басында пайда
болды [2, 3-4 бб.].
Осы тұрғыдан келгенде М. Жұмабаевтың әңгімелері, әдеби-сын
зерттеулері, оқу құралдары, аудармалары прозалық туындылар деп
қарастырылады.
Бұл орайда М. Жұмабаевтың прозалық туындылары оның шығармашылық
психологиясымен байланыстырыла қарастырылды.
М. Жұмабаев шығармаларының кейіпкер мінез-құлықтарын ашудағы
шеберлігімен, пейзаж, монолог, психологизм сияқты көркемдік құралдарды
қолданумен ерекшеленеді.
М. Жұмабаевтың қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар туып, олар өз
кезегінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосты. Бұған ең
алдымен қазақстандық, онан кейін алыс, жақын шетел жазушыларының,
әдебиетшілерінің айтқан, жазған ой-пікірлері дәлел. Олардың басым көпшілігі
баспасөз беттерінде жарияланып, арнаулы кітап болып та жарық көрді. Түрлі
зерттеу еңбектер бола тұра, М. Жұмабаевтың әдеби мұрасы түпкілікті
зерттеліп бітті, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі толық анықталып болды
деп айта алмаймыз.
Халқымыздың өткен тарихына үңіле қарағанда, қазақ әдебиетінің өзіндік
көркемдік дәстүрі, өнерпаздық үлгісі бар екендігіне көз жеткізуге болады.
Сөз еткелі отырған М. Жұмабаевтың прозасы аумалы-төкпелі заманда
туғандықтан, жазушының сол қоғамға деген көзқарасы, бағыты, алға қойған
мақсаты біржақты қаралмай, шығармаларының шындығы, көркемдігі жан-жақты
саралануы тиіс.
М. Жұмабаев ақын ретінде биік шыңға көтеріле тұра, проза жанрында да
қалам тартты. [2, 5-6 бб.].
М. Жұмабаев шығармаларын екшеп, сұрыптап, жүйелі түрде талдау арқылы,
жазушы шеберлігінің поэтикалық қуатын айқындау бүгінгі күн талабы.
М. Жұмабаевтың шығармашылық қызметі әр алуан. Ол көпшілік қауымға
ақын, жазушы, публицист, педагог және аудармашы ретінде танымал.
Ұлттық әдебиетте өз орны бар, өзіне ғана тән стилі, өрнек-бояуы бар
көрнекті қаламгер ретінде қалыптасқан М. Жұмабаев әдебиетке классикалық
туындылар бергені сөзсіз. Проза, публицистика, тәрбие саласының көркеюіне
айтарлықтай үлес қосты. М. Жұмабаев жөнінде соңғы жылдары сын-мақалалар,
зерттеулер, монографиялар, академиялық қазақ әдебиетінің тарихына арнаулы
тараулар кірді.
Зерттеушілік тұрғыдан айтылған әділ де құнды пікірлер мол. Бірақ,
қаламгерлердің прозалық шығармалары зергерлік сыр-сипаты, көркемдігі әлі
тұтас күйінде толық ашыла қойған жоқ.
М. Жұмабаев шығармаларында қазақ халқының тарихи бел-белестері, сан
ұрпақтың келбеті мен тағдыры жатыр. Ол халық тынысын, асқақ арманы мен
іргелі рухани ізденіс тарихын зейінділікпен жіті байқап, қайта көркемдеп
оқырман қауымға ұсынады.
М. Жұмабаев – талғампаз талант. Оның қай шығармасын алып қарасақ та,
жүрек тебіренісінен туған ойлы да салмақты дүниелер.
Аяулы азамат, әдебиет, мәдениет қайраткері М. Жұмабаевтың туған халқы
алдындағы қыруар еңбектері кеше де, бүгін де зерттелді. Әлі де кең көлемде
қарастырылуы заңды құбылыс [2, 10-11 бб.].
Мағжан Жұмабаев өмірден өз орнын үнемі іздеумен өткен, бар білген-
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында мұңлы
толғаныс, өкініш және қайғы-қасірет, күйініш жатса, екінші қырында
романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, қуаныш пен сүйініш, арман,
мақсат, үміт жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында тарих ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
М. Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі әңгімесіндегі ішкі монологтың көркемдік қызметі
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Көркем прозадағы психологиялық талдау
20-30 жылдар прозасындағы астарлы мағына және құпия сырлар
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Мағжан Жұмабаев жайлы ақпарат
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы
Ішкі монолог
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Пәндер