Түркі әлеміне әйгіленген ақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Манаш Қозыбаев
атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
Университеті.

Тақырып: МАҒЖАННЫҢ ТҮРКІШІЛІК

ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ ЖАН СӨЗІ ӨЛЕҢІНЕ ТАЛДАМА

Орындаған: ҚЖ-
тобының студенті Амандықұлы А.

Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге
еркіндігімен, тапқыштығымен күшті;
Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді
күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті
(Жүсіпбек
Аймауытұлы)

МАҒЖАННЫҢ ТҮРКІШІЛІК
ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ
Бізге бір қымбаты – Мағжан қазақ жыршыларының ішінен бүкіл
Түркі әлеміне әйгіленген ақын. Мағжан есімі қазақ ішінде қандай қастерлі
болса, барша тілі де,тілегі де туыстас ұлттардың да ұлы тумасындай зор
махаббатқа бөленген.
Мағжан жырларының мәңгілік ғұмыры заман өткен сайын жалғаса
беретіні таң қалдырады. Мағжан ұлтымызға қайта оралып, қазағының құшағына
енгелі жиырма жылға таяп қалды. Осы бір арманды күнді біздің өз ұлтымыздан
бетер өзгелер аңсағаны бұғауда бұлқынған бұлбұл әуенінің сиқырлы сазы, үн
мөлдірлігі емес пе. Мағжан барша түркі дүниесінің төл перзентіне айналып
кеткендіктен де, оның осы жұрттар ордасындағы орны бөлек.
Бұл ілтипатқа Мағжан қалайша бөленді? Міне, таң қалдырарлық
қасиет сыры осы сауалда болса керек. Бұл, ең алдымен, Мағжан табиғатынан
туысшыл, түркішіл! Бұл олқы емес, онды сипат.
Ендеше Мағжанның өмірі де, өлеңі де жарты әлемге жандауырдай
жақын.
Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана
емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып,
аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын
байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар мен ойлар,
ақын жүрегін мазалаған толғаныстар бүгінгі таңда, бір ғасырға жуық уақыт
өтсе де, өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, уақыт озған сайын ұлттық, ұлыстық,
жалпы адамзаттық философиялық-әлеуметтік проблемалар қатарында алдымыздан
қайта шығып отыр.
Бұл пәнидегі қырық бес жылдық ғұмыры халқымыз тарихындағы атыс-
шабысқа толы, зұлмат кезеңге тұспа-тұс келсе де, аттың жалында, түйенің
қомында жүріп, артында сан ғасыр бойы ұмытылмайтын мұра қалдырған Мағжан
Жұмабаев шығармашылығы соңғы 10-15 жыл шегінде егжей-тегжейлі зерттеле
бастады. Көрнекті ғалым Ш. Елеукеновтің “Мағжан” монографиясы бұл бағыттағы
елеулі еңбек болып танылып, лайықты бағасын алды. Алайда бүгінге дейін
жарық көрген зерттеулердің көпшілігінде, негізінен, Мағжан Жұмабаев
шығармашылығы әдеби-көркемдік тұрғыдан талданып келді. Ал оның жырларындағы
терең толғаныстардың философиялық-дүниетанымдық астары, ақынды сан түрлі
сезімге түсірген жағдайлардың әлеуметтік мәні зерттеушілер назарынан тыс
қалып келеді.
Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен,
суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай
тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен
күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде
аятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.
Біздің бұған қосарымыз, ақын жырларындағы әлгі “нәзік үнді
күйдің” де, “шерлі, мұңды зардың” да астарында қорғасындай ой жатыр,
тұлғаның таңды таңға ұрған толғаныстары жатыр. Ол қандай ой, қандай
толғаныстар?!
Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған
халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпы адамзаттың
тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ
даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-
аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық
рух кемерінен асып төгіледі:
“Шынында менің өзім де — от,
Қысылған қара көзім де — от.
Мен оттанмын, от — менен
Жалынмын мен жанамын
Оттан туған баламын”.
Ақынның “от” деп отырғаны — халықтың ұлттық рухы. Ұлттың тарихи және
философиялық зердесін оятып, рухын көтеру арқылы ғана бодандықтан құтылуға,
ел тәуелсіздігіне қол жеткізуге, тіпті, әлем халқына өз өркениетіңді
танытуға болады деп есептейді.
“Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,
Мен — Күн ұлы, көзімде күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, ғұннан туған пайғамбар”.
Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының
мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік
мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі,
яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян
келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының ұлы
шоғырын топтастырған ортақ мұрат — бодандық бұғауында жаншылған елін
құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер
қатарына қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың
жолдарын іздеп, басын тауға да, тасқа да соққан.
Мағжан Жұмабаев — тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік
проблемаларымен шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың кең
даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:
Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі
қайшылықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші
ғасырдың басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті
мен әлсіз, бай мен кедей қалай бейбіт қатар өмір сүре алады? Күштінің
әлсізді жем қылуы, өз мүддесіне пайдалануы, өз ықпалында ұстауы өзгермейтін
заң ба әлде? Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау
сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Қандай жауап
тапқан дейсіздер ғой. Ол, міне, мынау:
Күшсіздер де тырысып, қатар болсын!
Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!”
Қалай “тырысады”, қалай “қатар болады”? Әрине, өзін-өзі дамыту,
содан соң бір-бірімен бірігу арқылы. Мағжанның жұрттың бәрі айтып жүрген
“түркішілдік” идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін
жырлауы, міне, осыдан шыққан.
Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...”
— деп, сонау замандарда ықпалымен жарты әлемді қалтыратқан түркі
халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан соң, әркімге бодан болып
кеткенін күйіне жырлаған ақын, ендігі әлемдегі күштілермен теңесудің бірден-
бір жолы сол бірлікті қалпына келтіру деп біледі:
Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың
өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін
сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде
сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып,
әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі
жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік”
деп жар салады.
Ақынның бұл ұлы арманы Кеңес одағы ыдырап, әлем картасында
түркі халықтарының жаңа тәуелсіз мемлекеттері пайда болғаннан кейін ғана
жүзеге аса бастағаны белгілі. Түркі халықтарының бүгінгі өзара саяси,
экономикалық және мәдени-рухани қарым-қатынастарының даму қарқыны жаман
емес, тек тіл-көзден сақтасын дейік.
Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі
жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та, қастерлі екі мекені бар.
Оның бірі — жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі — Түркістан.
Себебі, дәл осы қалада жеке үлгі-өнегесімен барша түркі жұртын
ислам біліміне, сопылық іліміне ұйытқан, бұдан кейінгі танымы мен түсінігін
қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қылуетке түсіп, Хақ дидарын
көруді, яғни дүниенің ақиқатына жетуді мұрат тұтқан ұлы піріміз Қожа Ахмет
Ясауи тұрған. Себебі, дәл осы қалада ақтық аманаттары орындалған аруақты
ата-бабаларымыз жерленген. Мұнда ақыл-парасатымен болашақты болжаған
даналарымыз, қаһарымен алыс-жақын көршілерін қалтыратқан әміршілеріміз, кең
байтақ еліне көз алартқан дұшпандардан қаһармандығымен қорғап қалған атақты
батырларымыз бақилық орнын тапқан. Түркістанның пәни жалғаннан бақи дүниені
жалғар қасиетті рухани қақпа аталатыны, міне, осыдан.
Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы “он ойланып, жүз толғанған”
қазақ ақыны бірте-бірте әлемдік ойшылдар қатарына көтеріліп, жалпы
адамзаттық проблемаларға өзінше үн қатады. Адамдардың жаппай пайда қуы,
өнер-білімнің өзін пайда табудың, біреуге зорлық жасаудың құралына
айналдыру — адамзатты апатқа соқтыратын жол екенін Мағжан сол кезде-ақ
сезінген. Пайда күнемдік рационалдық ойлауға негізделген Батыс өркениеті
ақынды қатты шошындырады. Шығыс философиясындағы сезімдік таным әдісі,
пайдалылыққа емес, руханилыққа басымдық беру дәстүрі Мағжанды қатты
қызықтырған. Әлемді апаттан құтқаратын Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп
есептейді ақын.
“Таспен атқанды, аспен ат” деп, қатігез адамның өзін мейірім
шуағымен қайта тәрбиелеп алуға болатынына сенетін қазақ халқының ұлы
гуманистік рухын бойына сіңіріп өскен Мағжан әлемді меңдеген “өзімшілдік”
дертін де мейіріммен, руханилық нұрымен ғана жеңу қажет дейді.
Әрине, жер бетіндегі адамзат қауымы біртұтас. Бірақ олардың
ұстанатын діни сенімі де, ділі де, дүниетанымы да, ойлау машығы да сан
алуан. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұтылып кетпей, өзіндік
ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Оған ықпалды да өзімшіл АҚШ пен Батыс
бой берер емес. Бүкіл әлемге әлеуметтік құрылым туралы өз түсінігін,
өзіндік ойлау машығын таңғысы келеді. Мұндай тегеурінге қарсы тұрар қауқары
жоқ Шығыс не істей алады? Біреулер күрестің тым ұшқары түрі — жанкештілік
(шаһиттік) пен лаңкестікті (терроршылдық) таңдап алуда. Бұған біздер
қарсымыз. Ал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасыр бұрын-ақ бұл
тайталастың басты қаруы — Батысты Шығыстың “мейіріміне, руханилық нұрына”
бөлеу деп айтып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанбек Қожановтың дүниетанымға көзқарасы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Аягөз ауданындағы этнонимдердің этнолингвистикалық табиғаты
Қазақ жазу тарихы
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу
Пәндер