Балықшы - шағын поэма


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жұмағали Саин 1912 жылы Көкщетау облысының Арықбалық ауданында кедей отбасында туған. Төрт жасында әкеден, бес жасында шешеден айрылған ол балалық шағын немере ағасының қолында өткізеді, жоқшылық пен жетімдік зардабын бірдей тартады. Кейінірек жазған «Ойласам бала кезімді» атты өлеңінде ақын сол кезін еске алып:

Жылы бір құшақ таппадым,

Бетімнен адам сүймеді,

Талпындым, жұртқа жақпадым,

«Қу жетім» деп түйреді, -

деп жазды.

1923 жылы Жұмағали Көкшетау қаласында панасыз балаларды тәрбиелеп оқытатын коммунаға алынды, сонда жүріп жеті жылдық мектеп бітіреді. 1928-1931 жылдары Көкшетау ауданында ауылдық мектепте мұғалім болып істейді. 1931 жылы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп бірер жылдай оқиды да, денсаулығына байланысты аудандық оқу бөлімінің бастығы болып Қарсақпайға кетеді. Содан ол 1934 жылы ғана Алматыға оралады. Бұдан кейінгі өмірін газет-журнал редакцияларында, әдебиет баспасында, Жазушылар одағында өткізеді.

Жұмағалидың әдебиетке, өлеңге құмарлығы жастай байқалған. Көкше елінің ақындық, әншілік дәстүрі оған ерте әсер еткен. Туған жердің сұлу табиғатын да жетім бала өзіне жұбаныш тұтқан. Көкшетау коммунасында Жұмағали алғашқы шәкірттік өлеңдерін жазды. Олардың кейбірі Петропавлдағы «Бостандық туы» газетінде басылды. КазПИ-де оқыған, Қарсақпайда істеген жылдары да оның қаламынан көптеген өлең-жырлар туады. Отызыншы жылдар бас кезінен бастап оның өлеңдері республикалық баспасөзде жарық көре бастайды. 1936 жылы ақынның «Бақыт жыры», 1938 жылы «Алтынтаң» атты өлең кітаптары шығады.

Бұл жылдардағы Жұмағалидың ақындық мектебі халықтың поэзиясы мен қазақтың кеңес ақындары Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың, Сәбиттің үлгілері болды. Кейінірек ол орыс тілін игеріп, орыстың және дүниежүзілік поэзияның көрнекті өкілдерімен танысады. Тақырыбы жағынан жас ақын отызыншы жылдар ішіндегі біздің қоғамдық өміріміздің жаңалықтарын жырлауға ұмтылады. Кеңес халқының жаңа өмірі, колхоздағы еңбек адамдары, қазан төңкерісі, партия туралы ой-пікірлер, табиғат суреттері оның алғашқы өлеңдерінің идеялық өзегі болып кіреді.

«Жетіс серті», «Екі күн» өлеңдерінде Жұмағали өз геройларының ескі және жаңа өмірін суреттееу арқылы социалистік шындықтың сырын ашуға ұмылады. «Бақыт құшағында», «Айбала» өлеңдерінде жұмағали колхоздың бүгінгі бақытты өмірі мен еңбек адамдарын көрсетуге талаптанады. Ақын өлеңдерінің лирикалық геройында заманына ризалық, шаттық қуаныш сещімі байқалады. Табиғат суреттеріне арналған өлеңдерінде де Жұмағали ондағы өзгерісті көруге тырысады.

Тауым сырлы таң қалғандай

Тарихта еш болмаған

Күнім нұрлы от жанғандай

Көріп көңіл тоймаған, - дейді.

Жұмағалидың алғашқы кітаптары ақынның іздену, өсу жолының жемістері болатын. Ондағы өлеңдердің көркемдігі әр қилы. Көп сөзділік, ескі толғау үлгісінде шешендікке, тілмарлдыққа салыну, көргенін срыттай тамашалап қызықтау, құбылыстың ішкі мазмұнына тереңдеп бара алмау сияқты жетіспеушіліктер отызыншы жылдар ішіндегі ақын жрларында жиі кездеседі.

Дәуірдің аяқ кезіне атамн Жұмағали «Досыма хат» (1939), «Балықшы», «Күләнда» (1940( тәрізді поэмалар жазды. Бұлар оның эпикалық поэзяда алғашқы талабы болуымен бірге ақындық ізденістерінде жаңа кезең туғанын әйгіледі.

«Досыма хат» Ұлы Отан соғысы алдында біздің әдебиетімізде көп көтерілген Отан қорғау тақырыбын жырлайды. Ақын шекара күзеткен қырағы жауынгерлердің ерлік ісі мен сезімталдық сипатын оынң досына жазған хаты күйінде суреттейді. Қыздың қылымсыған қылықтары жауынгерді азамттық жолдан тайдыра алмайды. Ол бала кезінде естіген жылан қыз туралы ертегісін еске түсіріп, ұстамдылық көрсетеді. Геройдың Отан алдындағы борышын сезіну мына жолдардан танылады:

Елімді туған жерді жандай көрем,

Өзімді барымменен саған берем.

Қан кешу тар кезеңде ажал төнсе,

Найзамды дұшпаныма шаншып өлем.

«Балықшы» - шағын поэма. Баллада десе боларлық. Ақын мұны халық аңызы негізінде жазған. Онда ерте кезде балықшылық кәсіппен күн көрген шал-кемірдің образы көрінеді.

«Күләнда» поэмасының тақырыбы - әйел теңдігі мәселесі. Автор сүйсіке екі жастың қосылуына кедергі жасаған қатал тоймойын ескі заманды сынайды. Тақырыбы жағынан ол қазақ әдебиетінде ертерек жазылған «Сұлушаш», «Алтай аясында», «Ақбөпе» сияқты поэмалармен үндес. Бірақ тақырыпты көркемдік шешу жағынан Жұмағали ізденісі олардың ешқайсысынан олқы емес.

Поэманың сюжеті екі жастың махаббатын қорғауға жалаң құрылмаған. Сүйіспеншілк сарыны, әйел теңдігі мәселесі сэюжетке негізгі өзек болады да, кедей топтың өзінің блеушілерінң қарсы назарлықтары уақиғаны қоюландыра түседі.

Поэмада біріне-бірі қарама-қарсы, бірімен-бірі ымыраға келмейтін күреске бел байо\лаған екі әлеуметтік топ бар. Оның біріншісі - жағымды геролйлар Әбікеш, Күләнда бастаған шаруалар, үстем таптан жәбір көргендер тобы. Бұлардың көрген қорлығы, шеккен жапасы әр бағытта, әр түрлі. Екінші топтың басы - болыс Есмет. Бұл - жағымсыз герой. Феодалдық қоғамның әдет-заңдарының қатыгез қорғаушысы, жасауылы.

Жұмағалидың талантын танытқан бұл поэмалар ақынның жаңа ізденістерге бет алғандығының белгісі еді. Ақындық талантты жетілдіре түсудегі осы ұмтылыс Ұлы Отан соғысы дәуірінің шындығы ұштай түсті. Ол алғашқы күнне бастап майданға аттанды, отаныны қорғаушылардың алдыңғы шебінде болды.

1944 жылы жұмағалидың «Жорық жылдары» атты жаңа жинағы жарық көрді. Оған ақынның Ұлы Отан соғысының майданында, жорық үстінде туған өлеңдері кірген еді. Автордың идеялық, рухани өсуі арқылы оынң поэзиясы да жаңа биікке көтерілді.

Ақын майданға аттанған алғашқы ақдамынан бастап өз алдына патриоттық асқақ міндет қояды. Отан қорғау жолында қандай қауіпке болса да баруға дайындығын білдіреді.

Кеттім, қауіп дүниесі - еншім менің

Садағаңмын, қасиетті Отан, сенің

Қанды жорық жолына бірге аттаншы,

Жарып шығар кеудемді өлеңдерім.

Жұмағалидың әскери творчествосының елеулі бір ерекшелігі - оның қазақ роэзиясының тың тақырып - партизандар өмірін жырлауды алып келуі. әскерде ол партизандар қатарында соғысты, отрядтың саяси жетекшісі болды. Ақын өлеңдерінен біз партизан деген адамдардың ерекше сипатын, дербес қасиеттерін танимыз. Отанын, үйі мен семьясын жау қолында қалдырып, өздері дұшпан тылында күрес жүргізіп жүрген жандардың ашулы, кекті, сұсты бейнелерін Жұмағали сомдап жасайды. «Қар құшып, мұз жалай» жүрген адамдарға еш нәрсенің қорқынышты емес кені, қаңтардағы боран да, «теңселген қара орман» да оған бой тасалар орын болатыны байқалады.

1943 жылы бір ұрыста Жұмағали көкірегінен оқ тиіп, қатты жараланады. Партизандар отрядтың саяси жетекшісін аман алып қалуға бар күшін жұмсайды. Үш ай бойы өздерімен бірге сақтап, ең қиян ұрыстарда да алып шығып жүреді. Бірақ Жұмағалидың денсаулығы кеми береді, ендігі жерде отрядпен бірге жүрудің мүмкіндігі болмайды. Ақыры оны партизандар Донбастың ескі шахтері М. А. Масловтардың үйінде қылдарады. Масловтың қызы Ефросинья жаалы партизандарды өз қамқорлығына алып, әлсіз кездерінде аузына су тамызып асырайды. Жаралы партизандарды іздеген фашистер Масловтың үйіне бірнеше рет тінту жүргізсе де, ер жүрект қыз оны тығып, жау қолына түсірмеді, ақыры адам ғып қатарға қосады. Жұмағалидың «Жаралы партизан жырлары» атты өлеңдер циклі осындай күйдегі солдат сезімінің тебіренісін бейнелейді.

«Жаралы партизан жырларының» кейіпкері - кескілестен ұрыста жаралы блып, достарынан бөлініп қалған партизан. Ол ауыр жарасына қарамай, достарын іздейді, қайта сапқа тұратын мезгілді күтеді, күес пен майданды сағынады.

Сағындым сені, достарым,

Сағындым, ерлер, бәріңді,

Сағындым күрес, майданды,

Сағындым от пен жалынды, -

деп тіл қатады ол.

Майдан өімрінің алуан түрлі шындығының кең жасалған көркем көріністері Жұмағалидың әсери лирикасын тақырыптық та, идеялық-көркемдік жағынан да байыта түседі. «Айтылмай кеткен аманат» өлеңінде ол қиян-кескі қатты ұрыстың реалистік суретін жасайды.

Дірілдеп кетті жер мен көк

Дүмпуге ұлы шадамай,

Дүниеге қайран еттім мен

Қалайша тұр деп құламай.

Жаңбыр ма, жауған сіркірей

Бетіме тамшы басылды.

Жан кіріп өлі денеме,

Айқасқан кірпік ашылды.

Жараны қайта байлады,

Жалғады сөнер өмірді.

Тірліктің күндей көгінен

Көзіме нұры төгілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
Ақындар шығармалары
ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Қазақтың көне музыкалық аспаптарының қайта тірілуі өзінше бір әңгіме
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
С. Мұқанов шығармаларындағы омонимдердің қолданысы мен жасалу жолдары
Халқымыздың дарынды ақындары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Ә. Дүйсенбиевтің қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz