Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жарқырай жанған жарық жұлдыз

Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны:
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі
ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген. Абай да
сөздің ішін мәнерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет
жасауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ...
Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп,
соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ, -
деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы Мағжанның ақындығы туралы
деген мақаласында.
Мағжан Жұмабаев – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде
жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі. Туған жері - бұрынғы Ақмола
губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті,
өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары
адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы
медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем,
көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен
Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе
оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы
Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған
Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның
көмегімен Қазан қаласында Мағжанның Шолпан атты тұңғыш жинағы жарық
көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен
Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.
Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық
жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-
бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да
ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан
даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып
жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен
Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш
ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы
айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ!
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып
барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық
өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік
әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын
сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы
болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын,
өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде,
ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде
қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу
үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым
жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын
құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан Шолпан, Сана журналдары, Ақ жол газеті редакцияларында
қызмет істеп жүргенде де, Москваның Жоғары әдебиет және көркемөнер
институтында оқып жүргенде де, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу
жолында болады.
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң
дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз
жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап
ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға
сотталады. Одан М. Горкий мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен, 1936
жылы босатылады да, бір жылдан кейін Халық жауы деп қайта сотталып,
келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.
Мағжан – сыршыл ақын. Ол үшін бақ пен қуаныш - сүйе білу. Құштарлық
пен оның оттай жанған сезім бұрқанысы мол жан сөзін жүрек поэзиясына тұңғыш
әкелген. Оның Тілегім, Мені де, өлім, әлдиле, Сүйемін, Сәрсембайдың
жыры, Жазғы түнде тәрізді өлеңдері - қазақ поэзиясының қазынасы. Мағжан
Жұмабаевтың әдеби мұралары уақыт сынынан сүрінбей өтті. Өзге классиктердің
шығармаларымен қатар қазақ мәдениетінің тарихынан сыбағалы орын алды.
Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін
қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп
шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан
шығармаларына ғана тән. Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин,
Соловьевтардан бастап символизм, технократизм және Шпенглерге дейінгі жалпы
адамзаттық көркем әрі ғылыми мұраларға бет бұрды. Біздің дәуірімізге дейін
жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс тапқан.
Алайда арадағы ұзақ жылдар бойғы үзілістен кейін Мағжан Жұмабаевпен қайта
қауышудың сәті түсті. Сондықтан ақын туындыларын қайта бастырып шығару
туралы да ойлар жиі айтылуда
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы
мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының,
демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің,
әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере
бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дәуірдегі қазақ әдебиеті – жалпы демократиялық қозғалыстар,
қиян-кескі соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс дәуір тарихын
көрсететін әдебиет еді.
Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі
Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы).
Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті
парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір
сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы
медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем,
көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен
Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе
оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы
Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған
Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның
көмегімен Қазан қаласында Мағжанның Шолпан атты тұңғыш жинағы жарық
көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен
Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.
Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық
жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте
бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да
ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан
даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып
жібереді.
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып
барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық
өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік
әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын
сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы
болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын,
өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде,
ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде
қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу
үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым
жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын
құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан Шолпан, Сана журналдары, Ақ жол газеті редакцияларында
қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер
институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық
өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына
бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл
империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп
1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған
жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың
араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін Халық жауы деп
қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жа Кеңестiк өктем өкiметтiң
ең сұмдық қылмыстарының бiрi халықтың ардақты ұлдарынна жала жауып,
қаралап, оларды ұлтының жадынан ұмыттырған сұрқия саясаты болды. Олардың
есiмдерi мен шығармашылығы әлi толық күйiнде болмаса да беймәлiм қара
түнектен ендi ғана жарыққа шығып, халқына танылып келедi. ХХ- ғасырдың
жиырмасыншы жылдарында қазақта Мағжан Жұмабаевтан асқан ақынның
болмағандығына оның достары мен қастары да шүбә келтiрмеген.
Академик Марғұланның айтуы бойынша ағылшындарға Шекспир, ал орыстарға
Пушкин қалай болса, қазақтар үшiн Мағжан Жұмабаевтың есiмi де солай
аталады. Мағжан – қазақтың ұлттық ақыны. Орыстың ұлттық ақыны деген атақты
Лермонтов Пушкиннен қалай алса, ондай дәреженi Мағжан Жұмабаев ұлы
Абайдан солай мұраға алған.
Мағжан ақындығы асып, дарыны мен бойдағы қуаты тасып тұрған шағында
қаза тапты. Қазiр оның азаматтық есiмi толығымен ақталды. Алайда оның
ақындық мұрасын толығымен халқына қайтадан жеткiзу үшiн қыруар уақыт қажет.
Бахтиннiң айтуынша әдебиеттегi ұлттық данышпан тек өз халқының арман –
мұраты мен ұмтылысын ғана емес, сондай-ақ, өз жүрегiне жат ұлттың да
қайғысы мен қуанышын ортақ қабылдайды, соған жаны ауырады. Бұл жерде
Бахтиннiң жат шекарада өз мәдениетiн бойына жете сіңіру туралы сөзі Мағжан
Жұмабаевтiң поэзиясына көбiрек саятындай.
C. Есенинде паровоздың соңынан құлдырай шапқан әдемi, аңқау құлыншақтың
жанайқай ащы образы бар. Өткен шақ пен болашақтың өлiара кезеңiне тап
болған сол құлыншақтың қайғылы образы Мағжан поэзиясында да бейнеленуi
тегiннен тегiн емес. Олардың екеуi де – өз халқының ХХ ғасырдағы ұлттық
ақындары.
Олардың тұлғаларын тек Пушкин және Абайдың биiк өресiмен ғана
теңдестiресiз. Пушкин мен Абай да өз шығармашылықтарында бүкiл әлемдiк
әдебиет мұраларын меңгеруге жасаған талпыныстары негізінде нағыз ұлттық
ақындарға айналған.С.Есенин тәрiздi М. Жұмабаев та әлемдiк әдебиет
қазыналарын өз бойына сiңiрген.
Оның өлеңдерiнде тек дәстүрлi Пушкин мен Лермонтовтың ғана емес,
сонымен бiрге Феттiң де, Блоктың да, Мережковскийдiң де, Шиллер мен Гейне,
Гете мен Жуковскийдiң де әсерi айқын көрiнедi. Мағжан – өз шығармашылығында
төлтума әдебиеттiң, фольклор мен шығыстың классикалық поэзиясының
дәстүрлерiн терең меңгерген ақын. Әлемдiк мәдениеттiң ақыны Мағжан өзiнiң
шынайы ұлттық және бiрегей шығармашылығында қазақтың, ортаазиялық,орыс пен
шығыстың және еуропалық әдебиеттiң озық үлгiлерiн кеңiнен пайдаланды.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылдың мамыр айында, Солтүстiк Қазақстан облысының
Сасық көл атты далалық уезiнде, дәулеттi әулеттiң отбасында дүниеге келдi.
Әуелi ауылда сауатын ашты. Көне түрiк және жаңа түрiк тiлдерiн, араб, парсы
және орыс тiлдерiн оқыды. Одан соң Қызылжардағы (қазiргi Петропавл) татар
медресесiнде бiлiм алды. Одан әрi Уфа қаласындағы медреседе (жоғары
мектепте), Татарияның көрнектi жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алды.
Өлең жазуды 14 жасында бастағанымен, Мағжан Жұмабаевтың әдебиеттегi алғашқы
тырнақалдыларын 1911- 1913 жылдарға жатқызуға болады. Оның шығармалары
қазақ және татар тiлдерiнде шығатын барлық газет-журналдарға басылып тұрды.
Ол “Айқап” журналының редакциясында iстейдi. Шығармалары “Қазақ” газетiнде
жарық көредi, 1912 жылы Қазан қаласында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер
жинағы басылып шығады. Ендi ол еуропалық бiлiм алуға талпынады, сондықтан
1913 жылы сол кездегi қазақ астанасы болған Омбының мұғалiмдер даярлайтын
семинариясына оқуға келедi, басында Міржақып Дулатпен, кейін Сәкен
Сейфуллинмен бірге оқиды. Омбыда ақын студенттерге арналған “Балапан” атты
қолжазба газет шығарады. Оның беттерiнде Сәкен Сейфуллин екеуi өздерiнiң
пiкiрталастарын жиi жазып тұрады. Жете келе ақын Кеңестiк Шығыс
мәдениетiнiң ең бiлiмдi қайраткерлерiнiң бiрi болады.
Мағжанның шығармашылық ұстанымының қалыптасу кезеңi Ресейде болған үш
төңкерiстiң мұның отанының тағдырын шешетiн ұрымтал тұсына тап келдi.
Ұлтжанды ақын, әрине, ұлтының мұңын мұңдады, сондықтан да ұлттық-отаншылдық
“Алаш” қозғалысына бар дiлiмен белсене атсалысты. Осынау бiр отты жылдарда
Даланың болашағы төңірегінде талас-тартыс, қызу айтыстар жүрiп жатты. Кейде
бұл қызу айтыстар тек шығармашылық пiкiрталастармен ғана емес, қарудың
күшiмен шешiлiп жатты. Мұндай қайғылы оқиғалардың алапат құйыны бойындағы
бар қуатын ұлтының жолына жан пида етуге бекiнген қызуқанды, әрi аса
дарынды жалынды жасты өзiнiң иiрiмiне ерiксiз тартып әкетті. Ақын саяси
көзқарасы мен азаматтық позициясы өзiне неғұрлым жақын Ахмет Байтұрсынов
және Мiржақып Дулатовпен жақындасты. Сөйтiп “Алаш” партиясы жетекшiлерiнiң
бiрi болып, Қазақ Республикасын автономия етiп жариялаған Алаш Орданың
құрылтай сьезiне жолдама алды, Алаш Орда үкiметiнiң құрамына кiрдi.
А. Байтұрсынов бастаған қазақтың шығармашылық
интеллигенциясының тобы Кеңес Өкiметiнiң алғашқы жылдарында
“төңкерiсшiл және прогрессшiл” деп аталды. 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов
“Алаш Орда” үкiметiнiң атынан Кеңес Өкiметiн мойындайтыны туралы Ленинмен
келiсiмге қол қойып, Лениннің өтiнiшi бойынша Кеңестiк
Қазақстан үкiметiнiң құрамына кiредi. ”Алаш Орданың” барлық мүшелерiне
кешiрiм жарияланады, бiрақ, бiрнеше жылдан кейiн олар қуғын-сүргiнге түстi.
Алаш Орда Кеңес Өкiметiн мойындағаннан кейiн Мағжан Қызылжарда шығатын
“Бостандық туы” (“Знамя свободы”) газетiнiң редакторы болды. Көп өтпей 1921
жылы Зылихаға үйленгеннен кейiн Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор
қаласына келедi, осында оның “Педагогика” атты кiтабы жарық көреді.
Ақын Ташкент қаласына, ағарту иниститутына лекция оқуға
шақырылады.1922 жылы “Сана” журналында Мағжанның
“Батыр Баян” дастаны басылып шығады.Дастанның желiсiнде тұтқыннан олжаға
түскен қалмақ қызына ағайынды екi жiгiт ғашық болып, ақыры ашу үстiнде
ағасы iнiсiн өлтiредi, одан соң Абылайдың айтқанына көнбей қаптаған жау
қолына өзi барып, найзаға шаншылады. Бұл дастан сол кезде Ташкентте тұрған
М. Әуезовке қатты ұнайды. Ол Жұмабаевтың үйiмен жиi араласып, Мағжан
шығармаларының алғашқы тыңдаушысы әрi бағалаушы оқушысы болады. 1923 жылы
сол кездегi Түркiстан Компартиясы ОК хатшысы С. Ходжановтың алғысөзiмен
ақынның алғашқы таңдамалылары жинақ болып жарық көредi. Онда С. Ходжанов
мұндай жинақтың Абайдан кейiн алғаш рет жарық көрiп отырғанын жаза келiп,
мұны қазақ өмiрiндегi ерекше құбылыс деп бағалайды. Ақын өзiнiң
жырларында қазақ тiлiнiң тек шопандардың сөздерiн ғана баяндаумен
шектелмейтiн, өмiрдiң алуан құбылысын, астарлы ойын асқақ та қызу, мөлдiр
де сұлу және уытты тiлмен жеткiзе алатын жоғары көркем поэзия жасауға
лайықты екенiн дәлелдейдi. Ақын Ташкентте төрт жыл тұрады.
1924 жылы Мәскеуде Мағжанның аудармасымен М. Горькийдiң “Сұңқар жыры”-
( “Соколиные песни”) қазақ тiлiнде басылып шықты. 1925 жылы Мамин-Сибиряк
шығармаларының аудармасы “Ақбоз ат” (“Белый конь”) деген атпен жарық көрдi.
1926 жылы “Подарок детям”, 1927 жылы “Жүсiп хан” және “Сказки”
кiтаптары жарияланды.
Республика басшылары Сұлтанбек Ходжанов пен Тұрар Рысқұлов 1928
жылы Мағжанды Мәскеуге, ақын В. Брюсов ректор
болып қызмет iстейтiн Жоғары әдеби-көркем институтқа оқуға жiбередi. Осы
институтта тыңдаушы бола жүрiп, ақын Шығыс Еңбекшiлерiнiң Коммунистiк
Университетiнде (КУТВ) сабақ бередi.
Осы институттың студенттерi ақын Iлияс Жансүгiров пен болашақ
академик, профессор, филология ғылымдарының докторы, КазГУ-де қазақ
әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi болған Б.К. Кенжебаев Мағжаннан дәрiс
алады. Ақын оларға қазақ әдебиетi мен қазақ тiлiнiң стилистикасынан лекция
оқиды. “Қазақ әдебиетiнiң тарихы” және “Қазақтың әдеби тiлiнiң
стилистикасы” атты ғылыми еңбектерiн баспаға дайындайды.
В.Брюсовтың тапсырмасы әрi оның жетекшiлiгiмен қазақ, өзбек, түркімен
халықтарының үш томдық халық әдебиетiн құрастырып, оны орыс тiлiне
аударады. Лениннiң кейбiр еңбектерiн қазақ тiлiне аударатыны да осы кезең.
Өз заманының жан-жақты аса бiлiмдар ақыны В. Брюсов Мағжанды қазақтың
Пушкинi деп бағалап, ерекше құрмет тұтқан. Мағжан Жұмабаев – сол В.Брюсов
басқарған Жоғары әдеби-көркем институтта жоғары әдеби бiлiм алған қазақтың
бiрiншi ақыны. Валерий Яковлевич Брюсовты Мағжан өзiнiң биiк поэтикалық
дарынымен және математика мен музыка, сондай-ақ, бейнелеу өнерiндегi
терең бiлiмдiлiгiмен тәнтi еттi.
Мәскеудегi курс аяқталған соң М. Жұмабаев зайыбы екеуi өздерiнің
туған жері Қызылжарға оралады. Мұнда ақын бар күш-жiгерiн жұмысқа салады.
Ертеңгiлiк педагогикалық техникумда, кешкiлiк кеңестiк партия
мектебiнде сабақ бередi, Мәскеудiң Шығыс баспасына аудармалар жасайды,
өзiнiң шығармаларын жазып, әдеби үйiрме
ұйымдастырады, қаланың шығармашы жастарын басқарады.
Мағжан 1929 жылы тұтқындалды. Алматының НКВД –сынан шақыру қағазы келген.
Оған ешкiмдi ертпей өзi жалғыз кеттi. Бiр жыл бойы Зылиха ауылдастары мен
өсек аяңшыл туыс әйелдердiң күңкiл-сүңкiлiне төзiп, күйеуiнен хабарсыз
қалады.Тек қана 1930 жылдың басында Мағжанның Карелияның Майкоп қаласынан
жазған хатын алады.
Мағжан онда ешқандай жазықсыз болса да он жылға сотталғанын,
ендi кездесуге рұхсат алуы үшiн Зылиханың Мәскеуге баруы керектiгiн, онда
Горькиймен жолығып, оған жағдайды түсiндiру қажеттiгiн жазады. Мағжан
тұтқында болған бес жыл, яғни, 1930-1935 жылдар аралығында Зылиха онымен 14
рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжанның лирикасы
Мағжан Жұмабаевтің лекциялары
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Жүсіпбек аймауытов – әдебиет сыншысы
Алаш қайраткерлері
Мағжан бейнесінің жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Пәндер