Қожа ахмет Иасауидің өзі хикіметінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан.

ЮНЕСКО-ның қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы алдағы 1999-2000
жылдары көне түрік елінің астанасы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын
атап өту жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл мәні зор оқиға тек қазақ
елінің ғана емес, бір кездерде Тұран мемлекеттін құрған өзге түрік
жұртшылығының да үлкен мерекесі болмақшы. Аталған қала соңғы дәуірлерде
қазақ хандықтарының да астанасы болды.
Түркістан десек ең алдымен әйгілі ақын, ойшыл, кемеңгер Қожа Ахмет
Иасауи есімі ойға оралады. Өйткені бұл атаулар қашаннан бөліп жаруға
келмейтін, бірін-бірі толықтырып айқындай түсетін ұғымдар екені аян.
Қ.А.Иасауидің ер жетіп есейген шағынан бастап қазіргі Түркістан бұрынғы
Иасы арылында көз жұмғанша өмір сүріп, оның ірі сауда мәдени, діни
орталыққа айналып, қала ретінде жан-жақты дамып, өркендеуіне тікелей әсер
етуі де себеп болғаны рас. Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, әулие әрі сопы
атанған, шығармаларын тұңғыш рет түрік тілінде жазған ақын сол Түркістан
қаласныда тұрып, өзінің өлмес, мәнді де асыл туындысы – Диуани хикметті
(Ақыл кітабын) сонда жазып аяқтайды. Ұлы гуманист ақын қайтыс болған соң,
яғни өлгеніне 240 жылдай мерзім толғаннан кейін, әйгілі Әмір Темір оның
басына теңдесі жоқ, ғажайып мавзолей – кешен салдыртады. Бұл заңғар да
сәулетті ескерткіш заманның талай – талай ауыр сындарынан мұдірмей өтіп,
құдіреттің барлығын паш еткендей көз жауын алып, тәкаббар күйінде қазақ
жерінде әлі күнге қасқайып тұр.
Түркістан қаласының Қожа ахмет Иасауи атымен тығыз байланысты екендігі
налғашқылардың бірі болып айтқан Әмір Темірдің жорықтары тарихын зерттеп
жазған Шарафддин Ғали Иазди еді.
Қожа ахмет Иасауидің өзі хикіметінде:
Он алтымда барлық әруақ үлес берді,
Айхай, Сізге мүбарак деп адам келді,
Перзентім деп мойным құшып көңілім тапты,
Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне! —
дейді. Біздің ойымызша, осы айтылып отырған кезең әйгілі Түркістан қаласы
туралы емес, жалпы түрік халықтарының Отаны үлкен Түркістан, яғни Тұран
жөнінде айтылған деп ойлаймыз. Өйткені Түркістан қаласының Түркістан
болып аталуы, көп кейін болуы керек. Бұған ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың
Түркістан атты өлеңіндегі мына бір жолдар да айқын дәлел бола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Түркі сопылық ерекшеліктері
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Қожа Ахмет Йсауидің өмірі
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет ясауидің 7 принциптері
Пәндер