Мағжан өлеңдерінің өрнегі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Мағжан Жұмабаевтың лирикасы »
Орындаған: 54 тобының студенті
Бейсенбаева А. К.
Тексерген: Смагулова Н. Қ.
Петропавл қ, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
І тарау Мағжан Жұмабаевтың лирикасы 5
1. 1 Мағжан поэзиясындағы туған ел тақырыбының жырлануы 8
1. 2 Мағжан Жұмабаевтың махаббат тақырыбындағы лирикалық
өлеңдерінің шығу тарихы 12
ІІ тарау Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері 16
2. 1 Ақын поэзиясының ерекшеліктері 20
2. 2 Мағжан өлеңдерінің өрнегі 26
Қорытынды . . . 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
КІРІСПЕ
Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі - Мағжан Жұмабаев. Жарық дүниеге адам боп туғанмен, азамат боп өмір сүру билігі өзіне тимей, ғұмыр бойы бұғауда, қуғын - сүргінде жүріп, ақыры бас - аяғы қырық бес жасында түрмеде атып өлтірілген Мағжан ақын ұшты-күйді, зым-зия жоғалып кетіп, есімі жарты ғасыр сарғая сағынған халқына туған елі тәуелсіздік алар қарсаңында ғана әрең қайтып оралды. Өзімен бірге артынан өшпес мол мұра қалдырған ақынымыздың өлеңдері де өз алдына бір төбе болып, қалың қазақ қауымымен қайта қауышты.
Мағжан қазақ әдебиетінің өзге ел әдебиетімен тең болуын қалады. Қазақ елінің мәдениеті мешеу, тарихы белгісіз, «бұратана» елтануына намыстана қарады. Әсіресе, Қазан төңкерісі алдындағы қазақ халқын тарихқа кірмейтін «жабайы халық» деп есептеген шовинистік пиғылдағы пікірлер намысына тиді. Мағжан халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп оқуға жөн сілтеді. Өткен тарихымызға деген қызығушылық, орыстың ғылыми еңбектері ғана емес, әлем әдебиеті мен ғылымына жетеледі. Антикалық және орта ғасыр әдебиеті, Батыс Еуропа мен Шығыс мәдениеті мен мұндалап тартты. Елінің тарихы мен мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігі өмірінің соңғы сағатына дейін сақталды. Халқының өткенін жаңа заманмен салыстыра отырып, одан түйген пікірлерін, философиялық толғауларын өлең жолдарына түсіріп отырды. Нәтижесіндегі өз кезеңіндегі әдебиет өкілдерінен көш ілгері озған ірі білімдар азамат болып қалыптасты. Дәлірек айтқанда, сонау 1919 жылдың өзінде-ақ дербес, тәуелсіз мемлекет болатынымызға сенді.
Ақын - жазушы, педагог - ағартушы, тарихшы - тюрколог, философ, аудармашы, фольклорист, журналист, аса ірі қоғам қайраткері - Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) артында қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі ғасырға жуық жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі еңбек. Оның құндылығы да сонда - қазақ әдебиетін сол кездің өзінде-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Өзі қазақ әдебиетінің өкілі бола отырып, Батыс Еуропа мен орыс әдебиетінің озық үлгілеріне үн қоса білді. Мағжан халқын шексіз сүйді. Оған ақынның мына пікірін мысал ете аламыз:
«Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет етуге тиіс. Өз елін сүю дегеннен адам өз халқынан басқа халықтарды мейлінше жек көрсін, басқа халықтарға қасқыр болып тисін деген сөз шықпайды. Бұлай болса, жер қанға тұншығып, бұзақылық белең алып, жауыздық өрлеп, жер жүзінде тыныш тұрмыс болмас еді!».
Мағжан өлеңдерінің өлшемі мен өрнектерін мейлінше зерттеп, ақын өлеңдеріне тән ерекшеліктерді көрсету. Мағжаннан қалған әдеби шығармашылық мұраның көлемі, салалары сақталуына қатысты сөзді нақты айтуға мүмкіндік бар. Мағжан Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын-сүргінде, азап-қорлықта өтіп, 1938 жылы ажал оғы құлатты.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу маржаны - махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақты, жұп-жұмыр жауһар дүниелері. Қазіргі таңда жас ұрпаққа ұлы сезімдер қасиетін ақынның шығармалары арқылы ұғындыру, рухани байлықтардың әрқашанда жоғары екендігін жеткізу мақсатында Мағжан Жұмабаев шығармашылығын талдау, өлеңдерінің мағынасын ашу өзекті мәселе болып табылады.
І МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ЛИРИКАСЫ
Мағжан - сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге
еркіндігімен, тапқыштығымен күшті;
Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді
күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті
(Жүсіпбек Аймауытұлы)
Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын - Мағжан Жұмабаев.
Өзі де, өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Қалың бұқара оқушы арасында әуелден-ақ қаншалықты белгілі, аты Мәшһүр ақын болып танылса да, ресми ортада барған сайын соншалықты соққыдан көз ашпай, тыныштық дүниеден біржолата қара үзіп, өмірі мен өлеңі кешегі қуғын-сүргін заманда қоса қудаланған жан.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын ойлану - толғану үстінде. Қандай өзгерістер, жаңалықтар туып-өніп жатса да, ақын жаны күйзелісте, жүрегі оған елжірей қоймайды. Өйткені, негізгі мәселе - қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігіндегі баз-баяғы жүдеу қалпында.
Халқымыздың от жалынды, зор таланттарының бірі, аспан құлап, жер сілкінгендей аумалы-төкпелі заманда өмір сүрген, ауыр тағдырды басынан кешкен, ақыры сталиндік репрессия кезінде мерт болған есіл боздақ ұлы ақын Мағжан Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында, Сасықкөл мекенінде іргелі, әйгілі шаңырақта 1893 жылы 15 мамыр күні дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шоқай, Өтеген, Өтеміс - бәрі де исі Арғын ішінде даңқы шыққан белгілі, көшелі кісілер. Мағжан өзімен емшектес Мүсілім, Қаһарман, Мұхаметжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күландам, Гүлбарам бауыр-қарындастарымен құлынтайдай тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті, қимас шағын бастап кешірген. Кәрім, Мұқаметжан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім - бұлар болашақ ақынның тілін сындырып хат танытқан, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медреседе Хасен молдадан дәріс алған Мағжан, Уфа қаласына барып медресе Ғалияда татар халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. 1913 жылы Омбы қаласына келіп, осында мұғалім болып жүрген Міржақып Дулатовтан сабақ алып, дайындалып, семинарияға түседі де, оны 1916 жылы бітіріп шығады.
1919 жылы Қызылжардағы «Ботандық туы» газетінде редактор болады, 1922 жылы Ташкентте Қазақ - қырғыз институтында сабақ береді.
1928 жылы Мәскеуде Күншығыс баспасында аудармашы болады, В. Брюсов атындағы көркем әдебиет институтында оқиды, Бурабайда техникумда, Қызылжарда партия кеңес мектебінде сабақ береді. 1929 жылы жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалып, одан Карелияға жер аударылады. М. Горький және оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы босап келгенімен, қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп, жазықсыздан жазықсыз есіл ақын 1938 жылы 19 наурызда атылған. Өзі ғана емес, ағалары Мүсілім, Каһарман, інісі Мұқаметжан да репрессия отына шалынды. Әкесі Бекен 1934 жылы, анасы Гүлсім 1943 жылы қуғында өлді.
Кез келген талантты суреткерге өнердің негізін салу бұйырмаса, Мағжанға ол дарыған. Оның өлеңдерінде уытты, қуатты бойға жігер, жанға от беретін құдіреттің бар екендігі де сондықтан. Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол - жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Оларды жау - жүрек батырлыққа тәрбиелейді.
Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді, өлеңдерін жастарды тәрбиелейтін құрал ретінде пайдалану керектігі де содан. Өзіне дейінгі және өзінен кейінгі ақындардың басты айырмашылығы сөздерінің қуаттылығында. Бұл оның ішкі шығармашылық құдіретінің барынша зор болғанына дәлел.
Міне, мұның бәрі Мағжанның тума дарын екендігін аңғартса, екіншіден өзіне дейінгі ақындардан оқу-үйрену, іздену нәтижесінде жеткен.
Ол тек қана қоғамдық саяси ойлар айтумен шектеліп қалмаған, қазақ әдебиетін бүкіл ел танитын дәрежеге шығаруды да мақсат еткен. Ақынның ол арманы өз өлеңдері арқылы орындалды.
Мағжан ХХ - шы ғасыр басындағы ақындар арасынан ұлт азаттығын поэзияда терең қозғаған ақындардың ең озығы ғана емес, өз кезіндегі ақындардан мынадай үш қасиетімен де ерекшеленеді:
- Күшті ұлттық демократиялы идеясы, төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі халық мұңын реалистік суреттеу.
- Шығармаларының ерекше бейнелі, көркемдік формасы.
- Өлеңдерінің жазылу құрылысы өзгеге ұқсамайтын жаңашылдығымен оқшауланып, ерекше дараланады.
Мағжан поэзиясы әр түрлі жанрларды қамтиды. Әсіресе, ол елді еркіндіктен айырып отырған “отаршылдық саясат” екендігін нұсқап көрсетуден тайсалған жоқ. Сондықтан да оны - ақылдың әміршісі деп айтуымызға әбден болады.
Мағжан сол кездегі қазақтың саяси санасын жетілмеген балаға санайды. Оны “Қараңғы дауылды түн” өлеңінен байқауға болады. Бұл өлеңдегі “түн” сөзін бодандықтың баламасы ретінде алады. Төңірегінде не болып жатқанын сезбей, саясаттан аулақ жатқан халық санасын өлі далаға теңейді. Әзірге әлсіреп жанған, шырақтың қызуы болмағанымен, бірақ түбінде оған назар аударар ұрпақ табылар деп үміттенеді. Ақын өзінің тәуелсіз мемлекет болуды ойлаған асыл ойлары мен өткір сөздері, жерге нұрын шашқан күн мен айдың сәулесіне пара-пар екендігіне сенеді. Жана ма деп бір күдікпен тұтатқан әлсіз шырағынан ұшқындай ұшқан сәулелер Алаш ұрпағының көкірегінде от болып лаулап жанарына күмәнсіз сенеді. Өмірінің пышақ жүзінде тұрғанына қарамай кейінгі ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұраларына оқырмандар табының, өзіне табынып отырғаны осыған куә. Мағжанның “Түн еді” өлеңінде:
Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды, - деген
өлең жолдарында “түн” сөзін Қазан төңкерісі алдындағы әйелдердің бас бостандығын ала алмай қалың малға сатылған қайғылы тағдырының баламасы ретінде алады. Ақын әйелдердің басынан кешкен қайғы - қасіретін баяндауда жолдар емес, сөздерге еркіндік берген. Әр сөздің мағынасына үлкен мәнді ойлар сыйғызған.
Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік,
Шашатын алтын сәуле таңды күттік.
Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та,
Сатылдық та, тілекке ақыр жеттік!
Мұндағы әр сөздер әйелдер тағдырының азаптан өткен тағдырынан жан-жақты сыр бергендей. Мағжан өлеңдерінде жолдар ғана емес, сөздер сөйлейді дейтін себебіміз сондықтан. Өлең соңында ақын - қыз-келіншектерді аяғын байлап, ақыл-ойын тушалаған қалың малдың күлпаршасы шығып, әйелдердің бас бостандығын алғанына шексі қуанғанын жасыра алмайды.
“Батқан күн, атқан таңның жыры” өлеңі ел өмірінде болып жатқан өзгерістердің біріне негізделіп жазылса керек. Өлеңдегі “қараңғылық қаптады” деген сөздің мағынасы да үлкен ойды аңғартады. “Елім үшін өлейін, еліме құрбан болайын” деген сөдері де бір-бір ұлы мақсатқа тәуекел еткенінен хабар бергендей. Өлеңдегі ақын бойындағы үміт пен күдік кезек алмасып отырғанын “Түнерген түн өлмеді” деген сөздер аңғартады. Ал “Ағарған анау таңы ма?” деген жолдар мүмкін асыл ойларымыз іске асып та қалар деген ішкі үміт ұшқынын аңғартады. Ақынның кейінгі ұрпағына жазып қалдырған шығармаларының қызуы мол. Ондағы отты сөздері, асыл ойлары күннің қуаты тәрізді. Өмірінің пышақ жүзінде тұрғанына қарамастан өткір пікірлерін іркілмей батыл айтып отырған Мағжан да күн сәулесіндей өткір ақын да солай оның тәуелсіз мемлекет болу жайлы өткір ойлары тоталитарлық жүйеге қауіпті. Ол егер күш алса, қуатымен күйдіріп жіберетін күн тәрізді. Сондықтан Күннің сәулесінен өзгелердің бойына қуат дарытпай тұрып, көзін жою керек болды. Егер ақын тірі болып халқының көкірегіне тәуелсіздік дәнін еге бергенде, өзіміз бас тартқан социалистік жүйе бұдан гөрі ертерек құлары ақиқат болатын. Мағжанның күннің қуаты күйдірмей қоймайды деп отырғаны осыдан.
Алтын Күн батып барады,
Алтын Күн ақырын өледі.
Сұр бұлттар - сорлы жар,
Қан жылап Күнді көмеді, -
деуі осыдан. Біртіндеп батып бара жатқан күн, қазақ әдебиетінің төрінен ығыстырыла бастаған өзі еді. Күннің артынан еріп жүрген, батып бара жатқан сұр бұлттар халқының санасына жеткізе алмаған өзінің асыл ойлары, қайғы, мұңы. Сондай-ақ батып бара жатқан күнді, қан жылап көшкен сұр бұлттар ақынның еңбегі тереңге көмілгенде, өзін танып үлгеріп қалған, қазақ интелигенциясының көз жасын да бейнелейді. Ол өлеңде - “Күн өлді, Көк күңіренді” деген оптимистік астармен берілген. Бұдан ақынның күрделі кесек ойларын бейнелеп бергендігін байқаймыз.
Мағжан қазақтың өз тума сөздерінің қолданылу мәнін, мазмұнын жаңартқан. Әрі бұл сөздің қолданылу мағынасын әр қырынан көрсетеді. Мысалы, “Туған жер” өлеңінде:
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде,
Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер, - деген
өлең жолдарында ақын өзі туып өскен, кіндік қаны тамған қазақ жерін күнге балайды. “Есімде . . . тек таң атсын!” өлеңінде:
Қанатты, қажымайтын тұлпар міндік,
Жібекпен жетпіс қабат белді будық.
Құрсанып қылыш өтпес мұздай темір,
Қиядан құсша жауға ұмтылдық-
бұл өлеңде бір кездегі еліктей ойнақтап, жолбарыстай маң-маң басып еркін жүрген дала еркесі Алты Алашты, патшалық Ресейді әр түрлі айла-шарғымен өзіне тартып, бірте-бірте тәуелді етіп, бір кездегі әлем таныған батыр түрік халқының ұрпағы біржола боданға айналғанын - Күннің батуымен бейнелейді. Осы өлеңдегі қараңғылық патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын бейнелесе, жарық - тәуелсіздіктің баламалары болып алынған.
1. 1 Мағжан поэзиясындағы туған ел тақырыбының жырлануы
М. Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген - түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында мұңлы толғаныс, өкіну және қайғылы қасірет, күйініші жатса, таразының екінші басында - романтикалық өршілдік, махаббат, сүйеніш, күйініш, арман, мақсат, үміт жатады.
Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе, Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырады.
Ең бастысы ақын ықшамдық, сұлулық, философиялық талаптарды, бейнелілік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды. Ақын оқырманға жан сырын ашып салады, ағыл - тегіл көз жасын ағызады, жүрек тереңінде жатқан құпиясын ақтарады. Ақын өлеңдерін ден қоя оқып, жалпы ауқымына көз жібергенде, аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы - адам, «адамның кейбір кездері» деп Абай айтқандай, адамның ойы, ішкі көңіл - күйі екенін ұғамыз. Не жазса да ең алдымен өз жүрегіне үңіледі, сол арқылы айналадағы әлемді білуге, өмір шындығын ұғуға ұмтылады. Егер шартты түрде өлеңдер тақырыбын жіктеуге тура келсе, туған өлке туралы және оның өткені мен бүгінгісі жайында, адамның өмірдегі орны, бүкіл адамзаттық ар-ожданы хақында деп айтуға жарар еді. Жүректі жарып шыққан өлендерінің үлкен бір тобы - сүйіспендік лирикасы. «Гүлсімге», «Жас келін», «Жәмила», «З-ға», «Р-ға», «Махаббат не?», «Сен сұлу» [1] т. б. өлеңдері қазақ қыздары мен қазақ әйелдеріне арналады, олардың сыртқы да, ішкі де сұлулықтарын тәңрідей көтере жырлайды. Бұл өзі бір жағынан, Гетенің шығыс әйелдеріне табынып, Зулейхаға деп жазған арнау өлеңдерін, Батыс-Шығыс диванын еске түсіреді. Жалпы сүйіпендік, махаббат туралы, қыздың, әйелдің сұлу, көркем суреті, мінезі, іс-қылығы туралы өлеңдері - Мағжан поэзиясының өнімді, әрі тартымды саласы.
Басқа да өлеңдеріндегі сияқты, ақын мұнда да терең сезім құшағында, жүрек тербелісінде. Әшейінде өзге ақындар, «күйдім-жандым» деп жазатын жайлар Мағжан қаламында басқаша күйді, ыстық суығы аралас, қуанышы мен реніші қатар жүретін жұмбақ сезімді аңғартады. Махаббат азабы, сүйіспендік азабы, әуелден белгіленген, жартылыстан бірге жаралған, өзгертуге, қайта жасауға көнбейтін табиғи нәрсе, сондықтан да өмірдің өзі сияқты бірде - тәтті, бірде - ащы, бірде-серуен, бірде - сергелдең. Ақын сезім сырын ашамын деуден аулақ, ол ашылмайды да, азапты жайды, «жүрек - жара», «көзі жасты» күйді суреттейді, бірақ, оның шешімін табамын деуден аулақ. Махаббат пен машахат күй бастауын әуелден, әуел баста жаралаған жайдан іздейді.
Мағжан жырлауында шын махаббат - азап жолы, оның қуанышы мен өкініші аралас, кейде тіпті қатар жүреді.
Махаббат - бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек
Тамшылап одан қан ағар.
Махаббат - бір тәтті у-
Ішер жүрек, төгер жас -дейді, Мағжан.
Лирикалық герой махаббат құшағына енген сайын, азап дұзағына шырмалғандай. Айырылысқан, я айырылысар жандардың жүрегі қайғыға толы, олардың күні -сағыныш, сарғаю, торығу:
Сол уақытта желге құлақ түргейсің,
Таныстарды еске алып, тергейсің!
Туғаны жоқ, тұрғаны жоқ жолаушы-
Желге айналған мен екенін білгейсің!
Эстетикалық талғамы, тандауы мықты осындай өлеңдердің бәрі-адамның жан-тән сұлулығын, көркемдігін, жарастылықты паш етеді. «Толған ай жүзің еді, қара нәркес көзің еді, мап - майда мамық қардай мінсіз денең, бейне бір бақшадағы жүзім еді» немесе: «шашың-қара, денең - ақ, бұлт, жүзің ай, тісің-меруерт, көзің, сәулем, құралай» деген сияқты бұрынғы халық ұғымындағы теңеу, ұқсатулармен қатар, Мағжанның өзі тыңнан тапқан, соны, жаңа сурет жасаған сөздері өте көп. Онда адамның сыртқы суретін бергелі отырып, ішкі сырын, жан күйін аңғартатын бедерлер жасайды, оның бәрін бұл жерде теріп айту мүмкін емес -тым мол, бай. Бір ғана мысал:
Иірілген бұйра толқын шашы қандай,
Иығына екі жылан асылғандай.
Тұңғиық қара судай қара көздер
Қандай сыр болса-дағы жасырғандай.
Мұнда ақын жағымсыз кейіпкердің суретіне тоқталған. Бірақ, «екі жылан», «жасырғандай» деген сөздер болмаса, қай сұлуға болса да, жарасар сурет-бейне екендігіне дау жоқ.
Ақын өз өткенін ұмытып, бодандықта жандары жаси бастаған халқымыздың өткенін еске оралтып, арғы аталары ғұндар мен сақтар, бергісі түрік бірлігі, Түркістан мемлекеті туралы жыр толғайды.
Түрік мемлекеті жер жүзін дүркіреткен кездегі елдің қара шаңырағы қазақ жері болғанын, ендеше дербес мемлекет бола алмаймыз деу далбаса дегенге келеді. Ал ақынның ел тарихын жете білуі - ұлттық эгоистік сезімін күшейтеді. Мағжан қазақ тарихын былай бастайды.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан не тамаша күндер кешкен -
деп, ертедегі түркілердің біртұтас мемлекет болып, оның күйін әр түрлі қанды шапқыншылықтарды бастан кешіруі салдарынан, әуелгі атын да, атағын да жоғалтып алғанын білдіреді. Оның ішінде Тұранның тарихтан өшуінде өлшеусіз рөл атқарған - Араб халифатының шапқыншылығын есімізге оралтады.
Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz