Кооператив мүшелерінің экономикалық қатысуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

Әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

Адамбекова С. М.

Абилов К. Ж.

Кооперативтік қозғалыстың тарихы

мен теориясы пәнінен қашықтық оқытуға арналған оқу әдістемелік комплексі

Қарағанды - 2008

Бағдарламаны құрастырған: әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Адамбекова С. М.

Мазмұны

Кіріспе

1 - бөлім. Кооперативтік қозғалыстың шығу негізі . . .

1. 1. Кооперативтік қозғалыстың пайда болуының алғы шарттары мен себептері . . .

1. 2. Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінде кооперативтердің пайда болу ерекшеліктері . . .

1. 3. Кооперативтік қозғдлысты саяси бағдарлаудағы негізгі бағыттар . . .

2 - бөлім. Кооперациялардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен табиғаты . . .

2. 1. Кооперативтердің, кооперацияның және қооперативтік қозғалыстың мәні . . .

2. 2. Кооперативтердің жалпы белгілері . . .

2. 3. Кооперативтік құндылықтар және оның қағидалары . . .

2. 4. Кооперативтермен олардың одақтарының ұйымдық-құқықтық негіздері . . .

2. 5. Кооперативтер қызметінің экономикалық негізі . . .

2. 5. 1. Меншік - экономикалық жүйе ретінде. Капитализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғаты. .

2. 5. 2. Мемлекеттік социализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғаты . . .

2. 6. Кооперативтердің жіктелуі (классификациясы) . . .

3 - бөлім. Кооперативтік идеология . . .

3. 1. Кооперативтік идеологияның бастаулары . . .

3. 2. Кооперативтік қозғалыс туралы марксистік-лениндік ілім . . .

3. 3. Кооперативтік социализм теориясы . . .

3. 4. Кооперативизм теориясы . . .

3. 5. Кооперативтік капитализм теориясы . . .

4 - бөлім. Капитализм жағдайындағы кооперативтік қозғалыс . . .

4. 1. Классикалық капитализм жағдайындағы кооперация . . .

4. 2. Экономикалық дамудың жаңа үрдістері жағдайындағы кооперация.

4. 3. Қазіргі кезеңдегі дамыған елдердегі кооперативтік қозғалыс . . .

5 - бөлім. Әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйе жағдайындағы кооперативтік қозғалыс және нарықтық қатынастарға өту . . .

5. 1. Қазан төңкерісі және кооперативтік қозғалыс тағдыры . . .

5. 2. «Әскери коммунизм» жағдайындағы кооперация . . .

5. 3. Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы кооперация . . .

5. 4. Кооперацияны социалистік құрылысқа пайдаланудың жолдары туралы идеялық күрес . . .

5. 5. Ауыл шаруашылық кооперацияларына қатысты кооперативтік құрылыс қағидаларының бұзылуы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары . . .

5. 6. Тұтыну кооперацияларын мемлекет иелігіне алу . . .

5. 7. Кәсіпшілік кооперацияларын дамыту тәжірибесі және оны тарату . . .

5. 8. Өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы жаңа кооперативтерді дамыту тәжірибесі . . .

5. 9. Нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы тұтыну кооперациялары жұмысының негізгі бағыттары . . .

5. 10. ТМД елдеріндегі кооперативтер жаңа жағдайларда . . .

5. 11 Қазіргі кезеңдегі ТМД елдері кооперативтерінің басым міндеттері. .

6 - бөлім. Қазақстан Республикасындағы кооперативтік қозғалыс . . .

6. 1. Қазақстан кооперацияларының идеялық бастаулары . . .

6. 2. Қазақстандағы кооперациялардың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері . . .

6. 3. Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері және оның зардаптары . . .

6. 4. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі тұтыну кооперацияларының жай-күйі мен міндеттері . . .

6. 5. Қазақстандағы колхоз қозғалысының проблемалары . . .

6. 6. Қазақстандағы жаңа кооперация: даму тәжірибесі . . .

7 - бөлім. Қазіргі заманғы халықаралық кооперативтік қозғалыс . . .

7. 1. Халықаралық кооперативтік Альянс (ХКА) . Құрылу тарихы, мақсаттары мен ұйымдық құрылымы . . .

7. 2. ХКА қызметінің негізгі бағыттары және халықаралық аренадағы оның рөлі . . .

7. 3 Қазіргі заманғы халықаралық кооперативтік қозғалыстың құрылымы, жай-күйі мен проблемалары . . .

Емтиханға дайындық сұрақтары . . .

Пәнді оқытудың мақсаты.

Әлемдегі кооперативтік қозғалыс - қазіргі кездегі ең көптеп кездесетін әлеуметтік-экономикалық қозғалыс. Әлем халығының 12%-ға жуығы кооперативтелінген әлемдік қауымдастықтың 40-нан артығы кооперативтік ұйымдардың қызметтерін пайдаланады. Нарықтық экономикалық елдерде кооперативтер тұрмыста қамтамасыз ету мен өңдеуде, сауданың барлық түрлерінде, қаржы ұсақ және орта өнеркәсіптік өндірісте маңызды рөл атқарады.

Бұрынғы социалистік елдердегі кооперативтік секторлардың жаппай жойылуы, кооперативтің барлық түрлері өз мүшелерін шаруашылық орындарда, сауда айналымын және өндіріс көлемдерін жоғалтуда миллиондаған кооператорлар әртүрлі себептермен кооперативтерді тастап кетуде. «Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы» жалпы білім беру пәніне жатады, ол қоғамның белгілі қатынастарын зерттейді, адамдардың экономикалық-әлеуметтік, саяси, құқықтық, мәдени жан-жақты байланыстарын іс-қимылдар процесімен топтасуға ықпалын тигізеді.

Бұл курсты оқытудың негізгі мақсаты - қоғамда және экономикалық өмірде нарықтық өзгерістерді жүргізгенде кооперацияның орны мен рөлі туралы қажетті білім беру болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. Студенттерді деректермен және әдебиеттермен жұмыс істеуді үйрету.
  2. Оқылатын пәнге студенттер тарапынан жүйелі көзқарасты

қалыптастыру және нарықтық өзгерістерде өздерінің іс-әректтерінде алған білімдерін пайдалану.

  1. «Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы» курсын нәтижелі тыңдаған студент білуге міндетті:Кооперативтік ұйымдардың ұйымдастырушылық құқылық құрылу негіздері мен қызметі. Халықаралық кооперативтік қозғалыстың келешегі және жағдайы, негізгі проблемалары.

Білуге міндетті:

  • Кооперативтік ұйымдардың шаруашылық-экономикалық қызметінің ерекшелігін талдау.
  • Іс қызметінде алған теориялық білімдерін қолдану.
  • Кооперативтік құндылық пен ілімді насихаттау.

КІРІСПЕ

«Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы» курсын оқып-үйрену, экономикалық кооперативтік жоғары оқу орындарының студенттеріне кооперативтік қозғалыс тарихының қысқаша курсы мен теориясы негіздерінен қажетті білім беру мақсатын көздейді.

Кооперативтік қозғалыстың проблемалары мен мәселелерін білу болашақ рынок-мамандарына, әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жетекшілеріне, олардың практикалық қызметтерінде өз көмегін тигізетін болады.

Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты - курс тақырыптары (бөлімдері) бойынша студенттерге көмек көрсету болып табылады. Әрбір тақырыптың (бөлімнің) басында өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар берілген. Олар сонымен бір мезгілде тақырыпты баяндаудың және бағдарламаның негізгі қағидаларын бөліп көрсетудің жоспары болып саналады. Тақырыптардың түгелі терең түрде ашылмаған сондықтан курстың библиографиялық көрсеткіштері келтірілген. Материалдарды іріктеу кезінде «жаңалықтарға» емес, тақырыптардың (бөлімдердің) қандай да бір мәселелерін ашып көрсету деңгейіне баса назар аударылды. Сондықтан, осыдан 20 жылдай бұрынғы дерек көздері ұсынылған. Аталмыш кітаппен жұмыс істеу кезінде, осы себептен де сол уақыт кезеңіндегі идеология мен саяси жағдайларға тән, сондай-ақ басқалай көзқарастар тұрғысынан байыпты емес келістердің болғандығын ескеру көзделеді.

«Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы» курсы жалпы білім беру пәндерінің қатарына жатады. Бұл - дербес ғылыми пән, кооперациялар және кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық-әлеуметтік, саяси және экономикалық мән-маңызы туралы түсініктердің жиынтығы.

Ол адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық, мәдени және басқа алуан түрлі қызметі мен өзара байланыстары процесінде қалыптасатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды зерделейді. Бұл пән сондай-ақ кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық-саяси және экономикалық қағидаларын, алуан түрдегі кооперативтердің жалпы өзгешеліктері мен белгілерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, әлемдегі басқа қоғамдық және экономикалық ұйымдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, казіргі әлемде өмір сүретін кооперативтердің негізгі жіктелуін (классификациясын) оқытып-үйретеді.

1-БӨЛІМ. КООПЕРАТИВТІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ШЫҒУ НЕГІЗІ

Сұрақтар:

  1. Кооперативтік қозғалыстың пайда болуының алғы шарттары мен себептері.
  2. Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінде кооперативтердің пайда болу ерекшеліктері.
  3. Кооперативтік қозғалысты саяси бағдарлаудағы негізгі бағыттар.

1. 1 Кооперативтік қозғалыстың пайда болуының алғы шарттары мен себептері

Топтық, ұжымдық меншікке негізделген, еңбекшілердің экономикалық мүдделерін қорғайтын қоғамдық-шаруашылық ұйымдары ретіндегі кооперативтер 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Англияда, Францияда, Еуропаның басқа елдері мен АҚШ-та пайда болды.

Сол кезеңде сол елдерде алғашқы кооперативтік ұйымдардың пайда болуы мен қызмет істеуі үшін соған парапар орта қалыптасты. Жалпы экономикалық, әлеуметтік, саяси, қаржылық, заңдық және идеологиялық алғышарттарды және әралуан түрдегі кооперативтердің пайда болуының нақты экономикалық себептерін талдау, кооперативтік қозғалыстың себептерін талдау кооперативтік қозғалыстың пайда болу механизмі туралы неғұрлым толық түсініктер береді.

Кооперативтік қозғалыстың пайда болуының жалпы экономикалық алғышарттарына мыналар жатқызылды: Еуропада капиталистік укладтың дамуы және ұлттық рыноктардың қалыптасуы, өнеркәсіптік революция, машина өндірісінің, қалалардың, жұмысшы поселкелердің буырқана дамуы, халықтың көпшілік бөлігін құраған пролетариаттың, өнеркәсіп капиталистері табының және оларға қызмет көрсететін жаңа орта деңгейдегі қала қабаттарының құрылуы, қалалардағы жеке тұтыну, инфрақұрылымы мен оның ауқымдық сипатының өзгеруі, шаруалардың жаңа қажеттіліктерінің пайда болуы және т. б.

Әлеуметтік алғышарттар - 19 ғасырдың 20-40-шы жылдарындағы Еуропадағы жұмысшы табының ауыр материалдық жағдайы, 14-16 сағаттық жұмыс күні, жұмыссыздық, еңбекті қорғау туралы заңдардың жоқтығы, жұмысшылар жатақханаларындағы тазалықтың болмауы, адамгершілік қасиеттердің нашарлауы, маскүнемдік, моралдық азғындау, ұсақ қол өнершілік өндірісті ірі машиналы индустрияның ығыстыруы және еуропа елдерінің ауыл шаруашылығына капиталистік өндірістік қатынастардың дендеп енуі нәтижесінде қаладағы және ауылдағы қолөнер кәсіпшілерінің, жалгер-шаруалар бөлігінің қайыршылануы мен кедейшілікке ұшырауы.

Саяси алғышарттар - конституцияны қабылдау және буржуазиялық бостандықты жариялау, олардың ішінде ассоциацияларды құруға құқық, жиналыстар мен митингілер еркіндігі, сайлау құқы және басқалар, үлкен шектеулер бола тұра, тұтастай алғанда кооперативтік қоғамдар құруға мүмкіндік берді.

Заңдық алғышарттар - кооперативтерді тіркеу үшін кооператорлар пайдаланған, акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңдардың күнделікті таралуы, XX ғасырдың соңында кооперативтердің барлық түрлерінің дамуы үшін жағдай туғызатын Еуропа мен АҚШ-тың бүкіл елдерінде XIX ғасырдың екінші жартысында кооперативтік заңдардың қолданыла бастауы.

Қаржылық алғышарттар - қосымша қаржы ресурстарынсыз кооперативтік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қабілетсіз кооперативтерге жататын аз қамтамасыз етілген несие алушыларға несиені жақындатқан (көптеген филиалдарды ашу жолымен), ұлттық несие-банк жүйесін құру мен дамыту.

Идеологиялық алғашарттар - журналдар мен қітаптар шығарған, кооперативтік және кәсіпкерлік қызметтің жарғыларын, пайдаларды бөлудің, кооперативтерді басқарудың қағидалары мен әдістерін әзірлеп-жасаған кооперативтік қозғалыстың негізін қалаушылардың ағартушылық-үгіт, ұйымдық-тәжірибелік қызметі және т. б. Мысал үшін, Р. Оуэн, Ф. Бюше тәуекелге бел байлай отырып өз мүліктік жауапкершіліктеріне қауымдастықтар мен кооперативтер құрды.

Осылардың барлығы құлиеленушілік, сол сияқты феодалдық қоғамда да дәл осындай жиынтық түрде болмаған капиталистік даму формацияларыңың қалыптасу кезеңіндегі жалпы алғышарттар ғана болды.

Адамдардың белгілі бір әлеуметтік топтарын өзінің ұжымдық ісін бастау мақсатымен бірігуге ояқтан нақты экономикалық себептер кооперативтік қозғалыстың пайда болуы үшін шешуші маңызға ие болды.

Тұтыну кооперативтерін құру үшін ондай себептер болып мыналар қызмет етті:

  • Фабрика лавкаларында жалақыны тауарлармен төлеу және жұмыскерлерді жалдау үшін оларға жасалған жағдай ретінде шаруашылық тұрғын жайларын беру. 19 ғасырдың 20-80-ші жылдары Еуропаның барлық елдерінде қолданылған бұл жүйе жұмысшы табының маңызды бөлігінің жеке тұтынымын, үш жақты тұлға - кәсіпкер, үй қожайындары мен лавкашылар түрінде қатысатын өнеркәсіп капиталистерінің бақылауына қойды.
  • Өнеркәсіп кәсіпорындарының, әсіресе, таукен салаларының азық-түлік және кең қолданысты тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарынан алыс жатуынан, сауда капиталы бағаны құбылтып, өзгертіп, көтеру үшін пайдаланды.

Несие беру кооперативтері үшін - шаруалардың көпшілік қолды тұтыну тауарларына және еңбек құралдарына, жемге, тыңайтқыштарға деген қажеттшіктерінің өсуі мен қалалардағы ауыл шаруашылық өнімдерге деген, сұраныстың артуы. Майда саудагерлердің, қол өнер кәсіпшілері мен шаруалардың құрғақшылық кезеңдеріндегі (1846-1847жж. ) (жем сатып алу үшін) айналым қаржыларының қатты тапшылығы мен Германиядағы бағаның күрт көтерілуі. Шаруалардың бір бөлігі мен қаладағы орта жіктің өсімқорлардың тәуелділігінен құтылуға ұмтылысы.

1. 2 Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінде кооперативтердің пайда болу ерекшеліктері

Кооперативтер алғашқы бетте пайщик-қолөнершілердің, жұмысшылардың, ұсақ шенеуніктердің және т. б. қаржыларымен құрылды. Осыған ұқсас кооперативтер, өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресе отырып, ұйымдасқан тұтынушыларды саудагердерден, қандай да бір алып сатарлар мен қайыра сатып алушылардан қорғау үшін соларға қарсы тұрды.

Кооперативтер азық-түлік бағаларының өсуі мен оларды жаппай сапырыстыруға деген еңбекшілердің тікелей кері әсерлері болып саналады.

Кооперативтік қозғалыстың қайта жандануы XIX ғасырдың 40-шы жылдары еңбекшілердің өз экономикалық және саяси құқықтары үшін күресінің күшеюімен байланысты болды. Тура осы жылдары Ұлыбританияда, Францияда және Германияда тұтыну қоғамдары, жұмысшылардың өндірістік кооперативтері мен қол өнерші кәсіпшілердің несие беру кооиеративтері бір мезгілде дерлік пайда болып және белсенді түрде дами бастайды.

1844 жылы ағылшын қаласы Рочдейлдегі 28 тігінші өздерінің кооперативтік давкасын ашты, олардың жеке саудагерлерге қарағанда сапасы жақсы, арзан тауарларды сатып алу мүмкіндіктері мол болды. Бұл лавкаларды олар азғантай апта сайынғы жарналары есебінен жинай отырып, өз қаржыларына ұстап тұрды. Осы жылы тігіншілер кооперативтер құрын, оны «Әділетті рочдейлдік пионерлер қоғамы» деп атады. Өзінің сипаты бойынша бүл жаңа қағидалар негізінде іс-әрекет еткен жұмысшылардың тұтыну кооперативтері болды. Тек Англияда ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген елдерде тұтыну кооперацияларының негізіне айналған рочдейлдік қағидаларды былайша сипаттауға болады:

  • қоғамның әрбір мүшесі, оған қажетті пайыз есептелетін пай жарнасын салады;
  • тауарларды сату және сатып алу қол ақшамен есептесу арқылы ғана жүзеге асырылады;
  • пайдаларының көлеміне қарамастан, барлық мүшелері теңдей қүқықка ие;
  • тауарлар орта рыноктық баға бойынша сатылады;
  • кооперативте салмағы таза, дәл өлшенген, сапалы тауарлар ғана сатылады;
  • мүшелері арасындағы кооператив пайдасының негізгі бөлігі олардың сатып алған тауарларына сәйкес бөлінеді;
  • пайдалардың бір бөлігі қоғам мүшелерінің мәдени деңгейін атгтыруға, мектептер салуға, оқу мен кітапханаларға және т. б. аударылады.

Бұл қағидалар жұмысшылар кооперацияларының дербестігін қамтамасыз еті және оның капиталистік қоғам жағдайына бейімделуіне мүмкіндік берді.

Әр түрлі елдердегі кооперативтік кәсіпкерліктің пайда болуының ерекшеліктері кооперациялардың қандай да бір түрлерінің ара салмағы, басқару, заңдылықтар мен дәстүрлері арқылы көрініс берді. Англияда тұтыну кооперациялары басым даму алды. Мұндай ерекшеліктер ірі машина өндірісінің жедел дамуымен және негізінен тұтыну қоғамдары құрған фабрикалық пролетарийлердің көптеген қалалары мен жұмысшы поселкелеріне ие болуымен түсіндірілді. Францияда өндірістік кооперацияның басым дамуы өнеркәсіптің ұсақ өндіріске ие болуымен, сондай-ақ қала мен ауылдағы қол өнер кәсіпшілерінің көптеген жіктерінің болуымен түсіндіріледі. Ал Германияда Франциядағыға ұқсас жағдайлардың болуы, сонымен бірге сол жылдары қосымша несиелер алуды өткір қажетсінгең ұсақ саудагерлердің айта қаларлықтай саны бұл елде несие беру кооперациясының басым түрде даму алуына мүмкіндік берді.

XIX ғасырдың 70-90 жылдары Ресейде, Австро-Венгрияда, Испанияда, Италияда және тағы басқа елдерде, бір мезгілде азды-көпті әралуан түрдегі кооперативтер пайда болды. Бұл елдердегі кооперативтердің әлеуметтік базасы жұмыссыз қалған жұмыскерлер мен ауыл батырақтарынан бастап либераль помещиктер мен аристократтарға дейінгі аса кең ауқымды құрады.

Латын Америкасындағы тұтыну кооператквтерін Еуропадан келгеи саяси эмигранттар, ал Азиядағы (Индия, Цейлон) несие беру кооперативтерін - ұлттық өсімқор капиталдың әрекет ету аясын өз пайдасына жаратып және өсімқорлардың іс-әрекетінен кедейшілікке ұшыраған шаруалардан салық жинау үшін ағылшынның отарлау әкімшілігі құрды, Африкада - ағылшын мен француздың отарлау биліктері өткізу жабдықтау кооперацияларың құрды, олардың мақсаты сыртқа шығарылатын экспорттық өнімдерді арзандату, оны өндіруді ұлғайту және санасын жақсарту болды.

Кооперативтердің шаруашылық қызметтері алуан түрлі бола түсті, ол өткізу, жабдықтау, несие беру, қызметтер керсету, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй құрылыстарын және т. б. қамтыды.

1. 3 Кооперативтік қозғдлысты саяси бағдарлаудағы негізгі бағыттар

ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде кооперативтік қозғалыстың екі негізгі бағыты: социалистік немесе пролетарлық және ұсақбуржуазиялық бағыттар қалыптасты. Бұл бағыттардың қалыптасуына кооперативтік қозғалысты басқаруда басшылыққа алатын саяси құрам мен саяси күштер ара салмағы өз әсерін тигізді.

Пролетарлық немесе сациалистік бағыттағы кооперативтік қозғалыстардың жұмысшы қозғалыстары мен мақсаттары ортақ болып саналады. Социалистік бағыттағы кооперативтердің әлеуметтік құрамын жұмысшы табы құрайды. Тұтыну және өндірістік кооперативтердің жұмысшылары басты негізде осы бағыттарға жатады.

Ұсақ буржуазиялық бағыттағы кооперативтік қозғалыстар өз мүшелерінің материалдық жағдайларын жақсартудың шектеулі экономикалық бағдарламаларымен қатысады. Бұл бағыттағы кооперативтер тұтастай алғанда, өмір сүруші құрылысты қолдайды және ұсақ реформалар жолымен бар болғаны оны жетілдіруге ғана қол жеткізеді. Ұсақ буржуазиялық бағыттағы әлеуметтік құрамдағы кооперативтерге ұсақ ауыл тауар өндірушілері мен орта қала халқы иелік етеді. Бұл, негізінен, ауылдық жерлерге қызмет көрсететін несие беру, өткізуші-жабдықтаушы, тұтыну кооперативтері, сондай-ақ институционалды, жалпы азаматтық несие беру, тұтыну кооперативтері мен қалалардағы кәсіп-шілік кооперативтері. Бұл бағыттағы кооперативтер қандай бір түрде болсын монополияға қарсы күреске қатысады.

Әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 8

2 - БӨЛІМ. КООПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТАБИҒАТЫ

Сұрақтар:

2. 1. Кооперативтің, кооперацияның және кооперативтік қозғалыстың

мәні.

2. 2. Кооперативтердің жалпы белгілері.

2. 3. Кооперативтік құндылықтар және оның қағидалары.

2. 4. Кооперативтер мен олардың одақтарының ұйымдық-құқықтық негіздері.

  1. Кооперативтер қызметінің экономикалық негізі.
  2. Кооперативтердің жіктеуі (классификациясы) .

2. 1 Кооперативтің, кооперацияның және қооперативтік қозғалыстың мәні

Түп тамырларының бір екендігіне қарамастан, кооператив, кооперация және кооперативтік қозғалыс терминдері өзінің мазмұны бойынша бір-бірінен өзгешеленетін өзара байланысты құбылыстар мен түсініктерді анықтайды.

Кооперация (латын сөзі) - ынтымақтастық пен өзара көмекті білдіреді. Бұл сөз әртүрлі мағыналарда қолданылады.

Сөздің бірінші мағынасы - өзара іс-қимыл несие қызметтерді үйлестіру: кооперация қандай бір күрделі ғылыми проблемаларды шешудегі әртүрлі елдер ғалымдарының күш біріктіруі, мысал үшін ғарыш кеңістігін игеру және т. б. с. с.

Сөздің екінші мағынасындағы «кооперация» - бірнеше адамдардың немесе ұжымдардың еңбегін біріктіру, бірнеше өндірістік құрылымдардың (буындар, бригадалар, цехтар, учаскелер, жолдар және т. б. ), бірнеше шаруашылық кәсіпорындарының немесе бірліктенінің (фабрикалар, заводтар, комбинаттар) және т. б. еңбек операцияларына қатысуы. Аталмыш жағдайда сөз еңбекті үйымдастыру, формасы, шаруашылық аралық, сала аралық, аймақ аралық және халықаралық ынтымақтастық формасындағы кооперациялар туралы болып отыр. Мұндай түрдегі кооперация экономика теориясы, өнеркәсіптің салалық экономикасы, ауыл шаруашылығы және т. б. сияқты ғылымдарды оқып-үйрену пәні болып саналады.

Ең соңында, кооперация сөзі барлық өмір сүруші кооперативтердің немесе олардың бөліктерінің жиынтығын анықтау үшін қолданылады. Сөздің осындай мағынасындағы кооперацияны, яғни оның пайда болуы мен әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы даму заңдылықтарын аталмыш пән оқып-үйретеді.

«Кооператив» түсінігіне қатысты, сондай-ақ бір бірін өзара кеңейтіп және толықтыра түсетін бірнеше анықтамалар өмір сүреді.

Кооператив - бұл өзінің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүліктік жауапкершілік көтеретін олардың мүшелерінің (меншік иелерінің) басым түрде жеке еңбегімен қатысуына негізделетін, ұжымдық меншік нысанындағы кәсіпорындар. Соған сәйкес кооперативтік кәсіпорындардағы біріккен меншік иелері, жұмысшылар мен жетекшілер (басқарушылар) - бұл аталмыш нысандардың өзінен туындайтын, бәрі сол, бір адамдар болып саналады.

Кооперативтер - бұл өзара көмекке, табыстар мен пайдаларды тең бөлуге, мүшелері арасындағы қарым-қатынастардың теңдігіне, бірлестіктегі қарым-қатынаста өзара-түсінісу мен іс-қимыл жасаудың тиімділігіне (тұрақтылығына) негізделетін, ережелер, тәжірибелер мен әртүрлі әдістер жүйесі арқылы өздерінің мүшелеріне жататын және солар арқылы бақыланатын ресми ұйымдар.

Сөйтіп, кез келген кооператив - бұл ең алдымен адамдарды біріктірудің формасы, қоғамдық ұйым болып саналады. Адамдар жеке дара мақсаттарына қол жеткізе алмайтындықтан да кооперативтерге бірігеді. Кооперативтер өздерінің қызметтерін өз мүшелерінің материалдық (ақшалай және басқа жарналар түрінде) және еңбекпен қатысулары негізінде жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндiрiстiк кооператив туралы ақпарат
Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
Өндірістік кооперативтер
Жарғысын өзгерту
Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру
Өндірістік кооператив
Кооперацияның ғылыми негіздері
Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік
Коммерциялық ұйымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz