КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
М.ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ

КІРІСПЕ

Ι ТАРАУ: ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІ ДӘУІРЛЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ
КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ.

ΙΙ ТАРАУ: М.ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы
мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының,
демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің,
әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере
бастаған тұсы болатын.
Ал бұл дәуірдегі қазақ әдебиеті – жалпы демократиялық қозғалыстар,
қиян-кескі соғыстар, төңкеріс дамыған кездегі, қос қыртыс дәуір тарихын
көрсететін әдебиет еді.
Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу,
қалыптасу кезеңі қазақ тарихындағы, осы, бір жағынан ұлттық ояну, екінші
жағынан, жаңа жол іздеп, дағдару дәуіріне тура келді. Өмірі халық
тарихындағы күрделі кезеңмен тұспа- тұс келіп, сол дәуірдің барша қарама-
қайшылығын жүрегімен сезінген, тарихтың тар жолдарында бүкіл ғұмырын шындық
іздеумен тауысқан, сол тауқыметі мол жылдар тез есейтіп, қиялына қанат,
қаламына қайрат бітіріп, қатарға қосқан Мағжан Жұмабаев – қазақ халқының
ұлттық ұлы ақыны. Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым-сезімнің, поэтикалық
өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді. Оның
таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. ...Мағжан суреткерлігі бүкіл
қазақтың өмір үшін күресі мен қайғысын тұтас қамтиды. Халықтың сан-салалы
тіршілігінің ол үшін бөтені жоқ. Бәрі де Мағжан қаламында өлең боп ойнап,
сыңғырлап, сылдырап, жалтырап кетеді. Барлық ұлы ақындар сияқты, Мағжанға
да шындықты сезінудің сиқырлы күші дарыған. Мағжан ақындығының құпиясы оның
өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде.
...Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы
тұтқан қазақтың жан сезімін көрсетеді, ақын ойындай алмасып, ауысып жатқан
дүниенің бір сәттік қозғалысын көз алдыңа әкеледі және ол лып етіп өте
шығады. Мағжанның ақындық жолының күрделілігі де осында[Қирабаев 133].
Мағжан Жұмабаев өмірден өз орнын үнемі іздеумен өткен, бар білген-
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында мұңлы
толғаныс, өкініш және қайғы-қасірет, күйініш жатса, екінші қырында
романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, қуаныш пен сүйініш, арман,
мақсат, үміт жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында тарих тұңғиығын терең
түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз
жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астаң-кестең аласапыран жайымен
астасып жатады.
Мағжан Абай дәстүрін жаңалады. Мағжан лирикасы жүректің ең нәзік
пернелерін сөйлетті. Адамның интимдік сырларына тіл бітірді. Ол
философиялық, саяси-әлеуметтік мәні зор проблемалардың тамаша көркемдік
шешімін поэма жанры үлгісін жасады. Мағжан, Сәбит Мұқановтың сөзімен
айтқанда, қазақ әдебиетінде поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі
болды. Қорқыт, Оқжетпестің қиясында, Қойлыбайдың қобызы, Батыр
Баян, Жүсіп хан, Өтірік ертек, Тоқсанның тобы, т.б. поэмалары адам
тағдыры мен ел тағдырын шебер қиюластырған шығармалар. Мағжан поэмаларында
лирика мен эпос, кейіпкердің ішкі жан дүниесі, өмірі мен халқының тарихы,
жеке адам мен ұлт тағдыры тартысты драмалық сюжетке тоғыса келіп, ғаламат
көркем байламдарға бастайды. Мағжан ақын қазақ поэмасын баяндау тәсілінен
шығарып, суреткерлік арнаға бұрды.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам,
талабымен айрықша жаралған дүние.Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың
сөз өнері үшін жаңа, соны әлем. Мағжан лирикасының құдіреті – оның түр
сипатының сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой-
толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз ойнату
иірімдерінің таңғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан
поэзиясының ерекше қасиетін байқатады.

Ұлы ақынның Шолпан жұлдыздай шұғыла шашып оқшау тұрған шығармашылық
мұрасы ақын есімі қиянаттан арылғалы бері (1988 жылы толықтай ақталды)
қазақ әдебиеттану ғылымында сан-салалы қырынан зерттелініп келеді. ХХ
ғасырдың 30 жылдарында-ақ іргесі қаланып үлгерген Мағжантану ілімінің
қазіргі таңда, яғни ұлттың рухани-мәдени құндылықтарын ғылыми тұрғыдан
жаңаша бажайлауды талап етіп отырған кезеңінде, ұлы суреткердің
шығармашылығын зерттеп, зерделеуде көптеген табыстарға қол жеткізгенін атап
өтуіміз қажет.
Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы жайында қалам тартып жүрген
әдебиетшілеріміз Ш.Елеукенов, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, М.Қараев, Қ.Мәшһүр-
Жүсіпов, Б.Дәрімбет, Б.Қанарбаева, Б.Кәрібаева, Е.Тілешев т.б. ғалымдар
еңбектерінде ақын мұрасы сан қырынан сөз етіліп келеді.
Аталған салада ғалым Ш.Елеукеновтың зерттеулерін ерекше бөліп
айтамыз. Ғалымның Мағжан атты еңбегі ұлы суреткердің өмірі мен
шығармагерлігін жан-жақты саралауға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық есебінің принциптері
Қазақстан тарихы курысын маңызы мен міндеттері және деректер көзі
Есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері
Есептеуіш машинаның тарихы
Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым қатынас
Ян Амос Коменскийдің дидактиканың негізін салушы
Пәндер