Алтынсарин қызметінің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мен, бай кулак элементтері балаларының орта дәрежелі оқу орындарына
түсуін барынша қолдап,оларға жергілікті басқару мекемелерінің системасы
бойынша стипендия тағайындап,олардың материалдық жағдайын жеңілддетеді.Осы
мақсаттармен қазақ балаларына арналған реалдық уяилищелердің ашылуы талап
етілді.
Халық бұқарасы үшін буржуазияшыл ұлтшылдар патша өкіметі кезінде
ашылған орыс-қазақ мектептерін ешбір өзгеріссіз сақтап қалды,бірақ бір
жағынан болыстарда мешіттердің ашылып,оған молдалардың тағайындалуы қатты
насихатталды.Жалпы алғанда мектеп мәселесі қолайлы жағдайларға дейін
кейінге қалдырды.Осы бағыттағы бірден-бір дайындық шара-облыс
орталықтарында 30-40 оқушыға арналған қысқа мерзімді педагогикалық
курстардың ұйымдастырылуы еді.
Жазушы Сәбит Мұхановтың белгілі Ботакөз романында қазақ
жастарының білім іздеген,нәтижесіз іс-әрекеті жастарға сол кезде кездескен
адам айтқысыз қиыншылықтарды суреттейді.Кейде жастардың оқуға деген
қайтпайтын құштарлығына қарамастан,олар ешбір оқу орнына алынбады.
Ботакөз романының кейіпкері педагогикалық курстарға түсуге тырысады,бірақ
бұл әрекеттен түк те шықпайды.Осының салдарынан ол қала саудагеріне ат
бағушы болып жалданады,ондағы мақсаты-саудагерден курстағы сабақтарға
қатысуына рұқсат алу еді.
Сонымен,февраль буржуазиялық-демократиялық революциясы кезінде
қазақ еңбекшілерінің балалар үшін ана тілінде мектеп ашу ісінде бірде-бір
айтарлықтай шара іске асырылған жоқ.Тек Ұлы Октябрь социолистік революциясы
ғана қоғамдық өмірдің барлық саласындағы федализнің
қалдықтарын,сословиеліктің және тең правосыздықтың қалдықтарын бір жолата
жою жөніндегі тарихи міндетті шешті,сөйтіп барлық ұлттың артықшылдықтар мен
тежеулерді мәңгі жойып,барлық ұлттардың еңбекшілер алдында ана тіліндегі
мектепті өркендетуге даңғыл жол ашты.
В.И.Ленин патша самодержавиесінің аз ұлттардың ана
тілін,мәдениетін басып-жаншу саясатын аямай сынаған.Лениннің шын мәніндегі
халық мектебі үшін жүргізілген күрес самодержавиені револбция жолымен
құлату үшін Ұлы күрестің ажырамайтын бөлігі болды.
В.И.Ленин Искраның бірінші нөмерінде былай деп жазды: нағыз
халық ағарту ісінің пайдасы үшін оның саяси бостандығы жолындағы күрестен
тыс,жұмысшы социал-демократия партиясының қатарынан тыс жемісті жұмыс болуы
мүмкін емес.В.И.Ленин мектеп ісі жөнінде пролетарлық саясатты белгілейді:
барлық ұлттардың жұмысшыларында мекетеп саясаты біреу:ана тілінің
бостандығы,демократиялық және советтік мектеп .
Алтынсарин қызметінің маңызы
Революцияға дейінгі Қазақстанның халық ағарту ісі тарихында Алтынсариннің
маңызы өте үлкен.Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды дамыту
тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің тарихындағы орны
бізге көп көңіл бөлуге тұрады.Ең алдымен біз Алтынсаригді тұңғыш халық
мұғалімі,Қазақстанда халық мектептерін бірінші ұйымдастырушы және қазақ
халқынан шыққан тұңғыш педагог теоретик ретінде атқарған аса көрнекті
қызметі үшін қадірлейміз.
Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер
жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абай мен қатар жазуша – суреткер
ретінде тиісті орынға ие болды.Оның шын ниеті мен,жан-тәнімен жазған
шығармалары балаларға жақын және қызықты екендігі соншалық,олар күні
бүгінге дейін ескірген жоқ.
Ы.Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлімін жазған
кездегі өріс алған әдеби твоачествосы өзі болжаған ойларынан әлде қайда
асып түсті.
Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орын мен маңызын сипаттай
келе,профессор Қ.Жомалиев пен жазушы С.Мұханов кезінде былай деп жазған
еді: Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин шығармаларында негізгі әдіс риалистік
әдіс болып табылады.
... ... ... .. Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбекші бұқарасының ауыр хал-
жағдайын,сол кездегі қоғамдық теңсіздікті суреттейді.Олар халық ағарту
мәселесіне зор көңіл бөлді.Олардың ышғармаларының тақырыбы мен идеялық
мазмұны қазақ халқының маңызды мәселелері мен мүддесіне арналды.Сонымен
олар қазақ халқының тарихынад тұңғыш демократ-ағартушылар болды.
Қазақ өмірінің өткен,тағлық және артта қалушылық жақтарын
ызалана әшкерелей отырып,зорлық-зомбылық,езгі және әділетсіздікті айқын
көрсете,Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажзымай еңбек етіп,оның
дарындылығын,мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді.Ол жастарды жарқын
болашақ үшін қажымас күресуге,көршілер мәдениетін қабылдап,ұғынуға
шақырады. Ол болашаққа деген сенімді қолдап,реакцияшыл патриархтықтың
уәкілдеріне қарама-қарсы жұрттың көңілін көтеріп отырды.Алтынсарин өзінің
барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын,қарапайым халықтың бишаралық халге
түскен балалрын еске ала отырып, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы
мен әдет-ғұрпының жарамсыз жақтарын да көрсете білді.
Алтынсариннің тарих,этнография,өлкетануда маңызы да өте зор.
Алтынсариннің шақыруымен орыстың еңбекші интелллигенциясының
өкілдері қазақ балаларына мұғалім болып ең шалғай ауылдарға барды.Мерзімді
шығып тұратын баспасөздің беттерінде қазақ жұртшылдығының мектепке және
білімге мұқтаждығы,алғашқы мектептердің жұмыс тәжірибелері жайнында
мақалалар жиі көріне бастады.
Алтынсарин прогресшіл орыс қоғамының халық мектебі және
халықты сауаттандыру үшін жүргізген ұлы қозғалысы кезінде,өзінің талантты
педагог,жазушы және қоғам қайраткерлеріне тән қажырлы еңбегімен көзге
түсті.Прогресшіл демократиялық идеялар сол жылдарда Россияның барлық
ұлттарының дерлік алдыңғы қатарлы таңдаулы адамдарын рухтандырды.
70-80 жылдары алдыңғы қатарлы орыс педагогикасының аса
көрнекті өкілдері К.Д.Ушинскийдің,Л.Н.Толстойдың,
Н.Ф.Бунаковтың,И.Н.Ульяновтың және басқалардың еңбегі арқасында орыс халық
мектебі дамып,алға басты.
Қазақ жазушысы Абай Құнанбаевтың творчествосы көп жағынан ұлы
орыс жазушыларының данышпандық творочесвосымен үндесіп жатқаны сияқты
Ы.Алтынсариннің де педагогикалық қөзқарастары мен практика жұмысындағы
қайраткерлік әрекеттерінде 60-70 жылдардағы аса көрнекті орыс
ағартушыларының қоғамдық-педагогикалық пікірлерімен және
көзқарастарымен,оқыту және тәрбие мәселесі жөніндегі орыс педагогикасының
классигі К.Д.Ушинскийдің педагогикалық идеяларымен көп ұқсастық жақтарын
көреміз.
ССР халықтары педагогика тарихында Ы.Алтынсарин,
К.Д.Ушинскийдің ісін ілгері апарушы ретінде әр ұлттан шыққан қайраткерлер:
грузин педагогі Я.С.Гогевашвили, армиян педагогы Г.Агаян, шуваш педагогі
И.Я.Яковлев, азірбайжан педагогы Рашид Эфендиев,тара педагогы Хаюм Нассери
және басқаларының қатарынан лайықты орын алады.
Көренкиі совет педагогтары –профессорлар Э.Н.Медынский,Н.А.
Константинов еңбектерінде және педагогика ғылымдарының докторы
А.Ф.Эфировтың Ы.Алтынсаринге арналған еңбегінде Алтынсариннің рөлі мен
маңызына тиісті баға берілген Мысалы,Е.Н.Мединский педагогика тарихы
кітабында былай деп жазды: Алтынсарин қазақ мектептерніңі инспекторы
ретінде өз халқы үшін бастауыш ущилишилердің ашылуына себепші болды, бұл
мектептерде Ушинский ұсынған прогресшіл оқыту методтарын орнатып,осы
мектептер үшін бірқатар оқулықтар жазды.
Мектепті ұйымдастыру жөніндегі күрделі мәселелер мен
педагогикалық системаны таңдауда Алтынсарин сол замандағы алдыңғы қатары
орыс педагогикасы жөнінде қол жеткен табыстарына және орыстың бастауыш
халық мектептерінің құрылыс тәжірибесіне сүйенді.Бірақ осы қоғамдық-саяси
идеялар мен педагогикалық қөзқарастарды басшылыққа алып,Алтынсарин қазақ
даласының нақты өмір шындығын ескере отырып оларды іс жүзіне асырды.Оның
халыққа қызмет ету жолындағы алғашқы бастамасы,сол кездегі тілекпен
салыстырғанда өте аз,бірақ игілікті бастамалары,Н.А.Добролюбов айтқандай
өзінің атымен біздің қараңғы, суық тұрмұсымызға жарық беріп, оны жылыту
әрекеті еді.
Алтынсариннің педагогикалық идеяларының негізгі бағыттары
мен мазмұнын қорыта келе,оның дүниетану және қоғамдық қөзқарастарды орыстың
ұлы револбционер демократы В.Г.Беленскийдің қиялдары мен талабын,а сәйкс
келетін жақтарын да ерекше көрсету қажет.
Гуманистік және демократиялық тұрғыдан Алтынсарин халықшыл идея
мақсатымен азбаған,дарынды қазақ халқының білім алуға деген правосын
қорғайды.Қазақ халқының маңызды өмірлік талабы мен мәдени экономикалық
дамуын көздеп,халық мектептерінің қазақ жұртшылдығының өз арасында
ұйымдастыруын талап етеді.
Жергілікті қазақтардан мұғалімдер дайындап,мектептер жанынан
интернат-пансиондар ұйымдастыру арқылы,қыздарды оқуға Тарту мәселесін
қозғайды.
Оның педагогикалық идеяларының демакратиялық
ерекшеліктерін,қазақ халқының қоғамдық экономикалық және саяси даму
жолдарына Берген өте дұрыс бағасы,әсіресе оның сол кездегі алдыңғы қатарлы
орыс мектептері:Бунаков ашқан Петин мектебі,Н.А.Корфтың инисиятивасы
бойынша Екатеринослав губерниясының Александр ұйымдастырылған
мектептер,Л.Н.Толстойдың Ясная Полянадағы мектебі және басқа мектептер мен
қарым-қатынас айқын көрінеді.Осы мектептердің жұмыс мазмұны мен методикасы
сол уақыттағы прогресшіл мектеп қайраткерлерін, қатты қызықтыратын,олардың
қатарында Алтынсарин өмір сүріп,қызмет істеген кезед жемісті еңбек атқарған
И.Н.Ульянов та бар еді.
Бунаков пен Корвтың бастауыш мектептері оқушыларға
арифметика,табиғаттану,география,та рих және ауыл шаруашылығына бастама
білім беру мақсатын қойды.Алтынсарин алыс ауылдағы алғашқы төрт мектепті
ашқанды ұйымдастыру және басқару мәселелерінде ғана емес,сонымен қатар оқу
жоспарын жасауда,программа мағынасында,сол сияқты оқытумен тәрбиенің жаңа
дидактикалық және методикалық тәсілдерін қолдануда оларды өзіне үлгі етті.
Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп
системасы ғылшым және жалпы білімді жоғару ьағалауға,балаға
сүйіспеншілдікпен қарап оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет
істей алатын жас адамдарды дайныдауға негізделген.
Орыс халқына деген достық ниеті оның рухани және материялдық
мәдениетіне,қазақ халқының болашағына берік сенім Алтынсариннің патшалық
Россияның орыстандыру саясатының екіұшты мәселелерін дұрыс түсініп,жағдайды
парасатты бағалауға көмектесті.
Орыс білімін меңгеру,алдыңғы қатарлы орыс мектебі мен
мәдениетінің тәжірибелерін және басқа да жақсы жақтарын қабылалуды
Алтынсарин қазақ халқының өмір талабына сай және оның бамуы үшін қажетті
шарт деп есептеді.
Россияның алдыңғы қатарлы демократиялық мәдениетіне ерекше зор
маңыз Бере отырып,Алтынсарин былай деп жазды: Қырғыз халқы үшін,мүмкін
боларлық бақыттың бәрін мен алдағы уақытта тек оының орыс халқы мен
адамгершілдік жағынан бірігуінен,орыс қырғыз білімі арқылы оның
рухани,эеономика жағдайынан дамуынан көремін.Басқа бір хатында Алтынсарин
былай деп жазған: Қырғыздың жас ұрпақтары орыстардың тілі мен сауатына
мәдениет пен білімінің бірден-бір тілідеп қарайды,соларды үйреніп
өркендейтңн болады.
Алтынсариннің аса көрнекті ориенталистер мен мұғалімдерден
шыққан замандастары оның асқан таланты мен дарындылығын жоғары
бағалап,қазақ халқын орыс халқының ұлы мәдениетіне жақындастыру сияқты
ардақты іске барлық күшін шын ниетімен жұмсаған ғалы мен қайраткер деп
бағалады.
Қазақ жұртшылдығына қысымшылдық жағдайда білім беру системасын ол
сол кездегі Россиядағы жалпы білім беретін мектептерге және орат кәсіптік-
техникалық мектептерге сәйкс құруға тырысты.
Интернаты бар алты жылдық жоғары ушилищені Ашу мәселесін
ойдағыдай шешіп,Алтынсарин көшпелі ауыл өмірінің жағдайына тән көптеген
бастауыш мектептеді ұйымдастыруға әрекет істеді,ал алты жылдық мектепті
риалдық ушилищиге айналдыруды жоспарлады.Бұл үшін өзінің Қостанай маңындағы
усадьбасын бермекші болды.
Алтынсарин тұсында Қазақстанда педагогика білімінің негізі
қаланды.Алиынсарин маман және дайындығы мол мұғалімсіз мектептің болу ы
мүмкін емес деп,қазақтардан мұғалімдер дайындауға күш салды.Орск
оқытушылары мектебін алғаш мұғалімде бітіре бастағанда ол жаңа болыстық
мектептер ашуды ойластырды.
Сол уақытта қазақ мектептерінде қанағаттанарлық түрде тіл
мәселесін шешуді Алтынсариннің зор еңбегі деп есептеу керек.Қазақ
балаларына орыс тілін оқытудағы оыс-қазақ мектептерінің бай және әр алуан
практикасы оқушылардың жалпы білім алуындағы қанағаттанарлық нйтиже
берді.Алтынсарин алғашқы реет қазақ балаларына орыс тілін оқыту құралын
қарастырғанда қатаң тәртіпке келтірілген алғашқы лексикалық және
фразологиялық және граматикалық материял беру арқылы балалар жұмысын
барынша жеңілдетуге тырысты.
Материялды саналы түрде меңгеру,есте сақтау және дұрыс
сөйлеуге дағдылануда ол әсіресе мұғалім рөлінің,көрнекі құралдарды
қолданудың,пән сабақтарының маңызы ерекше атап көрсетті.Осыған орй ол
мектеп –интернат жағдайларындағы кешкісін кітап оқып беріп,әңгіме өткізу
арқылы оушылардың ақыл ой қабілетін дамытатын және оларға жеңіл кітаптарды
өз бетімен оқуға үйрететін қазақ балаларының орыс тілін жақсырақ меңгеру
үшін және олардың орыстармен нақтылы қатынаста болу мақсатымен мектекпке
орыс балаларын қабылдап отырған.
Алтынсарин мектебінде,анна тілінде оқушылардың жаңа алфавит
бойынша сауат ашуынан басқа,халық творчетвосыфның барлық байлығын үйрену
және өз құрастырған әңгімелер мен өлеңдерді,ғылыми түсінікті және өнегелі-
үлгі аларлық мақалаларды түсіндіріп оқу жұмысы да жүргізілді.
Алтынсарин мектептің негізгі міндеті оқушыларға шын білім беру
деп есептеді.Бұл білімнің оқушыларға айқын болуы үшін әр түрлі физикалық
және химиялық құбылыстарды тәжірибе ретінде үйрету мен қатар,осылар үшін
мектептерге арнап география,физика,химия,табиғаттану жөніндегі аспаптар мен
құралдарды жаздырып алып отырды.Мектепте табиғат-ғылым пәндерін оқытуды,ол
табиғаттың құбылыстары туралы бабиғи-ғылыми білімді тарату үшін және ескі
ұғымға сенушілікке қарсы күресу үшін өте бағалы істеп санады.
Қазақстанда қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қолөнер
кәсібі мектебінің ұйымдастырылуы да Алтынсариннің еңбегі болып табылады.
Торғай облысында ғана қызмет атқарған Алтынсариннің мектеп
системасы соңғы жылдарда басқа облыстарда да Орал,Семей,Ақмол,Бөкей
ордасында, ХХ ғ бірінші онжылында-Сырдария,Жетісу облыстарына да тарады.
Сол кездегі болмыс жағдайларға қазақ мектептерін ұйымдастырудың алғашқы
тәжірибесі орасан зор қиыншылықтар мен бөгеттерге кездесті.Істі неден және
қалай бастау керек,мұғалімдерді қалай дайындау керек,мектептерді
оқулықтармен және оқу құралдарымен қалай қамтамасыз ету керек-міне осы
мәселені шешуде миссионерлерег мен мұсылман діні діни адамдардың барлық
жерде табан тіркескен қарсы әрекеттерін жеңуге тура келді.Алтынсарин қазақ
ушилищелерінің инспекторы ретінде жұмысында ұсақ төрешілдік бақылау жүргізу
және мектептер мұғалімдердің жұмысын бақылау мен ғана қанағаттантын патша
типтес,төрешіл әкімдерінің қатарына жатпайтын.Ауылдар мен болыстарды аралай
жүріп,ол жұршылық алдында сөз сөйлеп,мектеп пен білімнің маңызын
түсіндіретін,мектеп үйлерін салдыруға,интернаттар,ұстауға және мектеп
жабдықтарына керекті қаражат жинайтын.Ол мектепке қажетті барлық оқу
құралдарын,аспаптарын,кластан тыс оқылатын кітаптарды және қолөнершілер
кластарына керекті аспаптарды жаздырып алып отырды.Мұғалімдердің досы және
көқмекшісі болған Алтынсариннің жарқын бейнесі мәңгілік есте
қалып,құрметтеледі.Жаңадан ашылған мектептерге шақырылған мұғалімдер мен
онда оқыған оқушылар өздерін мақтаныш сезіммен Алтынсарин мектептерінің
мұғалімдеріміз немесе түлектеріміз деп атайтын.
Алтынсариннің педагогикалық және ағартушылық қызметін талдай
келе және оның ұнамды прогресшіл жақтарын атай отырып,біз оның
көзқарастарын 60-жылдардағы революцияшыл демократтармен олардың
ізбасарларының филисофиялық және саяси көзқарастарының жүйелі системасымен
ұқсас деп санай алмаймыз.Нағыз артта қалған қазақ жағдайында Алтынсарин тек
қана алғашқы жасқаншақ қадамдарын жасады,біріа осы ортадан жоғары тұрса
да,ол кей жағдайларда ымыраға келіп,көнуге жол берді.
Алтынсариннің инспекторлық қызметі кезінде айқын түрде
прогресшіл демократиялық бағыттағы педагогикалық мақсаттарды іске асыруға
мүмкіндігі мына жайды ескере кетсек түсінікті болар еді:оның Торғай
облысының мектеп испекторы ретінде басшылық қызметке келуі халық ағарту
министірігінің өзіне тән қажет еді,себебі Россияның ішкі губернияларында
уақытша жағдай мен земствлардың енгізілуінен кейін өткен он жыл ішінде,дала
өлкесіндегі патша әкімшілігі қазақ жұртшылығы тұратын облыстар мен уездерде
бірде-бір мектеп аша алмаған еді.Сондықтан министірліктің 1880-1883
жылдардағы жалпы есеп беруінде тұңғыш қазақ мектептерінің ашылуы
мақұлданып,оны іске асыуда қазақ менктеп инспекторы Ы.Алтынсариннің еңбегі
зор екенін атаудың өзі кездейсоқ емес еді.
В.И.Ленин Халықшылдықтар Н.К. Михайловский туралы
мақаласында 40 және 60 жылдардағы разночин интеллегенттерінің қозғалысын
былай сипаттаған Буржуазиялық,демократиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай бастаған баспа
Ыбырай Алтынсарин және дәуір
Үлкендерге арналған әңгімелер
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ыбырай мұраларының өзектілігі мен маңызы
Дала қоңырауы - Ыбырай Алтынсарин
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ыбырай ата
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Пәндер