Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
I - ТАРАУ. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны
ретінде 6
1.1.Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары 6
1.2 Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және
әлеуметтік-экономикалық аспектілері 16
1.3. Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері 24
және тиімділігі 24
ІІ­ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
33
2.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі 33
2.1 Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі міндеттері 42
2.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау 46
ІІІ - ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
және болашағы 50
3.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму
болашағы 50
3.2 Қазақстандық туристік өнім және оның әлеуеті 61
3.3 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары 66
ҚОРЫТЫНДЫ 74
Әдебиеттер тізімі: 76

Кіріспе

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі
дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз
жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін
қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен
келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға
белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет
пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты
қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында
мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік
компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін
жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің
оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік
өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын
дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37
пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль
экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді мұндай оң үрдіс жаңа
мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебіне
басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік
рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына
қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта
есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл халықты
жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және
туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті
басшылыққа алып, көптеген мемелекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік
индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне
қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және Туркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік
көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында
халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді
не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық
туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің
есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-
ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен
олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың
барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып,
үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы
басымдық ретінде бе лгіледі.
Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты
қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм
индустриясының құқықтық, ұымдастырушылық және экономикалық негіздері
қалыптастыруды көздейді.

I - ТАРАУ. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны
ретінде

1.1.Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

Халықаралық туризм- бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын,
қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық
экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие.
Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық айырбасы, валюта негізінде
көрінетін сыртқы саудасы экономикалық қызметтің негізгі сферасы болып
табылады. Халықаралық айырбас теориясы жеке мемлекетттердің сыртқы сауда
процессіндегі нәтижелеріне байланысты шарттар мен факторларын қарастырады.
Сыртқы сауда қызметтеріне қатысты бұл теориның жалпы қағидалары туристермен
айырбас жасау ерекше нысанына әбден келеді. Экономистер ішкі туризмге
қарағанда халықаралық туризмге көңіл бөлген. Олар мынадай шешімге келген,
яғни, төлем балансына тауарлардың аййырбасы қалай әсер етсе, туристік
қозғалыс та сондай-ақ әсер етеді. Сондықтан да халықаралық туризмді сыртқы
экономикалық қатынастардың бір түрі ретінде және сыртқы сауданың ерекше
нысаны ретінде түсіндіруге болады.
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны
ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін
ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде
өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-
сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі
жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.
Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге
(мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық
сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып
алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік
–рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-
саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді.
Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен
табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті
жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып
табылады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне
жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар
тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе
қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын
қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа
экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.
Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді.
Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді
сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. әр
елдерде бірқатар салалар топтары осы ішкі экспортқа қызмет етеді. Мысалы,
Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео
аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды;
Швейцарияда – сағаттар, шокалад, сыр, Францияда – иіс сулар мен сән
салондарының өнімдерін, Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының
өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және басқаларын сатып алады.
Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері
тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың
халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық
қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол,
қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік
контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған
байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын
қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі.
Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза
теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік
фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел
саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне
байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады.
Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын
ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде
жоғалып кетеді.
Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар.
Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын
тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел
валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін
береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл
валютасында салық төлейді.
Шаруашылық жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің бір көрінісі, бұл
жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты роль атқарады. Мұндай
жағдай халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік
сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге
асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге
адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай –ақ дамыған елдер мен
экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия,
Турция т.б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы
саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік
туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: саяхатшыларды
негізгі қоюшы елдер, және саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер.
Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет
көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді
дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады.
Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды.
Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі
өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік
табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін
түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан
да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық
құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік
белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі
өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат
байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік
саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады.
Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны
шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк
(ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша
қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың
пікірінше, ФПГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел
үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның
айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған
тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар,
өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті несие береді.
Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды
қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді
(азаматтардың шетелге шығуы) – олардың импорты ретінде анықтауға болады.
Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі
сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады
және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына
әкелуі мүмкін.
Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты
ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті
өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы.
Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту
және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген
ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен
олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды
статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы
елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір
сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде
тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - көзге
көрінбейтін экспорт, ал пассивті туризмді - көзге көрінбейтін импорт деп
анықтауға болады.
Сауданың кеңеюіне ықпал ететін шешімдердің бірі - азық-түліктің
туристік экспорты, ол туристер келетін елдерге дәстүрлі экспортты жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Болгария және Испания тұтыну тауарларының
дәстүрлі экспортын туристік экспорт пен алмастырады. Дамушы елдер өз
экспортын туристік импорт арқылы қолдау мүмкіндігін аша бастады. Оның
экономикалық тиімділігі мынада: пассивтік туризм қабылдаушы елге валюта
түсіреді, бұл, өз кезегінде, ұлттық табысқа жағымды ықпал етеді.
Нәтижесінде, саяхатшыларды қабылдаушы елдер, саяхатшыларды қоюшы елдерден
тауарлар импортын ынталандыру үшін туристік баланстың оң сальдосын
қолдануға бейім келеді. Кез келген мемлекет үшін, оң туристік сальдо
туристік экспортсыз мүмкін болатын мөлшерге қарағанда көп тауар көлемін
импорттауға мүмкіндік береді. Тіпті өнеркәсібі дамыған елдер үшін де мұндай
айырбас түрі - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық экспортын қолдау және
дамыту жолы. Туризм экспорты шектеулі елдердің экономикалық дамуы үшін
маңызды фактор бола алады. Шетелдік туризмді экономикалық дамуды
жеделдететін, төлем балансын белсенділететін және елдің валюталық резервін
арттыратын маңызды тұтқалардың бірі ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық айырбастың, белгілі бір өнімдер мен қызметтер экспортының
немесе импортының тиімділігін есептеу өндірістік шығындарды дәстүрлі
экспорт нәтижесінде түскен валютада және туристік экспорттан түскен
валютада салыстыру негізінде жүргізіледі. Мұндай есептеу туристік
экспорттың тиімді екеніне көз жеткізеді, өйткені бұл жағдайда тауарлар мен
қызметтер бөлшек бағамен сатылады, ал дәстүрлік экспортта - көтерме сауда
бағасы қолданылады, ол көбінесе әлемдік бағалардан жоғары болады.
Экономикалық категория ретінде халықаралық туристік нарық тауар-ақша
қатынастарының сферасы болып табылады, оның ерекшеліктерін келесі
қағидалардан көруге болады:
-нарық кешенді сипатта, яғни онда тауарлар мен қызметтердің сұранысы
мен ұсынысы бірдей әрекет етеді;
-тауарлар мен қызметтерді тұтыну өндіруші- елдерде жүзеге асады. Сауда
ішкі нарықтың бөлшек сауда бағасымен жүргізілетін болғандықтан, туристік
сауда-саттықты сыртқы сауда операциясының тиімді формасы ретінде
қарастыруға болады. Бөлшек сауда бағасының құрамына ішкі салықтар да
кіреді, ал дәстүрлі тауар экспортында мұндай салықтар алынбайды;
-сұраныс субьективті сипатқа ие. Тұтыну формасы ретінде ол
тұтынушылардың жеке табыстарының мөлшерімен тікелей пропорционалдық
байланыста болады. Халықтың әл-ауқаты көтерілген сайын сәйкесінше, тұрақты
өмір сүру жеріндегі және демалыс орнындағы шығындар арасындағы арақатынас
өзгереді. Шығындардың орын алмастыруы олардың өзгерісіне әкеледі, бұл
өзгерістің экономикалық маңызы зор. Демалыс орнындағы туристік шығындардың
артуы, әрине, тұрақты өмір сүретін жердегі шығындардың мүлдем қысқаруына
әкелмейді. Туристің демалыс кезеңіндегі шығындары, осы кезеңдегі оның
тұрғылықты жерінде жұмсайтын шығындарына қарағанда жоғары болады. Қоғамның
өмір сүру деңгейі жоғары болған жағдайда ғана туризм шығындары айтарлықтай
болады. Туристік қажеттілік өндіргіш күштерінің белгілі бір даму
деңгейінде, сәйкес қоғамдық-экономикалық шарттардың қалыптасу жағдайында
пайда болады және қалыптасады. Бүкіл қоғам көлемінде, туризм шығындары,
дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен кезде ғана айтарлықтай мөлшерге
жетеді. Бұл процесс әсіресе экономикалық дамыған елдерде айтқын көрінеді;
-туризмдегі ұсыныс өте икемсіз. Оның себебі - бұл жерде өндірістік
мүмкіндікте дәл анықталған, және олар тез өзгерістерге ұшырамайды. Бұл
сұраныстың көп бөлігін туристік қызметтер құрайтындықтан, ұсынысты дамыту
айтарлықтай күрделі қаржыны қажет етеді;
-туристік кәсіпорын қызметінің ерекшелігі сол, онда стратегиялық қор
құру мүмкін емес. Осындай қордың болмауы кәсіпорындардың пайда
келтірмейтін мезгіліндегі айталықтай жүктемесінің орнын үдеме
мезгіліндегі ұсыныстың кеңеюі есебінен толтыруға мүмкіндік бермейді.
Мейманханадағы, самолеттегі бос орындар бүкіл пайда келтірмейтін мезгіл
бойы кәсіпорын үшін табыс әкелмейді.
Сондықтан туристік потенциалды, туристік қызметтің сұранысы мен ұсынысы
тек кешенді бағалау ғана туристік шаруашылықтың ағымдық тиімділігін
анықтауға және оның ұзақ мерзімді даму болашағын болжауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, айтуға болатыны, халықаралық
туризмнің қоғам өмірінің әртүрлі жақтарына тигізетін әсері жан-жақты және
әрқилы. Шетелдік туризмді дамыту, туристік қызметті кеңейту және тереңдету
мемлекеттің төлем балансын тұрақтандыруға жағдай жасайды, ұлттық табыстың
өсуіне әкеледі және саяси жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді. Сыртқы сауда
айырбасын белсенділетуге түрткі бола отырып, туризм, халықаралық
қызметтерді дамыту сферасында елеулі рөл атқарады.
Екінші жағынан, сыртқы экономикалық қызметтің маңызды жақтарының бірі
бола тұра, халықарлық туристік ағымдардың өсуі мемлекеттер арасындағы
сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етеді, басқа елдердің
материалдық игіліктері мен мәдени құндылықтарды жасау тәжірибесін қолдану
мүмкіндігін береді. Соның нәтижесінде, сыртқы экономикалық байланыстардың
бір түрі ретіндегі халықаралық туризмнің маңызы үздіксіз арта бермек.
Туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
Туризмді дамытудың мақсаты:
Сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және
бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті,
рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы
жоғары салаға айналдыру;
Республиканың туристік әлеуетін арттыру;
Тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды
пайдалану;
Халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін
қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша
қанағаттандыру;
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
Мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара
бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Республикада саланы дамыту мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге
асырылады:
әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске
асыруы;
Халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінік пен ынтымақтастықтың
ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен
дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау;
Әділеттік пен егемендік, саяси,экономикалық және әлеуметтік жүйесіне
қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау;
Қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау;
әлеуметтік тепе теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін
арттыру;
Туризмді тұрақты дамыту.
Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
Туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
Туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық
негіздерін одан әрі дамыту;
Туристік рынокта демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да
шараларын қабылдау арқылы қорғау;
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тартымды туристік обьект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
Туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету;
Туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснамасын
халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Туристік обьектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және
шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды
ынталандыру;
Туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде
туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың біліктілігін арттыру
жүйесін дамыту;
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс
әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;
Туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.

1.2 Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және
әлеуметтік-экономикалық аспектілері

80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа мемлекеттерінің туристік
сұранысында жаңа тенденциялар пайда болды. Олар бірқатар экономикалық және
әлеуметтік факторлар әсерімен, сондай-ақ қазіргі адамның психологиясындағы
өзгерістер мен түсіндіріледі. Туристік тұтыну құрылымына экономикалық
конъюнктураның нашарлауы шешуші әсер етті. Индустриалдық дамыған елдерді
шарпыған дағдарыс халықтың сатып алу қабілеттілігін төмендетті. Жұмыссыздар
армиясы көбейді. Дағдарыс әсіресе туристік қызметтің негізгі тұтынушылары –
қоғамның орташа тобын қамтыды, сөйтіп олардың өз бос уақытын ұйымдастырудың
басқа жолдарын іздестіруге мәжбүр етті.
Экономикалық конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік
сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті.
Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс
аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында
қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге,
халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар
шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше
қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік
белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65
жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы
нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін
зейнеткерлікке шығара бастады. Олар- денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз,
демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және
ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.
Туристік сұраныстың қазіргі таңдағы сипаты субьективтік факторлар
әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың
пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:
- Жеке тұлғаның өз физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға
ұмтылуы;
- Басқа индивидумдармен, әлеуметік топтармен және мекемелермен
қарым қатынас орнатуы. Мұндай қарым-қатынастарға жұмсақ әрі
икемді сипат тән, және олар негізінен адамның өз таңдауына
байланысты қалыптасады;
- Адамның табиғатқа деген қарым- қатынасының өзгеруі.Біріккен
Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі
конференциясының қортынды есебінде былай делінген: адам өз
тәкапарлығын және тұтынушылық эгоизмін бәсеңдетіп, табиғатпен
үйлесімді өмір сүруге ұмтылады. Бұл адамдар өмірінің жоғары
сапасын қамтамасыз ететін табиғатты қорғаудың экологиялық тиімді
жүйесіне негізделген қоғамның тұрақты даму концепциясыенда
көрініс тапты. Тұрақты даму қазіргі таңдаңғы адамзаттың негізгі
міндеті болып табылады.
Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең өзгерістердің орын
алуына ықпал етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт
көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі
тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді
сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда
халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс
сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда,
Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс
сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл
құбылыс үзілісті саяхат деген атқа ие болды.
Үзілісті саяхатты ұйымдастыру ісі табысты болып шықты, сондықтан
турфирмалар өз тарапынан мұндай сапарларға деген тұтынушылық сұранысты жан-
жақты қолдай бастады. Кәсіпорындардың туристік нарықтың жаңа сегментін
кеңейтуге деген қызығушылығы келесі себеппен түсіндіріледі - қысқа мерзімді
туристер кәдімгі туристерге қарағанда бір күнге шаққанда көбірек шығын
жұмсайды. Сонымен қатар мұндай саяхат түріне сұраныс жыл бойы сақталады
(сәуір, қыркүйек, қазан және ақпан айларында біршама жанданады), соның
нәтижесінде туристік саланың ең өткір проблемаларының бірі - мейманханалар
мен транспорт жұмысындағы мезгілдік теңсіздікті бәсеңдетуге мүмкіндік
береді.
Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа
шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге,
галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық
саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға
қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері
бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-
ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде
демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт
түрлерімен айналысумен байланысты болған.
Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт
түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен
сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.
Қысқа мерзімдік сапарлардың Батыс Еуропалық нарығына туристер
негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің
үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі
Францияға, Австрияға, және Германияға барады.
Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында
бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол
Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша
туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның
келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель;
әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт;
архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының
ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді
қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы
қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік
туризмге қарағанда 3-4 есе артық.
Қысқа мерзімдік сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға
деген сұраныс та сақталған.
Соңғы кездегі туризм дамуының тағы бір тенденциясы – үлкен жастағы
адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан
адамдардың туризмі парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені зейнеткерлікке
шығудың өзі адамның демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы
халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді.
Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті
қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне
қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді
өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік
нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге
ұшырауда.
Үлкен жастағы адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10 және
20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз
жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға
деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ
қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың
жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде
араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне
айналды.
Қазіргі күнгі үлкен жастағы саяхатшылар – тәжірибелі және искушенный
адамдар. Олар үшін туризм тек күнделікті шаруалардан демалу тәсілі ғана
емес, сонымен бірге әлемді тану формасы. өмірге деген қызығушылығын
жоғалтпаған олар әртүрлі приключениялар және қауіп – қатермен байланысты
сапарларға да шығады: Альпы тауларында шаңғы тебеді; Африканың шөл
далаларында саяхатшылайды. Олардың көпшілігі топтасып саяхат құрғанды
ұнатады.
Егде жастағы саяхатшылардың көпшілігі ерекше қызмет түрлерін керек
етпейді, жастармен бірге демалады. Дегенмен, кейбір сапар түрлеріне мысалы,
круиздық және автобустық турларына әсіресе 55 жастан жоғары адамдардың
сұранысы жоғары.
Денсаулығы нашар егде адамдар да саяхат шегіп рахат алғанды жақсы
көреді, алайда олардың мүмкіндіктері шектеулі. Халықтың бұл категориясының
демалысы төртінші жас үшін арналған бағдарламалар шеңберінде
ұйымдастырылады. Оларды арнайы құрылымдар жүзеге асырады, мысалы, Даниядағы
Дайнэдж Ассоциэшн. Нидерландиядағы Сенье Ваканти План немесе Швециядағы
Свериджес Пенсиопарсфорбинд сияқты зейнеткерлер клубтары және
ассоциялары.
Егде адамдардың туристік сұранысының артуы тұрақты сипатқа ие болды.
Саяхат нарығының бұл сегментінің жоғары өсу қарқыны болашақта да сақталады.
Осы тенденцияны ескере отырып әлемнің жетекші саяхат фирмалары өз
қызметтерін егде жастағы клиенттерді тартуға бейімдеуде.
Демалыс стилінде де түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Теңіз жағалауында
қозғалыссыз уақыт өткізу демалудың ең кең тараған формасы болып табылса да,
біртіндеп, саяхатшылардың басқа да қажеттіліктері ұлғайды.
үш S- теңіз- күн- теңіз жағалауы орнын
үш L-ұлттық дәстүр- әсем көрініс- бос уақыт формуласы біртіндеп басып
келеді. Ол адам технологиясында орныққан жаңа құндылықтарға мейлінше сәйкес
келеді және қазіргі саяхатшының жүріс- тұрысы мен ойында көрініс табады.
Күнделікті күйбең – тірліктен демалу үшін уақытша саяхатшы жергілікті
ерекшеліктеге,бөтен халықтың тұрмысына, мәдениетіне,әдет-ғұрыптарына ерекше
қызығушылық көрсетеді. Ол өзін қоршаған айналадан ерекше әсер алуға
ұмтылады. Сонымен бір мезгілде адамның күш- қуатын толық қалпына келтіру
және дамыту үшін белсенді демалыстың қажеттілігін түсінуі арта түседі.
Адамдар өндірістік және тұрмыс сфераларында туындаған дене және жүйке
тозуының орнын толтыру үшін сапарға аттанады.
Мұның барлығы адамның жеке еркіндігінің кеңеюі жағдайында жүріп жатқан
құбылыстар. Әр адам сырттан ешқандай қысым көрмей, саяхат сапарының
бағдарламасын өзі анықтағанын жөн көреді.
Белгілі Француз туризмологіне (M.Breton-Girard) сай, қазіргі
саяхатшының портретін былай сипаттауға болады: Бүгінгі саяхатшының түр-
сипаты спортшыға ұқсас, ол үнемі әртүрлі оқиғаларды іздейді. Ол өз көңіл-
күйі мен табиғаттың кездейсоқ сыйларына қарамастан уақыт өзгерісіне
бейімделіп отырады. Қазіргі кезде саяхатшы жалға тәуелсіздікті, қызық –
керуенді және өмірлік күш іздеп шығады оған ұжымдық мүшелік және бастама
бөтен. Адам, өз уақытын қызықты, белсенді өткізгісі келеді, аз уақытқа
болсын басқадай өмір сүруге ұмтылады.
Туризмнің материалдық базасын дамытуға бағытталған күрделі салымдар
тиімділігі табиғи, мәдени-тарихи факторлары, климаттық жағдайлары, тарих
және мәдениет ескерткіштері тағы басқалар арқылы сипатталатын туристік
ресурстардың ерекшеліктері арқылы анықталады. Олар пайдалану процесінде
өзінің құндылығын жоғалтпайды. туризм индустриясының кәсіпорындарын құру
халық шаруашылығының басқа салаларын құрудағыдай маңызды капитал салымдарын
талап етеді.
Белгілі инвестициялық саясат арқылы туризм қызметіне сұранысы мен
ұсынысының сәйкестік мәселесі шешіледі.
Туризм сферасына капиталды салымдар салудың мақсатты бағыты бар. Олар
туристік базаларды, қонақ үйлерді, кемпингтерді, жолдарды, көпірлерді,
сонымен қатар, табиғат, мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге, сақтауға
жұмсалады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі елдің экономикасына және тұтас ауданның
мәдениетіне белсенді әсер етуінде. Туристік шаруашылықты құру мен оның
қызметі жол транспортының қызметі, сауданың, коммуналды тұрмыстың,
мәдениеттің, туристерге медициналық қызмет көрсетудің дамуымен тығыз
байланысты.
Туристік мекемелерді пайдалану үшін мамандар керек. Ал, өз кезегінде
оларды құруды жоспарлай отырып нарық жағдайында мәні зор, жергілікті
тұрғындардың еңбек пен қамтылуын есепке алған жөн.
Экономикалық жағдайларды есепке ала отырып алдағы жылдары республикада
капиталды салымдар бірінші кезекте туризм обьектілерін қалыпты жағдайға
келтіруге және туристік кәсіпорындардың обьективті талаптарынан туған
кешендерін құруға бағытталуда. Туристік кешен жүйесінде жаңа құрылыстарды
салуға ғана емес, сонымен қатар қазірде бар туристік обьектілерді,
кәсіпорындарды және ұйымдарды жөндеу мен жетілдіруге де көңіл бөлінуі
қажет. Экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі кезінде қызметтің саны мен
сапасына, формалардың түрлеріне және туристік экскурсиялық қызмет көрсету
тәсілдеріне жаңа талаптар қойылуда. Бұл жоспарда туризмнің материалды –
техникалық базасын құру мен дамытудың мәні зор. Инвестициялық потенциалды
пайдалану кезінде бұл процесс екі бағытта жүргізіледі:
1-бағыт – қазір қолда бар материалдық –техникалық базада туристік-
экскурсиялық қызмет сапасы мен көлемін жоғарылатуды қарастырады:
2-бағыт – материалды базаның одан әрі дамуын, туристік мекемелер
торабын кеңейтуді және қосымша туристік ресурстарды игеруді қарастырады.
Туризмнің дамуының осы мақсаттары мен тапсырмаларын жаңа жағдайда
жүзеге асыруы ғылыми – техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен
концепциясын жасауды ұсынады. Бұл мақсаттардан төменгі жағдайларға
бағытталған жайлар негізделеді:
-әлемдік үлгіге жауап беретін туризм индустриасын құру :
нарықтық механизмді есепке ала отырып туризмнің нормативтік-техникалық
базисын құру :
-ғылыми білімдерді, ең жақсы отандық және шетелдік тәжірибе
жобаларын жинау және пайдалану:
-туристік саланың барлық құрылымын қамтитын стандарттау жүйесін
құру.
Туристік индустрияға керекті бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі
қайнар көзі мақсатты бағытталған және жеткілікті көлемдегі инвестициялық
саясат. Туризмнің дамуын бірінші этапта қаржыландыру осы сферадағы
процесстерді реттеуші маңызды тұтқа ретінде қолданылады.
Пайдаға салық жеңілдіктерін бере отырып кәсіпорындардың уақытша, еркін
қаражаттарын еңгізудің макро және микро деңгейдегі қосымша тұрақтандыру
шараларын жасау керек.
Болашақта туризм дамуының маңызды тапсырмаларын шешуге керекті өзіндік
қаражаттың жетіспеушілігі байқалады, сол үшін келесі шараларды жүзеге асыру
міндеттеледі:
-мезгілді есепке ала отырып тоқсан сайын реттелетін туристік және
қонақ үйі қызметіне бағаны қоюдың икемді жүйесін жасау және ендіру;
-қондырғылар мен ғимараттарды күрделі жөндеуге қаржы бөлуді шектеу;
-жаңа обьектілерді соғуды қатаң техника-экономикалық негіздеу;
-өзіндік коммерциялық құрылымдар құру;
-валюта қаржаттарының бір бөлігін шетелден тауар мен азық түлікті
орталықтандырыған жерден сатып алуға жұмсау.
Инвестициялық белсенділік пен инвестициялық ресурстарды шетелдік
капитал көмегінсіз көтеру мүмкін емес. Экономиканы көтерудегі шетелдіек
капиталдың белсенді ролі тек ғана АҚШ, Германия,Франция сияқты дамыған
елдерде ғана емес, сонымен қатар Азияның жаңа индустриялы елдерінде –
Оңтүстік Кореяда, Тайваньда, Сингапурда, Гонконгта, Оңтүстік Шығыс Азия
елдері - Малайзияда, Индонезияда және т.б елдерде көрінуде. Біріккен
кәсіпорындарды, өндірістерді және туристік кешен құрылысын құру, қолда бар
обьектілерді жетілдіруде шетелдік инвестицияларды қолданудың туризмнің
дамуы саясатында маңызды бағытқа ие.

1.3. Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері

және тиімділігі

Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты
экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет
көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр
аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:

1. Туристік ағымның көлемі.
2. Тәуліктік туристік төлемнің орташа көлемі
3. Материалдық-техникалық базаның даму жағдайы.
4. Туристік фирмалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері
5. Халықаралық туризм дамуының көрсеткіштері.

Туризмнің материалдық-техникалық базасының жағдайы және дамуын
сипаттайтын көрсеткіштер елдердегі туризмнің күшін анықтайды.
Оларға жататындар: мейманхана қорындағы төсек орны және басқада
орналастыру құралдары; тамақтану кәсіпорындарындағы орын саны; ойын-сауық
орындарының саны т.б. Төсек орын қорының күші төмендегідей анықталады.

Кт = Cт х 365 + Ссхt

Кт - төсек-орын қорының күші; Ст - қолданылатын төсек-орынның жылдық
саны; t-сезондық қолданылатын күндер.
Алматы мен Алматы облысы аймағында 2000 жылы туристік 142 объект 38,2
мың орын орналастыруға мүмкіндігі болды. Мамандардың есебі бойынша, жылдық
қолданудағы төсек саны 15,1 мың, сезондық қолданудағы төсек саны 36,9 мың,
ал “жоғарғы сезондық” күндер саны 60. Осыған қарап Алматы менАлматы облысы
аймағында төсек-орын қоры 332904 мыңға тең деп айтуға болады. Ал, 2001 жылы
туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни 42,8 мың орын
болған. 2001 жылы туристік орналасу объектісі 159 объектіге көбейген, яғни
42,8 мың орын болған. 2001 жылы Алматы мен Алматы облысында төсек-орын саны
403146 мың орынға артқан. Туристік ағымға келетін болсақ - бұл елге келетін
туристердің тұрақты келуі деп түсінеміз. Туристік ағымның көлемі келесі
көрсеткіштермен сипатталады: туристердің жалпы саны; туристік күндердің
саны; елде болатын туристердің күнінің орташа мерзімі.
Туристік күндерді есептеу үшін келушілер санын, елге келетін әр
туристің орташа мерзіміне (күніне) көбейту қажет. Туристік күндер туралы
ақпарат қоғамдық инфрақұрылым жоспарлауда және материалдық-техникалық
базаны дамытуда мамандар үшін қажет дерек болып табылады.

Кт = Ст х Кор

Кт - туристік күндер; С - туристердің саны; Кор - күндердің орташа
саны.
Қазақстан Республикасының статистикасы бойынша туристердің болу
мерзімінің орташа мерзімі 2000 ж. 16 күн, сондай-ақ 2001 жылыда 16 күн
болған, ал туристердің келу саны 2000 жылы 228,3 мың, 2001 жылы 146,9 мың
адам. Осыған байланысты туристердің күні
2000 ж. = 228,3 х 16 = 3652,8
2001 ж. = 146,9 х 16 = 2350,4
Бұл есептеуден көрінгендей 2001 жылы туристердің күні төмен, ал
туристердің орташа болу мерзімінің төмендеуіне байланысты. Тағы да
себептерінің бірі фирмалардың ішкі туризммен айналысуының көбеюінен деп
санаймыз. Оған төмендегі көрсеткіш дәлел: 2000 ж. 31,6% болса 2001 жылы
37,9% ке өскен.
Осы есептеулерге байланысты әр туристің бір тәулікте қанша қаржы
шығаратыны белгілі болады. 2000 жылы туризмнен түскен табыс 1876,42 млн
тенге, ал 2001 жылы 1340,3 млн тенге, (2001 жылы төмендеу себебі туристік
күндер азайған). Егерде ос көрсеткіштерді шет елдік туристер санына бөлсек
2000 жылы - 228,3, 2001 жылы 146,8 ал шыққан санды туристердің орташа
болған күніне көбейтсек (орташа күн 10,5) онда К2000 = 1876,42228,3 х 10,5
= 86,3 мың теңге
К2001 = 1340,3146,9 х 10,5 = 65,8 мың теңге
Ал туристтердің қаржы шығару соммасын төмендегідей шығаруға болады.

Кжалпы сомасы = Кт х Кор (тәулікте)

Онда 2000 ж. Қж. сом = 863 х 3652,8 = 315236,64 мың теңге
2001 ж. Қж.сом = 95,8 х 2350,4 = 225168,32 мың теңге
Шығаратын қортынды туристердің бір тәулікте шығаратын қаржысының орташа
көлемі өссе, туристердің жылдық шығаратын қаржының көлемі азаяды.
Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасының туристік қызметінің
экономикалық көрсеткішін көруге болады.

Кесте 1

Көрсеткіштер аты Өлшем 2000 ж. 2001 ж. Ауытқу
бірлігі
(+-) %
1. Төсек-орын қорының мың 332304 403146 70242 1,2
қуаты
2. Туристік күндер Туркүн 3652,8 2350,4 -1302,4 0,4
саны
3. Туристердің мың теңге 315236,64 225168,32 90068,32 0,7
шығаратын
қаржысының көлемі

Соңғы 10 жылдықта әлемдегі туризм саласы көп өзгерістерге
ұшырады. Мысалы: 1950 жылы әлемде 25,3 млн туристер болса, 2001 жылы 700
млн - ға артты. Қазіргі кезде туризм бүкіл әлемде кеңірек тарауда. Бірақта
олардың өсу деңгейі әо аймақта әр түрлі оны 2-ші кестеден көруге болады.
Кесте 2
Әлемдік туризмнің даму деңгейі
1999-2001 жж.
региондар Туристердің келуі %-тік Туризм түсімі АҚШ %-тік
млн. адам өзгерісі млрд. долл. өзгерісі
1999 2000
Барлығы БейрезиденттердБарлығы Бейрезиден
млн.теңге ен түскен табысмлн.теңге ттерден
түскен
табыс

Барлығы : 6976,5 3991,1 1474,4 885,1
Мейманханалары бар
қонақүй
6532 3950,3 1377,6 884,3
Мейманханасы жоқ
қонақүйлер
378,1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Сауда және транзит
Шығыс Қазақстан облысы
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
ҚAЗAҚСTAH МЕН КОРЕЯ PECПУБЛИКАСЫ APACЫНДAҒЫ ҚAЗIРГI ҚAPЫМ-ҚATЫНАС ЖAҒДAЙЫ
Туризм мәні
Пәндер