Табиғи туристік рекреациялық ресурстар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
І БӨЛІМ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ6
1. 1. Туризм түрлері және оның түсінігі6
1. 2. Туристік-рекреациялық ресурстар және оның маңызы21
ІІ БӨЛІМ. Оңтүстік Қазақстан облысНЫҢ туризмнің дамуының жалпы мінездемесі28
2. 1. Табиғи туристік рекреациялық ресурстар. 28
2. 2. Тарихи - мәдени туристік-рекреациялық ресурстар. 44
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облыс рекреация ресурстарын туристік іс-әрекеттерде пайдалану және туризм дамуының тұжырымдамасы61
ІІІ. БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ68
ЖОЛДАРЫ68
3. 1 Туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары68
3. 2 Туризмді дамытудың негізгі бағыттары70
3. 3 Қазақтанда туризм дамуының кейбір мәселелері78
ҚОРЫТЫНДЫ83
Қосымшалар85
ӘДЕБИЕТТЕР93
КІРІСПЕ
Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.
Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына жол береді.
Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылы 27 ақпандағы "Жібек жолы" тарихи-орталықгардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақтау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын құру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы.
Мұражайларға қызығушылықтың артуы мен туризмнің иен-қүлаш жайып өркендеуінің арасында өзіндік шарты мен өзара байланысы бар. Мұражайландырылған ескерткіштер туристік материалдар базасы болып туристік-саяхатқа қатысушылар қатарын көбейтуге ықпал етеді. Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты көптеген туристік бағыттар пайда болды. Солардың ішінде ең белгілісі "Ұлы Жібек жолы" бағыты, оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер, орта ғасырдың сәулет өнері Түркістанмен Шымкент кіреді. Оңтүстік Қазақстан өлкесінің өткені қызықгы, әрі бай. Оған куә көптеген тарих, археология, монументальды өнер, архитектура ескерткіштері.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының туризмнің, Қазақстандық және шетелдік қызметке сұранысын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерін көрсету, ал басқа жағынан, облыстың туристік-рекреациялық ресурстарын дамыту, мәдени және табиғи мұраларды тиімді пайдалану арқылы. Ұстанған мақсаттың мұраты болуы мынадай мәселелердің шешілуін танытады:
а) Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
б) Табиғи және тарихи-мәдени қорларын байланысуын зерттеу.
в) Туризм және демалыс қорларының байланысын зерттейді.
г) Ғылыми ізденісті және қайта қалпына келтіретін жұмыстарды қажет ететін тарихи-мәдени және табиғи мұраларды апаттық жағдайдан
шығару.Зерттеу объектісі: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік-рекреациялық ресурстары және осы ресурстарды туризмді дамуында пайдалану.
Зерттеу заты: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреяциялық ресурстары.
Зерттеу тәсілдері:
а) түрлі әдебиет және экспедициялық материалдарды, методикалық
нұсқауларды, теориялық талдау жасау.
б) Туристік фирмалардың іс-шараларына қатысты бақылау.
г) ОҚО картасына талдау жасау.
І БӨЛІМ. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ
1. 1. Туризм түрлері және оның түсінігі
Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақгану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.
Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақгығы: топ құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т. б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
- Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамныңкүш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
- Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діниқажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б) әулие жерлерге бару:
- Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге барумақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
- Конгресті туризм. Ол түрлі шараларға, оның , симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге жәнет. б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға .
Конгреске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.
- Өйткені аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осыорындарға бару қажеттілігіне негізделген.
- Өз бетінше ұйымдастырушыға туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т. б. айналысатың активтідемалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айырықшаерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуынқажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктерменбіріге отырып ұйымдастырады.
- Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр іскерлік қатынастарды бекіту немесе сапарлар жатады.
8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі
қажеттілік жатыр, осыған байланысты:
- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажетілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірбие жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін
пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ-автобус, темір жол-автобус
және т. б. түрлерін айтуға болады. Мұндай түрлері аралас түр деп
аталады.
- Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалысқұралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустықтурлар туристік-экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтіңбарлық түрін, яғни тамақгану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуымүмкін (бір күндік автобус) .
- Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің ғана пайдалана алады.
- Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екіншіжартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
- Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қоданылатын үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.
- Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары-өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен үзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.
Круизді және туристік-экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.
7. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі XІX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлгіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте болып тұрады.
Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады.
Топ құрамы бойынша:
- Жаппай туризм.
- Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми жәнесауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі) .
- Жанұялық туризм.
- Жастар туризмі.
Балалар туризм (жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда) .
Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төмендегі деңгейдегі жалақы алатындар және т. б.
Әйгілі американ социологы Т. Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни туристік демалыс моделіне, әсер ететін фасгорлардың үш тобын бөледі:
технологиялық (жаппай коммуникация құралдары) :
институттық (заңдылық) :
әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық) .
Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Статикалық табиғи-географиялық фасгорлар жиынтығы жатады. Өйткені ол тұрақгы мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммиграция шегінің қысқаруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын өзгертеді. Бұл турлардың ұзақтылығына, кезеңділігіне әкеледі.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:
а) қоғамдық өндірістегі еңбек
б) физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты
в) үй шаруашылығындағы еңбек
г) білім алуға келетін уақыт шығыны
д) еркін уақыт
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға: экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі) : жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.
Туризмнің дамуына • әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т. б. дамуымен байланысты.
Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.
а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықтық
қатынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың
тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін
айтуға болады) .
б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі ( аймақ ішінде жаңа туристік
сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының
ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т. б. ) .
в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі
(көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және
кіші фирмалармен серіктік қатынастарының өсуі: туристік одақтарды
құра отырып тікелей интеграциялау және т. б. )
г) Туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі,
маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту
және т. б. )
д) Жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы.
Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді.
Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объектілерін салу.
Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінт пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т. б.
Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына бағаның өсуі: жұмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротқа ұшырауы және т. б.
Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы: туристік қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы: сапардың ұзақтығығының, оған кететін шығынның қысқару: шетелге шығу сұранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде.
Республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған: "Қазақста-2030" жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.
Мұнда туризмді дамытуға қатысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар:
- туризм саласы болашағының жалпы алғандағы "моделінің" көрінуі:
- әрбір Министрліктер мен ведомтсволардың туризм индустриясындамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатыстыфункциональдық жауапкершілікті сезінетіндей "туризм" жүйесініңқалыптасуы:
- туризм саласына қатысты қабылданатын заңдар мензаңдылықтардың, шешімдердің қоғамды дамытудың жалпымемлекеттік стратегиясының даму аясында қабылдануы:
- туристік қызметті басқаруға, стратегиялық жоспарлауға негізделгенжүйенің қажеттілігі:
Туризмнің стратегиялық дамуына өзіндік ықпалы зор төмендегіндей
мүмкіндіктерді атауға болады:
- өзінің білімділігімен, ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен ерекшеленетін адам ресурсының болуы:
- экологиялық саясатты басшылыққа ала отырып, табиғат ресурстарын сапалы түрде пайдалану арқылы туристік-рекреациялық шаруашылықты дамытуға қолайлы табиғи ресурстардың молдығы:
- шет мемлекеттерден келетін туризмді дамытуға қажетті саяси тұрақтылықгың болуы:
- қазақ халқының табиғатындағы өзіне ғана тән қонақ жайлылығы: халықаралық туристік бағыттардың тоғысында орналасқан географиялық жағдайы мен оның территориясында тарихи Ұлы Жібек жолының болуы:
- әртүрлі халықаралық ұйымдардың (БҮҮ, ЮНЕСКО, ДТҮ және т. б. ) қолдануы:
- экономика саласына тиімді ықпалы болуы.
Ал, туризмнің дамуына тікелей немесе жанама түрде кері әсерін тигізетін факторлар:
- қызмет көрсету саласында қалыптасқан жаңаша құндылықтар жүйесі негізінде өзгертуді қажет ететін жалпы теңгермешілік пен жарқын болашаққа кепілдік берердей менталитеттің ескілігі: туристік қызмет көрсету рыногында шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдері мен бәсекелестікке сай менеджменттің болмауы:
- өз ақшасымен қаржыландыратындай, соның негізінде туристік қызмет өндірісінің ішкі рыногы мен жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыруға ықпалды орта буынның өте баяу қалыптасуы: мемлекеттік басқарудың тиісті дәрежеде туризмді ұйымдастыра алмауы және туристік кәсіпорындардың менеджерлік корпустарының ұйымдастырушылық-құқықтың, әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі дайындықтарының сапасыздығы (10) .
Қазіргі кезеңде туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау" атты мемлекеттік бағдарлама, туризм саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық - құқықтық актілердің мазмұндарында басшылыққа алынған. Туризмді дамытудың ұлттық стратегиясын іске асыру процессіндегі басты міндеттер айқындала түсті.
Әлемдік тәжірбиеде ешкімге ұқсамайтындай өзіне ғана тәр туризм жүйесін құру арқылы ғана Республикамыздың өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын, қызығушылық туғызатындай және бәсекелестікке қабілетті туристік комплекске қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндіктер де бар.
Елімізде туризм енді ғана дамып келе жатқан сала. Туристік қызметтің ұзақ мерзімдік басылымдылық мақсаттарының негізінде оның барлық салалары бойынша түрліше ізденістер жүргізілуде.
Республикамызда халықаралық және ішкі туризмнің дамуы осы салаға лайықты заң шығарушы, ұйымдастырушылық-құқықтық базасының болуын талап етіп отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының территориясында туристік қызмет пен туризмнің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын бірқатар нормативтік, құқықтық құжаттар қабылданды. Олар:
Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған "Туризм туралы Заңы" (қосымша берілген) :
Республика Президентінің 1992 жылғы 15 шілде мен 15 тамыздағы Жарлықтарының негізінде жасалынған туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы және осы саланың консепциясы: Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 2 шілдесінде шыққан "Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы" Заңы (қосымшада берілген) :
1993 жылдың 22 қазанында қабылданған "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы жөніндегі" Қазақстан Республикасы Заңын, осы заңға сәйкес Казақстан Республикасы Жоғары кеңесінің қаулысы:
1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған "Мәдениет туралы" Заңы:
1996 жылдың 18 шілдесінде шыққан "Қазақстан Республикасындағы
туристік қызметті лицензиялау жөніндегі Ереже":
1996 жылдың 15 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жайындағы Заңы (қосымшада берілген) :
1997 жылдың 7 тамызында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген
"1997-1998 жылдары тұтынушылар құқығын мемлекетік қорғауды жетілдіру" бағдарламасы: 1998 жылдың 27 сәуірінде шыққан "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысу құқығын қорғау" жайындағы Президентіміздің Жарлығы.
Республика Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріндегі "Түркі тілдес халықтардың Ташкент декларациясын, Қазақстан Республикасында орналасқан Жібек жолы бойымен ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік туристік ұйымның жобасын іске асыру" жарлығын жүзеге асыруда 1998 жылдың 27 ақпанында Президенттің жарлығымен бекітілген "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау"(14) атты Мемлекеттік Бағдарламасы басшылыққа алынатын негізгі құжат болып табылады.
Бұл бағдарламада энегетика, индустрия және сауда министрлігінің
Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі институттарымен,
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасын жасаушылардың Жібек жолы мен оның тарамдарындағы орналасқан тарихи-мәдени мұралар, ондағы туристік-рекреациялық ресурстар мен оның жекелеген объектілері мен кешенді орындары жайлы бірлесе жүргізілген көп салалы зерттеулері негізге алынды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасында енді ғана қалыптасып жатқан "туризм" жүйесі құрылымының үйымдастырушылық-құқықтық негізін қалаушы мемлекеттік құжат болып саналады.
Еліміздегі туризм инфрақұрыламының жете дамуына, туристік-рекреациялық объектілер жайлы тиісті дәрежеде мәліметтердің болмауына және сол объектілерді іске қосуға дайындықтың аздығына қарамастан, ұлттық туризм жүйесі бәсекелестікке түсе алатындай және экономикалық табысты салаға айналуына мүмкіндіктері зор.
Республикамыздағы ғылыми және өндірістік күштерді ғылыми-мәдениеттанымдық, сәулет-қала құрылысы туризм жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық саласына кеңінен жедел түрде қажеттілігі туып отыр. "Туризм" жүйесінің мемлекеттік және мемлекеттік емес кұрылымдарының өзара байланысына қатысты.
Ұсынылып отырған жоба, Жібек жолы бойындағы туристік орталықтардың территориялық кестесінен туындайтын әртүрлі қызмет салаларының бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіру тәсілін өзара байланыстыру негізінде қарастырылады.
Ал жоғарыдан төмен қарай Қазақстан Республикасының "Туризм жайында" Заңы мен күші бар нормативтік-құжаттық актілерге негізделген жергілікті, аймақтық және республика көлемінде мемлекеттің функциональдық-салалық реттеу жұмыстары арқылы іске асырылады. (10)
Кеңестік дәуір тұсында түркі тілдес халықтар мекендейтін территорияларда туризмді дамыту ісі әртүрлі идеологиялық себептермен өз деңгейінде жүргізілмеді. Бүгінгі әлемдік экономикалық интеграцияға ену, туризмнің маңыздылығы жайындағы пікірлер мен түсініктер, оның ұлттық стратегиялық дамудағы алатын орнын, даму мақсатын, функциясын, перспективасын айқындайтын базасы болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz