Қызметтің нақты саласына қарай істелген қызметтер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру

Кіріспе . . . 2

І Методологиялық анализ негізі және қонақ үй қызмет саласының даму келешегі

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы . . . 6

1. 2 Қазақстандағы қызмет көрсету аясындағы мәселелер және Астана қаласы бойынша туристік қызмет . . . 18

1. 3 Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі және негізгі индикаторлары . . . 27

1. 4 Қонақ үй қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары . . . 36

ІІ «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің экономикалық қаржылық

жағдайына талдау

2. 1 Кәсіпорынның экономикалық жағдайы . . . 46

2. 2 «Ақмолатурист» АҚ қаржылық жағдайына талдау . . . 49

2. 3 «Ақмолатурист» АҚ іс-қағаздарын жүргізу . . . 55

2. 4 «Ақмолатурист» АҚ басқару құрылымын ұйымдастыру . . . 60

2. 5 Еңбек ресурстарының пайдаланылуына және негізгі қорлармен қаруландырылуына талдау . . . 73

ІІІ Қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту

3. 1 Қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту . . . 77

Қорытынды . . . 79

Қосымша . . . 80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 85

Кіріспе

Диплом жұмысына жалпы сипаттама

Диплом жұмысының өзектілігі:

Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер - диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Зерттеудің нормативтік-ақпараттық базасы мен мәселелерді әзірлеу деңгейі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Астана қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Ақмолатурист» АҚ жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған - ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы - бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Мақсаты:

Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек :

- қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

- қонақ үй шаруашылығын дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі ережелерді әзірлеу;

- Отандық қонақ үйлердің қазіргі жағдайына баға беру;

- «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

- қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.

Зерттеу нысаны:

Астана қаласындағы «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйі.

Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру танылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

  • мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) :

Диплом жұмысы қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмының әдіснамалық және теориялық негіздері:

Диплом жұмына А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Е. Я. Морозова, Э. Д. Тихонова, Г. А. Папирян, Н. И. Кабушкин, Г. А. Бондаренко, А. Д. Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі - 94 бет.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде қонақ үй қызметін ұйымдастыру, еліміздегі мейманханалар құрылымы мен функциясы, мейманханалық қызмет көрсету барысындағы мәселелер, қонақ үй қызметінің даму келешегі қарастырылды. Қонақ үй қызметін қалыпты ұйымдастыру мұндағы қызметкерлердің еңбегіне тікелей тәуелділігі анықталды.

Диплом жұмысының екінші бөлімінде «Ақмолатурист» АҚ қонақ үйінің экономикалық қаржылық жағдайына талдау жасалды. Бұдан бөлек, кәсіпорынға жалпы сипаттама беріліп, барлық бөлімдегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сай атқаратын жұмыстары атап көрсетілді. Кәсіпорындағы еңбек персоналдары - негізгі ресурс көзі. Қонақ үйге келетін кірістің барлығы осылар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан «Ақмолатурист» АҚ мейманханасындағы қызметшілерге қойылатын талаптың жоғары болуы - заңдылық.

Үшінші бөлімде қонақ үй шаруашылығын дамыту ісі баяндалады. Мұнда мейманхана ісін жетілдіруді мемлекеттік қажеттілік ретінде қарастыру ұсынылған.

Қорытындыда дипломдық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты өзге де материалдар үлгілері ұсынылды.

І Методологиялық анализ негізі және қонақ үй қызмет

саласының даму келешегі

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы

Адам баласының негізгі мекені - жеке үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз шаңырағында өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос-жарандарымызға барып, кешкісін үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысына, іссапарларға және өзге де себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар аялдайтын бірден-бір орын - мейманхана.

Қаланы саяхаттай жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар, мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі. Керісінше қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Осы ретте қаланың нақ ортасынан да, қала маңынан да алдымен байқалатын бір ғимарат - мейманхана. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындарға кенде емеспіз. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.

Тұтынушылардың көзқарасынша мейманхана - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.

Қонақ үй шаруашылығының шығуы және дамып жетілуі қоғамымыздың даму тарихымен тікелей астасып жатыр. Ең алғашқы мейманханалық мекемелер - ежелгі Шығыстың өркениетті елдерінде саяхат жасаушы адамдарға қызмет көрсету мақсатында біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдай бұрын пайда болған.

Ерте дәуірлерден-ақ римдіктер мемлекет мұқтаждықтарына қарай саяхат жасаушыларға арнайы ғимараттар тұрғыза бастапты. Жол бойында ерекше сән түзеген бұл ғимараттар бір қарағанда сарай секілді. Меймандостық мекемелерін құру жолында Шығыс, Азия және Кавказ елдеріндегі сауда байланыстарының дамуы үлкен роль атқарды. Аталған аймақтардың территориясы арқылы алып сауда жолдары қалыптасты. Осылайша тауар жүктеген керуендер көші басталды.

Саяхат жасаушыларды түнету мақсатында сауда жолдарын жағалай керуендерді жайғастыратын орындар құрылды. Ұлы қабырғамен айнала қорғалған сарайлар кезінде керуеншілерді қолайсыз ауа-райынан, сондай-ақ түрлі жол азабынан сақтады.

Орта ғасырлардағы қонақжай орындарын дамытудың діни дәстүрлерге де ықпалы болды.

Қонақ үй шаруашылығын дамытудағы тағы бір елеулі кезең Еуропадағы ат күшімен атқарылатын пошта және көлік қатынасының орнауымен байланысты бекеттер. Пошта жолы бойында мемлекеттік тасымалдауға, сондай-ақ демалыс орындарына қызмет көрсететін пошта бекеттері пайда болды.

ХV ғасырларда тұрғын сарайлар пошта бекеттеріне біріктірілді. Оларға мейманхана деген атау тағылды. Осыдан соң кейбір ірі қалаларда қонақжай орындарының қатары біртіндеп көбейе бастады. Бірақ, бұлар - өзгеше сипатта. Мұндағы ерекшелік - жолаушы-жүргіншілердің орналасып, тамақтануымен қатар, олардың коммерциялық құрылымдарын жетілдіруіне жол ашылғандығы. Осыған орай, қонақ үйлерде жабдық бөлмелер, сауда қатарлары, дүкендер, қоймалар құрылды.

«Отель» сөзі ХVІІІ ғасырда қолданысқа енді. Кезінде Францияда көп пәтерлі ғимараттарды отель деп атаған. Мұндай пәтерлер негізінен бір күнге, бір аптаға не бір айға жалға берілетін. Көп ұзамай бұл терминді Америка Құрама Штаттарының тұрғындары қабыл алды. О бастан-ақ алпауыт Америка - мейманханаларды техникалық жарақтандыру ісіндегі жаңа ережелердің, жаңа енгізілімдердің Отаны. Бұл елдерде мейманханаға деген сұраныс қашан да жоғары. Өйткені, мұнда уақытша қоныстануға бел байлаған эмигранттар жиі барып тоқтайтын. Әлемнің алпауыт мемлекеттерін жаулап алған қонақ үй бизнесі көп ұзамай қазақ даласында да дәуірледі.

Кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан саланың бiрi - туризм. Бұл өз кезегінде экономикамыздың едәуiр пайда әкелетiн тармағына айналуымен қатар қонақ үй саласын ілгерілетуге септігін тигізіп келеді.

ҚР Үкіметінің «Экономиканың басымдық секторындағы пилотты кластерді құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қаулысында қазіргі таңда туристік бизнес жандана түскендігі сөз етілген. Қазақстан алдағы 3-4 жыл ағымында елімізге келетін туристерді 10 есеге ұлғайтуды көздеп отыр.

Халықаралық консалтингтік IPK компаниясы келтірген деректер бойынша еліміздегі туризмді дамытуда бес облыс алда тұр. Олар: Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, сондай-ақ Алматы қаласы. Мұндай өсім жоғарыда аталған облыс аймақтарынан ірі орталықтар құруға сеп. Осы сынды қадам қонақ үй бизнесін екпінді дамытуға, туристерге бағытталған орта деңгейлі мейманханалар құрылысын салуға жол ашады.

2006-2007 жылдардағы республикамыздағы қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуы экономикалық өсіммен байланысты сипатталады. Қонақ үй шаруашылығын дамытуға сыртқы және ішкі туризмнің дамуы нәтижесінде қатысушылар санының көбеюі ықпал етті.

Қазақстанда туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысына сәйкес 2007 жылғы келушілер саны 2006 жылмен салыстырғанда 26, 7%-ға өсті. Сырттан келушілер туризмі 31, 5%-ға өсіп, 3996, 3 мың адамды құраса (36, 9%), сыртқа шыққан туристердің саны 2006 жылға қарағанда 22, 7%-ға өсіп, 3396, 0 мың адамды құрады немесе жалпы келушілер ағынының 31, 3% құрады және ішкі туризмнің келушілер саны 25, 5%-ға өсіп, 3449, 0 мың адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 45%-ға өсіп, 34557, 3 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалардың құны 11036, 0 млн. теңгеге жетті (1, 7 есе көбейді) . 2007 жылы 904 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 46 жеке кәсіпкер 422, 6 мың келушілерге қызмет көрсетті. Республикадағы барлық қонақ үйлерде 1906, 9 мың адамға қызмет көрсетілген және қызмет көрсетуден 28166, 4 млн. теңге түскен. Орналастыру объектілерінде 25565 нөмір есептелді, бір уақыттағы сыйымдылығы 58612 койко-орынды құрады.

2006 жылғы есеп бойынша республикамыздағы мейманхана, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны - 385, ал келгендерді орналастырумен шұғылданатын кәсіпкерлер - 163. Мейманханалардағы бір жолғы сыйымдылық - 33 399 орын болса, нөмірлер саны - 15 515. Орта статистикалық әрбір қонақ үйдегі 86, 8 орынға 40, 2 нөмірден келеді. Сонда бір нөмірдегі орташа сыйымдылық көлемі - 2, 2 төсек-орын.

2000-2006 жылдары елімізде мейманханалар саны күрт өсті. Бұл Қазақстанға шетелдік азаматтардың іскерлік мақсатпен келу көрсеткішінің көбеюімен байланыстырылады. Екінші жағынан, соңғы жылдары халықаралық стандарттарға сай келетін жеке мейманханалар, қонақ күту үйлері мен туристерді жайғастыратын өзге де стационарлық орындар бой көтеріп, ескі мейманханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2000 жылмен салыстырғанда мейманханалар, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны 226 бірлікке, яғни 2, 4 есе өскен болса, 1994 жылмен салыстырғанда - 6, 7 есе артық. 2000 жылмен салыстырғанда қонақ үйдегі бір жолғы сыйымдылық 2-2, 5 есеге, нөмірлер саны - 6391 бірлікке, яғни 1, 7 есе ұлғайды.

Қор нөмірінің көлемі жағынан аса ірі қонақ үйлер Алматы және Астана қалаларында орналасқан. Алматыдағы мейманханалар орта есеппен алғанда 148, 8 орынға 72, 5 нөмірден, ал Астанадағы 66, 2 орынға 38, 4 нөмір сәйкес келеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселе - қонақ үй шаруашылығын меншік формасы бойынша бөлу. Жоғарыда аталған 385 орынжайдың 22-сі мемлекет меншігінде болса, 340 - жеке меншікке, 17-сі өзге мемлекеттердің, олардың азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігіне тиесілі.

Ал 340 кәсіпорын жеке меншіктікі десек, соның 37-сі шетелдіктермен бірлескен меншік үлесінде.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ.

Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады:

Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер. «5 жұлдызды» қонақ үйлердің менеджменттері шетелдіктердің басқаруында, келесі категориядағыларға жетекшілік ететіндер - жергілікті топ-менеджменттер.

Халықаралық желіге жататын бес жұлдызды отельдер: Алматыдағы Hyatt Regency мен The Regent Ankara, Астанадағы - OKAN InterContinental мен Rixos Astana President Hotel, ал Ақтауда - Marriott International Ренессанс «Ақтау» атты алғашқы отель желісі. Ренессанс «Ақтау» Отелі - «Ренессанс» брендіне (макетіне) ие болған Қазақстандағы тұңғыш отель.

Тәжірибе көрсеткендей, қонақ үйдегі қызмет түрінің сапасы мен бағасының арақатынас факторы нарықтағы отельдерді тізімдеудің айырмашылық белгісі болып саналады. Бұл [«баға-сапа»] кілтті параметрлердің қонақ үйді таңдар алдындағы ықпалы зор.

Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары түрлі мақсатпен түрліше топтастырылады.

Кесте-1, Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандарының кәсіпорын көлемі бойынша бөлінуі, (адам)

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Барлығы
Жылдар: 28
36
46
Көрсеткіштер: соның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: шағын кәсіпорындар
Жылдар: 14
20
28
Көрсеткіштер: орта кәсіпорындар
Жылдар: 10
12
15
Көрсеткіштер: ірі кәсіпорындар
Жылдар: 4
4
3

Келтірілген кестеден қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандарының кәсіпорын көлемі жағынан шағын кәсіпорындар үш жылда да артып жатқандығын көруге болады.

Кесте-2, Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандарының меншік нысандары бойынша бөлінуі, (бірлік)

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Меншік түрлері бойынша барлығы
Жылдар: 28
36
46
Көрсеткіштер: оның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: мемлекеттік меншік
Жылдар: 6
5
4
Көрсеткіштер: жеке меншік
Жылдар: 20
28
40
Көрсеткіштер: одан шетелдің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар меншігі
Жылдар: 2
2
2
Көрсеткіштер: басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігі
Жылдар: 2
3
2

Бұл кесте арқылы меншік нысандары бойынша үш жылда да жеке меншіктің үлесі басым, яғни жылдан жылға артып отырғаны байқалады.

Кесте-3, Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандары жұмысының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Барлық нөмірлер саны-барлығы, бірлік
Жылдар: 1083
1381
1577
Көрсеткіштер: соның ішінде «люкс» сыныбындағы
Жылдар: 145
171
213
Көрсеткіштер: Бір жолғы сыйымдылығы, төсек-орынның барлығы
Жылдар: 1928
2386
2595
Көрсеткіштер: Ұсынылған төсек-тәулік
Жылдар: 225489
286990
350316
Көрсеткіштер: Толтырылымдығы (%)
Жылдар: 32
33
37
Көрсеткіштер: Есепті кезеңдегі қызметкерлердің орта есеппен алғандағы жалпы саны, адам
Жылдар: 1167
1373
1611
Көрсеткіштер: Құрылыстың жалпы ауданы, барлығы, шаршы метр
Жылдар: 85657, 2
108108, 2
120791, 1
Көрсеткіштер: одан:
Жылдар:
Көрсеткіштер: тұрғын ауданы (нөмірлер ауданы)
Жылдар: 45907, 4
49116, 5
54744, 4

Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру нысандары жұмысының негізгі көрсеткіштерінің жыл сайын өсіп келетіні байқалады.

Кесте-4, Орналастыру нысандарымен көрсетілген қызметтер көлемі,

(мың теңге)

Көрсеткіштер
Жылдар
2004
2005
2006
Көрсеткіштер: Қызметтер көлемі, барлығы
Жылдар: 2539020, 3
3129741, 1
4760601, 6
Көрсеткіштер: соның ішінде:
Жылдар:
Көрсеткіштер: мейрамханалары бар қонақ үйлер
Жылдар: 1821046, 0
2803138, 5
4335299, 2
Көрсеткіштер: олардан - мейрамханалар
Жылдар: 201468, 7
786724, 9
971713, 9
Көрсеткіштер: мейрамханалары жоқ қонақ үйлер
Жылдар: 707016, 3
290426, 6
379204, 2
Көрсеткіштер: жастар туристік лагері және тау туржазбалары
Жылдар: 10958, 0
-
-
Көрсеткіштер: басқа тұру орындары
Жылдар: -
36176, 0
46098, 2

Демек, орналастыру нысандарында көрсетілетін қызметтерге сұраныс 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 1, 52 % -ға өсе түскен. Соның ішінде мейрамханалары бар қонақ үйлерге 1, 54 %-ға, мейрамханалардың өзіне 1, 23 %-ға, мейрамханалары жоқ қонақ үйлерге деген сұраныс 1, 30 %-ға, ал өзге тұратын орындарға 1, 27 %-ға дейін жеткен.

Кесте-5, Келермендердің сапар мақсаттарына қарай бөлінуі,

(адам)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Сақтандыру түрлері, оның экономикалық мәні
Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы негізгі және айналым қорлары
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек статистикасы
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Кәсіпорының табысың ұтымды пайдалану шараларын дайындау
Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылық
ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz