Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы


63
Т 50
Тойбек, Ж.
Тәуелсіздік тарту еткен тарихи атаулар [Текст] / Ж. Тойбек, Б. Айқынбай [и др. ] // Орталық Қазақстан. - 2011. - 26 қараша (№196-197) . - (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл) .
«Халық жерге ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған. Тәуелсіз мемлекеттің бір белгісі - оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан да көрініп тұруға тиіс . . . ».
ҚР Президенті Н. Назарбаев.
“Ономастикалық саясатты» босаңсытуға болмайды. Отаршыл заманды еске түсіретін, халықтың намысына тиетін атауларды бірте-бірте ауыстыру қажет», - деген Елбасымыздың сөзі тіл саласында жүрген мамандар мен ғалымдарға салмақ артқандай.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, Ұлттық ономастика ісіне анық мемлекеттік көзқарас орнығып келеді. Бұл мақсатта Хамит Омаров басқаратын Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан да біршама жұмыстар атқарылуда. Облыстағы ономастикалық қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында басқарманың бастамашылығымен Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарихшы ғалымдарымен бірлесіп, Қарағанды облысы аудандарының топонимикалық карталарын жасау жұмысы қолға алынып, жүргізілуде. Нәтижесінде аудандар бойынша елді мекендер мен жер-су атауларының тарихи негіздемелері дайындалуда. 2009 жылы «Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме», 2010 жылы «Қарқаралы ауданы топонимдері» атты кітаптар баспадан шықты. Ағымдағы жылдың қазан айында «Жаңаарқа ауданының топонимикасы» атты кітап жарық көрді. Осы орайда А. Сейдімбек, А. Смайыл, Т. Көкетайтегі, І. Ісләмов, Б. Рақымов, М. Жакин, Т. Аршабеков сынды ғалым азаматтарымыздың сіңірген еңбегі зор. Осы ғалымдардың арқасында ұлттық ономастиканың дамуына зор ықпал етер еңбектер дүниеге келуде.
Жақында Жаңаарқа ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ел тарихы - тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі» атты семинар өтті. Семинарды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Х. Омаров ашып, жүргізіп отырды. Онда «Жаңаарқа ауданының топонимикасы» кітабының тұсаукесері өтті. Семинарда физика математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖҒА және халықаралық ақпараттану академияларының академигі, Ғасыр адамы Т. Көкетаев, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, белгілі өлкетанушы І. Ісләмов, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты М. Жакин елді мекен жер-су атауларының тарихи, тілдік, әкімшілік-аумақтық анықтамалары хақында ғылыми тұрғыдан терең ой қозғады. Басқосуда тіл және ономастика саласында тәуелсіздік алған жылдардан бергі қол жеткізген жетістіктер өзек болды. Ендігі сөз тіл жанашырларында.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің бастығы Б. Айқынбай:
Облыстағы ономастикада оң өзгерістер көп
Еліміз егемендік алған 1991 жылдан бері облыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге ат қою және олардың атын өзгертуге, атауларының транскрипциясын нақтылау жөнінде жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізілуде. Облыстағы 3 ауданның (Мичурин - Абай, Ульянов - Бұқар жырау, Совет - Қазыбек би), 1 қаланың (Никольский - Сәтбаев) атаулары өзгертіліп, 1 қаланың (Джезказган - Жезқазған) транскрипциясы нақтыланды. 31 ауылдық округтің, 39 ауылдың, 13 кенттің атаулары өзгертіліп, транскрипциялары нақтыланды, елді мекеннің, теміржол станса атауларының орыс тіліндегі транскрипциясы нақтыланды.
Дегенмен, әлі де кейбір елді мекендердің атаулары бұрынғы орысша қалпында тұр.
Мысалы, Первое Мая, Ростовка, Петровка, Дубовка, Корнеевка, Новокарповка, Майоровка, Крещеновка, Святогоровка, Русская Ивановка, Чапаев, Комсомольское, Тельман, Пионер секілді халқымыздың ұлттық сипаты мен елдігімізге сын болар елді мекен атауларын облыс аумағынан әлі де болса көп кездестіруге болады.
Осы секілді елді мекен атаулары тәуелсіз елдің мүддесіне қарай неге толық өзгертілмей жатыр деген пікірлердің жиі айтылатынына да көңіл аудару қажет. Мұндайда тым асығыстыққа да салынбау керек. Кей азаматтар қандай да бір елді мекен, не болмаса басқа да жаңа атауды қажет ететін нысандарға ат беру мәселесінде ұлттық мүддеден гөрі жеке мүддесін жоғары қояды. Осылайша өз ата-бабасының, не болмаса туған-туыстарының атын ұсынатыны да өтірік емес. Біз - ең алдымен осыдан сақтануымыз қажет. Жаңа атау беру - ағайын-туыс не болмаса белгілі бір ру өкілінің беделін арттыру емес, сол өлкенің тарихына деген жанашырлықпен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл бағытта жергілікті ономастикалық комиссиялар құрамы жұмыс атқаруда деп ойлаймыз.
Тағы бір тоқталып өтер жайт, ол кейінгі уақытта 3 рет мораторий жариялануына байланысты атауларды өзгерту шектелді.
Облысымызда басқа ұлт өкілдері басым орналасқан қала мен аудандар бар. Заң бойынша ол жердің атауын өзгерту немесе қайта атау үшін жергілікті халық пен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың қолдауы мен ұсыныстары керек.
Бүгінгі күні Қарағанды облысының елді мекендеріндегі, қалаларындағы, аудан орталықтарындағы көше атауларының басым көпшілігі Кеңес дәуіріндегі әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты ыңғайластырып қойылған. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша қазақша аталған көшелер үлесі небәрі 35, 6%-ды құрайды. Ал, Шахтинск қаласында -5, 6%, Саран қаласында - 5, 2%, Осакаров ауданында -4, 1% ғана.
Облыс аумағында ономастикалық жұмыстардың негізгі бөлігі транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған атауларды қалпына келтіру жұмыстары болып табылады. Бұл бойынша облысымызда көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар нәтижесінде Джезказган қаласы -Жезқазған қаласы, Джезді - Жезді, Коунрад - Қоңырат, Гульшат кенті - Гүлшат кенті, Кызыл-Джар станциясы - Қызылжар стансасы болып өзгертіліп, көптеген елді мекендеріміздің атаулары қазақы сипатқа сай қайта түрленді.
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С. Нұрлыбаева:
Тәуелсіздік нышандарына толы Жезқазған өңірі
Соңғы 3 жыл ішінде бөлімнің ономастика бағытындағы жұмыстары, яғни, қала көшелеріне белгілі қайраткерлердің есімін беру, ескерткіш тақта орнату туралы мәселелер Жезқазған қаласының әкімдігінің отырысында бірнеше рет қаралды. 2009 жылы Жезқазған қаласындағы В. Маяковский көшесін О. Асылбеков, Горький көшесін К. Смаилов көшелері деп өзгерту туралы әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты.
Ономастикалық комиссияның және мемлекеттік мұрағаттар құжаттары негізінде қаламыздың 55-жылдығына орай «Жезқазған қаласының көшелері» атты ақпараттық - танымдық кітап жарыққа шықты.
Қала мектептеріне елімізге танымал қоғам қайраткерлерінің есімін беру мәселесі, атап айтар болсақ, Жезқазған қаласындағы №1 орта мектебіне Ахмет Байтұрсыновтың, Кеңгір селосындағы №2 орта мектебіне - Мұхтар Әуезовтің, Жезқазған қаласындағы №4 орта мектебіне - Бауыржан Момышұлының, Талап селосындағы №6 орта мектебіне - Қайрат Рысқұлбековтің, Жезқазған қаласындағы №9 орта мектебіне - Мағжан Жұмабаевтың, Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектебіне - Міржақып Дулатовтың, Жезқазған қаласындағы №13 орта мектебіне - Дінмұхамед Қонаевтың, Жезқазған қаласындағы №21 орта мектебіне - Мұстафа Шоқайдың, Жезқазған қаласындағы №26 гимназияға Шоқан Уәлихановтың, есімдерін беру туралы мәселе жергілікті тұрғындар мен құзыретті органдар тарапынан қолдау тауып, қазіргі кезде облыстық ономастика комиссиясының қарауына берілді.
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 20/01 қаулысына, Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 26/313 шешіміне сәйкес, Сәкен Сейфуллин бульвары - «Ғарышкерлер» бульварына, Жастар көшесі - Желтоқсан көшесіне, 30 лет Победы көшесі-Жеңіс көшесіне ауыстырылып, 8 мөлтек ауданының атаулары жоқ көшелеріне Уәйіс Байжанұлы, Бабыр би, Бозай баба атаулары берілді. Некрасов көшесінің Қасым Аманжолов көшесі қиылысынан бастап Алашахан даңғылына дейігі бөлігі Сәкен Сейфуллин көшесі болып аталды.
Өңіріміздің өнеркәсібіне, қоғамдық-саяси өміріне өзіндік үлес қосқан тұлғалардың тұрған үйі мен қызмет еткен жұмыс орындарына мемориалдық тақта орнату мәселесі де назардан сырт қалған емес. 2009-2011 жылдары аралығында қаламыздағы №8 мектеп гимназиясына Нәписа Шенеуованың, Жезқазған қаласындағы теміржол бекетіне Сартбай Қуанышбаевтың, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне Ғибадолла Жакеновтің, Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау департаментінің Жезқазған қаласы бойынша басқармасына Таңатар Жанаевтың, медициналық колледж ғимаратына Рақымжан Құсайыновтың, Қазақ ССР-нің білім беру ісінің үздігі Томарбай Жақыповтың тұрған үйіне, Жезқазған қаласы прокуратурасының ғимаратына Николай Манаевтың, Жезқазған қаласында қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Нәкеновтің және Жезқазған каласының Құрметті азаматы, соғыс ардагері Әуезхан Мұсабаевтың тұрған үйлеріне мемориалдық тақталар орнатылды.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай тәуелсіздік нышаны ретінде, қаламызды абаттандыру және көркейту бағытында Жезқазған қаласы дамуының 20 басымдық бағдарламасы әзірленген болатын. Аталмыш бағдарлама аясында Жезқазған қаласында Абылай хан ескерткіші салтанатты ашылып, «Абылай хан және қазақ рухы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Биылғы жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш және дауылпаз ақын Қ. Аманжоловтың мүсіні салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар, жауынгер интернационалистер ескерткішінің алдында митинг болып, «Ғашықтар көпірінің» ашылу салтанаты өтті. 18 тамыз күні Жезқазған қаласында шағын бақ ел игілігіне берілді.
Тәуелсіздігіміздің тағы да бір айқын нышаны ретінде Жезқазған каласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №28/14 қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылған «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін айтуға болады.
Тәуелсіздігімізді баянды ету бағытында Жезқазған қаласының Даму бағдарламасы шеңберінде «Ұлытау кітапханасы» сериясына жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоғарыда аты аталған «Ұлытау кітапханасы» сериясының басты мақсаты - жергілікті қаламгерлердің, ғалымдардың көркем, көпшілікке арналған ғылыми-танымдық еңбектерін жарыққа шығару болып табылады.
Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Г. Есмұрзаева:
Қателерге қатаң қараймыз
2011 жылы қалалық бюджеттен 970, 0 мың теңге - мемлекеттік тілді насихаттауға арналған іс-шараларды жүзеге асыруға, 3130, 0 мың теңге мемлекеттік тілді оқытуға бөлінді. Қалалық ономастикалық комиссия көшелерді қайта атау мен мекемелерге атау беру жөнінде 5 өтінішті қарады. Атап айтқанда, олар қала көшелерінің біріне Ғазиз Омаровтың, Балаби Баймағанбетовтің, Жаулыбай батырдың, Әбсәмет Тәжбеновтің атын беру және қаланың №1 мектеп-гимназиясына Хакима Жомартбаеваның атын беру туралы өтініштер қаралып, қанағаттандырылған еді. Бірақ 2010 жылдың 12 қарашасындағы Елбасының тапсырмасына сәйкес нысандарға, елді мекендерге, көшелерге, мәдениет және білім мекемелеріне атау беру және қайта атау жұмыстары уақытша тоқтатылды.
«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға - сауаттылық!» айлық аясында Сәтбаев қаласының барлық көшелері қамтылып, әсіресе, кәсіпкерлік нысандар шоғырланған көшелер ерекше назарда болды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 60-тан астам кәсіпкерлік нысандарында заңбұзушылық пен қателер анықталды.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының Сәтбаев қаласы мемлекеттік мекемелерінде сақталуы туралы қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 2-9 тамызы аралығында мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда және қаланың кәсіпкерлік нысандарында көрнекі ақпарат пен жарнаманы беруде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңы 6-бабының жүзеге асу жағдайын зерделеу бойынша сараптама жұмысы жүргізілді.
Жүргізілген сараптама жұмысы барысында Тәуелсіздік, Сәтбаев даңғылдары, Абай, Ұлытау, Ерден, Қалмағамбетов, Наурыз, Құсайынов, Гурба, Байқоңыров, Комаров көшелері қамтылып, 372 нысандағы көрнекі ақпарат қаралды. Оған қоса екі жақты 20 билборд мәтіні назарға алынды. Барлық билбордтағы мәтіндер мемлекеттік және орыс тілінде берілген.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 70-тен астам нысандарында заңбұзушылық пен қателер анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтар мен қателерді қолданыстағы Заңдарға сәйкестендіру қажеттігі туралы кәсіпкерлік нысандардың басшыларына хат жолданды. Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап, қазақ тіліндегі көрнекі ақпараттың мәтіндерін жарнама берушілердің немесе жарнамалық агенттіктердің тексертуі тәжірибеге енгізілген. Жыл басынан 35 жарнама мәтіні келісілді. Былтырғы жылы келісілген жарнамалардың саны 24 болатын.
Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары М. ЖандӘулетов:
Кеңес кезіндегі атаулар келмеске кетті
Бұл бағытта кейінгі жылдары біздің де ауданымыз бойынша үлкен жұмыстар атқарылып келе жатқанын айтуымызға болады. Бүгінгі күнде көптеген үлкен нысандар, көшелер, елді мекендер қазақы атаулармен аталуда.
Атап айтқанда, Рассвет селолық округі - Қараағаш, Дружба селолық округі - Байдалы би болып тарихи деректерге сай өзгертілсе, Ленин даңғылы Тәуелсіздік даңғылы болып өзгертілді.
Аудан орталығындағы көшелерге қазақтың зиялы азаматтарының және атақты жерлестеріміздің есімдері берілді. Атасу кентіндегі Первомайская көшесі - Байғозы батыр, Трудовая көшесі - Нияз батыр, Советская көшесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz