Демократияның қазіргі теориялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

І ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ЕРКІНДІКПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДАҒЫ ЕРКІНДІК9

1. 1 Б. Констанның еркіндіктің екі түріне салыстырмалы сараптамасы9

1. 2 Аббат де Мабли, Руссо және Монтескьенің көзқарастары16

1. 3 Саяси еркіндік жеке бас еркіндігінің кепілдігі ретінде21

1. 4 Өкілдік жүйенің мүмкіндіктері мен функциялары22

1. 5 Демократияның плюралистік теориясының жалпы көріністері24

ІІ ДЕМОКРАТИЯ - ҚОҒАМ ҰЙЫМДАСУЫНЫҢ САЯСИ ФОРМАСЫ26

2. 1 Қазіргі заманғы концепциясы26

2. 3 Демократияның қазіргі теориялары38

2. 4 Демократияның жетістіктері мен кемшіліктері40

2. 5 Демократия сабақтары44

2. 6 Бізге қандай демократия қажет?47

ҚОРЫТЫНДЫ50

сілтемелер52

пайдаланған әдебиеттер тізімі54

КІРІСПЕ

Топсыз индивид - жансыз абстракция. Топта ғана, сондай-ақ топаралық қарым-қатынаста ғана тұлға қалыптасады, оның мүдделері, құндылық бағдарлары және саяси қызметінің мотивтері анықталады. Әрбір адам - көптеген топтың өкілі: отбасылық, кәсіптік, діни, демографиялық және т. б. Топтың көмегі арқылы тұлға өз мүдделерін іске асыруға және қорғауға мүмкіндік алады.

Халықты алатын болсақ, онда ол саясаттың басты субъектісі ретінде әрекет етеді, билік үшін күресуші әртүрлі бәсекелес топтардан тұратын күрделі, іштей қарама-қайшы түзілімді білдіреді. Демократияның мақсаты - қоғамдағы әралуандылықты, плюриализмді ынталандыру, барлық азаматқа бірігу, өз мүдделерін ашық білдіру мүмкіндігін беру.

Демократия - құбылмалы болғандықтан және бірауызды еместігінен, ол көпшіліктің тұрақты өкіметі емес, әдетте әр түрлі жеке адамдардан, топтардан және біріккен пәтуә негізінде құрылады. Бір де бір топ қазіргі батыс қоғамындағы басқа қоғамдық қауымдастың қолдауына сүйенбей өкіметті жеке-дара иемдене алмайды және шешім қабылдауға қабілеттері жоқ. Құрамдас, наразылық топтар өкіметі жеке-дара иемдену тенденциясын тоқтатып, қажетті әлеуметтік қарама-қарсы тойтарыс беріп, жағымсыз шешімді қоршап алулары мүмкін.

Осы немесе басқа топтардың мүдделерінің саяси шешімдеріне қысым көрсету, әдетте, олардың мүшелерінің саясатқа деген тартылуын арттыра түсіп, оның үстіне олардың келесі саясатқа деген ықпалын күшейтеді. Ең соңында саяси одақтар мен ымыра негізіндегі күрделі бақталастық қарым-қатынасында мемлекеттік шешімде көп қырлы әсерлі, топтық мүдделер арасында тепе-теңдік құрылады.

Демократия, әртүрлі қоғамдық топтарға өздерінің ойларын еркін жеткізуге және бәсекелестік күресте олардың ымыра шешімдеріндегі балансын көрсетуге мүмкіндік беретін көріністегі басқару формасы.

Қоғамға демократия қажет пе?

Демократияның әлемде таралуы - күрделі және қарама-қайшы процесс. Афина мемлекетінің пайда болу сәтінен бастап демократиялық мемлекеттер ылғи да азшылық күйінде қалатын болды. Адамзат тарихында демократияның сирек «құйылма», демократиялық мемлекеттердің санының кеңеюуінен әдетте, оның «құйып алу» созылмасы байқалады, - осындайлардың сандарының азаю немесе жалпы көп ғасырға жоғалуы жүреді. Кез келген мемлекет демократияға дайын ба және оның қоғам мен жеке адамдарға беретін қандай қабілеті бар, - мемлекеттердің құлдырауы, хаос және анархия.

Көптеген жылдар аралығында ымырашыл демократия комммунисттік идеология және социализм құрамдас мемлекеттермен күрестегі Батыстың ең бір негізгі символы болды. Бұл күнделікті жағдайға ғана ізін қалдырмай, демократия туралы ғылыми көріністе те көрінді. Оның асқақтатата жалпы таралуына себепші болып, мүмкіншіліктеріне жоғары баға беріп, демократияны барлық елдер мен халықтар үшін ең жақсы және әмбебап саяси құрылым формасы ретінде негіздеді.

Әлемдік саяси ой-пікірде демократия құндылық және ұтымды-пайдалық түрде негізделген. Олардың біріншілері демократияны өзін-өзі бағалаушы ретінде қарастырады (оның экономикалық және әлеуметтік әсеріне тәуелсіз), негізгі жалпыадамзат құндылығының мемлекет құрылымында шынайы жүзеге асуы ретінде: бостандық, теңділік, әлеуметтік әділдік және т. б. Шындығында іс-жүзінде осылай ма?

Қаншалықты қазіргі демократия моделі өзіне осы құндылықтарды іске асырады немесе оның іске асуына себебін тигізе ме және осы құндылықтар жалпыадамзаттық болып табыла ма, яғи, барлық адамдардың арманы ма және қалауы ма немесе тым болмаса олардың басым көпшілігі?

Демократиялық құндылықтардың ең бір қадірлі түрі - бостандық. Мыңжылдық аралығында бостандықтан көрінгендердің көбі игілік болып саналмады. Тіпті аттиканың ұлы ойшылы Аристотель де адамдарға қалай өздері өмір сүргілері келеді, солай өмір сүру керек деген дұрыс белгі емес, басқарудың жаман формасы деп есептеді.

Кейбір өркениет тіпті өздерінің ымырашыл түсініктерінде бостандық дегенді, яғни мемлекеттен және қоғамнан тәуелсіз болуды білмейді. Мәселен, Қытайға бостандықтың ымырашыл түсінігін ХІХ ғасырда ғана еуропалық христиандық миссионерлер әкелген. Бұл қоғам мемлекеттің басқаруымен адамгершілік, үлкеннің кішіге қамқорлылығы сияқты және үлкенді тыңдау, игі тәрбиелік, ізеттік және жазалау прициптерінің негізінде құрылған шынайылықтан шыққан қоғамдық және саяси иерархия.

Бостандықты мойындамаудың ең ұзақтығы, оның түсіндіруінде теріс бағалауы ретінде жалпы пікір бой алды. Осы ойдың логикасын терең аша отырып, Е. И. Замятиннің белгілі романындағы бір кейіпкер «Біз» бостандықты ұйымдастырылмаған, жабайы адамзат күйі ретінде, келесі бет жағы қылмыс пен сор деп теңестіріп қараймыз деген.

Қазіргі кезде бостандыққа біршама тартылу көбейсе де, көптеген адамдар, басым көпшілігі, ойланбастан бостандықты, әсіресе саяси, тұрмыстық жағдайға, сақтыққа және тәртіпке айырбастап жібереді. Халықтың бостандыққа деген осындай көзқарастары мемлекеттік құрылымда бостандықтың шынайы түрде жүзеге асу ретінде демократияны дәлелдеуге күмән келтіреді.

Сірә, егерде бостандықтың өзі жұршылыққа негізгі жалпы азаматтық құндылық болып саналмаса, онда демократия оған үміттене алмайды, бостандықтың тым тар аспектісіне ғана ниеттене алады - саяси бостандыққа. Айтылып кеткендей, демократия жекк адамның өзіндік бостандығының және басқа құқықтарының жоқ болуымен толығымен қосылады, көпшіліктің зорлығымен. Иә және саяси бостандыққа демократияның өз принциптері экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық және нарықтық қоғамда бір қалыпта жеткілікті бөліп тастамаған кейбір басқа ресурстардың көмегімен әдетте қолдануға шектелмейді.

Демократия үшін бөлінбестей болып табылатын, бір ғана, бостандық формальды-саяси аспекттісі, үкімет мүшелерінің қалыптасуына қатысудағы азаматтардың бірыңғай құқықтығы. Осы құқық қазіргі азаматтар үшін құндылық болып табыла ма?

Мыңжылдық аралығында кез келген саяси бостандықтар кірмей толығымен монархиялар мен аристократтардың басқаруы тиісті және әділетті болып саналды. Әлемдік жеке көзқарастардың дамуымен және өздік тұлғалық сана-сезім адамдардың мемлекеттік істерге араласуына кірісулерін молайтты, саяси бостандық бір қоғамдық құндылыққа айналды. Бірақ, саясат қазіргі адам өміріне жеткілікті әсер тигізетіне қарамастан, оның қалыптасуына еркін қатысуға мүмкіндік болса да, көпшілік азаматтарға өкіметке тең құқылы әсер қажетті құндылық болып саналмайды.

Бұл біріншіден, адамзаттардың тікелей қажетті өмірлік мүдделері әдетте сыртқы саяси сферасында жатуымен түсіндіріледі және олардың қолданылуы тікелей демократиямен байланысты емес. Саяси бостандық оның орындалуына кедергі болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда азаматтар, өздерінің бостандығын басқа өмірлік қажетті мақсаттар үшін шектеуді артық көреді, мәселен экономикалық тиімділік, қауіпсіздікті нығайту және тәртіпті т. б. Сондай-ақ демократия, көпшіліктің шешуімен даралықтың шектелуінің құралы ретінде толығымен шығуы мүмкін, ал кей кезде кез-келген бостандық, мысалы Веймар мемлекетінің Гитлерге жоғарғы өкіметтің демократияны беру жағдайы сияқты.

Халықтың сана-сезімінде саяси бостандықтың төмен бағалық статусы жөнінде, сондай-ақ тікелей «плюстар» және минустар», жеке өзінің пайдасы мен шығынның қолайсыз ара қатынастары да түсіндіреледі. Саяси құқықты белсенді таратудан тікелей пайда әдетте көп емес және бір адамды жиі саяси шешімге қатынасуына ықпал жасаудың өзі күмәнды болып көрінеді. Уақыттың, энергияның жіберілуі, ал кей кезде саяси істің тиімділігі үшін қажет жіберілген материалдық қаражат, тіпті айтарлықтай. Сондықтан ағымдағы көзқарастармен, тар эгоисттік қызығушылықтағы жеке адамға саяси бостандықты қолдануға мүлде пайдалы емес, мемлекеттік шешімдерге қатысуға және қоғамдық жағдайларға. Бірақта қоғамдық қызмет адамның өздігінен дамуға жәрдем береді, көпшілік адамдар сонда да саясаттан гөрі өзін өзі таныту үшін басқа сфераны қолайлы көреді.

Көпшілік адам үшін саяси бостандықтың және демократияның әлсіз байланысы және бостандықты демократияның құндылығының негізделуіндегі күмәнділігі қою төмен мәнділігі туралы болын көрінеді.

Демократияның дәлелдеуіндегі кең таралған басқа да құндылықтары өздерінің нанымдылығымен ерекшеленбейді, мәселен оның теңдікпен теңдестіруі және әлеуметтік әділеттілік. Бұл түсініктердің өзі жеткілікті бір мағынада емес әр түрлі адамдармен, сондай-ақ ғалымдармен түсіндіріліп жүр.

Қазірге өмірде көпшілік азаматтардың құрметі бойынша теңдіктің құндылықтары әр адамға бірдей өмірлік мүмкіндік беруінде, жеке адамның өзіндік даму мүмкіндіктері немесе әр адамның еңбегіне, істеген қылығына қарай алулары. Осындай теңдік әлеуметтік тепе-теңдікке және әділетсіз теңсіздікке қарама-қарсы әділеттік болып саналады.

Демократия теңдік мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету және істеген еңбегіне қарай құрметтеу істерімен әлсіз байланыста. Ол тек барлық азаматтардың формальдық теңдігін білдіреді, яғни, олардың тепе-теңдігі заңды түрде ғана. Оның қамтамасыз етілген саяси теңдігі адам өміріндегі мүмкіндіктер теңдігінің шындығынан өте алыста және әлеуметтік теңсіздікті жтығып тұратын перде ретінде қолданылады.

Демократияның бостандықпен, теңдікпен және тұтастай гуманизммен әлсіз байланысын есепке ала отырып, оны адамзат құндылығының ең бір негізін қалаушы болып табылатын әлеуметтік әділдікпен теңестіретін ешқандай негіз жоқ.

Адамдар (жалпы адамзат) құрмет тұтатын құндылықтарға демократияның қарым-қатынасы бірқалыпты емес екендігі анық - бостандыққа, тендікке, әлеуметтік әділдік және т. б., сондай-ақ олардың әрқилы, кей кезде қарама-қарсы түсінік берулері және олардың басқа белгілі нәрселерді қалауы, яғни күнделікті жер бетінде болып жатқан қуаныштарды олардың мүмкішіліктерінің жоқтығын дәлелдейді немесе, белгілі бір шамада демократияны күмәнды құндылықтық бағалау оны әртүрлі халықтың мәжбүрлеп «бақытты ету» талабы ретінде қарауға тең болады.

Егер де демократия өзі шағын болса да жалпы халық қабылдаған құндылығы болмаса, онда ол құралдық құндығы бар, яғни қоғамға және адамдардарға басқа басқару формаларына қарағанда салыстырмалы түрде пайда әкелетін қабілеті бар шығар?

Екіншіден, демократия пайдасына рационалды-утилитарлы айғақтар тобы құндылық тәсілі тұрғысынан абстракцияланады және оны азаматтар үшін барынша ұтымды, пайдалы ұйымдастыру нысаны ретінде түсіндіреді. Демократиялық басқару барлық қоғамдық топтарға өз мүдделерін артикулдеуге және үйлесімді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Ол қоғамның жаңа бағытқа, заман және әртүрлі әлеуметтік күштердің талабына қабылдағыштығын арттырады, оңтайлы шешімдерді табу ықтималдығын жоғарылатады.

Демократия әлеуметтік баламаны көрсету және таңдау механизмі ретінде өзін көрсетеді. Бақталас нарықтық құрылымдармен бірлесе ол қоғамды халықтың қалауымен кез-келген идея мен нұсқаларды дамыту үшін қоғамның дайын екенін көрсетеді. Сондықтан демократиялық нарықтық мемлекетті ашық қоғам деп атауға болады. Бұл «капитализм» және «социализм» сияқты кеңінен танымал сипаттамасы бар топтармен келісімге келе алмайтының білдіреді.

Демократияның ұтымды-пайдақорлық негізделуі жеткілікті егжей-тегжейлі теория жүйесінде жазылған. (Н. Луманн, К. Дойч және т. б. ) Демократияның жүйелік нұсқалары оны адамгершілік тұрғыдан ақтамайды, әлеуметтік жүйені сақтау мен дамыту мүмкіншілігі үміттерімен және оның тұрақсыз өзгерісте болатын ортаға дағдылануы. Демократиялық жүйенің жоғары икемдеушілік бірнеше өзіне тән принциптері қызмет етеді. Сонымен, демократияны ынталандыратын әралуандық пікір саяси талғаудың диапозонның кенейтеді және даму жолдарының ұтымды мүмкіндіктерін тауып қоғамдық көріністің яғни рухани және әлеуметтік байлықтың әралуандығымен қамтамасыз етеді. Демократиялық араласу әрқилы мазмұндағы көзқарастарды білдіруге және саяси шешемдерді қабылдауда олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік туады.

Оппозицияның бар болуы саяси шешімдердің жобаларын жан-жақты талдауға, олардың әлсіз жақтарын көрсетуге, баламаларды табуға мүмкіндік береді. Әрдайым парламент пен үкіметтің бәсекелестік ауысулары деркезінде қателер мен жағдайлардың өзгеруіне байланысты саяси курсты түзетулеріне жәрдем береді.

Демократияның жүйелік дәйектемесі өздерінің адамгершілік пейілсіздіктері, құлықтылық тегеурінді талаптары мен жалпыадазаттық құндылықтарын абстракциялаулары үшін сыни пікірлерге бой ұрып жүр. Жүйеліктің бірыңғай жетістіктегі көзқараспен қарасақ жүйені өзіндік сақтау жәрдеміндегі адамгершіліктері аз формадағы кез келген ұйымдарды ақтауға болады.

Демократияның жүйелік моделі - жиі және оның рациональдық-пайдақорлық негізі - бостандыққа талпынушы, демократиялық процедураны, заңды, басқа адамдардың құқығын қорғай алатын қабілеттері бар адамға дұрыс ойлаушы және әсер етуші жан ретінде қарау дәстүрлік ымырашыл ойлаудан мүлде шығып қалған. Болжам бойынша, осындай демократиялық моделдің басты тұлғасы - сайлаушы - дұрыс «өзінің жеке мүддесін дұрыс түсінеді және өз мүддесінде кандидаттардың қайсы қолайлы, жақсы қызмет істейді сонны бағалайды, және одан кейін өз дауысын қай кандидат көп дауыс алды соған береді».

Бұндай жеке тұлғалық модель азды немесе көпті дәрежеде батыстық болысты көрсетеді, бірақ ешқандай жан-жақты бола алмайды.

Әлеуметтік иррациональдық іс-әрекет, жеке және топтық эгоизм, халықтың және басқа адамның мүдделерін жаратпау, бір тоқтамға келуді қаламау, ұлттық, діни және топтық ымырасыздық бүгінгі күнде көпшілік әлем мемлекеттерінде саяси өмірдің кәдімгі бет көрінісі болып табылады. Саяси антропологтардың көпшілігінің айтуы бойынша, адам ылғи да демократияға дайын емес, немесе ол - «қауіпті және тәуекелдік, азғындыққа дайын, сыртқы ықпалға, шағыстыруға беріліп кетуге дайын, және кішкене ғана жете ұғынатын қарама-қайшылық жан». Тек қана жеке тұлғалар ғана емес, сонымен қатар жалпы халық өкімет жағынан патерналисттік қарым-қатынасқа тартылды. Көпшілігі эгоисттік ұмтылудан және агрессивтік инстинкт пен адамды өзінен өзі қорғайтын қатал, беделді өкіметсіз дұрыс өмір сүре алмайды.

Солай бола тұрса да барлық адамдар мен демократия туралы барлық пікірлермен келісе беруге болмайды, тарихтан белгілі, демократия - игілікті іс, егерде ол саяси мәдениетке және халықтың менталитетіне сәйкес келіп, қажетті экономикалық және әлеуметтік алдын-ала жағдайы болса ғана. Қарсылық жағдайда ол охлократияға айналады - демагогтар бағытталған, қалың тобыр өкіметіне, хаос пен анархияға әкеледі және ең соңында диктаторлық тәртіпке көшеді.

Сыншылар үшін демократияның рациональды-пайдакүнемділік негізделуі ретінде де, құндылық ретінде әлсіздігі оның жан-жақты еместігінің, барлық уақытта және халықты басқару формасы бола алмайтының белгісі. «Жаман», нәтижесіз демократия кейбір авторитарлық және жаппай режимнен қарағанда қоғам мен азаматтар үшін жаман болуы мүмкін. Тарихтың дәлелдеуі бойынша, әлсіз немесе сыбайласқан демократиялық режимдерден гөрі әскери хунталар және басқа беделді өкіметтер экономиканың гүлденуіне жағдай жасады, тұрмыс-жағдайдың өсуіне, халықтың қауіпсіздігін бекіттеуге, жеке адам бастарына бостандықтарына кепілдік берді, сондай-ақ еңбек ақыларын көбірек әділді бөліп беру нәтижелеріне іске асырды.

І ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АДАМДАРДАҒЫ ЕРКІНДІКПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДАҒЫ ЕРКІНДІК

1. 1 Б. Констанның еркіндіктің екі түріне салыстырмалы сараптамасы

«Саяси ойлар антологиясы» журналының айдарында жазушы, саяси қайраткер және публицист Бенжамен Анри Констан де Ребактың (1767-1830) шығармасы айрықша қызығушылық тудырады. Мазмұны бойынша бұл терең салыстырмалы-тарихи саяси зерттеу. Антик және қазіргі заманғы қоғамдардағы еркіндік пен демократияның әртүрлі сапалық негіздерін көрсете отырып, Б. Констан көне замандағы институттар мен принциптерді Жаңа заманға механикалық тұрғыдан көшірудің зияндығы туралы, тұлға құқығының меншік институтымен органикалық байланысы туралы тұжырымдар жасайды (1) .

«Менің сіздерге еркіндіктің екі түрі арасындағы бірқатар айырмашылықтарды көрсеткім келіп отыр. Айырмалар осы күнге дейін байқалмай келді немесе оларға өте аз назар аударылды. Еркіндіктің біріншісі, оны насихаттаған ежелгі халықтар үшін соншалықты қымбат; екіншісі қазіргі замандағы халықтар үшін ерекше құнды болып көрінеді» - деп бастады сөзін Констан, осы екі қарым-қатынасты зерттеуін қарастыра отырып.

Біріншіден, біздің замандастарымыздың еркіндіктің осы екі түрін араластырып жіберуі әйгілі революциялар заманындағы көптеген бақытсыздықтардың себебі болды. Кәсіпорындары өнім бермей ашуға булыққан, ызалы адамдар жасаған өнімсіз істерден Франция қалжырап, өзін қажыңқы сезінді. Адамдар елді өзі қаламаған игілікті пайдалануға мәжбүрлеуге, өздері ұмтылған нәрселерді одан тартып алуға тырысты.

Екіншіден, біз соншалықты өзіміздің бақытты революциямызға еліккендіктен (мен оны қалай болғанда да бақытты деп атаймын, өйткені нәтижелерін назарға аламын) өкілдік басқару үлгісінің игіліктерін пайдалануды оңды деп санайтындықтан, біз қазіргі кезде астарынан бірқатар еркіндік пен шабытты іздестіретін жинақтың неліктен пайдалы және қызықты болатынын зерттеу антик дәуірінің еркін ұлтына тіпті де мүмкін емес еді.

Бізге бірқатар ежелгі халықтардың өкілдік басқару іздерін тануға деген талпыныстар белгілі, мысалы, Лакедемон республикасында (2) немесе біздің ата-бабаларымыз галлдарда, бірақ оның бәрі бос іс.

Лакедемондарды діни-касталық аристократтар басқарды, бірақ онда өкілдік басқару болған жоқ. Патшалардың билігі шектеулі болды, бірақ оны өкілеттіктері бар адамдар емес, эфора шектеді, яғни қазіргі күндегі біреулердің сайлауы біздің еркіндігімізді қорғайтыны секілді. Әрине, патшалар бекіткеннен кейін эфора мүшелерін халық атады, эфорлар бесеу болды. Олардың беделі қаншалықты саяси болса, соншалықты діни сипат иеленді; олар үкіметтің қызметіне араласты, яғни атқарушы биліктің жолдауларына; сөйтіп антик елдерінің барлық халық магистраттарында болғандай, эфорлардың айрықша құзыреттері тирания үшін тосқауыл бола алмады, бірақ соның қатарында тиранияны өз бойына сіңірді.

Осыған ұқсас белгілі партиялардың сізге таңғысы келетініндей Галлдардың режимі де теократиялық және әскери болды. Пірәдарлар шексіз билікке ие болды. Әскери тобы немесе бөлігі құлақ естімеген және басқаларды тықсыратындай артықшылықтар иемденді. Халықта құқық та, кепілдік те болмады.

Рим трибундарының миссиясы бірқандай шамада репрезентативті сипатта болды. Олар олигархия бар кезеңде бірдей болған плебс органын білдірді, патшаларды тақтан тайдырып, қатаң қанауға ұшырады. Әйтсе де, халықтың басым бөлігі тікелей саяси құқықтардың ірі бөлігіне ие болды. Ол заңдар үшін дауыс беруге, айыпталған патрицилерді соттауға жиналды; осылайша Римде өкілдік жүйенің бар болғаны әлсіз белгілері ұшырасты.

Бұл жүйе - замандастардың жаңалығы, және сіздер, адамзат аласының жағдайы антик кезеңде де билеудің осындай нысанының жүргізілуіне немесе жеделдетілуіне қолайлы бола қоймағандығын көріп отырсыздар. Ежелгі халықтар оның қажеттілігін сезіне де алмаған, оның артықшылығын бағалай да алмаған». Олардың әлеуметтік ұйымы оларды еркіндікті қалауға мәжбүр еткен, бірақ бұл бізді қамтамасыз ететін жүйеден басқа болатын.

Бұған дәлел ретінде бірнеше бетті арнаймыз.

Ең алдымен, мынадай сұрақ қоялық, осы күні ағылшындардың, француздардың немесе Америка Құрама Штаттарының тұрғынының еркіндігі деген ұғым қандай мәнге ие?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Билік органдарын сайлау
Саяси салада өңдеу қайнарын өңдеу
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Қазіргі демократия теориясы
Демократия туралы
Саяси билік туралы
Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz