Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі


Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрлігі
С. Сейфуллин атындағы
Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «М. Жұмабаевтың
қазақ педагогикасын дамытудағы үлесі».
Орындаған: Шарипова Диана
Астана, 2005
Жоспар:
Кіріспе.
1. М. Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны.
1. 1 М. Жұмабаевтың педагогикалық ойлары.
- М. Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары.
- М. Жұмабаевтың педагогикалық мұрасындағы психология.
2. Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуғы қосқан үлесі.
2. 1 «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орны.
2. 2 Мағжан Мұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері.
3. М. Жұмабаев мұрасына қатысты көз-қарастар.
3. 1 М. Жұмабаев туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
3. 2 Мағжанның тәрбиелік идеялары - тәуелсіз ел мектебінің негізі.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Басқалар.
1. М. Жұмабаевтың педагогикалық ойлары
1. 1 М. Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны
Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі - тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи-экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты - жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
Олай болса тәрбие - мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру - маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Басқа тәрбие тақырыптарында арналған мақалаларын есетпемегенде оның 1922-1924 жылдары Орынбор мен Ташкентте қатарынан екі рет басылып шыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын «педагогикасы» айрықша орын алады. Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне салиқалы ой салатын және олардың назарына үнемі ауадай қажет ұрпақ тәрбиесіне аударатын, ең маңыздысы нақ осы күні дүниеге келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.
«Педагогикадағы» қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен-өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттіліктен туады.
Мағжан тәрбиенің мақсатын өте терең тұжырымдайды, ол: «баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса, өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» - дей келе, тағы да, «тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» - деп жалғастырады.
Сөйтіп Мағжан осы ғасырдың басында-ақ тәрбиенің шеңберін, оның атқаратын қызметін анағұрлым кең көлемде түсінеді. Ол сол кездің өзінде тәрбие түбінде адамдар арасындағы ынтымастықты кеңейтуге, халықтар арасындағы бауырмалдықты нығайтуға қызмет етуге тиіс екендігін баса көрсетіп, өзін ғасырымыздың нағыз гуманистерінің қатарына қояды. Тәрбиенің мақсатын анықтағанда ол бір халықтың, ұлттың шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық мұраттарды басшылыққа алып: «Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын сүюге де міндетті», - деп бүкіл адамзаттық деңгейден тіл қатады.
Мағжан - өз халқының патриоты. Сондықтан да оны өзхалқының болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» - деп жазады. Кешегі уақытта біз шын мәнінде тек бір халықты - кеңес халқын құрамыз деген уақытта орыстан басқа халықтардың тәрбие жүйесін тіпті есепке де алған жоқпыз, мектептерде қазақтың халықтың тәрбиесі деген атауды мүлде кездестірмедік. Мұның өзі біздің тәрбиедегі қолға ұстар негізгі қазығымыздан айрылуға әкеліп соқты, қазақ деген аты болмаса заты мүлдем бөлек, шұбарланған ұрпақ өсіп шықты, мазмұны социалистік болғанмен түрі ұлттық болған жоқ. Соның нәтижесінде көптеген халықтармен ұлттар жойылып, тарихи сахнадан шығып қалды, сөйтіп, адам баласының тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз зиян келтірді, тәрбие тек империяның мүддесін көздейді, ұлы державалық шовинистік мүддені нығайту үшін қызмет істелді. Кеңес өкіметі жылдарында осындай жолмен 75 ұлыстар мен халықтар жоғалып кетті, 1934 жылы ел бойынша мектептердегі оқу 104 тілде жүргізілсе, 1988 жылы балалар КСРО-да не бәрі 39 тілде ғана білім алды. Мектеп іс жүзінде ұлтсыз мектеп болды.
Демек, тәрбиеде ұлттық ерекшеліктер мүлде сақталмады, ұлттық тәрбие деп айтуға батылымыз бармады.
Мағжанның данышпандығы сонда, ол осыны көріп - білгендей ғасырдың басында, қазақ мектебі құрылып жатқан кездің өзінде осыны көрегендікпен болжай білді. Сол кезде жазған бір мақаласында: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да - мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп жазды.
Бұдан артық анық, дұрыс болжам айту қиын. Ұлы адамдар болары болып, бояуы сіңген іске қортынды жасамайды, олар білгірлікпен бағдарлай алады. Мағжан да осындай мінез танытты.
- М. Жұмабаевтың өлеңдеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары
Өз заманының ең білімдар адамдарының бірі Мағжан елінің мүкшіл халіне ерте көңіл бөлді. Оны өз поэзиясында, ұстаздық сөздеріне арқауы етті. Ол қазақ халқын өнер-білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен ғана шақырған жоқ. Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылыққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Ұлтына деген сүйіспеншілігі Мағжанды «ұлтшыл» атандырды және өзі соның жазықсыз құрбаны болды.
Мағжанның 1913 жылы Қазан қаласында шыққан бірінші жинағы «Шолпанда» ақынның сол кездегі ағартушылық сарындағы өлеңдері басылған еді.
«Ләззат қайда?» деген өлеңде ақын жас жанына тыншу берер әуестіктің бәрін тізіп келіп, ойын-сауық, жүйрік ат, алғыр тазы, сұлу қыз бен қыз ойнақтық ешбірінен де тиянақ таппай, тек кітап сөзінен ғана ләзаттанғанын айтады. Өлең былайша аяқталады:
Айтар сөзім, мінекей,
Аласұрған көңілге:
Оқу оқы, өнер қу,
Басқалардан түңіл де!
ХХ ғасырдың басында Мағжан өскен аймақтағы Қызылжар мен Омбыға темір жолдың келуімен бірге Еуропа ғылымының жаңалықтары да ел тірлігіне ене бастап еді. Техниканы еркін меңгеріп, өнер-білімінің пайдасын көрген озық елдермен салыстыру басында, өзелінің тым аянышты халін ақын жанын ширақтыра түседі. Бұл ширығу Мағжанның әсіресе «Жатыр» атты өзеңінде шегіне жеткен:
Таласып өнер-білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірімнің рахметіне жарып жатыр.
Біреулер оқып төре болып жатыр,
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.
Ұмытылып өзін-өзі бұл сабаздар,
Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр, -
деп, түйіндейді. Бұл жолдарға түсінік беру артық.
Ұстаз жыршы өзінің бүкіл шығармашылығын бала оқыту, тәрбиелеу жолына арнады десе де болады.
«Кітап әпер, оқысын балаң қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Қосыл бірдей адамзаттың тобына!» -
деп, қазақты оқуға, білімге шақырады.
«Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңінде Мағжан жастарды оқуға жұмылдыру мақсатымен өнер-білімге барар жол сілтейді, ақылын айтады. «Жақын, туған бауыр» - деп ауылға айналмай, жастарға қалаға барып, оқып, білім алғанын қуаттайды. Ойын-сауық, өсекшілік пен менмендіктің өрге бастыр масынұғындыра келіп, мастай талпынып іздеген адамға «өнер-білім жер астында болса да табылады» - ағалық ақылын айтады.
Мағжан Жұмабаетың шығармасын, әсіресе, ағартушылық шығармасын әңгімелегенде оның балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлгенін, өнер-білімді осы жастардан күткенін айтуымыз керек. Балалар үшін сарылмай еңбек еткен ақын сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, көптеген кітаптар шығарған. Балаларға арналған өлеңдері һз алдына бір төбе. «Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шақ», «Мен сорлы» (Шәкірт зары) атты өлеңдері жарияланан. Мазмұны, жағынан бұлар Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңімен үндес.
Ауылдағы ойын балаларына арналған «балалық шақ» деген тамаша өлеңінде Мағжан оларға балалар шағынан бастап оқу-білімге көңіл бөлуге, бойға тек асылды ғана сіңіруге кеңес береді.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын.
Салты оның - үйрену!
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл! -
«Аты өшкірден құтыл» деп отырғаны - надандық. Баланың құлағына жағымды «қарағымды» қолдана отырып, сәби санасына ақын өз ойын ұялатады. Ақынның бұл сияқты өлеңдері бүгінгі таңда да өз мәнін жоғалтқан жоқ.
Осы өлеңге ұқсас «Қарағым» деген өлеңінде Мағжан:
Қарағым, оқу оқы, босқа жұрме!
Ойынға, құр қарасың, көңіл бөлме.
Оқымай, ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да, қасына ерме!
Кідірме, аялдама, алға ұмтыл,
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме, -
деп, жас жеткіншектерді оқу-білімге шақырады.
«Әже» атты өлең - әже мен немересі арасындағы мерейлі, нәзік, қымбат сезімді мадақтайтын өлең. Әжесі Сұрмерген туралы ертек айта бастағанда немересінің көңіл күй мынадай:
Қоя қойды Кенжебай,
Жылаған жаңа нан сұрап,
Тындап отыр тентектер,
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап…
Қандай ғажап көрініс! Осы күні немерелеріне ертек айтып отыратын мұндай әжелер азайып кеткеніне қынжыласың.
Осыған ұқсас Мағжанның тағы бір өлеңі «Немере мен әжесі» деп аталады. Мұнда немересі әжесімен: «Көк деген не, жұлдыз не, жер не, теңіз, тау дегендер не?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Әжесі бұл сұрақтарға анық жауап бере алмай, мектепке оқуға бар, сонда бәрін білесін деп ақыл береді. Осы сияқты «Қойшы бала мен күшік» деген өлеңінде де ақын мектептен қандай білім алуға болатынын насихаттайды. Бұл өлеңдерді мектептерде төменгі сынып балаларына, тіпті балабақшалардағы бөбектерге оқып жаттасақ, нұр үстіне нұр болмақ.
Осы тектесқай жырынан болсын Мағжанның биік парасаты, кемеңгер ойы мен шалқар білімінің лебі еседі.
Жалпы Мағжан еңбектерінің негізгі идеясы - ұстаздық бағытта, тәлім-тәрбие мәселелерін парасаттылығымен шешуге үндеу болып келеді. Түйіндей айтқанда, М. Жұмабаевты қазақ топырағынан шыққан ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік ойладын жалғастырушы, ұлттық педагогиканың негізін қалаушы ғалым-педагог деуге әбден болады.
1. 3 Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасындағы психологиялық көзқарастар мәні
Педагогикалық психология - ғылымда ерекше орын алатын саланың бірі. Психология ғылымының бұл саласы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында Еуропада, кейіннен АҚШ пен Ресейде белең ала бастады.
Баланың ана құрсағынан бастап есеіп ер жеткенге дейінгі өсіп жетілуі, мектепке өміріндегі баланың тәрбиесі, дұрыс білім алуы, дұрыс мінез-құлық қалыптастыруы, әлеуметтік ортаға бейімделу, т. б. міне, осы мәселелер сол кездегі психологтарды да көп ойландырған болатын.
Америка, Ресей психологтары осы мәселелерге үлкен үлес қосып, құнды мағлұматтар қалдырып кеткен болса, ХХ ғасырдың басында көшпелі қазақ топырағында елінің ертеңі - болашақ балалар үшін психологияның осы саласына қатысты жәйттерді алғаш көтерген М. Жұмабаев еді.
Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған, әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол» оқулығы шешуші орын алды десек, асыра айтқандақ емес. Ал, ақынның «Педагогика» кітабы - қазақ қауымы үшін таптырылмайтын үлгі. Еңбек ғылыми сындарлы жүйемен, ойы мен сөзі үнемді, ұстамды жазылған. Мағжанның кітабы он бес бөлімнен тұрса, соның жартысынан көбі жалпы психология мәселесіндегі проблемаларды қозғайды.
Ғылыми тілі - абстрактылы, Мағжанша айтқанда, жалаңаш тіл.
М. Жұмабаев қазақ баласының бесікке салып, бөленуінен бастап есейгенге дейінгі кезеңді сөз етеді. ол «Тәрбиеші сөзін ең жоғарғы орынға қояды. Шынында да, оның өзіндік сыры бар. Бала өмірге келген күннен бастап тәрбиеленеді, бала өмірі тәрбиеден басталатыны ақиқат.
Көрнекті педагог ақын өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол ата-ананың тәрбиесінің басты парызы баланын жан дүниесін, психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санайды. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процестерін байыпты зерттеп, жүйке жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орны жеткілікті талдайды.
Дарынды ұстаз «психология - адам жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл-қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән» деп анықтама береді. Осы психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологияның бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білгені де құптарлық.
М. Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «Баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мына мәселелерді қарастырады: «Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмашылығы: жан көріністерін үйрену жолындағы өзін бақылау; жүйке (нерв) жүйесін өсіру; жүйке жүйесінің қызметі; белсенділікті сақтау; мидың қажуы; оны тыныштандыру. Жан көріністері ақыл және ішкі сезім деп бөледі. Ақыл көріністері: әсерлену ұғымының пайда болуы. Бұл мәселенің барлығын ұлттық психологияның тұрмысында қарастыруға ұмтылған. Адам бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауда іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ой шығару, тіл, т. б. кеңінен тоқталып, оларға қарапайым анықтама, түсіндірмелер беріп, ата-аналарға баланың осы танымдық процестерін қалай дамытуға болады, ол үшін қандай жаттығулар жасау қажет екені жөнінде біршама кеңес береді.
Қарымды қалагер қазақ арасында бұрыннан терең тағылымды аңыздар, даналық нақылдар түрінде кең мағлұм болған ежелгі грек данышпандарын (Платон, Сократ, Аристотель, т. б. ), қайта өрлеу дәірінің алыптарын, орыстың төңкеріске дейінгі және кейінгі педагог, психолог оқымыстыларын зерделеп оқығанын еңбектерінен айтпай-ақ байқауға болады.
Оның еңбектерінен біз бірқатар маңызды, құнды, нұсқалы психологиялық қағидаларды байқаймыз.
«Адам - жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді: адам - әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», - дейді Мағжан.
Адамзат көшінің бір орында қалып қоймай, топтаурын сүрлеуде босқа өмір сүре бермей, үнемі ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылған қасиетінқандай доп басқан. Бұл орайда оның психологиялық көзқарастары әлі де өзіндік мәнін жоймай, қазіргі психологиямен үндесіп жатқанын байқауға болады.
М. Жұмабаев жалпы психология мәселелері жөнінде айтқан түйін тұжырымына қатысты маңызды мәселелерінің бірі - ғылымның төл атауын жасауы, халқымыздың сан ғасырларының негізгі сөздік қорынан психологияға қатысты ұғымдарды ерінбей-жалықпай іздеп тауып, қолданысқа түсіруі қазіргі қазақ психологиясына аса құнды болды. М. Жұмабаевтың термин жасауымен, оғанғылыми анықтама беруімен, қазіргі төл атаулардың жүйелеуіне өзіндік септігін тигізуімен қатар, жекелеген кемшіліктеріне тоқталмай өтуге болмайды. Автор «Абстракция» деген ұғымды «Жалаңаштау» деп алыпты, бұдан гөрі «дерексіздендіру» деген дұрыс тәрізді. Бірақ қазіргі кезде де термин абстракция күйінде қалып келеді. Автордың «түйсікті» - «әсерлену», «елестеуді» - «суреттеу», «есті» - «зейін», «пікірді» - «хүкім», «зейінді» - «абай», т. б. терминдері қазіргі психология саласына онша үйлеспей, мағыналық жағынан сай келмегенімен, автор психология тұрақталған түсініктер мен терминдер енгізіп, халықтың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін алғаш рет ажырата қарастырады.
Мағжан өзінің еңбегінің бір бөлігін психологияға арнауы тектен-тек емес, психологияны міндетті түрде меңгеруді, былайша айтқанда, бала психологиясын жан-жақты білуді, баланы бақылауды ғылыми тұрғыдан білімділікпен жүргізуді ұсынады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында бой көрсеткен, біздің елде де рухани өрлеудің, яғни, қыр елінің ұлттық сана-сезімінің оянып прогреске қарай өрлеуін, айрықша бір кезеңнің болғанын Мағжан тәрізді халқымыздың ардақты азаматтары, алғашқы қазақ интеллигенциясының өкілдері өздерінің еңбектері арқылы дәлелдеп кеткен.
Қазіргі кезеңнің өзінде психология ғылымы жаңа дамып, елімізде енді-енді жетіліп келе жатыр десек, ал Мағжанның қазақ арасында психология мәселелерін алғашқылардың бірі болып қарастыруы оның білімдарлығын байқатады.
Исі қазақ М. Жұмабаев ақын есебінде жақсы білсе, енді оны әдіскер, психология ғылымына да үлес қосқан ақын ретінде де жаңа бір қырынан тануда.
2. Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі
2. 1 «Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны
1922 жылы 15 қырқүйегінде Қызылжарда өзінің «Педагогика» еңбегі жайлы М. Жұмабаев: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза - орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының (педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, мұғалімдерге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдікі», - дейді ұстаз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz