Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы


МАЗМҰНЫ:
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы . . .
2 ЭМР ӘДІСІ МЕН МЕХАНИЗМІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІГІ
2. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмі . . .
3 ҚР-НЫҢ КЕЙБІР САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛАР
3. 1 Қазақстан Республикасы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы . . .
КІРІСПЕ
Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқынмен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық күштердің оңтайлы арақатынастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл арақатынастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатынастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т. б. жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты «мемлекет-нарық» арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.
Бұл «Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары мен мәселелері» атты курстық жұмыста экономиканы мемлекеттік реттеудің құрылымы, оның объективті қажеттілігі мен мәні, әдісі мен механизмі, әдістерінің құрамы қарастырылады. Сондай-ақ, кейбір салаларда, мысалы, табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануды, ҚР-ның экономикасын басқару ұйымдарының құрылымы, сонымен қатар, еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің механизмдері қарастырылған.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Курстық жұмыс 3 тараудан тұрады: 1-тарау - экономиканы мемлекеттік реттеудің құрылымы, оның объективті қажеттілігі мен мәні; 2-тарау - экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмі және сол әдістердің механизмі; ал 3-тарау - ҚР-ның кейбір салаларын мемлекеттік басқару теориялары. Сондай-ақ, жұмыс қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ
1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеу құрылымы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыс сала шеңберінен асып, жалпы ұлттық, кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылығының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті.
Нарықтық экономикаға мемлекеттің араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әртүрлі сатысында түрліше болды. ХVІІ-ХVШ ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.
Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смиттің көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көзделген нарық жүйесі өзін-езі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.
А. Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет, - деп есептеді.
Нарықтық үйлестіру ресурсы тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Нарықтағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - нарыққа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, нарық қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау - монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты тендестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж. М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде ақшалай-несиелік және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көмектеседі деп есептелінді.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болады. Экономиканы мемлекеттік реттеу қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. Экономиканы мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері - бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың калыпты дамуы үшін қажетті.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; коршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатының мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеті -«экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеу сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда - салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермеленеді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
- Мемлекеттің экономиканы реттеуінің объективті қажеттілігі мен оның мәні
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз - нарықтық қатынастың тиімділігін қамтамасыз етуге әлеуметтік-экономикалық процесте әдістер мен тетіктердің көмегімен әсер ететін, елдің экономикалық өміріне мемлекеттің қатысу формасын зерттейтін ғылыми экономикалық пән. Экономиканы мемлекеттік реттеу - қоғамдық ұдайы өндірістің барлық салаларын қамтиды. Әсіресе нарықтық экономика жағдайда экономикалық реформалар жүргізу үшін мемлекеттің реттеу қызметінің қажеттілігі зор. Мәселен меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарына сүйенеді. Нарықтық қатынастар жағдайында бұған сұраныс пен ұсыныс заңы, құн заңы және т. б. жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - нарықтық жүйенің қызмет етуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, яғни өнімді өндіруші, жабдықтаушы және тұтынушы арасында заңды және тиімді өзара қатынасты қалыптастыру саналады. Мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұны нарықтық экономиканың мәнімен анықталған. Қазіргі нарықтың негізгі міндеті болып өндірістік және өндірістік емес бағыттағы әртүрлі тауарларға, қызметке деген сұранысты қамтамасыз ету, тауар тапшылығын жою.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық кұрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болды. Бұл нақты мақсаттар тікелей экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілерімен байланысты болады. Мақсат, яғни экономикалық кезеңді теңестіру объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Экономикалық мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар жатады:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттеріне:
- өтпелі кезеңде бірінші экономиканы ребализациялау жөнінде шаралар жүргізу;
- екінші кезеңде экономиканы тұрақтандыру бойынша шараларды іске асыру;
- үшінші кезеңде дамудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеу өзара байланысты көзқарастарды тепе-теңдікке алып келуі қажет, яғни бір жағынан нарық механизмін қолдана отырып, экономикалық реформаларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету болса, ал екінші жағынан ресурстар мен табысы әділетті бөлуге қол жеткізу.
3. Реттеудің және бір негізгі міндеттердің бірі экономиканың дамуын инвестициялау үшін, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігінің түсуін арттыру үшін мемлекет қолдағы бар ресурстарды (табиғи, адами және қаржылай, т. б. ) рационалды пайдалану қажет.
4. Басқарудағы мемлекеттің ролі, онымен көрсетілетін әлеуметтік экономикалық даму бағдарламалары, салықтық, аймақтық, аймақаралық мақсаттық бағдарламалар, инвестициялық жобалар, әлеуметтік экономикалық даму тұжырымдамалары өнделуі қажет.
5. Мемлекеттік реттеу ҚР-ның барлық аймақтарының өзбетінше әлеуметтік экономикалық дамуының экономикалық негізін нығайтуға (табиғи ресурстар әлеуетін, экономиканың базалық салаларын дамытуға) бағытталуы қажет. Сондай-ақ үкіметтің аймақтық муниципалдық ортаның өзара әрекет етуінің құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша шараларды қолдану қажет.
6. Республикалық бюджеттің принциптерінің негізінде аймақтардың қаржылық дербестігін нығайту.
7. Аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының деңгейін теңестіру. Аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері:
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы катынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға, салықтың өсуіне және қауіпті әлеуметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерілуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздысы - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т. б. жатады.
Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік кұралдар қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделген (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты) . Мемлекет өндірістік кәсіпорынды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланылады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығын мен салықтың құқықтық аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табысты реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясат;
- баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу.
Мемлекеттік реттеудің экономикалық кұралы ақша-несие, қаржы мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат) ;
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақталуға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
- мемлекеттік мекеменің бағалы қағаз нарығындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы, олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық қызметі. Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
- экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негізді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табысты бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру - бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс-әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың зандық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатынасты анықтайтын заңдар мен нормативтік актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етумен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрі қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т. б. - құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетікті қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табысты салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік - сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
2 ЭМР ӘДІСІ МЕН МЕХАНИЗМІ, ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІГІ
2. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмі
Нарықтық қатынастар макроэкономикалық тұрақтылық және оның тиімді сәйкестіліктерін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан бұл проблеманы шешу мемлекеттің үлесінде болады. Егер жалпы экономика объективтік экономикалық заңдардың, айтайық, тиімділіктің кему, азаю заңы, пайдалылықтың кему заңы, сұраныс және ұсыныс зандары және тағы басқадай заңдардың талаптарына сәйкес келсе, онда ол тұрақты және тиімді түрде дамиды. Бұл зандардың әрекеті жеке емес біртұтас әлеуметтік-өңдірістік және экономикалық катынастар (өнім өндіру, оны бөлу, айырбастау, тұтыну процесінде құрастарылады) жүйесінде көрінеді. Бірақта бұл топтағы қатынастардың әрбір жеке біреуі өзіне тиісті экономикалық заңның талаптарын бейнелейді. Мысалға, өндіріс факторларымен алынған өнімнің арасында өзара байланысты сипаттайтын көрсеткіштің өрісін зерттегенде өнімнің өсуі төмендейтін үрдіс орын алатыны байқалады, егер ол өсу факторлардың тек біреуі арқылы қамтамасыз етілсе. Бұдан мынандай зандылық туындайды - нарық шаруашылығының макроэкономикалық және тиімділік тепе-теңдігі туындыратын, оны қамтамасыз ететін шаралар тиімділіктің кему заңының талаптарына негізделуіне тиісті. Ал, егер материалдық-каржылық ресурстар туралы болса, олар сұраныс және ұсыныс заңының талаптарының мәнін білдіреді, бұларды макро- және микродеңгейде реттеудің нәтижесіңде өндірілген өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді өткізудің қолайлы сәйкестілігі туындайды. Бірақта қоғамның өңдірістік емес қажеттілігін қанағаттандыруға жіберілетін өнім бөлігінің тиімділігіне «пайдалылықтың кему заңының» талабын еске ала отырып баға беру керек. Бұл өнімнің пайдалылығының өсуі оны тұтынудың өсуімен салыстырғанда тым баяу болатынын, өсетінін көрсететін заңдылық. Мемлекеттік реттеуде бұл заңдылықтың ескеріліп тұруы қажет.
Экономикалық дамудың мақсаттарының және саяси құрал саймандардың өзара байланыстарының өзгерулерінің көлемін, санын сипаттайтын көрсеткіштерді мультипликатолар деп аталу қалыптасқан.
Егер экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми негізделінген тұжырымдамасы болмаса, негізгі принциптері және механизмдері белгіленбесе, онда оны жүзеге асыру мүмкін емес. Реттеу тұжырымдамасы экономикалық саясаттың, нарық шаруашылығының макроэкономикалық мақсаттарының және басым дамыған салалардың өзгеруіне қарай (мультипликатордың сипатына қарай) өзгеріп тұрады.
Экономиканы реттеу тұжырымдамасын құрастырарда мына Қазақстандағы жағдайлар есептелуі керек. Олар: экономиканы дағдарыстан шығарудың қажеттілігі, шаруашылықтың нарықтық үлгісіне тез өту мақсатта жекешелендіру процесін тездету, өнеркәсіптің және сыртқы экономикалық байланыстың шикізаттық бағытта болуы және т. б.
Экономиканы реттеудің ғылыми тұжырымдаманың басты бағыттары:
1. Меншіктің екі түрі (мемлекеттік, жеке меншік) болуына байланысты шаруашылық қызметін реттеудің екі әдісінде - жоспарлау және нарықтық, колданушының қажеттілігін ескеру.
Егер мына көрсетілген жағдайлар ескерілсе, онда жоспарлау әдісін қолданғанда ол нәтиже береді:
- жоспарлаудың әміршілік - директивтік мәні жойылса;
- жоспарлаудың баланстық, реттеушілік қызметтерін күшейту;
- мақсаттық бағдарламаның тиімділін және рөлін көтеру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz