Кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

«Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жерлерін есепке алу» тақырыбы бойынша дипломдық жоба орындалды. Жобаның негізгі мақсаты жерді есепке алу, ауданда жер кадастрлық жұмыстары, жердің жарамдылығы мен сапасын бағалау және тіркеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданның экономикалық тиімділігі анықталып, ауыл шаруашылық алқаптардың экологиялық проблемаларымен күресу шаралары, техника қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі нысан тұрақтылығын анықтау жұмыстары қарастырылды.

Аннотация

Выполнен дипломный проект на тему: «Учет земель Байзакского района Жамбылской области».

Основной целью данного проекта является учет и оценка земель по пригодности и качеству категории6 выполнения земельно-кадастровых работ по району. В том числе рассмотрены вопросы правовые и организационные, производственной санитарии, техники безопасности, борьбы с экологическими проблемами сельскохозяйственных угодий, определена экологическая выгода по району.

Annotation

This graduation works theme is «Registration of lands in Baizak`s district of Zhambul`s region».

The main object of this work are the registration and estimation of land’s in suitable and in quality of category, execution of landy-cadastration work’s of region. And in this work learned legal and organization problems and industrial sanitation and secure struggle with ecological problems in agricultural land, determined ecological advantage in region.

Мазмұны

Кіріспе . . . 1. Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайы . . .

1. 1. Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер . . .

1. 2. Климаты . . .

1. 3. Жер бедері . . .

1. 4. Топырақ қабаты . . .

1. 5. Өсімдік қабаты . . .

1. 6. Жер беті және жер асты сулары . . .

2. Қазақстандағы жер кадастрын жүргізу тәртібі . . .

2. 1. Кадастр жөнінде жалпы түсінік . . .

2. 2. Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, жүргізу

принциптері . . .

2. 3. Қалалық жер кадастрын жүргізу ерекшеліктері . . .

3. Кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз ет у . . .

3. 1. Мемлекеттік геодезиялық торлар . . .

3. 2. Геодолиттік түсіріс . . .

3. 3. Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу . . .

3. 4. Мензулалық түсіріс . . .

3. 5. Тахеометриялық түсіріс . . .

3. 6. Нивелирлер . . .

4. Жерді есепке алу . . .

4. 1. Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы . . .

4. 2. Жер санаттары, алқаптар бойынша жердің санын және

сапасын есепке алу . . .

4. 3. Жеке меншіктегі және пайдаланудағы жер учаскелерін

есепке алу . . .

4. 4. Жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы

жерлер . . .

4. 5. Жер ведомісі . . .

4. 6. Аудан жерін пайдалану жайында жылдық есеп беру . . .

5. Байзақ ауданының экономикалық тиімділігін анықтау . . .

5. 1. Ауыл шаруашылық алқаптарды экономикалық

бағалау . . .

6. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі. .

6. 1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру

мәселелері . . .

6. 2. Өндірістік санитария . . .

6. 3. Техника қауіпсіздігі . . .

6. 4. Жарықтандыру . . .

6. 5. Шу және діріл . . .

6. 6. Электр қауіпсіздігі . . .

6. 7. Өрт қауіпсіздігі . . .

6. 8. Төтенше жағдай кезіндегі нысанның тұрақтылығын

анықтау . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Жер заңдарына сәйкес жер мемлекеттік меншік болып табылады, сонымен қатар жер сатылмайды, жер тұрақты немесе уақытша ұзақ мерзімге пайдалануға беріледі.

Жерге орналастыру деген - жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға арналған шаралар жүйесі болып табылады.

Жерге орналастыру, жұмыстары атқарушы жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушының өтініші бойынша, сонымен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі атқарушы органдардың шешімі бойынша жүргізіледі.

Жерге орналастырудың - ішкі шаруашылық жерге орналастыру; және - шаруашылық аралық жерге орналастыру деген екі түрі бар.

Жерге орналастырудың негізгі мақсаты - жерге орналастыру жұмыстарын реттеу, агрегаттарды ұтымды және тиімді пайдалану, сонымен қатар еңбек шығынын жұмсап, өнім алу.

Жер кадастры - жердің табиғат шаруашылық және құқықтық жағдайынан мәлімет алуға, құжаттарды дайындауға, сақтауға бағытталған жүйелі шаралар.

Жер кадастрының міндеті - жердің пайдалануын, иеленуін тіркеу, көлемі мен сапасын есепке алу, сапасын айыру және жерге экономикалық баға беруін жүзеге асыру.

Дипломдық жобаның тақырыбы «Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жерлерін есепке алу» болғандықтан салық мөлшерін анықтау, жер кадастрлық жұмыстары, далалық жұмыстары, бағалау жұмыстары жүргізілді.

Жерді бағалау жұмыстары мынадай:

- дайындық жұмысы;

- мәліметтерді жинау мен өңдеу;

- территорияны аудандастыру;

- облыс, аймақ және республикадағы топырақ топтарының жүйелі тізімін жасау;

- жерді бағалау көрсеткіштерін есептеу мен бағалау шкаласын құру;

- шаруашылық және аудандар жерін бағалау жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар есепке алу жұмыстарын да жүргізеді. Есепке алу кезінде мына деректерді көрсету міндетті болып табылады:

- жер учаскесі иесінің немесе пайдаланушының аты-жөні;

- жер учаскесінің көлемі;

- жер учаскесіне меншіктің нысаны;

- жер учаскесінің мақсаттық тұрғысы;

- жер учаскесін пайдалануға шектеу;

- жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;

- жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

- жер учаскесіндегі жылжымайтын мүлік туралы мәлімет.

Дипломдық жобада мемлекеттік ғылыми өндіріс орталығы жер қатынастары және жерге орналастыру институты техникалық жобасы, жер пайдалану жоспарлары, жоспарлы-картографиялық мәліметтері (М:1:1) қолданылды.

1. Шаруашылықтың табиғи-климаттық жағдайы

1. 1. Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер

Байзақ ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Байзақ ауданының шекарасы Байзақ және Красногорск аудардарының біріктірілуі негізінде құрылды.

Әкімшілік шекара бойынша территориясы 897, 4 мың га жерді алып жатыр, ол Жамбыл облысының территориясының 6, 22% -ын құрайды.

Оңтүстігінде Шу өзені бойымен Қырғызстан Республикасымен, солтүстік шығысында Алматы облысымен және солтүстік батысында Жамбыл облысының Шу ауданымен шекараласып жатыр.

Ауданның әкімшілік орталығы Шу өзенінің оң жағалауында орналасқан Байзақ ауылы болып табылады. Аудан орталығы арқылы республикалық маңызы бар Алматы- Бішкек- Ташкент автомобиль жолы өтеді, осы жол бойымен қашықтығы 300 км орналасқан облыс орталығы Тараз қаласымен байланыс жүргізіледі.

Байзақ ауданының батыс жағында республикалық маңызы бар Байзақ -Шу жолы өтіп жатыр, осы жол бойымен аудан орталығы Байзақ ауылы мен ауданның батыс бөлігінде орналасқан Шу теміржол станциясы және шаруашылықтармен байланыс орнатылады.

1. 2. Климаты

Байзақ ауданының климатының ерекшелігі болып жылдам континентальдылық табылады, яғни температураның аса жылдам өзгеруінен, қыстан жазға тез өтуінен, атмосфералық жауын-шашынның аздығынан және ауаның құрғақ болуынан байқалады. Аудан территориясындағы агроклиматтық жағдайлардың әртүрлілігін биік таулар мен жазықтықтардың үйлесімділігі байқатады.

Э. С. Зарембо классификациясы бойынша келесі агроклиматтың аудандарды бөлуге болады: Екінші құрғақ ыстық 3-өте құрғақ тау етегі; 4-таулы.

Аудан 2-ыстық құрғақ агроклиматтық аудан Байзақ ауданы территориясының аз ғана бөлігін алып жатыр, яғни Шу өзенінің оңтүстік-батыс жағалауы және Отар -Алматы темір жолының солтүстік жағындағы сызық.

Пайдалы температура қосындысы 3500-3700 0 С шамасында, гидротермиялық коэффициент 0, 3-0, 5. Климаты салыстырмалы суық емес қысы ыстық және жазымен ерекшеленеді. Қаңтар айының орташа температурасы - 6, 9 0 С болса, шілде айында - 24-25 0 С. Жазы өте құрғақ, ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 200-300 мм. Жауын-шашынның көпшілігі наурыз-сәуір айларына келеді. Жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 160-180 мм. Ылғалдылығы 30%-дан төмен құрғақшылық жылына 120-140 күнді құрайды. Көктемгі ызғар сәуірдің екінші жартысында аяқталса, күзгі ызғар қыркүйектің аяғында басталады. Аязсыз кезең ауада 145-190 күн, ал топырақта 130-170 күн сақталады. Биіктігі 15-30 см қар жамылғысы қыс бойы тұрақталады. Топырақ қабатының қату тереңдігі 40 см.

Бұл зонада суармалы егіншілік дамыған. Климаттық жағдайлар техникалық бақша дақылдарын егуге мүмкіндік тудырады.

3-аудан құрғақ тау етегі агроклиматтық аудан. Бұл аудан бүкіл территорияның оңтүстік -батыс және орталық бөлігін, сонымен қатар солтүстік таулы бөлігін алып жатыр (Анархай қ. ) . Температура қосындысы - 3000-3500 0 С, гидротермиялық коэффициент - 0, 5-0, 7. Температурасы 10 0 С-тан жоғары кезеңнің ұзақтығы - 160-180 күн. Шілдедегі орташа температура - 24-25 0 С, қаңтарда - 4, 5-9, 5 0 С. Жылдың жауын-шашын мөлшері 300-40 мм.

Төмен ауа ылғалдылығы жылына 120-130 күнді құрайды. Күзгі ызғар қыркүйектің ортасында басталатын болса, көктемгісі сәуір екінші жартысы- мамырдың басында аяқталады. Аязсыз кезең ұзақтығы -120-190 күн. Қыс 20-30 см қар жамылғысымен сипатталады.

Суғарылмалы егістікте техникалық дақылдар, ал батыс бөлігінде картоп та өсіру қолайлы, таулы бөлігінде мал шаруашылығы жақсы дамыған.

4- аудан таулы құрғақ және ыстық агроклиматтық аудан. Бұл жер Байзақ ауданының негізгі және орталық бөлігін алып жатыр. Температуралар қосындысы 3000 0 С -тан төмен, гидротермиялық коэффициент 0, 7-ге тең. Аудан климаты құрғақ жазымен және суық қысымен ерекшеленеді. Ауа температурасының 10 0 С-тан төмен кезеңінің ұзақтығы 160 күн болса, шілдеде орташа температура -22 0 С, қаңтарда -7, 5 0 С. Басқа агроклиматтық аудандарға қарағанда бұл ауданда жауын-шашын мөлшері көбірек. Ауа ылғалдылығының төмендігін жыл бойына 120 күн байқауға болады. Көктемгі ызғар мамыр айының екінші декадасында аяқталып, күзгі ызғар қыркүйектің бірінші декадасында басталады. Қар жамылғысы 80-160 күн сақталады, ал биіктігі 25-50 см-ден жоғары болады. Суармалы және богара егістік жерлері бар. Дәндә және техникалық дақылдар егіншілігі дамыған. Қырғыз тауларының солтүстік бөлігі жазғы жайылым, Шу-Іле тауларының бөктері -көктемгі -жазғы жайылым ретінде пайдаланылады.

1. 1 кесте

Жобаланатын нысан орналасқан аймақтағы ауданның климаттық сипаттамасы

Тараз қаласындағы ГМБ метеостанциясының мәліметтері бойынша орналасқан

Сипаттама
Айлар
Жыл
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Сипаттама: Температура
Айлар: Орташа
Жыл: -0, 6
3, 9
3, 1
10, 9
16, 1
21, 1
23, 3
21, 4
13, 6
8, 0
1, 2
-11, 0
9, 0
Сипаттама: абс. максим.
Айлар: 21
Жыл: 26
34
36
42
42
44
41
40
36
28
26
44
Сипаттама: абс. миним
Айлар: -41
Жыл: -40
-26
-9
-3
1
5
1
-5
-16
-37
-41
-41
Сипаттама:
Сипаттама: Жауын-шашын
Айлар: Орташа
Жыл: 22
24
40
44
36
25
10
6
8
29
33
26
303
Сипаттама: Ең көбі
Айлар: 65
Жыл: 63
140
146
125
143
73
44
50
166
94
18
532
Сипаттама: Ең азы
Айлар: 1
Жыл: 0
9
0
0
0
0
0
0
0
2
1
23
Сипаттама:
Сипаттама: салыстырмалы ауа ылғалдылығы, %
Айлар: Орташа
Жыл: 79
80
76
67
68
61
46
43
30
58
75
80
61
Сипаттама: >80% дн
Айлар: 9, 3
Жыл: 8, 0
7, 3
3, 1
1, 5
0, 2
0, 1
0, 1
0, 2
2, 7
7, 1
9, 9
49, 5
Сипаттама: <30% дн
Айлар: 0, 9
Жыл: 0, 9
3, 2
6, 6
10, 6
15, 4
19, 7
20, 2
19, 7
13, 0
4, 5
1, 4
116, 1
Сипаттама: Абсолютті ылғалдылық
Айлар: 3, 7
Жыл: 4, 3
6, 0
8, 5
10, 9
12, 3
12, 9
11, 3
8, 3
6, 5
5, 0
4, 1
7, 8
Сипаттама:
Сипаттама: Күн саны
Айлар: Тұманда
Жыл: 9
7
6
1
0, 4
0, 1
-
0, 1
0, 1
1
5
8
38
Сипаттама: Найзағайда
Айлар: -
Жыл: 0, 03
0, 3
2
3
5
3
2
0, 3
0, 01
0, 03
-
13
Сипаттама: Топырақты боранмен
Айлар: 0, 04
Жыл: -
0, 04
0, 04
0, 3
0, 4
0, 7
0, 6
0, 7
0, 9
0, 4
0, 6
42
Сипаттама: Желмен 15 м/с
Айлар: 36
Жыл: 46
57
52
53
44
40
30
21
37
30
39
49
Сипаттама: Декада бойынша қар жабынының орташа қалыңдығы
Сипаттама: Х
Айлар: ХІ
Жыл: ХІІ
ІІ
ІІ
ІІІ
IV
Көбіне қысқа
Су қоры мм
Сипаттама: 1
Айлар: 2
Жыл: 3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
Орт.
Макс
мин
Көбінесе
азына
Сипаттама:
Айлар:
Жыл:
1
2
3
3
5
6
7
6
6
6
5
5
4
2
16
54
3
80
210
15
Сипаттама: Температуралары келесідей болып келетін кезеңдердің басталуы мен аяқталу күндері
Сипаттама: 0 0 -ден жоғары
Айлар: 5/ІІІ
Жыл: 260
21/ХІ
Сипаттама: 5 0 - тен жоғары
Айлар: 22/ІІІ
Жыл: 220
29/Х
Сипаттама: 10 0 - нан жоғары
Айлар: 10/ІV
Жыл: 182
10X
Сипаттама: Аязсыз
Айлар: 22\ IV
Жыл: 161
1X
Сипаттама: Қарлы жабынның пайда болуы мен кетуінің күндері
Сипаттама: Бір жылдағы қарлы жабыны бар күндердің саны
Айлар: Қарлы жабын
Жыл: Топырақтың мұздануы
Сипаттама: Пайда болу күні
Айлар: Кету күні
Сипаттама: ерте
Айлар: орташа
Жыл: кеш
ерте
орташа
кеш
орташа
масимум
минимум
Сипаттама: 71
Айлар: 8/Х
Жыл: 6/ХІ
31/І
26/І
17/ІІІ
22/ІV
94
122
Сипаттама:
Айлар: Жыл мезгілдері мен румбалар бойынша жел бағытының қайталануы
Сипаттама: Румбалар
Айлар: Көктем
Жыл: жаз
күз
қыс
жыл
Сипаттама: ІІІ
Айлар: ІV
Жыл: V
VI
VII
VII
IX
X
XI
XII
I
II
Сипаттама: С
Айлар: 18
Жыл: 16
15
21
24
28
28
18
15
12
9
11
18
Сипаттама: СШ
Айлар: 10
Жыл: 16
16
13
14
13
11
9
6
6
6
6
10
Сипаттама: Ш
Айлар: 6
Жыл: 4
5
6
7
6
7
8
8
8
9
6
6
Сипаттама: ОШ
Айлар: 10
Жыл: 18
22
26
24
23
24
26
28
32
34
27
25
Сипаттама: О
Айлар: 8
Жыл: 7
9
7
6
6
5
6
9
10
11
10
8
Сипаттама: ОБ
Айлар: 14
Жыл: 13
10
8
6
5
6
8
9
12
13
14
10
Сипаттама: Б
Айлар: 12
Жыл: 12
10
8
6
5
6
9
10
7
6
11
9

1. 3. Жер бедері

Байзақ ауданын жер бедері бойынша үш бөлікке бөлуге болады:

  1. таулы аймақ;
  2. тау етегіндегі әлсіз толқымалы жазықтық;
  3. Шу өзені алқабы.

Шу-Іле таулары Байзақ ауданының шығыс және солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен ауданды алып жатыр. Таулы массивтер теңіз деңгейінен 1700-2600 м биік жоталармен көрсетілген. Жоталар бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қараған. Ауыл шаруашылық қатынаста - бұл жерлер жаз мезгілінде пайдаланылатын жайылымдар, кейбір жеке учаскелер егістік ретінде де пайдаланылады. Егіншілік массивтері терең сайлар, жартастармен бөлінген, олар ауылшаруашылық техникасын қолдануда қиындық туғызады. Сондай-ақ кейбір учаскелер шабындық ретінде қолданылады. Анархай қойнауы ауданның солтүстік бөлігінде жатыр, ол теңіз деңгейінен 800-1000 м қыр ретінде бейнеленген. Қыс және көктем -күз мезгілдерінде қой жаюға қолданылады.

Тау етегі аймағы ауданның орталық бөлігін алып жатыр. Бұл жерге Шу-Іле таулары кіреді, ал жер әлсіз толқымалы тау етегі жазықтығы болып бейнеленген. Жыртылған егістік жерінің үлкен көлемі ауыл шаруашылығы техникасын қолдануда өте қолайлы.

Шу өзені алқабы өзен бойын жіңішке сызық болып алып жатыр, екі террасы ретінде көрсетілген. Бірі - терраса өзен суы деңгейінен 0, 5 м биіктікте, сондықтан жиі су басып жатады. Жекелеген учаскелер батпақтану дейңгейінде және қамыс көшеттері өте көп.

Шаруашылық қатынаста бұл территория жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады. Терраса су деңгейінен 2, 5-4, 5 м биіктікте. Бұл учаскеде суармалы егіншілік жақсы дамыған.

1. 4. Топырақ қабаты

Байзақ ауданының территориясы «Қазақстан жер қорын табиғи-ауыл шаруашылық аудандастыру» схемасына байланысты екі аймақта жатыр. Зерттелген территорияның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігі Солтүстік Тянь-Шань округі (ІХ-2) Орта Азиялық таулы облысқа жатады.

Солтүстік және оңтүстік -батыс бөлігі Батыс-Қаратау-Қырғыз (VI-І-2) Оңтүстік Қазақстан провинциясының (VI-1) тау етегі - шөлді-далалық аймағында орналасқан.

Топырақ қабатының түзілуі жазда құрғақ, ыстық, ауа құрғақшылығымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, яғни жылдам континенталды климатымен сипатталады.

Топырақ қабатының түзілуіне бұл жердің климаты септігін тигізеді. Абсалютті көрсеткіштердің көтерілуіне байланысты ылғалдылық артып, температура төмендейді, климаттық жағдай топырақтың түзілу процесстеріне өте тиімді болады және гумус мөлшері жоғарылайды.

Таулы және тау етегі - шөлді -далалық аймақтың топырақ қабаты 4 түрлі топырақ аймағына бөлінеді: қара-қызғылт, ашық-қызғылт, солтүстік кәдімгі сұр топырақтар және солтүстік ашық сұр топырақтар.

Қара қызғылт топырақтар.

Бұл топырақтар Байзақ ауданының зерттелген территориясының оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде кең тараған.

Іле Алатау жер бедерінің тегіс болу жағдайында түзетілетін топырақтың абсолюттік биіктігі 1500-2600 м дейін жетеді.

Грунт сулары 10 м тереңдікте және топырақты түзуші процестерге әсерін тигізбейді.

Топырақ түзуші жыныстары элювиальды-делювиальды шөгінділерден, лестүрлі шөгінділерден, лестерден құралған.

Қара қызғылт топырақтар ішінде кәдімгі, карбонатты, әлсіз шайылған, әлсіз дамыған және аз дамыған түрлері кездеседі.

Ашық қызғылт топырақтар.

Аталмыш топырақтар аудан территориясының орталық және оңтүстік -шығыс бөлігінде орналасқан. Іле Алатауының төменгі таулы бедерінің батысында теңіз деңгейінен 780-1500 м биіктікте жатыр.

Топырақ құраушы жыныстары мықты лестүрлі шөгінділерден, кейде әлсіз сұрыпталған элювиальды-делювиальды шөгінділерден тұрады.

Грунт сулары 6 м-ден төмен тереңдікте жатыр және олар топырақ түзуші процестеріне әсерін тигізбейді. Осы топырақтар ішінде карбонатты, тұздалған, аздап тұзданған, жетілген және аз дамыған түрлері кездеседі.

Солтүстік кәдімгі сұртопырақтар .

Бұл топырақтың аудан жерінде таралуы өте үлкен. Оның құрылымы тау беткейлері мен Шу-Іле төменгі таулы аймақта болып Кіндіктас таулы өлкесінің аумағында және Іле Алатауының шетінде теңіз деңгейінен 710-1100 м биіктікте орналасқан.

Жер бедері толқымалы қыратты, соқпаңбы жекеленген өзеншелермен кесіліп тегістелген жазықтыққа ұласады.

Жер асты суларының орналасуы 6 м тереңдікте болып топырақтың құрылысна әсерін тигізбейді. Жер бетіндегі өсімдіктер дүниесі негізінен жусанды эфемерлер, тұздақты жусандардан тұрады. Оның құрамында ебелек, жыңғыл, мята бір жылдық шөп тұқымдары және қызғалдақтар өседі.

Топырақты құраулы жыныстары лестүрлі құмайтар мен элювиальды делювиальды шөгінділерден құралады.

Климатының ерекшеліктеріне байланысты негізіне сулардың әсерінен топырақтың қабатының қалыңдығы төмен, карбонатты қоспалар өте аз, төменгі қабатында тереңдеген сайын карбонаттар көріне бастайды. Алынған топырақ құрамында генетикалық құрылым көп бөлінбеген.

Топырақты құраушы жыныстардың мінездемесіне қарап топырақтың қалыңдығы анықталған, бұл құрамында тұзды қабаты, аздап тұзды жетілмеген түрлері кездеседі.

Ашық түсті солтүстік сұртопырақ.

Қаралып отырған топырақтардың бөлінуі Байзақ ауданының солтүстік және оңтүстік батыс бөлігінде анықталған. Жер бедері теңіз деңгейінен 530 дан 660 метрге дейін орналасқан Солтүстік бөлігінде аздап толқымалы жазықтықтың аяғы Жусан-Дала жазықтығына ұласады. Абсолюттік биіктігі 450-850 метрге дейін жетіп еңкіштігі оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа бағытталады.

Топырақ құру жыныстары негізінен лестрлі құмайтты болып элювильді тастақты шөгінділерден тұрады, кейбір жерлерде тау жыныстары жердің бетіне жақын орналасқан. Жер асты суы бұл ауданда 6 м ден төмен орналасқандықтан топырақтың құралуына әсерін тигізбейді.

Өсімдік дүниесі табиғи жусан өсімдік жерінен тұрады, кей жерлерінде ебелек тұқымдас өсімдіктер кездеседі.

Солтүстіктік ашық сұр топырақтардың сипаттамасы өзінің талдау жүйесіне сай генетикалық белдеулерден тұрады, оның құрамында тастақты қиыршықты құрылымдағы топырақтар жоғарғы қабатында басым, карбонаттар кездеседі, ал жауын құрттары тіршілік белгісі байқалмайды.

Зерттелген аудандарда бөлінген топырақ түрлері негізінен ашық түсті солтүстіктің сұр топырағы, бұлардың жетілуі төменгі деңгейде.

Шалғынды - кәдімгі солтүстік сұр топырақ зерттелген топырақтардың түсініктемесіне қарай отырып кәдімгі сұр топырақтардың орналасуы өзекшелердің жағалауларында, аралық жазықтықтарында, сай салалардың бойында кездесетіні анықталды. Бұл жерлерде топырақтың ылғалдылығы 2, 5-4мден басталады, жер асты суларының деңгейі де жоғары, атмосфералық жауын-шашын сулары жеткілікті. Топырақ құру жыныстары лестрлі құмайттар болып келеді. өсімдік дүниесінің түрлері ши, ажырық, аздаған құрақ, ебелек болады.

Топырақ құрамындағы қара шіріктің деңгейі басқа жерлермен салыстырғанда біршама жоғарылау, төменгі қабатында карбонаттардың белгілері тұрады. Бұл шалғынды сұр топырақтардың топырағын 10%-тен тұз қышқылы мен тексеру кезінде қайнау реакциясын байқауға болады. Осы анализдердің арқасында жасалған қортындыларды қарай отырып топырағы аздап тұздалған онша жетілмеген құрылым екені анықталған.

Шалғынды сұртопырақ аймағы

Сипатталып отырған топырақтардың орналасуы Шу өзенінің арнасы бойындағы жазықтықта орналасқан, таулардан ағып келетін кішігірім өзендер мен өзектерден және жер асты суларының шығуы арқасында құралатын бұлақтардың маңызы зор.

Осы жағдайлардың арқасында және жер асты суларының жақын болуынан (1, 5-3, 0 м) топырақ құрылым жетілуі ерекше байқалады.

Көптеген жерлерде жоғарғы жер беті ылғалдылығы жоғары, ағынды сулармен суғарылған талаптарда анық көрінеді. Капилярлық ылғалдылық тұрақты болғандықтан топырақтың ылғалы бір келкі болып отыр.

Табиғи өсімдіктер қабаты жердің ылғалдылық деңгейіне тікелей бағынышты және өзінің ерекшелігімен дараланады. Бұл жерлерде жабайы арпа, құраң, ажырың өседі. Топырақ құрамының тұздылығы жоғарлаған сайын сұр жусан және шидің өсуі ерекшеленеді. Бұл жерлердің биіктігі теңіз деңгейінен 50-75 метр. Топырақ құру жыныстары ауыр құмайты, төменгі қыртысы қиыршықты деңгейлермен (қабаттардан) тұрады. Бұл топырақтарда қарашірік көлемі жоғары, азоттың құрамы көп, карбонаты жоқтың қасы, олардың шайылған белгілерлі анық көрінеді.

Шалғынды сұр топырақты топырақ алқабы Байзақ ауданыныңжерінде генетикалық бөлінуіне қарай кәдімгі, сортаңды, сорлы аз жетілген түрлерден тұрады.

Өзен арналық шалғынды ашық қоңырқай, кәдімгі сұртопырақ, ашық кәдімгі сұртопырақтар.

Өзен арналық жазықтықтардағы топырақтардың құрылуы негізінен су жайылып басып жатқан жерлердегі шөгінді топырақтардан құрылады, жер асты сулары жер бетіне жақын (2, 0-4, 0м) . Осының нәтижесінде топырақтарының түсі ерекшеленіп бөлініп отырады. Бұл топырақ түрлері негізінен Шу өзенініңарналық жазығында орналасқан және бұл топырақтың құрамы өзен арналарында (Жіңішке, Қарақоңыз, Ешкілі, Қастек, Қақпатас, Қалғұтты, Ырғайты, Ақалатас, Майбұлақ) кеңінен тараған. Тұздалған топырақтар өзен арналарының шалғынды батпақты жерлерінде кездеседі.

Бұл суреттелген учаскелердің пайдалануы егістікке, шабындыққа және жайылымға арналады.

1. 5. Өсімдік қабаты

Ауданның жерлері шөлейтті ендікте орналасқан. Өсімдік дүниесінің түрлері континентальды климатқа бейімделген. Топырақ-климаттың жағдайы жердің теңіз деңгейіндегі әртүрлі биіктікке орналасуы арқасында өсімдіктердің түрлі ассоциясынан құрылады және осы климатқа бейімделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Картографиялық жұмыстар
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Мемлекеттік жер кадастры
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері
Шет елдеріндегі жер кадастры жұмыстары
Алматы қаласында ауыр металдар мөлшері бойынша жерді аумақтарға бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz