Монополия пайдасын жанама реттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ7

1 Мемлекеттің монополияны реттеу саласына қатысты негізгі ұғымдары мен Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдылықтың генезисі9

1. 1 Монополия: мәні, түрлері, экономикадағы орны9

Абсолютті монополия жағдайындағы фирманың14

1. 2 Қазақстан Республикасында монополиялық салалардың дамуы20

2 Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті нарықты қалыптастырудағы монополияға қарсы заңдылық және оның орындалуын бақылау құралдары27

2. 1 Монополияға қарсы заңдылықтың даму эволюциясы27

2. 2 Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясатының заңнамалық негіздері34

2. 3 Қазақстан Республикасының монополияға қарсы комитетінің негізгі мәні мен қызметтері42

2. 4 Мемлекеттің монополияға қарсы саясатын жетілдіру әдістері49

3 Мектептің жоғарғы сынып оқушыларында монополияға қарсы саясат жайында құқықтық және экономикалық білімдерді қалыптастыру52

3. 1 Құқықтық және экономикалық білімдерді оқыту әдістемесі52

3. 2 «Монополиялық қызметті реттеу: мәні және ерекшеліктері» тақырыбы бойынша орта мектеп сыныптарында сабақ өткізу әдістемесі59

Қорытынды62

Қолданылған әдебиет тізімі65

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикалық жүйенің тиімділігін жоғарылатын манызды фактор, және оның механизмінің басты құраушы элементінің бірі - бәсеке болып табылады. Ал монополия нарық экономикасындағы жағымсыз құбылыстардың пайда болуының себепшісі. Ол бәсекеге кедергі жасап, нарықтан кіші және орта өндірушілерді шығарып, шектеулі ресурстардың тиімді пайдаланылуына кедергі жасайды. Осыған байланысты мемлекет монополиялық билікті әр түрлі механизмдердің көмегімен реттейді, және осы саладағы өз саясатын ұйымдастырады. Саясатта негізгі орынды заңнамалық база иеленеді.

Монополияға қарсы заңдылық - Қазақстанда салыстырмалы жаңа құбылыс. Осыған байланысты біз оның мүмкін потенциалы, әрі қарай жетілдіру перспективасы туралы толық сеніммен айта аламыз.

Монополияға қарсы заң Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында әрекет етеді. Ол қазақстандық және шетел заң тұлғалары, билік және басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысатын республика нарықтарында бәсекеге әсер ететін қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы өзінің мақсаттық бағдарлары бойынша монополияға қарсы заңдылықтың батысевропалық үлгісіне жақын, «монополияға қарсы бағытталған, өйткені олар бәсекені шектейді, сәйкесінше, оның міндеттері монополизммен күреске қарағанда кеңірек».

Қазақстан Республикасының монополиялық саясатын одан әрі дамытуда құқықтық-нормативтік базалардың жетілдірудің маңызы аса жоғары. Осы мақсатта монополиялық заңнамаларға өзгеріс еңгізу туралы ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына байланысты Жолдауында баса назар аударды. Соның ішінде 2006 жылы қолданып жүрген нормативті-құқықтық базаға талдау жасалды, Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік және монополисттік қызметті шектеу туралы» Заңының жаңа редакциясын жасау, алты ай ішінде монополияға қарсы және бәсекелестікті қорғау туралы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілу қажеттілігі, сонымен қатар металлургия, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту керек екендігі, мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторына кіруі үшін тартымды және ашық жағдайлар туғызуға, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, бюрократияның өндірісті активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керектігі де айтылды [1] . Өөндіріс пен капиталдың шоғырландыруы және монополияның өсуі ірі капиталдың экономикалық қуатын арттырады, капитал арқылы олардың саяси ықпалы да күшейеді.

Экономиканы мемлекет тарапынан басқаруда билікті дұрыс пайдалану Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігін одан әрі арттырады. Парасатты саясат еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына кепілдік береді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - монополияға қарсы саясаттың ерекшеліктерін зерттей отырып, Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жолдары мен монополиялық құрылымдары басым салалардағы реттеу бағыттарын айқындау.

Берілген мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылады:

монополияның мәнін, түрлерін, экономикадағы орнын қарастыру;

Қазақстан Республикасының монополиялық құрылымдары басым салалардың дамуы және оларды монополияға қарсы тұрғыдан реттеу ерекшеліктерін талдау

монополияға қарсы заңдылықтың даму эволюциясы талдау;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясатының заңнамалық негіздерін зерттеу;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы комитетінің негізгі қызметтері мен мәнін талдау;

мемлекеттің монополияға қарсы саясатын жетілдіру әдістерін көрсету;

. Мектептің жоғарғы сынып оқушыларында монополияға қарсы саясат жайында құқықтық және экономикалық білімдерді оқыту және қалыртастыру әдістемесі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негіздеріне тұжырым жасайтын материалдар мен құжаттар Президентіміздің жолдаулары, Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздері, отандық және ресейлік авторлар еңбектері, статистикалық жинақтар мәліметтері.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда монополияның теориялық негіздері мен антимонополиялақ заңнаманың дамуы қарастырылды, Қазақстан Республикасы бойынша негізгі үш табиғи монополиялық сала (электроэнергетика, телекоммуникация және табиғи газ) . Екінші тарауда Қазақатан республикасындағы монополияға қарсы заңнаманың негіздері, осы заңнаманың орындалуын қадағалайтын негізгі органға сипаттама берілді. Үшінші тарауда Мектептің жоғарғы сынып оқушыларында монополияға қарсы саясат жайында құқықтық және экономикалық білімдерді оқыту әдістемесі талданды. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысымыздың негізгі түйіні, зерттеу нәтижелерінде негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар баяндалған. Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу жұмысында негіз болған әдеби қайнар көздер - жалпы ғылыми әдебиеттер, оқу құралдары, орта мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар) пайдаланылған.

1 Мемлекеттің монополияны реттеу саласына қатысты негізгі ұғымдары мен Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңдылықтың генезисі

1. 1 Монополия: мәні, түрлері, экономикадағы орны

Нарықтық типті экономикалық жүйенің тиімділігін жоғарылатын манызды факторлардың бірі - бәсеке. Бәсеке (кейінгі лат. сoncurentia, concurrere - қарсыласу сөзінен) - қандай да бір әрекеттер нәтижесіндегі қарсыласуды білдіреді.

Ең жиі кездесетін анықтамалар, бәсекені нарық қатысушылары арасындағы кез-келген істе нәтижелерге жету үшін, тауарлар мен қызметтерді өндірудің, сату және сатып алудың ең жақсы, экономикалық тиімді жағдайларына қарсыласу, жарыс ретінде сипаттайды.

Бәсекені қарастыра отырып, оның екі типке бөлінетінін көреміз: жетілген және жетілмеген бәсеке. Еркін немесе жетілген бәсеке сирек немесе жоқ, бірақ, осыған қарамастан, теориялық талдануы мүддесіне байланысты, біз бұл түсінікті қолданамыз. Ол ерекше, еркін, оқшауланған, бірлестіктерге кірмейтін өндірушілер арасында жүргізілетіндіктен, кейде жетілген бәсекені абсолютті деп те атайды. Жетілген бәсеке дегеніміз, біріншіден, оның қатысушылары бір-бірінен сапасы жағынан айырмашылығы жоқ, біртипті, бірдей тауарды өндірумен және сатумен айналысады.

Екіншіден, әр өндіруші тауардың кез-келген санын сата алады және бұл бәсекелес нарықта бағалардың ешқандай өзгерісіне әкелмейді, өйткені өндірушілер саны өте көп және өнім көлемі өте аз деп болжалғандықтан, бұл қойылатын тепе-тең бағаға әсер етпейді. Жетілген бәсекелі фирманың өнімі біркелкі болғандықтан, оның өніміне сұраным абсолютті икемді болады, ал сұраным қисығы абцисса осіне параллель болады (сурет 1) . Көлденең сұраныс қисығы фирма кез-келген өнім көлемін сату арқылы нарықтағы бағаны өзгерте алмайтынын көрсетеді. Нақты басқа жағдаймен біз жетілмеген бәсеке нарығында кездесеміз, мұнда басымдылық ролін монополия, монополиялық бәсеке және олигополия ойнайды.

Жетілген бәсеке өніміне сұраным

Сурет 1

Монополия (гр. monos - бір, poleo - сатамын) жалғыз сатушы дегенді білдіреді. Таза монополия нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кездеседі. Көп жағдайда таза монополияны жергілікті нарықтардан кездестіруге болады.

Монополияның экономикалық мәні - тауарды өндіруші немесе сатушының оны өткізудегі талаптарына билігі. Монополия екі мағынада құрастырылады. Тар мағынада, монополия - бұл бір аймақта бір фирманың үстемдік етуі. Кең мағынада, монополия - бір ірі компанияның немесе оның бірлестіктерінің бір салада үстемдік етуі.

Монополия деп келесі шарттарға жауап беретін нарықтық құрылымдарды түсінеміз:

1. Саладағы барлық тауарды шығару осы тауардың бір сатушысымен бақыланады, ол монополист деп аталады. Басқаша айтқанда, фирма-монополист тауардың жалғыз өндірушісі болып табылады және өзімен бүкіл саланы білдіреді.

2. Монополиямен өндірілетін тауар (тауар Х) жақын алмастырушылары жоқ және ерекше болып табылады. Сәйкесінше Х тауарға сұраныс басқа сала тауарларының бағасы өзгергенде азғантай өзгереді, сондықтан монополияландырылған Х тауар мен экономиканың басқа салаларының өнімдеріне сұраныстың айқасқан икемділігі өте төмен.

3. Монополия салаға жаңа фирмалардың енуіне жол толығымен жабық, сондықтан монополия жағдайында қандай да бір бәсекелестік күрес болмайды.

Сонымен, монополия - салалық ұсыныстың барлық көлемінің жақын алмастырушысы жоқ өнімді өткізетін бір сатушыда шоғырланумен және олардың өнім көлемін шектеумен, бағаны жоғарлатумен және салаға жаңа бәсекелестерді кіргізбеуімен сипатталады.

Бұндай жағдай тек салаға кірудің жоғары, қатаң кедергілері болғанда мүмкін. Таза монополияның пайда болуына салаға немесе нарыққа кіруге қойылған кедергілер себеп болады. Бұндай кедергілердің болуына жағымды әсер ететін факторлар монополиялық биліктің көздері болып табылады.

Монополиялық билік көзі ретінде өндірушіге белгілі бір әрекетті немесе өндірістің белгілі бір әдісін қолдануға берілетін ерекше құқықтар бола алады. Бұндай құқықтар мемлекеттік билік органдарымен беріледі. Жиі монополиялық биліктің көзі ретінде, уақыт жағынан шектелген болғанымен, авторлық құқық болып табылады. Олар патенттер мен лицензиялар арқылы жүзеге асырылады да, олардың иелеріне қандай да бір тауар (қызмет) нарығында немесе өндірісте қандай да бір технологияны қолдануда монополиялық жағдайды ие болуға мүмкіндік береді.

Монополиялық билік көзі ретінде өндірістік ресурстарды бақылау болады. Егер тауарларды өндіруге қажетті экономикалық ресурстар бір ғана фирманың иелігінде болса, ол нарықта монополияны қамтамасыз етеді.

Монополиялық билік көзі масштаб әсері де бола алады, ол үшін масштабтан үнемдеу ұзақ мерзімді нарықтық сұранысты толық қамтамасыз еткенге дейінгі өндірістің кеңеюі кезінде тұрақты өседі. Бұл жағдайда баға бойынша бәсекенің өзі салада бір фирманың қалуына әкеледі, ол төменірек ұзақмерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етеді.

Кейде монополиялық билік көзі сауда маркасына тұрақты икемді (лояльность) болғанда, тұтынушылардың қалауы болады және нарықтағы монополиялық жағдай заңсыз әрекеттер (мемлекеттік қызметкерлерді сатып алу, картельдік келісімдер, т. б. ) нәтижесі болғанда, адал емес бәсеке болады.

Айтылып өткен монополиялық билік көздерінің пайда болу критериилерін қолданып, монополияны бірнеше типке бөледі:

Жабық монополия бәсекеден заңдық қаулылар мен шешімдер көмегімен қорғалады. Бұл мағынада, жабық монополия өзімен монополиялық биліктің неғұрлым тұрақты формасын білдіреді, бірақ, ол көбіне монополиялық жоғары пайда алуды қамтамасыз ете алмайды, өйткені ерекше құқықтарды ұсыну әрқашан баға деңгейі мен пайда нормасы тарапынан шектеулерге әкеледі. Көптеген елдерде бәсекеден келесі мемлекеттік монополиялар қорғалған: пошталық-телеграфтық, халықты газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша компаниялар және т. б. Бұндай монополияларға басылым өнімін шығаруға авторлық құқықтар немесе патенттермен бәсекеден қорғалған компанияларды жатқызуға болады. Жабық монополияға кіру үшін ену кедергілері бар, мемлекет монополияның бұл түрін қатаң бақылайды, сондықтан мұнда кіріп, мемлекеттік емес жабық монополияны құру мүмкін емес. Ену немесе кіру кедергілері дегеніміз, тауарөндірушілердің өз жабық монополиясын құру кезіндегі тосқауылдар, кіру кедергілері мемлекеттік патенттер, лицензиялар және т. б. бола алады.

Ашық монополияға әдетте, нарыққа сапалы жаңа өніммен енетін фирманы жатқызуға болады. Ол бәсекеден қорғалмағандықтан, бұл монополия типінің ерекшелігі - ол әрқашан нарықта біраз уақыт қана билік етеді. Өйткені уақыт өте келе басқа фирмалар ұқсас немесе одан артық өнімді ұсына алады және осылайша фирманы нарықта жалғыз жабдықтаушы болу мүмкіндігінен айырады. Осыған қарамастан, тек ашық монополия жағдайында фирма өзінің нарықтық билігін толығырақ жүзеге асыра алады және монополиялық жоғары пайданы ала алады.

Табиғи монополия бір фирма немесе корпорация барлық нарыққа қызмет көрсететін салаларда пайда болады, мысалы, ол шикізат немесе пайдалы қазбалардың жалғыз қорына ие болса. Бұндай монополияның орташа шығындары өндіріс ауқымына байланысты минималды. Осындай монополия қызметтерін реттейтін мемлекет қадағалауында болады. Оларға көбінесе су, электр энергиясы, газбен қамтамасыз ету компаниялары, автобус фирмалары және байланыс жүйесін қамтамасыз ету кәсіпорындары жатады.

Монопсония (ежелгі гр. тілінен аударғанда «жалғыз сатып алушы» деген сөз) өзімен монополиялық биліктің сатып алушыда шоғырлануымен сипатталатын нарықтық құрылым типін білдіреді. Монопсония сатушылар үшін альтернативті мүмкіндіктер болмаған жағдайда, бір фирма салалық нарықта жалғыз сатып алушы болған жағдайда пайда болады. Монопсонияның нарықтық билігі монопсонист сатып алатын игіліктердің бағасына әсер ете алуынан құралады. Осы кезде, егер монополист өзінің монополиялық билігін жоғарырақ баға бойынша игіліктердің аз бөлігін өндіру үшін қолданса, монопсонист өзіндегі нарықтық билікті төменірек баға бойынша аз сатып алу үшін қолданады.

Екіжақты монополия сатушының монополиялық күші сатып алушының монополиялық күшімен ұшырасқан жағдайда орын алады. Жағдайдың ерекшелігі келесіде сатушы монополиялық билікке ие болғанымен, сатып алушының монополиялық жағдайы оған сатушының шекті шығындар қисығын салалық ұсыныс қисығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни жетілген бәсеке жағдайларына сәйкес келеді. Сондықтан сатып алушы сатушы сұранысының әрбір берілген көлемі үшін сұрайтын бағадан төмен бағаны орнатады. Екі жақ та нарықтық билікке ие болғандықтан, келісілген баға мен көлем сатып алушы мен сатушының ұсыныстары арасында орналасады, ал келісімнің соңғы нәтижесі екі жақтың бірін-бірі туралы ақпараттану дәрежесінің және келіссөз жүргізу қабілеттерінің функциясы болады.

Нарық үлгісі ретінде таза монополияның анықтаушы ерекшелігі бір фирма өзімен саланы көрсететінінен құралады. Осыған байланысты монополисттің өніміне сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығы болып табылады. Сондықтан фирма-монополистті жетілген бәсеке фирмасынан айыратын маңызды сипаттама болып, олардың өнімдеріне сұраныстың бағалық икемділігінің басты ерекшелігі табылады.

Монополист өніміне сұраным абсолютті икемді емес және оның сұраныс қисығы гиперболаға ұқсас, яғни жоғарыдан төмен қарай еңкіш болады (Ол жоғары монополиялық бағалардың әсерінен тауарға сұраныс төмендейтінін көрсетеді) . Оның орташа табыс қисығы нарықтық сұраным қисығымен сәйкес келеді, ал шекті табыс қисығы нарықтық бағалар қисығынан төмен орналасады. Бұл монополия жағдайында шекті табыс бағаға тең еместігін білдіреді (сурет 2) . Жалғыз сатушы болғандықтан, монополист өз өнімінің бағасына әсер ете алады.

Жетілген бәсеке (а) және абсолютті монополия (б) жағдайындағы фирма өніміне сұраныс

Сурет 2

Бірақ бұндай құбылыс ерікті болып табылмайды. Біріншіден, сұраныс заңына сәйкес монополист өніміне баға оның ұсынысының көлемінің функциясы болады. Сондықтан ол бағаны тек өз ұсынысының көлемін өзгерту арқылы реттей алады. Екіншіден, кемуші сұраныс қисығымен ұшыраса отырып, монополист ұсыныс көлемін сұраныс қисығының икемді, баға мен ұсыным өзгерісі жиынтық табыстың өсуімен қатар жүретін бөлігінде қала отырып реттеуі қажет .

Монополияның мақсаты максималды пайда табу болғандықтан, ол пайданы шекті шығындар шекті табысқа тең (MR = MC) болғанда ұсыныстың Q m көлемін тандағанда (өнім өндіргенде) алады. Бұл монополист өніміне D m сұраным кезінде P m бағаны береді (сурет 3) . Жетілген бәсекелі фирма жағдайында сияқты, монополист қысқамерзімді кезеңде өз өнімін ұсынуды баға орташа өзгермелі шығындардан (AVC) жоғары болғанға дейін жалғастырады. Фирма-монополист үшін бұл орташа айнымалы шығындар қисығынан төмен орналасқан D 1 сұраныс қисығы кезінде өндірістің қолайлы көлемінің жоқтығын білдіреді. Өнімге сәйкес сұраныс және шығарылған өнім көлемінің орташа шығындары кезінде монополисттің пайдасы келесідей болады: Π={AR(P m ) - AC(Q m ) }Q m - қара төртбұрыш.

Абсолютті монополия жағдайындағы фирманың қысқа мерзімді ұсынысы

Сурет 3

Монополисттің шекті табысының қисығы D m нарықтық баға қисығынан төмен орналасатындықтан, біріншіден, монополист орнататын баға кез-келген ұсыныс көлемі кезіндегі өндірістің шекті шығындарының мәнінен жоғары болады, бұл нарықтық билікті жүзеге асырудың белгісі болып табылады, екіншіден, ол тандайтын шығарылым көлемі қолайлыдан аз, бұл өндірістің тиімсіздігін көрсетеді.

Осылайша, жетілген бәсеке және монополия үлгілеріндегі фирмалар ұсынысты оңтайландырудың бірдей принципімен MR = MC анықталғанымен, өндіріс пен сұраныстың сәйкес функцияларында нәтиже әртүрлі болады. Өнімнің бір бірлігіне монополиялық баға P m бәсекелестен P k жоғары, ал монополист ұсынысының көлемі Q m бәсекелес ұсыныстан Q к төмен.

Таза монополия жағдайында салаға басқа фирмалардың енуі жабық болғандықтан, монополисттің өндіріс масштабтарын өзгерту туралы шешімі тек нарықтық сұраныс пен ұзақмерзімді орташа шығындар қисықтарының ара қатынасынан тәуелді. Нарықтық күштер фирмаларды минималды ұзақмерзімді шығындармен өндіруге күштейтін жетілген бәсекелі нарыққа қарағанда, монополист максималды пайда алуға мүмкіндік беретін шығарылымның кез-келген көлемін таңдай алады (сурет 4) .

Абсолютті монополия жағдайындағы фирманың

ұзақмерзімді ұсынысы

Сурет 4

Тепе-теңдік саны сұраныс деңгейімен шарттасылған болғандықтан, монополия кезінде де барлық масштаб эффектісін пайдалану мүмкін (D 1 , MR 1 ) . Бірақ оның себебі болып бәсеке емес, MC = MR 1 болатын сұраныс деңгейі табылады.

Сонымен бірге шығындарды минималдау көзқарасынан өндірістің қолайлы масштабын таңдау мәселесі монополиянын да алдында тұр, өйткені басқа тең шаралар кезінде үлкен пайда алуға мүмкіндік береді. Монополист саладағы жалғыз сатушы болғандықтан, өндірісті бір емес, әрқайсысы шығындардың минималды деңгейін қамтамасыз ететін бірнеше зауыттарда жүзеге асыру арқылы пайданы өсіре алады. Бұл MR=LRACmin кезіндегі сұраныс, минималды ұзақмерзімді орташа шығындарды қамтамасыз ететін шығарылымға қысқартылған жағдайда мүмкін (сурет 5) .

Нарықтық сұраныс өскен жағдайда монополист бір зауытта өндірісті кеңейту жолымен ұсынысты Q көлеміне дейін арттыра алады. Бұл жағдайда, өндірісті минималды ұзақмерзімді орташа шығындармен AC 2 жүзеге асырып, ол LRAC 2 деңгейіндегі ұзақмерзімді орташа шығындарға ие болады, бұл q-ге тең шығарылым көлемі үшін олардың минималды мәнін бейнелі арттырады. Егер сұраныс сипаты минималды орташа шығындар беретін, шығарылым көлеміне қысқаратын деңгейде ұсынысты оңтайландыруға мүмкіндік берсе, онда q масштабты екі зауыт салып, монополист жалпы ұсынысты 2q-ге дейін өсіреді, бұл минималды ұзақмерзімді орташа шығындармен ұсынысты жүзеге асырғанын білдіретін болады, мұнда MR=LRMC=LRACmin. Нәтижесінде, нарықтық бағаның P Q ден P 2q деңгейіне дейін төмендеуіне қарамастан, монополисттің жалпы пайдасы өндірістің орташа шығындарының төмендеуінен сияқты, ұсыныстын өсуіне байланысты өседі. Сонымен, пайданы максималдауға тек екі зауытта да өндіріс факторларын пайдаланудың бірдей тиімділігін қамтамасыз еткенде ғана жетеді.

Монополиялық ұсыныс жағдайындағы шығарылымды оңтайландыру

Сурет 5

Жоғарыда айтылып өткеннің бәрінен келесі манызды нәтиже шығады, монополисттің ұсыныс көлемі туралы шешімі шығындар қисығынан ғана емес, сұраныс сипатына байланысты болады. Айтылып өткеннен келесі маңызды қорытынды шығады, монополисттің ұсыныс көлемі туралы шешімі шығындар қисығына қарағанда, негізінен сұраныс сипатына байланысты. Осы кезде шекті пайда қисығы орнын анықтайтын, сұраныс икемділігіндегі өзгерістердің негізгі мәні бар, бұл монополист үшін шешуші болып табылады. Нарық сұраным қисығының орын ауыстыруы кезінде берілген баға деңгейі үшін оның икемділігі артуы, немесе төмендеуі мүмкін болғандықтан, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында тұрақты арақатынас болмайды (жоқ) . Ұсыныстың бір көлемінде әртүрлі бағалар қалыптасуы мүмкін (сурет 6 а), ал бағаның бір деңгейіне ұсыныстың әртүрлі көлемі сәйкес келе алады (сурет 6 б) . Сондықтан монополиялық нарық үшін нарықтық баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті көрсететін, ұсыныс қисығы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Монополиялық бәсеке туралы
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу
Монополия және монополиялық билік туралы
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Микроэкономика пәнін зерделеу
Монополиялар
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Монополиялық бәсеке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz